«№46 орта мектебі» КММ 2021-2022 оқу жылындағы жас маман Қуанова Динара Құлажанқызымен жұмыс жасау туралы педагог- тәлімгер есебі.
Мақсаты: Тәжірбиелік көмек көрсету,жас маманға жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді және оның сапасын арттыру.
Міндеттері: 1.Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру.
2.Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
3.Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру,олардың құзырлығын дамыту.
Күтілетін нәтиже: 1.Оқу қызметін жоспарлай білу
2.Жас маман ретінде мұғалімнің кәсіби маман болып қалыптасуы
3.Жас маманның әдістемелік,интеллектуалдық мәдениетін арттыру
4. Оқушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесін меңгеру
Жұмыс формалары: 1. жеке консультациялар
2. сабаққа қатысу
3. ӘБ жұмысына қатысу
Жас мамандармен жұмыс мұғалімнің жұмыс жоспары бойынша құрылды. Жас маман мен тәлімгер жұмысы келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылды:
- мектеп құжаттармен жұмыс жүргізу;
- Kundelik.kz сайтымен жұмыс жүргізу;
- оқу процесін ұйымдастыру;
- жас маманға әдістемелік көмек көрсету.
Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.
Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жос-парды құрастырып жазуға үйреттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының: бі-лімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстазға күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.
«Кунделік kz.» элетрондық журналының талаптарымен таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отырдым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.
Жас маманға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Сыныппен және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы кеңестер берілді. Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет екендігі ескертілді.
Динараны дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.
Жас маманға мектеп басшылары жасаған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзетуге көмек жасап, қайта тексеруден өткіздім. Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары әрі қарай іске асуда.
Жалпы қорыта келгенде, Әсемнің педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды. Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.
Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер: • жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында жұмыс істеу.
• зерттеу және тәжірибелік қолдану тиімді әдістерін бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейі әртүрлі ынталандыру қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылау.
Педагог-тәлімгер Даниярбек Р.Н.
/ математика пәнінің мұғалімі
педагог -зерттеуші/