46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата09.03.2017
өлшемі7,5 Mb.
#8691
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Ассоциограмма  әдісі  (диаграммалық  байланыстар)  немесеағыл. «Mind map»: «зерде-
карта»; «ой  картасы»; «ассоциативтік  карта»  ‒  әртүрлі  білімдердің  мазмұнын  құрылымдық 
күйге  келтіріп, оларды  графикалық (сызықтық)  түрлерде  елестетіп, түсініп, жеңіл  қабылдауға 
көмектесетін оқытудың кешенді әдісі.  
Бұл  әдісті 1970-ші  жылдары  ағылшын  ғалымы  Тони  Бьюзен(Tony Buzan) ұсынған.  Ол: 
оқушылар  әдетте  мидың  «қисынды  ойлайтын»  сол  жақ  жартысымен  жұмыс  істейді.  Ал 
олардың  миларының  екі  жартысы  бірдей  жұмыс  істеуі  үшін  білімді  графикалық  (сызық 
бейнелік)  түрлерге  түсіру  керек.  Графика  тек  қисындық-аналитикалық  қана  емес,  сонымен 

69 
 
бірге  образдық-шығармашылық  ойды  да  өрістетеді.  Бұл  әдіс  ой  мазмұнын  белгілі  бір 
деңгейлерге  жіктеуге,  оны  белгілі  бір  құрамдас  бөліктерге  бөлуге  және  олардың  ара 
байланыстарын анықтауға көмектеседі. Осы жақтарынан алғанда ассоциативтік әдіс: 
 жалпылық ойлар түйіндеуге;  
 кешендік жүйені елестетуге; 
 мәтін мен ұғымдарды жүйелеуге; 
 жазылған/белгіленген бейнелерді немесе оқу материалдарын шолуға; 
 жобаны жоспарлауға; 
 оқу материалдарын тереңдетуге және нығайтуға; 
 идеяларды жинауға және біріктіріп құруға көмектеседі.  
Зерттеушілердің  талдауы  бойынша, 20-30 сөзден  тұратын  ой  карталық  парақтағы 
деректер 20-30 беттен тұратын баяндама мәтініне тең келеді деп есептейді. Әрбір түйінді сөздер 
мен ұғымдардың мазмұны үлкен теориялық-әдіснамалық мәселелерді көрсетеді, соларды еске 
түсіреді.  
Ассоциограммалық  әдістері    қойылған  мәселеге  байланысты  сөздік  және  бейнелік  деп 
бөліп қарастыруға болады.  
Ассоциограмма дегеніміз не?  
Ассоциограмма – тұлғаның  қиялы  мен  елестетуін  дамытуға,  салған  суреттердің  өзара 
байланысын қандай деңгейде екенін анықтауға бағытталған.  
Ассоциограмманы  жүргізу:  эксперимент  өтушілерге  негіз  болатын  бір  сурет  беріледі. 
Сол сурет бойынша экспериментке қатысушылар өздерінің алдына нені елестетті, яғни қандай 
ассоциация болды соны жазады немесе салады.  
Ассоциограмманың_өтілуі'>Ассоциограмманың  өтілуі:  ассоциацияны  жазу  немесе  сурет  ретінде  бейнелеуге 
болады.  Көп  жағдайда  ассоциацияны  жазып,  сонымен  қатар  суретін  бейнелейді.  Бұл  толық 
ассоциограмма.  
 
Ассоциограмма
СӨЖ
білімділік
ізденушілік
шығармашылық
инновациялық
ойлану,  бейнелеу 
зерттеушілік
 
 
Ассоциограмма  арқылы  ой  зерде  картасын  жасауға  болады.Ой  зерде  картасын  жасау 
арқылы  адамның  логикалық  ойлауы,ойлау  ұшқырлығы  дамиды.Бір  нәрсені  басқа  нәрсемен 
ассоциация  арқылы  есте  сақтау  немесе  бір  нәрсені  көргенде  немесе  естигенде  басқа  нәрсеге 
ұқсата білу адамның  ойлау деңгейіне байланысты болады.Сондықтан ой зерде картасын жасап 
тұрудың  адамның  интеллектуалдық  деңгейін  арттыруда  маңызы  зор.  Студенттердің  сабақ 
үстінде тақырыпты туралы ой-зерде картасы төменде берілген.  
 

70 
 
 
 
 
 
 
Ой - зерде картасын жасату барысында төмендегідей кедергілер де  кездеседі:  
-  Студенттердің бастапқыда қызығушылықтарының болмауы;  
-  Студенттердің сурет салығылары келмеуін айтуы;  
-  Сөздермен суреттерді байланыстыра алмауы;  
-  Студенттердің  өздерінің  ойлау  деңгейін  төмен  деп  санап  жұмыстың  ортасына 
келгенде жалғастырудан бас тартуы және т.б.  
Студенттің  өзіндік  жұмысы  арқылы  нақты  мақсат  пен  тапсырмаға  сәйкес  әрбір  нақты 
жағдайларға  қорытынды  жасайды,  белгілі  бір  танымдық  тапсырмаларды  шешудегі  студент 

71 
 
білімінің  көлемі  мен  деңгейі,  дағдысы  мен  іскерлігі  әрбір  белгіленген  кезеңде  қалыптасып 
отырады. Жаңа танымдық тапсырмалар шешімін тауып, жаңаша ақпараттармен қаруланады.  
Енді  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  кезеңінде  белсенділікті  артады,  әсерлену  сезімі 
пайда  болады,  танымдық  қызығушылығы  дамып,  алға  жылжуға  мүмкіндік  береді.  Өзінің 
шығармашылығын, білімділігін  көрсете алады, өзіндік бейнесін қалыптастырады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Баширова  Ж.Р.,  Төлешова  Ұ.Б.  Педагогикалық  технологиялар  арқылы  оқушылардың  таным-
дық  қызығушылығын  қалыптастыру. (Оқу-әдістемелік  құралы).  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің 
баспасы. Алматы, 2003. 56 б. 
2.  Әлқожаева  Н.С..,  Төлешова  Ұ.Б.  Жоғары  мектептің  оқу  үрдісінде  педагогикалық  техноло-
гияларды қолдану (оқу-әдістемелік құралы) Алматы-2009  
3.  Исаева З.А.,Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активное методы обучения. - Алматы, 2005.  
4.  http://www.moluch.ru/archive/36/4140/ 
 
 
 
Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. 
 
БЕЙНЕ ДӘРІСТЕР КӨМЕГІМЕН «ГАЛОГЕНДЕР» ТАҚЫРЫБЫН  
ТҮСІНДІРУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Бүгінгі  таңдағы  білім  беру  саясатының  ең  бірінші  міндеті-жоғары  сапалы  білім  беруге 
қол  жеткізіп,  оны  әр  тұлғаның,  қоғамның  және  мемлекеттің  өзекті  де,  өміршең  қажеттігіне 
сәйкестендіру.  Елбасы  жолдауын  іске  асыру  мақсатында  ұстаздар  өз  білімін  өмір  бойы 
жетілдіруі,  оны  одан  әрі  тереңдетіп,  жаңаша  білім  беру  стратегияларын  меңгеруі,  тәжірибе 
жинақтап жалғастыруы қазіргі күннің талабы екені сөзсіз. 
Білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-
жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, 
кәсіптік  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің  қалып-
тасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 
көмектеседі.  
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар соңғы жылдары оқыту әдістерінің қатарына 
берік  орнықты.  Бүгінде  оқыту  сапасын  жақсарту,  белсенділікті  көтеру,  индивидуалдылықты 
қамтамасыз  ету  мәселелерін  шешуге  оқу  үдерісінде  педагогикалық  дәстүрлі  әдістермен  қатар 
компьютерлік  техниканы  да  пайдалану  негізінде  ғана  қол  жеткізуге  болатыны  айқын.  Қазіргі 
технологиялардың ақпараттық мүмкіндіктері мен шұғылдығы оқытушылардың педагогикалық 
шығармашылығына  кеңінен  жол  ашып,  технологиялардың  ескісін  жетілдіруге,  жаңасын 
енгізуге, оқытудың жаңа формаларын қолдануға  мүмкіндік береді. 
Соңғы жылдары интенсивті оқытудың мақсатына, мазмұнына және әдістеріне сай келетін 
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құру мен қолдануда ілгерілеушілік байқалады, 
соның  нәтижесінде  оқу  орындарында  білім  беруде  болашағы  зор  ақпараттық  технологиялар 
көптеп жасалды. 
Оқытудың  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларының  арасынан  педагогикалық 
бағдарламалық  құралдарды  ерекше  атау  керек,  себебі  олар  студентке  белгілі  бір  уақыт 
аралығына байланбай-ақ жеке оқуға мүмкіндік береді және сабақ үшін өте қолайлы жағдайды 
қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық  бағдарламалық  құралдар  компьютерлік  технологияларды  пайдалана 
отырып  оқытуды  толық  немесе  ішінара  автоматтандыруға  арналған  инновациялық  дидак-
тикалық құрал. 
Педагогикалық  бағдарламалық  құралдар  оқытушының  пайдалануына  дайын,  бағдар-
ламалық өнім болып саналады, ол студенттің дербес қолданатын құралы бола алады және оның 
негізінде оқытушы оқу процесінде топпен сабақ өткізе алады. 
Отандық  педагогика  тәжірибесінің  талдамасы  педагогикалық  бағдарламалық  құрал-
дардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді: 
-         электронды (компьютерлендірілген) оқулықтар; 

72 
 
-         оқытушы бағдарламалар; 
-         электронды дәрістер; 
-         үлгілік-моделдеуші тренажерлер; 
-         электронды анықтағыштар, сөздіктер, энциклопедиялар; 
-         өзіндік дайындық және өзіндік бақылау жүйелері; 
-         білімді бақылау және тестілеу жүйелері; 
-         бағдарламалық-әдістемелік кешендер; 
-         пәндік-бейіндік орта; 
-         сабақтың  түрлерін  өткізу  үшін  қолданылатын  әр  қилы  компьютерлік  иллюстра-
циялар (көрнекіліктер). 
Оқытуға  арналған,  білім  беру  жүйесінде  жиі  қолданылатын  бағдарламалық  құралдарға 
толығырақ тоқталатын болсақ, оларды былайша жіктеуге болады: 
-  компьютерлік  оқулықтар - бағдарламалық  кешендер,  олар  оқу  курсын  немесе  оның 
үлкен бөлімін өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді; 
-  пәндік-бейіндік  орта  (микроәлемдер,  үлгілеуші  бағдарламалар,  құралдар  жиын-тығы, 
оқу  материалдарының  топтамасы) – белгілі  бір  топтағы  нысандармен  жұмыс  істеуге,  оқу 
үдерісіне  қажетті  жекелеген  элементтерді  (үлгілерді)  құруға  мүмкіндік  жасайтын  бағдар-
ламалар топтамасы; 
-  тренажерлер - оқу  материалын  нақты  бекітуге  арналған  бағдарламалар  және  түрлі 
техникалық жүйелерде операторларды жаттықтыру үшін құрылған бағдарлама; 
-  компьютерлік  моделдеу – ақиқат  өмірдегі  белгілі  бір  құбылысты  немесе  нысанды 
компьютерде ұқсатып көрсету (имитация) арқылы зерттеу әдісі; 
-  бақылаушы  бағдарламалар – білім  сапасын  тексеруге  (бағалауға)  арналған  бағ-
дарламалық құралдар; 
Жалпы  қазіргі  уақытта  білім  беруде  сабақ  барысында  интербелсеңді  құралдарды 
қолдануда. Интербелсеңді құралдардың көмегімен мұғалімнің, студенттің шығармашылықпен 
жұмыс  істеуіне  жол  ашылып  отыр.  Білім  берудегі  интербелсеңді  технология - мұндағы 
интерактивті  сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет  жасау)  ұғымын  білдіреді,  сабақ  барысында 
оқушының  топпен  жұмыс  жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бір  толықтыратын,  сабақ 
барысында барлық студенттің қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. 
Ақпараттық – коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен 
жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқу-
лықтарды,  интерактивті  құралдарды  қолдануға,  Интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 
оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық 
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. 
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде 
(мысалы анимациялы слайд – фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге 
мүмкіндік  береді.  Компьютердің  көмегімен  дыбыстық  және  бейнефрагменттерді  де 
демонстрация  арқылы  жасауға  болады.  Осындай  әдіспен  жүргізілген  сабақ  студентке  әрі 
қызықты,  әрі  неғұрлым  түсінікті  болары  сөзсіз.  Қандай  да  болмасын  құбылысты  студент 
табиғи  түрінде  көргендей  болады  және  көзбен  көргенін  ұзақ  уақыт  есте  сақтай  алады. 
Анимациялық  немесе  видео  материалдарды  көру  кезінде  студентте  әртүрлі  сұрақтар  да 
туындайды, яғни пәнге, тақырыпқа қызығушылығы артып, сұрақты толықтыра, тияқтай түсуге 
ұмтылады. 
Химия  сабақтарында  зертханалық  жұмыстарды  орындағанда Activ studio Professional 
Edition  бағдарламамен  қамтамасыз  етілген  бейне  дәрістерді  оқу  арқылы  студенттердің 
танымдық  көзқарасын  қалыптастыруға,  тақырыпты  жете  меңгеруіне  мүмкіндік  болады, 
сонымен  қатар Power Point бағадарлама  көмегімен  презентациялық  көрсетілімдер  оқу 
материалдардын  мазмұнын  түсінікті және көрнекілікті жасайды.  
Осы  қағидаларға  сүйенен  отырып, 1 курс  студенттеріне  "Галогендер"  тақырыбын 
түсіндіргенде  бейне  дәрістердің  алатын  орны  ерекше.  Бағдарлама  бойынша  "Галогендер" 
тақырыбы  бойынша  хлордың  алынуы  және  қасиеттерін  зерттеу  қарастырылған.  Студенттер 
хлор  алу  реакцияларын  жасағанда,  оның  сарғыш-жасыл  түсті  тұншықтырғыш  улы  газ  екенін 
біледі,  сондықтан  зертханалық  жұмыс  жасау  алдында  оларға  бейне  дәріс  түрінде  хлордың 

73 
 
алынуын,  қасиеттерін  көрсетсе,  олардың  есте  сақтау  қабілеттерінің  жоғары  деңгейде 
болатындығы анықталған.  Хлор алудың бірнеше әдісі бар, мысалы:  
1-әдіс.  Марганец  (ІV)  оксидіне  тұз  қышқылын  әсер  еткенде  хлор  бөлінеді:  
MnO
2
 + 4HCl = MnCl

+ Cl
2
 + 2H
2

Бұл  әдіспен  хлорды  алғаш  рет 1774 жылы  швед  химигі  Карл  Шееле  алған.  
2-әдіс.  Концентрлі  тұз  қышқылын  калий  перманганаты  ерітіндісіне  құйғанда  хлор  газы 
бөлінеді:  
2KMnO
4
+16HCl=5Cl
2
↑+2MnCl
2
 +2KCl+8H
2

3-әдіс.  Бертолле  тұзы  мен  тұз  қышқылын  өте  сақтықпен  жайлап  қыздырғанда  реакция 
жүреді де хлор газы бөлінеді:  
KClO
3
+6HCl=KCl+3Cl
2
↑+3H
2
O  
Әрі  қарай  хлордың  қасиеттерін  зерттгенде,  олардың  металдармен,  бейметалдармен  және 
органикалық  қосылыстармен  әрекеттесуін,  сондай-ақ  оның  ағартқыш  қасиеттерін  алдымен 
студенттерге  бейне  дәріс  арқылы  көрсетіп  алып,  одан  кейін  оларға  зертханалық  жұмыс 
жасатса, сонда ғана барлық реакциялар олардың есінде қалатынын сөзсіз. 
Сондықтан  да  химияны  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылым  пәні  болғандықтан, 
қоғамның  талаптарына  сай  педагогика  ғылымы  анықтап  берген  жалпы  орта  білім  беру  және 
тәрбиелеудің мақсаттарымен міндеттеріне  сәйкес химия пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне негіз-
деліп  құрылады.  Химиялық  материалдарды  оқып-үйрену  барлық  пәндерге  ортақ  педаго-
гикалық қағидаларға сүйенеді.  
Оқытудың  мақсаты  мазмұнын  игеру  арқылы  жүзеге  асады.  Оқытудың  әдістері, 
құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны 
оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз-мазмұнның 
ішкі  қозғалысы.  Қазіргі  оқытудың  қалыптасқан  дәстүрлі  әдістері  оқытушы  мен  студенттер 
қызметінің сыртқы белгілеріне қарап анықталып, білім көздері бойынша жіктеліп жүр. 
1.  Сөздік  әдістер - оған  мұғалімнің  әңгімесі,  түсіндіруі,  әңгімелесіп-кеңесуі,  баяндап 
беруі, дәріс, кітаппен жұмыс кіреді де сөздік әдістер тобына бірігеді. 
2.  Сезімдік қабылдау немесе көрнекілік әдістер - тәжірибелер, кестелер, сызбанұсқалар, 
модельдер,  диапозитивтер,  кино-фильмдерді  көрсету,  бейне  дәрістер  оқу,  заттардың  үлгісін, 
жинақтамаларын  көрсету,  өндірістік  құбылыстар  мен  үрдістерді  бақылау,  танымжорық-
саяхатқа шығу.  
3.  Оқытудың  сарамандық  әдістер  тобына - зертханалық  тәжірибелер,  сарамандық 
сабақтар,  сан  және  сапалық-сынақ  тәжірибелік  есептер  шығару,  аспаптар  құрастыру,  сызба-
нұсқа, диаграммалар әзірлеу, графиктер сызу, оқу-тәжірибе үлгісіндегі сарамандық жұмыстар, 
жаттығулар орындау. 
Әдістерді  жіктеуде  химиялық  өздік-ерекше  әдістер,  педагогикалық  және  логикалық 
әдістер басшылыққа алынады. Атақты орыс педагогі Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін мынадай 
топтарға бөледі: 
1)  оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері. 
2)  Оқу-танымдық қызметті ынталандыру және мотивтендіру әдістері 
3)  Оқу-танымдық қызметті бақылау және өздік бақылау әдістері 
Жалпы  әдістер  мұғалімнің  өз  қызметінің  белгілі  бір  түрін  таңдап  алуын  алдын  ала 
анықтап,  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  ережелерін  көрсетеді.  Олай  болса,  әдіс-ғылыми  түрде 
негізделген ереже, іс-әрекетке басшылық, мақсатқа жетудің сол мақсатпен анықталатын тәсілі. 
Түсіндірме-көрнекі  бейнелеу  әдісі-  мұғалімнің  екі  негізгі  іс-әрекетін,  жаңа  білімді  баяндап 
түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсетеді. Мұғалімнің оқу 
материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау 
тәсілі,  сондай-ақ  оқушылардың  өздігінен  істейтін  оқу  әрекетін  ұйымдастырудың  да  үш  түрлі 
дидактикалық  әдістері  бар,  олар:  тапқырлық,  зерттеу  және  бағдарланған  тапсырмалар  деп 
аталады. 
Жоғарғы оқу орындарындағы білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды 
пайдалану  арқылы  оқу – тәрбие  үрдісін  тиісті  деңгейге  көтеру,  кафедра  оқытушыларының, 
педагогикалық  ұжымның  жүйелі  басшылыққа  алған  бағыты  деп  есептейміз.  Интерактивті 
құралдарды  қолдану  негізінде  оқу  орнында  химия  бағытындағы  пәндерді  оқыту  сапасын 
арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. 

74 
 
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі студенттің 
жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды 
табуға  бейімдеп,  нәтижесінде – өздерінің  кәсіби  потенциалдарының  қалыптасуына  жол  ашу 
керек.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағында,  студенттердің  ойлау  қабілетін 
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын 
педагогикалық технологияларды тиімді деп санауға болады. 
 
 
 
Тулеуханов С.Т., Швецова Е.В., Кулбаева М.С. 
 
ОПЫТ РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ МООК  ПО КУРСУ «БИОФИЗИКА» 
 
 Учебная  программа  МООК    по  курсу  «Биофизика»  подготовлена  и  составлена  в 2015 
году. Записан лекционный курс, подготовлены тесты.В качестве дополнений к традиционным 
материалам  учебного  курса,  таким  как  видео,  чтение  и  домашние  задания,  возможно 
проведение    онлайн-курса    через  непосредственное  общение  преподавателя    и  студента  через 
интернет.  Удаленное  обучение  студентов    возникло  достаточно  давно,  можно  вспомнить 
специальные  обучающие  телевизионные  программы  еще  в  советское  время,  правда    для 
школьников.  Первые  видеозаписи  лекций  различных  учебных  заведений  стали  появляться  на 
сайтах  университетов  в  сети  Интернет  ещё  в  конце 1990-х  годо.  С  развитием  технологии  
массовые открытые онлайн-курсы широко развиваются с  2010-х годов, они дали возможность 
интерактивного  общения  студентов  и  преподавателей,  а  также  сдачи  экзаменов  в  режиме 
онлайн.  Ранее  принятое  заочное  обучение    заместило  дистанционное  обучение.  Сейчас  под 
термином МООК или МООС на английском  языка – это абвиатура слов   massiveopenonline-
course–  массовый  открытый  онлайн  курс.  Термин  был  введен  в 2008 году  Д.  Кормье  и  Б. 
Александеру,  разрабатывавшим  соответствующий  программный  продукт.  Данная  форма 
обучения  получила  признание  по  всему  миру  форма  организации  дистанционного  обучения 
посредством Интернета. 
Важным достоинством этого метода является: 
 возможность  профессионального  роста  и  переводготовки  во  время    работы, 
повышение квалификации;  
 самостоятельное планирование траектории обучения и составления индивидуального 
учебного плана, 
 сокращение сроков обучения, гибкий график сессий; 
 возможность приступить к обучению в любое время; 
 обучение без отрыва от основной деятельности; 
 экономия времени и финансов. 
Данная  форма  обучения  является  обязательным  элементом  создаваемой  непрерывной 
системы обучения. Они доступны для  слушателей не зависимо от  их уровня предварительной 
подготовки,  поэтому    они  являются  скорее  общеобразовательными  курсами,  чем  курсами  по 
профессиональной  подготовки.  Главное  для  слушателей – иметь  желание  учиться  и  иметь 
доступ к Интернету. 
Особенностью  курсов  МООК – массовость,  поскольку  на  курс  может  записаться  любое 
количество  участников,  другими  словами,  все  заинтересовавшиеся  и  способные  регулярно 
заниматься.  Нет  ни  аудитории,  нет  и  ограниченности  мест.  Важно,  что  характеристики 
«открытый» МООК – в бесплатности всех материалов. Все североамериканские университеты 
имеют  свои  ресурсы  МООК,  обучение  в  которых  осуществляется  на  английском  языке. 
Нынешние  платные  курсы    предполагают  оплату  не  столько  самого  удаленного  обучения, 
сколько  получения  сертификата.  По  сути  это  то  же  самое,  что  и  университетский  курс  по 
какому-то предмету, но перенесённый в Интернет. 
К  дистанционному  обучению  вузя  шли  давно,  например,  свои  учебные  материалы 
Массачусетский  технологический  институт  выложил  в  открытый  доступ  ещё  до  того,  как 
появились  первые  МООК,  в  далёком 2001 году.  В  США  многими  учебными  заведениями  и 
работодателями сертификаты таких курсов  признаны официальными документами. Дело в том, 

75 
 
что  для  самих  вузов  и  преподавателей  это  ещё  и  отличный  способ  прорекламировать  себя  и 
свои идеи, возможность доступа к неограниченной категории слушателей.  
Важным является  очевидное: с появлением МООК стало не важно, сколько у вас денег и 
где  вы  находитесь  физически,  любой  человек,  имеющий  хоть  немного  свободного  времени  и 
компьютер с доступом в Интернет, может начать учиться у лучших преподавателей Гарварда, 
МТИ,  Стэнфорда  и  других  ведущих  образовательных  центров  мира.  Реализуется  право  на 
образование не зависимо от того кто ты, сколько зарабатываешь и где живешь. Есть курсы и на  
русском  языке – главное  учись.  Развитие  технических  ресурсов  и  соответствующих 
программных  платформ  дало    возможность  бесплатно  учиться  почти  как  в  университете: 
слушать  лекции,  сдавать  промежуточные  и  итоговые  тесты,  общаться  с  однокурсниками  и 
преподавателями на форумах в режиме реального времени. Для обучения по программе МООК 
необходимо  просто  зарегистрироваться  на  данный  курс.  Кроме  того,  это  ещё  и  отличный 
способ преодолеть разницу в подходах к образованию, узнать о последних тенденциях в науке 
от ведущих преподавателей.  И обучаться можно по любой дисциплине практически  в любой 
области:  от  искусствоведения  до  введения  в  робототехнику,  от  античной  истории  до  основ 
программирования. 
В  нашем  университете  реализуется  онлайн  линия,  позволяющая  участником  дистан-
ционного обучения  обеспечить полный эффект присутствия на лекциях и семинарах. 
Наша кафедра имеет опыт использования даной формы обучения при проведении курсов 
для  докторантов  начиная  с 2009 года.  Наши  докторанты,  работая  в  исследовательских  лабо-
ратория в Соединенных Штатах университета Дрексел,  дистанционно продолжали обучения по 
дисциплинам своего учебного плана.  
Удобным является возможность распределения всего учебного материала в соответствии 
с академическим календарем и понедельным распределением не только лекционных курсов, но 
и заданий обучающимся и контроль их своевременно выполнения. 
Можно  не  только  сразу  оценивать  работу  студента,  но  и  давать  рекомендации  по 
исправлению ошибок и неточностей. Единственным проблемным для естественников является 
проведение лабораторных исследований по конкретному учебному курсу. 
В  текущем  учебном  году  проводилось  обучение  студентки 4 курса  специальности 
«Биотехнология»  Кули  Жансая  с  использованием  данного  ресурса  по  курсу «Биофизика», так 
как  по  обмену  осенний  семестр  она  обучалась  в  Белгородском  университете  в  России. 
Единственным неудобством была необходимость сдачи ею промежуточного экзамена, так как 
эта форма контроля не учтена при разработки  ресурса дистанционного обучения, в тоже время 
РК1  и  РК 2 можно  принимать,  оценивать  и  проставлять  без  проблем.  Вернувшись  студентка 
сразу сдала два экзамена по данному курсу и заслуженно получила высокие оценки. 
Следует  подчеркнуть,  что  эта  система  обучения  дисциплинирует  и  студента    и  пре-
подавателя,  потому  что  если  сроки  сдачи  задания  прошли  и  баллы  потеряны,  то  произвольно 
выставить их никто не имеет права. Преподаватель обязан постоянно контролировать освоение 
учебной программы. 
В  ноябре – декабре 2015 года  подготовлен  и  записан  лекционный  курс  по  дисциплине 
«Биофизика». Планируется разместить его на сайте нашего университета и начать подготовку  
уже  с  весны 2016 года.  Курс  охватывает  основные  разделы  Биофизики  и  предполагает,  что  в 
результате его изучения студенты знакомятся  с основными понятиями и законами биофизики
с  применимостью законов физики к живым системам.  
Цель  преподавания  курса  "Биофизика" - дать  студентам  глубокие  и  широкие  знания  об 
объектах  и  особенностях  биофизических  процессов,  основах  биофизического  подхода  к 
биологическим  процессам  и  явлениям.  Основные  задачи  преподавания  дисциплины  это 
обеспечение  понимания  фундаментальных закономерностей и прикладных исследований био-
физики,  рассказо  важнейших  достижениях  биофизики  и  о  перспективах  ее  развития  и  фор-
мирование  у студентов основ теоретико-прикладного мышления, позволяющего  исполь-зовать 
достижения биофизики в биологии. 
После  изучения  данной  дисциплины,  включающей    курс  лекций  и  выполнения 
практических заданий,   обучающиеся должны овладеть следующими   формами  компетенции: 
Знать    основные  положения  биофизики  и  основные  физические    законы,  лежащие  в 
основе биологических законов и явлений; первое и второе начала термодинамики; закон Гесса, 

76 
 
принципы  Пригожина  и  Э.Бауэра;  механизмы  биоэлектрических  процессов;  основы 
радиобиологии  и  механизмы  лучевого  поражения;  механизмы  генерации  биологических 
ритмов;принципы  электропроводности  биосистем;  основные  биофизические  методы  иссле-
дования. 
Уметь  применять полученные теоретические знания и практические навыки в практике 
собственных исследований. 
Иными  словами,  итогом  обучение  является  формирование      представлений  о  границах 
применимости  существующих    физических  закономерностей  к  биологическим  явлениям  и   
особенностях  развития  процессов  в  целостных  организмах  на  всех  уровнях  организации  от 
макромолекул до экосистем. 
Мы  надеемся,  что  данная  работа  будет  востребована  и  у  нас  будет  достаточно  обу-
чающихся,  которые  в  дальнейшем  могут  продолжить  обучение  непосредственно  в  стенах 
нашего университета. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет