Пайдаланыған әдебиеттер
1. А. Аширова, Х. Қарабаева Инновациялық технологияларды оқу үдерісіне пайдалану
ерекшеліктері Вестник КазНУ. Серия филологическая. №3 (62). 2013 , 143-147 б.
2. Валиева М. Жаңа педагогикалық технологиялар. - Әдістемелік нұсқау. Алматы, 2002.
63
Тоқсанбаева Н.Қ., Жубаназарова Н.С., Құнанбаева М.Н.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізгі тармағында оқытудың жаңа
технологияларын, оның ішінде жоғары оқу орнында білім беру бағдарламаларының қоғам мен
еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік,
қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен
білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру
саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын,
ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық
кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік,
дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық
– коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім
беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде
[1,23 б].
Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі — өзара әрекеттестіктің арнайы
формасындағы мақсатты ұйымдастырылған студеттер мен оқытушылардың бірлескен іс-
әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту
процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп
топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
— білім беру — бұл мақсат студенттердің танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы
ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін,
өздерінің рухани, психологиялық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби
дағдыларды игеруін көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығар-
машылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұл-
ғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжірибесінің жан — жақтарын:
білімдер мен іскерліктері, ғылым, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге
бағытталған оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттің оқу-танымдық өзара
бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже.
М.Лорф, Г.Розенфельд /ГДР/ мына пікірді ұсынады: яғни білімді игеру тек қана қабілетті
ғана дамытып қоймай, сонымен бірге мотивацияның да өсуіне әкеліп соғады. Мұндағы
ескертетін жайт: студент меңгеретін оқу материалы олар үшін маңызды, қажетті, ұғынымды
деп табылуы керек[2,128 б.]. Оқу-танымдық мотивтері оқу әрекеті үшін мейлінше дұрыс
болады (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқын-
далады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — студенттерде білімдерді,
дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім
беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — студенттердің дүниетанымын қалыптастыру
(тербиелеу қызметі). Ол студенттер мен оқытушылардың объективті түрде қоршаған орта
жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады.
Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу
қызметі атқарылады (дамыту қызметі). Адамның дамуы — бұл оның денесінің физиологиялық
және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы
дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
64
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-
қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің
кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік
қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту
процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс.
Жоғары оқу орнындағы студенттерге оқытудың инновациялық технологияларын пайда-
лану арқылы білім бердің әдіснамалық маңыздылығы атты бұл мақаламда қазіргі заман
талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет
ресурстарды пайдалану студеттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға
мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Студенттердің ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру
қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне
айналып отыр.
Психология сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдала-
нудың тиімділігі:
студенттің өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде психикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы
жүзеге асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
студенттің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық
технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Психологиялық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен
жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін
арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Психологиялық эксперименттерді
модельдеу – студенттерге сабақта психологиялық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға,
оларды қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, психикалық құбылыстармен зерттеу
әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Студенттердің өз оқу әрекеттеріндегі нәтижесіне бағдарлануды ғана емес, сонымен бірге
осы нәтижеге жетудің әдіс-тәсілдерін меңгеруді де қарастырады. Оқу мотивтерін осылай
түсінген жағдайда ғана, бұл мотивтердің іс-әрекетпен тығыз байланысты екенін, іс-әрекеттің
заттық-операциялық сипатымен байланыстылығын ұғынуға мүмкіндік береді. Біздің
мотивацияны зерттеу ісіміз – мотивацияның логикада эксперименттік ауысуын тек іс-әрекетті
ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асады. (П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, А.К.Дуса-
вицкий, П.Голу, Н.Ф.Талызина, В.Ф.Маргух, А.К.Маркова, Л.К.Золотых, Г.С.Абрамова т.б.)
[3,4,5]. Біздер оқу әрекетінің дамытушы бағалау типтерінің өзгеру көмегі арқылы генезисін
зерттейміз.
Нарықтық қатынас заманында еліміздің рухани баюының бас себепкері–оқу-ағарту
саласында да көп алаңдаушы мәселелердің көбеюі жұртшылықты таң қалдырмас деп
есептейміз.
Себебі өздері екі ойлы жастарымызды білім ордаларында ұстап, білім алуға жетелеп
итермелейтін бір-ақын таландырушы процесс – бағалауға нақалады.
Міне, студенттерді оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы білім
бердің әдіснамалық маңыздылығы өзектілігі бүгінгі таңда бізді де педагогтарды да қатты
ойландырып, зерттеуге тура келеді.
65
1. Психология, яғни бұл ғылым білім бердің әдіснамалық маңыздылығы оқытудың
негізін құрайтын және негізгі оқытушарты деп қарайды.
2.Педагогикада яғни, жоғарғы оқу орнындағы оқытудың инновациялық техноло-
гияларын пайдалану арқылы тәрбиелеу мен ынталандырушы рөлге, сипатқа ие болу жағын
көздейді.
3.Кибернетика, яғни әрбір жүйеде кері байланыс механизмінің мақсатқа бағытталған іс-
әрекетінің болатындығын растайтын ғылым. Мақсатты әрекетке жағдай болып ауыспалы
қалыптың тіркелуі және соның негізінде алынған мәліметтер арқылы процесті басқару болып
табылады.
Білімгер өзәрекетінің нәтижесін көре білуі тиіс. Оқыту процесінде қателіктер табу,
жұмысқа толықтыру енгізу, дұрыс, қате жақтарын көре білу өте маңызды. Студент нәтижелі
орындайтын тапсырма арқылы оның мотивациялық аумағы үлкен әсер алады (білім мен
шеберлігін тиімді қолдануда қуануы).
“Адам өзі не жасайалатын болса, сонны жасауды ұнатады”-, дейді психолог С.В.Олпорт.
С.М.Жақыпов өзінің зерттеулерінде былай дейді: ”біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ
оқыту барысында танымдық процестердің өнімді бірлігін ұйымдастырудың қажетті шарты–
оқыту үрдісіне қатынасушылардың, яғни оқытушы мен білім алушының танымдық
әркеттерінің қалыптасуы және дамуы болады [6,55 б.]. Ұйымдасқан оқыту жағдайларында
алдын-ала жоспарланған білім алушының танымдық әрекеті оқыту үрдісіндегі өзара
әрекеттесуші индивидтердің субьект-субьектілі кеңістігінде өрби отырып, оқып-білім
алушылардың танымдық әрекеттерін дамытып, қалыптастыру үшін алғашқы жағдайларды
жасайды оқыту үрдісінде танымдық әрекет ерекше психологиялық феномен бола отырып,
оқыту жағдайларында танымдық процестер негізінде (әсіресе қабылдау, ес пен ойлау)
қалыптасқан, танымдық әрекеттің тұтасжүйесін құрайды, онда ойлау жүйеқұраушы фактор
рөлін орындайды.
Оқыту үрдісінде танымдық әрекеттердің психологиялық негізі-білім беруші мен білім
алушылар әрекеттерінің бірлігі шарасында қалыптасатын біріккен-диалогты танымдық әркет
болып табылады. Оқып-білім алушылардың танымдық әрекеті интериоризацияланған біріккен-
диалогты танымдық әрекет сияқты болады.
Таным тәсілі ретіндегі теориялық ойлау сипаттамаларын қарастыру және жоғарыдағы
ғалымдар еңбектерін тереңталдай келе бірқатар жобаларды негіздеуімізге тура келді.
Анатолий Залманович Зак өз жұмысында ойлауды логикалық және психологиялық
жағынан тұтас нәрсе деп зерттеді. Балалардың міндеттерді шешуіне орай (теориялық,
эмпирикалық тәсілдер арқылы жүзеге асуына байланысты) таным теориясын зерттеген
мамандар жасаған ойлау түрлерінің сипаттамаларына бұл автор сүйенген. (танымды зертте-
гендер: Э.В.Ильенков, Л.К.Науменко, П.В.Копнин, М.К. Мамардашвили, С.Л.Рубинштейн,
В.С.Швырев, В.А.Штаффжәнет.б.).
Біріншіден, теориялық ойлау танылатын обьект жөнінде яғни, оның мәнді, ішкі, қажетті
байланыстары жайлы түсінік, ұғымның қалыптасуына бағытталған.
Теориялық ойлау-заттардың мәнін бейнелеуге қажетті обьективті шындықты адамның
тану тәсілі. В.В.Давыдовтың жалпы теориясынасәйкес, бұл кезең эмпирикалық тәсілден
теориялық бағытталу тәсілдеріне көшуімен сипатталады. Оқушылардың ойлауының дамуын
анықтау, даму кезеңдерін және деңгейлерін айқындау – оқыту сапасын арттыруға бақылау
жасаудың мәнді формасы болады.
Сөзімді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
ЖОО-да білім беретін қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен
жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер
бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім
жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай
ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана
алатын, психология пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Оқытуда инновациялық технологияларын пайдалану арқылы білім бердің әдіснамалық
маңыздылығы оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану студенттің өз мамандығына қызығушылығы
66
мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын
қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму
жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Менчинская Н.А. Психологические вопросы анализа развивающего эффекта обучения. Воп-
росы организации и методов исследования знаний, умений и навыков //Материалы научной конфе-
ренции. – М.: Изд-во НИИ СиМО, 1973. – С. 17-23.
2. Ленард Ф., Андрущак В.М. Научно-педагогические основы повышения качества знаний
учащихся средней школы. - Киев, 2010. – 250 с.
3. Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. – М.: Изд-во. АН СССР, 2008.
- 147 с.
4. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: Соч.: В 2-х т. - М.: Педагогика,
2003. – 392 с.
5. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения: Автореф. д-ра психол. наук. -
М., 1998. – 35 с.
Торманов Н.Т., Тусупбекова Г.А., Уршеева Б.И., Скендирова А.
ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ОҚУ ҮРДІСІНЕ ПАЙДАЛАНУ
Еліміздің хал-ахуалының тұрақтылығы, экономикасының дамуы, сол арқылы
дүниежүзіндегі 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарынан орын алу, Отандық білім беру жүйесінің
деңгейін көтеру үшін ғылым мен өндірістің дамуына ерекше жігер, қайратымызды салуды
талап етіп отыр. Сондықтанда білім беру ширақ, оралымды және бәсекеге қабілетті деңгейде
жеткізілген болуы тиіс. Осыдан туындайтын мәселе инновациялық білім беру үрдісін
ұйымдастыру арқылы іске асыру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті инновациялық білім беру пробле-
масын жолға қою барысында, жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларды ұйым-
дастыруды дәстүрге айналдырып, қонференцияның девизін әртүрлі атаумен атап, заманауи
талапқа сай білім берудің жаңа технологиясын жұртшылықтың талқылануына салып,
пайдалану жолдарын білім берудің сапасын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, соңғы 5 жылдағы көтерілген міәселелерден байқауға болады.
Мысалы, 2009 жылғы ҚазҰУ –дің 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция
«ХХІ ғасыр университетіндегі: Инновациялар және жаңа технология» деген атпен өткізілсе,
2010 жылғы 15 қаңтарда «Жоғары білім беру- интеллектуальдық ұлт қалыптастырудың
стратегиялық ресурстары, 2012 жылғы 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция
«Білім беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» деген
ұранмен өткізілсе, биылғы 2016 жылғы конференцияда талқылауға берілген мәселе, «Білім
беру бағдарламасын жаңғырту: аккредитация және кадрлар дайындаудың сапасына кепілдік
беру» жайлы проблеманы ұсынып отыр.
Бұл жерде айтайын деп отырган ойымыз университет, факультет, кафедра және
ұстаздар қауымы заманауи талапқа сай білімді, білікті және бәсекеге қарсы тура білетін
мамандарды әлемдік деңгейдегі инновациялық білім беру үрдісіне сәйкес дайындау.
Әрине инновациялық оқу бағдарламасын қалыптастырудағы басты тұлға мұғалім.
Сондықтанда, ол болашақ шәкірттерінің өндірістің кез-келген саласында еңбек етуге қабі-
леттілігіне мән бере отырып, тәлім-тәрбие, білім беруге көңіл аудару керек.
Біздің кафедрада екі мамандық бойынша бакалавр және магистр деңгейінде
дайындалады, біріншісі 5В050600-Биология, екіншісі 6М011300-Биология (педагогикалық).
Осы мамандықтар бойынша бакалаврды бітірушілерде және магистрлерде мектепке, ЖОО
орындарында биология пәнінен сабақ беруге толық мүмкіндігі бар. Университет қабырғасында
студенттерге «Биологияны оқытудың әдістемесі» атты пәннен 2 кредит дәріс беріледі де, 1
кредит практикалық сабақ жүргізіледі, ал 4 курсте екі апталық педагогикалық практикамен
67
аяқталады. Сондықтанда толыққанды мұғалім мамандығын дайындау үшін, педагогика,
психология және биологияны оқытудың әдістемесін үйретумен қатар, пассивті және активті
педагогикалық практиканың да мерзімін ұзартқан жөн болады. Сонымен қатар Биологияны
оқыту әдістемесі пәнінен 4 курсте студенттердің қорытынды білімін бағалауға яғни ҚР Білім
және ғылым министрлігінің бұйрығымен «ВОУД» (оқу пәнін сырттай бақылау) өткізіледі.
Бәрімізге белгілі қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарының болашақ студенттік
контингенті мектеп бітірушілер, ал бізге келіп түсетін абитуриенттердің жартысынан көбі
медициналық оқу орындарына және биотехнологияға және басқа мамандықтарға өте алмай
қалған төменгі баллдар алғандар. Басқаша айтсақ, болашақ мамандықтарын кездейсоқ
таңдағандар.
Әрине кафедра мұғалімдері сабақ беру барысында биологияны оқыту әдістемелерінің
заманауи технологияларымен таныстыра отырып, оны практика жүзінде қолдана білу
әдістерінде үйретеді. Әсіресе, сабақ берудің белсенді әдістерінің бірі, «мәселені жобалау»,
«кіріктірілген оқыту әдісі», «дамыта оқыту» және де басқада белсенді түрлері қолданылады.
Сонымен қатар, инновациялық білім берудің талабына сәйкес кейбір пәндерден арнаулы
тереңдетілген курстармен қатар, авторлық пәндерденде дәріс беріледі. Олар біріншісі
«Биологияны оқытудың инновациялық әдістемелері» авторлар Н. Торманов, Н.Абылайханова,
екіншісі «Ағзаларлың қызметін реттеу және бейімделу механизмдері» авторлары Н.Торманов,
С.Т.Төлеуханов.
Биологиядан сабақ берудің табысты болуы сабақ берудің әдістерін (көрнектілік және
практикалық қолдана білу іскерлігі мен шеберлігіне де байланысты. Сондықтанда
студенттердің университет қабырғасында алған білімін, біліктілігін, тәжірибесін практика
жүзінде іске асырып және инновациялық әдіс-тәсілдерін болашақта сол мектеп әкімшілігін
қызықтыратындай болу үшін педагогикалық практика барысында сол мектеп сыныбына сабақ
өткізу барысында енгізуге мүмкіндік жасалуы керек. Яғни мектеп ұжымымен факультет,
кафедра, тіпті университет арасында болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру үшін нақты
байланыс туындауы керек. Сөзіміз дәлелді болу үшін 4 курс студенттері мектепте өткізілген 3-
5 апталық педагогикалық практика кезінде университет қабырғасында Биологияны оқытудың
инновациялық әдістемесі пәнінен алған теориялық білімдерін Алматы қаласының №161
лицейінде және Ғабит Мүсірепов атындағы №136 орта мектебінде 8 сынып оқушыларына
биология пәнінен сабақ өткізу барысында «Кейс-стади» әдісін және арнаулы дайындалған
электрондық оқулықты пайдаланып өткізуді дәстүрге айналдырды.
Әсіресе, дәріс өткізу барысында, лабораториялық, практикалық жұмыстар жасау кезінде
«Электрондық оқулық», «Электрондық практикум» іспеттес техникалық құралдарды
пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймайды, олардың
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек жасауға қолайлы жағдай
жасайды. Осы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Тағыда
бір тиімді жақтары студенттер мен оқушылардың оқу материалын графикалық иллюстрация
түріндегі әртүрлі студенттер сұлба тәсілдер толықтырып отырса, оқушының теориялық,
білімді оқып, көзбен көріп түсініп және ойында сақтау бір уақытта синхронды түрде өтіп
отырады да материалды қорытындылау ұғымды, түсінікті болады. Ал мұғалім үшін
электронды оқулық күнделікті қайта қарап, ойланып, кем-кетіктерін түзеп, дамытылып
отырылатынын ашық, анық түрдегі әдістемелік құрал.
Сондықтанда информациялық технологиялық құралдарды тиімді пайдалану заманауи
талап. Осыған байланысты В.Сухомлинский былай деп айтқан екен «Сабақ»- мұғалімнің
педагогикалық мәдениетінің жалпы бейнесі(айнасы), зиялығы, парасаттылығы интеллектуалды
байлығының өлшемі, ой өрісінің білімдарлығы» десе, оқу жүйесіне интернет қорын пайдалану
жайлы американдық ғалым Филлип С.Шлехти «ХХІ ғасырдағы мектеп» деген еңбегінде, білім
беру реформасындағы басты басымдылық интернет технологиясын енгізу. Нағыз кәсіби маман
болу үшін күнделікті информациялармен таныс болып, көп оқып, интернет қорымен танысып,
ақпараттарды жинап, оларға талдау жасап, сараптап, өңдеп керегін пайдалана білу керек деп
тұжырымдады.
Қорыта айтар болсақ, оқу үдерісіндегі инновациялық білім беру әдісін педагогикалық
практика кезінде cтуденттер мектеп сыныптарында биологиядан сабақ өткізу барысында
қолдануды басты мақсат етіп отыр. Заманауи әдістермен сабақ беру барысында біз
68
студенттерді педагогикалық практикаға даярлаймыз. Біздің тарапымыздан талап ететініміз
педагогикалық практика мерзімін ұзарту.
Төлешова Ұ.Б.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА
АССОЦИОГРАММА ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерін сараптауда студенттің оқу орындарындағы
пәндерді таңдауда көп еркіндігі, әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы,
оқыту бағдарлмасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі, студенттердің
оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі, «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-
субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық рөл атқаруын айтуға болады.
Студенттің оқуға қызығушылығы мен қажеттілігі өздік әрекеті түріндегі оқуға ауысуы,
оқытушының функциясының өзгеруі және СӨЖ маңызының артуы, өзара белсенді әдістердің,
бейдәстүрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданылу қажеттігі оқу үдерісіне қатысушы субъектілер
оқытушы мен студенттің нақты әрекеттері айқын түрде сипатталғандықтан өздік іс-әрекет
арқылы студенттің өздік жұмысы іске асатыны анықталды. Студенттердің өзіндік жұмысы
сабағында алдын ала берілген тақырып бойынша баяндама жасау, реферат оқу, пікірсайыс
әдістері басты қолданыста болады. осы сабақта өз бетінше ойланудың, өзара белсенді қарым-
қатынас арқылы білім алудың білігін игеріп қалыптастырудың зор мүмкіндігі туындайды.
Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс студенттің теориялық білімін тәжірибемен
ұштастыруына ықпал етеді. Әрі ізденушілік, зертттеушілік, шығармашылық қабілеттерінің
дамуына тигізер әсері мол. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда инновациялық
технологиялар сабақтың ыңғайына қарай қолданылса студенттердің сабаққа деген қызығу-
шылығы дамиды, топтың ынтымақтастығы артады.
Студенттің өзіндік жұмысының мақсаттары - студенттерде өзіндік шығармашылық
еңбекке дағдыларын қалыптастыру, инновациялық технология мен құралдарды пайдаланып,
кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын
жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін меңгеру және ой - танымын кеңейтуге бағытталады.
Студенттердің өзіндік жұмыс арқылы студенттердің іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері
ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру
қолданылған әдіс-тәсілдерге формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты болады.
Белгілі ғалымдар А.Вербицкий мен Ю. Попов «дұрыс ұйымдастырылған студенттің
өзіндік жұмысы студенттің өздігінен білім алуы мен өзіндікдамуына дайындығын
қалыптастыратынын, жоғары мектепте тиімді ұйымдастырылған студенттің өзіндік жұмысы
болашақ маман тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді»
депайтқан болатын.
Ал Г.П.Никитина «аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысының аудиториялық
өзіндік жұмыстан айырмашылығын оның жүргізу орны, мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен
формаларында, студенттің өз бетімен жұмыс жасау деңгейі, осы жұмысты есепке алу мен
бақылау мәселесін өз қолына алады, өздері шешім шығара алады»- деген. Дәріс сабақтарында
немесе
студенттің
оқытушымен
өзіндік
жұмысын
ұйымдастыруда
студенттердің
қарастырылатын мәселе бойынша ойлау қабілетін дамытуда ассоциограмма әдісін қолданудың
тиімділігі ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |