№4(68)/2012 Серия филология


Романтизм в современной казахской прозе



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,98 Mb.
#8349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Романтизм в современной казахской прозе  
Проблемы, связанные с поэтикой романтизма, ее эволюцией, типологией романтических жанров в их 
развитии,  изучением  поэтической  системы  отдельного  романтического  произведения,  привлекают 
особое внимание исследователей современного казахского литературоведения. В литературоведении 
ХХ века было изжито представление о «неполноценности» романтизма как художественного метода. 
Конкретно-историческое изучение романтизма как сложного, целостного историко-литературного яв-
ления  соединяется  с  историко-типологическими  исследованиями,  изучается  романтизм  в  контексте 
европейского, а вернее, мирового историко-литературного процесса с учетом его новаторства, эволю-
ции, различных типов романтизма, их соотношения с предшествующими и последующими периодами 
литературного развития. 
 
Zh.Zh.Zharylgapov, A.A.Mirzahmetov 
Romanticism in modern Kazakh prose 
The problems connected with poetics of romanticism, its evolution, typology of romantic genres in their de-
velopment, study of poetic system of separate romantic work draw more and more steadfast attention of mod-
ern Kazakh literary criticism. The literature of the XX-th century eliminated the notion about deficiency of 
romanticism as a literary method. Concrete historical study of romanticism as a complex, cohesive literary-
historical phenomenon is connected with the historical and typological studies, romanticism is studied in the 
context of European, exactly, within the world's literary-historical processes based on its innovation, evolu-
tion, and different types of romanticism, their interrelation with the preceding and subsequent periods of liter-
ary development. 
 
 
 
 
ƏОЖ 82(091):821.512.122 
С.Б.Жұмағұл, Е.Сармурзин 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: nuray28@mail.ru) 
ХХ ғасыр соңындағы алаштану ілімі  
(1988–1991 жылдардағы зерттеулер негізінде) 
Мақалада  ХХ  ғасыр  соңындағы  қазақ  əдебиеттануындағы  күрделі  өзгерістер  Алаш  əдебиеті 
тұлғаларының  зерттелуі  тұрғысынан  қарастырылды,  атап  айтқанда,  Алаш  интеллигенциясының 
көрнекті  өкілдерінің  еңбектері  негізге  алынды.  Аталмыш  бағыт  өкілдерінің  əдеби  жəне  ғылыми 
мұраларын  зерттеудегі  басты  қадамдар  анықталып,  белгіленді.  Кеңестік  тоталитарлық  жүйенің 
күйреуімен сабақтас Алаш арыстарының əдеби жəне ғылыми мұрасын зерттеудегі маңызды қадамдар 
анықталып,  сол  кездегі  қазақ  əдебиетінің  «алтын»  бағыты  болып  табылатын  Алаштану  ілімінің 
ғылыми бағыт-бағдары талданды. 
Кілтті  сөздер:  алаштану,  ХХ  ғасыр  соңындағы  қазақ  əдебиеті,  əдебиеттану,  əдеби  мұра,  Алаш 
арыстары, тоталитарлық жүйе, Алаш мұрасы, қазақ əдебиеті. 
 
Қайта  құру  мен  жариялылық  талабына  сай  СОКП  ОК «30–40-жылдар  кезеңі  мен 50-жылдар 
басында  орын  алған  репрессиялармен  байланысты  материалдарды  қосымша  зерттеу  туралы  СОКП 
ОК Саяси бюросының комиссиясын құру туралы» (1987.28.ІХ), «Заңсыз қуғын-сүргін, репрессиялар 
құрбандарына  ескерткіш  орнату  туралы» (1988.4.VІІ), «30–40-жылдар  жəне 50-жылдар  басында 
заңсыз  репрессияланған  тұлғаларды  ақтаумен  байланысты  жұмыстарды  аяқтауға  қатысты  қосымша 
іс-шаралар  туралы» (1988.11.VІІ), «30–40-жылдар  кезеңі  жəне 50-жылдар  басында  орын  алған 
репрессияларда  құрбан  болғандарға  қатысты  əділдікті  орнатуға  байланысты  қосымша  іс-шаралар 
туралы» (1989.5.І) бірнеше Қаулы қабылдады [1]. Ал «Əдебиет пен өнер мəселелері бойынша 30–40-шы 
жылдар  кезеңі  мен 50-ші  жылдар  басында  қабылданған  қаулыларды  зерттеу  жөніндегі  Қазақстан 

ХХ ғасыр соңындағы... 
Серия «Филология». № 4(68)/2012 
67 
Компартиясы  Орталық  Комитеті  Комиссиясының  қорытындысы» [«Қ.Ə».1989.15.ХІІ], «ВКП  (б) 
Қазақ  өлкелік  комитеті,  Қазақстан  КП  (б)  Орталық  Комитетінің  жəне  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  Комитетінің 20–40-шы  жылдар  мен 50-ші  жылдардың  басында  идеология,  тарих  жəне 
республиканың тарих ғылымы мəселелері бойынша қабылдаған кейбір қаулылары туралы Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  Комитеті  Идеологиялық  Комиссиясының  қорытындысы» [«Қазақстан 
коммунисі», 1991, № 10] қазақ ұлтының да тұтас рухани əлемін шарпыған тоталитаризм зардабына 
үңілдірді.  Ол  кеңестік  идеологияның  күштеп  танған  санадағы  үрей  мен  құлдық  психологиядан 
арылуға серпін беріп, рухани азаттыққа бастады. 
ХХ ғасырдың соңғы ширегі тоталитарлық жүйе қысымындағы саяси-əлеуметтік өмірдің тарихи 
шындығын  түбірлі  қалпына  келтірудегі  түбегейлі  өзгеріске  толы  кезең  болды.  Ол  отандық 
əдебиеттануға əміршіл-əкімшіл саяси идеология зардабын шеккен ұлттық құндылықтардың болмыс-
бітімін  тұтастықта  ашуға,  кешенді  қарастыруға  мүмкіндік  берді.  Оған  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  Комитетінің  «Ақын  Шəкəрімнің  творчестволық  мұрасы  жөнінде» [«Қ.Ə», 1988, 15.ІV], 
«Қазақ  ССР  Прокуратурасында» [«Қ.Ə», 1988, 23. ХІІ], «Қазақстан  Коммунистік  партиясының 
Орталық  Комитетінде:  Мағжан  Жұмабаевтың,  Ахмет  Байтұрсыновтың  жəне  Жүсіпбек 
Аймауытовтың  творчестволық  мұрасы  туралы» [Қ.Ə, 1989, 6.І], «Міржақып  (Мир-Якуб)  Дулатов» 
[«Қ.Ə», 1989, 28.VІІ]  жəне  əдебиет  пен  өнер  мəселелері  бойынша 1930–40 жылдар  кезеңі  мен 50-
жылдар  басында  қабылданған  идеологиялық  қаулы-қарарлардың  күшін  жоюы  түбегейлі  жол  ашты 
[«Қ.Ə», 1989, 15.ХІІ]. 
Сталинизмнен  өрістеген  тарихтың  «ақтаңдақтар»  атанған  ауыр  зардаптарын  объективті  тануға 
соны  серпін  берген  аталған  құжаттар  фольклорлық  мұралардан  бастап,  ХІХ  ғасыр  жəне  ХХ  ғасыр 
басындағы  ұлт  əдебиетінің  айтулы  тұлғаларының  мұрасын  жариялау  жəне  зерттеуді  отандық 
ғылымның  басты  нысаны,  өзекті  мəселесі  етіп  қойды.  Тарихи  мəні  зор  құжаттарда: «Шəкəрімнің 
əдеби  творчествосы  идеялық-тақырыптық  мазмұнының  ауқымдылығымен,  əсерлі  де  көркемдік 
қуатының молдығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы 
жəне  ол  ХІХ  жəне  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  əдебиетінен  ерекше  орын  алады.  Бұл  мұра  ұзақ 
жылдардағы  «үнсіздік»  пен  нақақ  жаладан  кейін  халыққа  оралуға  тиіс» [2], «Қазақстандағы  Алаш 
буржуазиялық-ұлтшылдық партиясы мен Алашорда үкіметінің басшыларына кешірім жасау туралы 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1919 жылғы 4 апрельдегі шешіміне қарамастан, белгілі 
əдебиетшілер  М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов,  сондай-ақ  Ж.Аймауытов 1930 жəне 1937–38 жылдары 
социалистік заңдылықтардың тым өрескел бұзылуы жағдайында негізсіз қылмысты жазаға тартылып, 
контрреволюциялық антисоветтік қызметпен айналыпты-мыс деген желеумен өлім жазасына кесілген 
болатын. Биыл Қазақ ССР Прокуроры республика Жоғарғы cотының сот коллегиясына үкімді жоюды 
жəне  аталған  адамдардың  əрекеттерінде  қылмыс  құрамының  болмауы  себепті  олар  жөніндегі  істі 
тоқтатуды  талап  еткен  наразылықтар  енгізген  еді.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  cоты  наразылықтарды 
республика  прокурорының  қатысуымен  қарай  келіп,  оларды  толық  көлемінде  қанағаттандырды. 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев  жəне  Ж.Аймауытов  жөніндегі  істер  тоқтатылып,  олар  ақталды» [3], 
«Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  комиссиясы  жеке  адамға  табыну  кезінде  жазықсыз 
жазаға  ұшыраған  жəне  социалистік  заңдылықты  бұрмалаудың  құрбаны  болған  М.Жұмабаевтың, 
А.Байтұрсыновтың,  Ж.Аймауытовтың  қоғамдық-саяси,  ғылыми-педагогикалық  жəне  əдеби  қызметі 
жөніндегі  тарихи  шындықты  толық  көлемінде  қалпына  келтіру  қажет  деп  санайды» [4] деп  атап 
көрсетілді.  Ал,  М.Дулатұлына  қатысты  қаулыда  Амангелді  өліміне  Алаш  қайраткерлері,  соның 
ішінде  Міржақып  тікелей  айыпты  деген  саяси  догмаға  құралған  тарихи  деректер  терістелді: 
«Шындығына  келсек,  мұның  өзі  документтердің  де,  көзкөргендердің  куəлігімен  де  дəлелденбеген. 
Сөйте  тұра  мұнан  кейінгі  жылдарда  да  публицистика,  тарихи  жəне  көркем  əдебиет,  жеткілікті 
болмаса  да,  Алашорданың  басшылық  етуімен  халыққа  қарсы  жасалған  қиянаттың  бəрін  оның  бір 
басына  жапсыра  бергендігі  де  анық.  М.Дулатовтың  аса  бай  шығармаларының  мұрасына  теріс 
көзқарастың қалыптасуына осындай пиғыл қатты əсер етті» [5]. 
Əдебиет  пен  өнер  мəселелері  бойынша  қабылданған  қаулы-қарарлардың  күшін  жоюы  ХІХ 
ғасырдағы  орыс  отаршылдығын  батыл  əшкерлеп,  еркіндігінен  айрылған  халық  қайғы-зарын 
жырлаған  «зар  заман»  ақындары  мұрасын,  екіншіден,  ұлт  азаттығына  негізделген  азаматтық 
ұстанымы,  өнердегі  эстетикалық  мұрат-мақсаты  кеңестік  саясатпен  мүлде  үйлеспейтін  отаншыл 
рухты  əдебиет  тұлғалары  мен  мəдениет  қайраткерлерінің  ғылыми,  əдеби  мұраларын  жариялау, 
шығармашылық  жəне  қоғамдық  қызметін  зерттеу — əдебиеттанудың  тұтас  тарихын  жаңаша 
қарастыру,  сол  арқылы  таным  үрдісіне  күштеп  танылған  қате  теориялардан  арылу  міндеттерін 

С.Б.Жұмағұл, Е.Сармурзин 
68 
Вестник Карагандинского университета 
жүктеді.  Сондықтан  да  қазақ  əдебиетінің  тарихын  зерттеудегі  маркстік-лениндік  ілімдегі 
қателіктерден  түбегейлі  арылу,  əдебиетіміздің  толымды  тарихын  жасау  талабы  туындады.  Атап 
айтқанда,  Ш.Елеукеновтің  «Мақсат  үлкен,  міндет  зор» [«Қ.Ə», 1988, 18.ІІІ],  М.Қаратаевтың  «Туған 
əдебиетіміздің  толымды  тарихын  жасайық» [«Қ.Ə», 1988, 2.ІХ],  Т.Кəкішевтің  «Қағидаға  айналған 
қателер  түзелсе» [«Жұлдыз», 1988, № 11],  С.Қирабаевтың  «Қайта  құру  жəне  əдебиеттану» [«Қ.Ə», 
1989, 18.VІІІ],  Р.Нұрғалиевтың  «Əдебиет  тарихы  мен  теориясының  өзекті  арналары» [«Қазақстан 
мектебі», 1990, № 6]  проблемалық  мақалаларында  қазақ  əдебиетінің  ғылыми  жүйеге  келтірілген 
тарихын жасау мəселелері көтерілді. 
1989 жылдың 14 желтоқсанында Ғылым академиясы М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер 
институтының  ұйымдастыруымен  «ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  əдебиетінің  мəселелері» 
тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференция мақсаты да əдебиеттанудың келелі мəселелерін 
байыпты қарастырудан туындады. Ш.Сəтбаеваның «ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті тарихын 
зерттеу  мəселелері»,  М.Қаратаевтың  «Шəкəрім  Құдайбердиев  жəне  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 
ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті», З.Ахметовтың «ХХ ғасырдың басындағы əдеби процесс жəне 
теориялық-методологиялық мəселелер», Ш.Елеукеновтың «Батыс-шығыс əдеби тоғысуы проблемасы 
жəне  Мағжан  Жұмабаев»,  Ж.Ысмағұловтың  «А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов  творчествосындағы 
идеялық -көркемдік ізденістер» баяндамаларында ХХ ғасыр басындағы ұлт əдебиеті тарихын кешенді 
зерттеудің  басты  міндеттері  айқындалды.  Мəселен,  З.Ахметов  Алаш  арыстары  мұрасының  ақталуы 
əдебиеттануда  ғасыр  басындағы  əдеби  үрдісті  қарастырудың  əдістемелік  негіздерін  түбірлі  қайта 
қарау,  сан  жылдар  бойы  үстем  болып  келген  қасаң  қағидалардан  арылу,  көркемдік  дамуды  тарихи 
сабақтастық  тұрғысынан  саралау  талабының  туындап  отырғанын: «Своеобразие  казахского 
литературного  процесса  начала  ХХ  в.  можно  понять  лишь  в  том  случае,  если  рассматривать 
литературу  в  неразрывной  связи  с  историческим  развитием  общества,  важнейшими  социальными 
событиями  предреволюционных  лет»  деп  түйді [6], — Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатов 
туындыларын арқау еткен Ж.Ысмағұлов қос тұлғаның ағартушылық қызметтерінің ерекшеліктері ел 
азаттығын көздеген қайраткерліктерімен біте қайнасқанын, соған сай шығармашылықтарында елдік 
пен  ерлік  дəстүрін  жаңа  заманға  орай  түрлендіргенiн  зерделеді.  Мағжан  поэзиясындағы  Батыс, 
Шығыс əдебиетінің көркемдік-эстетикалық көрінісін, əлемдік классикалық поэзиямен типологиялық 
байланысын талдаған Ш.Елеукенов ақынның жаңашылдық қырларына тəн негізгі сипаттарды екшеп, 
«Абай  үлгі  алған  батыс,  орыс  ақындарының  қатарына  ол  Фет,  Бальмонт,  Мережковский,  Брюсов, 
Блок  сынды  өз  заманының  поэзия  дүлділдерін  қосты» [7] деген  пікір  білдірді.  Конференцияда 
«Қазақ»  газетінің  қоғамдық  жəне  рухани  өмірдегі  маңызын  қарастырған  М.Жармұхамедов, 
Ү.Субханбердина баяндамалары жəне жарыссөзде сөз алған Т.Кəкішев, С.Қасқабасов пікірлерінің де 
өзегі  əдебиеттанудың  келелі  мəселелерінде  қордаланған  ғылыми  проблемаларының  түйіндерін 
шешудің бағыт-бағдарын айқындау болды. 
Шəкəрім  Құдайбердіұлы,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы,  Жүсіпбек  Аймауытұлы, 
Мағжан  Жұмабайұлы  сынды  əдебиет  классиктерінің  əр  жанрдағы  туындыларының,  ғылыми 
зерттеулерінің жариялануы қоғамдық санада көркемдік танымның жаңа сипаттағы əдеби-эстетикалық 
тұғырының  орнығуына  соны  тыныс  дарытты.  Сондықтан  проблемалық  жəне  танымдық  сипаттағы 
мақалаларда  Алаш  ұранды  əдебиеттің  көркемдік  дамудағы  бағыт-бағдарының  мəнін,  ұлттық 
ерекшелігінің  болмыс-бітімін  таныту,  əдебиет  тарихындағы  орынын  айқындау  басты  орынға 
қойылды. 
Шəкəрімтанудағы  Е.Бөкетовтың  А.Қарасартовтан  магнитофон  таспасына  жазып  алған (1978, 
20.ІV) «Білмедім  Шəкəрімді  кім  атқанын...» [«Қ.Ə», 1989, 10, 17,24.ІІ]  атты  əңгіме-диалогы, 
Х.Ерғалиевтің «Біз білеміз ақынды кім атқанын» [«Қ.Ə», 1989, 28. ІV], Н.Жанділдиннің «Шəкəрімді 
кім атты? Не үшін атты?» [«Қ.Ə», 1989, 9. VІ], Б.Сапаралиннің «Көкек өз атын шақырады» [«Арай», 
1989,  № 6],  З.Ақышевтің  «Шəкəрім  қалай  атылды?» [«Өркен», 1990, 27.І],  Ж.Балғабаевтың  «Дос 
болып қас  болғаннан сақта  құдай,  немесе Тағы Шəкəрім  тағдыры  туралы» [«Жұлдыз», 1990, № 12] 
мақалалары  ақын  қазасының  шындығын  ашуды  діттеуімен,  Ахат  Шəкəрімұлының  «Менің  əкем, 
халық  ұлы  Шəкəрім» [«Жұлдыз», 1988, № 11],  Кəмила  Қапарқызының  «Жаралы  жүрек  жазылмай» 
[«Жұлдыз», 1991, № 4] атты естеліктері ақын өмірінің беймəлім қырларына қатысты тың деректерді 
қамтудағы  маңызы  зор  болды.  Ал,  Ш.Құдайбердіұлы  шығармашылық  тұлғасының  күрделі  əлемі 
Қ.Мұхаметханов,  М.Мағауин,  Р.Нұрғалиев,  М.Базарбаев,  Р.Бердібаев,  Ш.Сəтбаева,  Х.Сүйіншəлиев, 
М.Жармұхамедов, Ү.Субханбердина, З.Жұмағалиев, Х.Матаев, Қ.Жүсіпов, Б.Əбдіғазиев, Т.Жұртбаев, 
Р.Сейсенбаев,  Б.Байғалиев,  Б.Сапаралиннің  ғылыми  жəне  танымдық  мақалаларында  қарастырылды. 

ХХ ғасыр соңындағы... 
Серия «Филология». № 4(68)/2012 
69 
Оларда  ақын  мұрасын  зерттеуде  атқарылар  істердің  бағыт-бағдары  айқындалып,  шəкəрімтану 
абайтану,  мұхтартану  ілімдерімен  бірлікте  байыпталды.  Мысалы,  Қ.Мұхаметқанов  «Біздің  міндет» 
[«Қ.Ə», 1988, 24. VІ], «Шəкəрім  ақынның  тағдыры  мен  творчествосы  жайлы» [«Қ.Ə», 1988, 15.ІV], 
«Шəкəрімнің шежіресі» [«Қ.Ə», 1989, 14.VІІ], «Құдай» деген сөзден құдай сақта» [«Қ.Ə», 1989, 17.ІІІ] 
мақалаларында  «Шəкəрім  Құдайбердіұлы  қазақ  əдебиеті  тарихында  өзінің  орнын  алуы  керек, 
шығармалар жинағы шығарылуы керек. Ақынның ғылыми өмірбаяны мен мұрасы жан-жақты терең 
зерттеліп жазылуы керек» [8], «Шəкəрім шежіресі қазақ тарихы үшін ешқашан маңызын жоймайтын 
еңбек.  Өйткені  Шəкəрім  шежіресі  Абайдың  патриоттық  идеясынан  туған»  деп  түсіндірді.  Ал, 
«Құдай»  деген  сөзден  құдай  сақтасын»  мақаласында  Шəкəрім  шығармалары  (өлеңдер,  дастандар, 
қара  сөздер) (1988) мен  «Жолсыз  жаза»:  Өлеңдер  мен  поэмалар (1988) кітаптары  ақынның  бұрын 
басылған  кітаптарынан  жəне  Ахат  қолжазбаларынан  алынғанын,  алайда  аталған  жинақтар  сөз 
зергерінің  толық  жинақ  еместігін  ескертіп,  шығармаларын  жариялауда  орын  алған  текстологиялық 
ақаулықтар, алынып тасталған өлең жолдарына орай сын ескертпелерімен ой бөлісті. Ақын мұрасын 
мүлтіксіз  жариялап,  кіршіксіз  жеткізу  барша  əдебиетшілердің  борышы  деген  талап  қойды [«Қ.Ə», 
1989, 17.ІІІ]. 
Б.Əбдіғазиевтің «Шəкəрім шындығы» [«Зерде», 1989, № 11], «Талғамды өлең, терең ой» [«Қазақ 
ССР  ҒА  хабарлары.  Қоғамдық  ғылымдар  сериясы», 1991, № 3],  Т.Жұртбаевтың  «Ақ  бостандық 
туғызған  азаматтар» [«Жұлдыз», 1988, № 11]  мақаласында  «Əділ  мен  Мария»  романының 
психологиялық  шиеленіс  пен  философиялық  иірімдер  мақалаларында  поэзиясының  көркемдік  нəрі, 
ақындық мұратының эстетикалық тұғыры айқындалды. 
М.Жармұхамедов, С.Дəуітов, А.Құдайбердиевтер құрастыруымен, Ə.Тəжібаев, Ш.Сəтбаева алғы 
сөзімен шығармалар (1988), М.Мағауин құрастырумен «Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар» (1988), 
Т.Бекхожина құрастыруымен «Аманат: Əндер» (1989), Х.Сүйіншəлиев құрастыруымен өлеңдері мен 
поэмалар (1990) жинақтары жарық көрді. Сондай-ақ М.Мырзахметов алғы сөзімен «Үш анық» (1991), 
«Түрік,  қырғыз-қазақ  һəм  хандар  шежіресі» (1991) атты  еңбектері  жарияланды.  Шəкəрім 
шығармашығын  арнайы  зерттеген  Б.Əбдіғазиевтің  «Шəкəрім  Құдайбердиев.  Творчестволық 
өмірбаяны» (1989), Ш.Сəтбаеваның  «Шəкəрім  Құдайбердиев» (1990) еңбегі  жарық  көріп, 
Б.Əбдіғазиев  «Абай  дəстүрлері  жəне  Шəкəрім  Құдайбердиев  поэзиясы» (1990) тақырыбында 
кандидаттық  диссертация  қорғады.  Бес  арыс  өмірі  мен  шығармашылығы  алғаш  рет  жүйелі 
қарастырылған  Ш.Елеукеновтің  қазақ  жəне  орыс  тілдеріндегі  «Жаңа  жолдан» (1989) зерттеуі 
жарияланды.  Ə.Дербісалиннің  «Əдебиет  туралы  толғаныстар»  кітабында  «Шəкəрімнің  поэмалары» 
атты мақаласы берілді. 
Алаш  арыстарының  шығармашылық  тұлғасын  сомдау,  ұлттық  сөз  өнерінің  тарихындағы 
қайталанбас суреткерлік жəне азаматтық қырларын негіздеу А.Байтұрсыновтың сан салалы ғылыми 
жəне  əдеби  мұрасын  зерттеуде  жаңаша  сипат  алды.  Атап  айтқанда,  Ə.Шəріпов,  С.Дəуітов 
құрастыруымен шығармалар жинағы (1989), Р.Нұрғалиев алғы сөзі, құрастыруымен «Ақ жол» (1991) 
кітабы басылса, ахметтануда Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынов» (1990), Р.Нұрғалиевтің «Ахмет 
Байтұрсынов» (1991) кітапшалары  жарық  көрді. 1990 жылы  шілде  айында  А.Байтұрсыновтың 
шығармашылығына  арналған  ғылыми  конференция  өтіп,  С.Қирабаев,  Р.Сыздықова,  З.Қабдолов, 
Ж.Ысмағұлов баяндама жасады. 
А.Байтұрсынов  шығармашылығы,  əдеби  мұрасы  Р.Нұрғалиев,  Ш.Сəтбаева,  С.Қирабаев, 
Ж.Ысмағұлов,  Ж.Бектұров,  Ғ.Ахмедов,  З.Ақышев,  Т.Қордабаев,  Р.Сыздықова,  Ə.Қайдаров, 
Д.Досжанов,  М.Бурабаев,  А.Мектепов,  Ғ.Əнесов,  Б.Қойшыбаев,  Б.Байғалиев,  С.Негимов 
мақалаларының  арқауын  құрады.  Мысалы,  Р.Нұрғалиев  «Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  əдебиеттану 
ғылымының негізін салған, тұңғыш əдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық 
алдындағы қиянат болар еді» [9] деген сындарлы пікір білдіріп, алып тұлғаның қоғамдық қызметін, 
əдеби мұрасы, ғылыми зерттеулерінің ұлттық əдебиеттанудағы құндылығын қарастырды. С.Қирабаев 
А.Байтұрсынов поэзиясының əлеуметтік қуатты күшін, көркемдік танымға тигізген ықпалын дəстүр 
мен жалғастық тұрғысынан: «Ахмет «Масасы» талай елді оятты. Алдымен, ойы бар, ақылы бар жас 
таланттар оянды. Олар ұстаз ағасының ісін жалғастырып алып кетті» [10] деп бағалады. 
ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  əдебиетінің  бірегей  өкілі  Ж.Аймауытовтың  сан  қырлы 
шығармашылығы  Б.Кенжебаевтың  «Телегей  теңіз»,  М.Қаратаев,  М.Қозыбаевтың  «Қабырғалы 
қаламгер»,  С.Қирабаевтың  «Қуатты  қалам,  күрделі  тағдыр», «Жүсіпбек  Аймауытов», 
Ə.Жиреншиннің  «Жүсіпбек  Аймауытов»,  Т.Қожакеевтің  «Замана  түзелер  деумен  жүрмін», 
«Ұстаздық  еткен  жалықпас»,  Р.Нұрғалидың  «Сегіз  қырлы,  бір  сырлы»,  М.Атымовтың  «Елі  үшін 

С.Б.Жұмағұл, Е.Сармурзин 
70 
Вестник Карагандинского университета 
күйген...»,  Б.Байғалиевтің  «Жүсіпбек  Аймауытов», «Аймауытовтың  əдеби  бүркеншік  есімдері», 
Қ.Керейқұловтың «Ағысы күшті бір арна», Д.Ысқақовтың «Ақбілек» əлемі», З.Ақышевтің «Жүсіпбек 
жəне  оның  «Қартқожасы»,  Б.Майтановтың  «Ақбілек» — психологиялық  роман»,  Б.Құндақбаевтың 
«Театр  өнеріне  арналған  тағдыр.  Жүсіпбек  Аймауытов  драматургиясы  туралы»,  Д.Əбілевтің 
«Жүсіпбек  аға»,  Г.Бельгердің  «Ж.Аймауытов  айшықтары»,  Р.Тұрысбековтың  «Аймауытов  əлемі, 
немесе  Жазушының  ұзақ  шығармашылық  жолына  қысқа  шолу»  мақалаларында  қарастырылды. 
С.Қирабаевтың  алғы  сөзі,  М.Атымов,  Қ.Керейқұлов  құрастыруы,  Р.Тұрысбеков  түсініктерімен 
Ж.Аймауытовтың  Шығармалар  жинағы (1989), ал  Пьесалар  жинағы  Б.Құндақбаев  құрастыруымен 
(1990) жарық көрді. 
Шығармалар  жинағына  С.Қирабаев  жазған  «Жүсіпбек  Аймауытов»  атты  алғы  сөзінде  «Бір 
кездерде  «ұлтшылдық»  əдебиеттің  өкілдері  саналып  келген  бұл  қайраткерлердің  қоғамдық, 
творчестволық еңбегі шынында да түгелдей қазақ халқының ұлттық мүдделерімен байланыста өтті» 
деп  отаршылдық  қысымдағы  халық  санасын  ояту  жолындағы  əдеби  жəне  қоғамдық  қызметтерінің 
ағартушылық  идеямен  тығыз  байланысты  шығармашылық  тұлғаларын  айқындады.  Сан  қырлы 
дарынның проза, драматургия жанрындағы əдеби мұрасының тұтас қазақ сөз өнеріндегі классикалық 
сипатын  талдады.  Сондай-ақ  ғалымның  Жүсіпбек  шығармашылығына  арналған  «Жүсіпбек 
Аймауытов» (1990) кітапшасы басылды. 
Мағжан  мұрасы,  шығармашылығы  Б.Кенжебаевтың  «Ұстаз»,  Ш.Елеукеновтың  «Мағжан», 
«Мағжанның  алғашқы  сотталуы», «Мағжанның  ақырғы  сотталуы», «Абай  мен  Мағжан», «Мағжан 
шығармаларындағы  психологизм», «Мағжан  мен  Мұхтар», «Батыс-Шығыс  əдеби  тоғысуы 
проблемасы жəне Мағжан Жұмабаев», Р.Нұрғалиевтің «Мөлдір сезім, биік парасат», Ж.Бектұровтың 
«Батыр Баян», «Мағжанның мұраларынан», Р.Бердібаевтың «Ақын тағдыры», Қ.Мəшһүр-Жүсіповтің 
«Мағжанның  шеберлігі»,  Д.Ысқақовың  «Мағжанды  қапасқа  қамаған  сын»,  Ғ.Қаһарманұлының 
«Мағжан  поэзиясы  жайлы»,  Б.Қанарбаеваның  «Асыл  мұра  жайын  ойласақ...»,  М.Əлімбаевтың 
«Мағжанды  оқығанда» (эссе),  Б.Дəрімбетовтың  «Жүрегі  таза,  ойы  азат»,  С.Негимовтың  «Өлеңім 
менің  Шолпаным,  Айым,  Күнім»,  Ғ.Қайырбековтың  «Мағжан  туралы  ой»,  М.Базарбаевтың  «Қазақ 
елі,  бір  ауыз  сөзім  саған...»,  Ө.Күмісбаевтың  «Мағжан  жəне  əлем  əдебиеті»,  Х.Абдуллиннің  «Сұм 
өмір  абақты  ғой  саналыға...»  мақалаларында  қарастырылды.  Х.Абдуллиннің  құрастыруымен 
шығармалар  жинағы (1989), Ш.Елеукеновтің  «Мағжан  Жұмабаев»  кітапшасы (1990), əдебиет  пəні 
бойынша 11 сыныпқа арналған қосымша оқу құралы (1991) шықты. 
ХХ  ғасыр  басындағы  отарлық  езгідегі  қазақтың  ояну  ұранын  ту  етіп  көтерген  жəне  де  қазақ 
əдебиетіндегі  тұңғыш  роман  авторы  Міржақып  Дулатов  шығармашылығын  зерттеудің  де  арнасы 
жаңа  белеске  көтерілді.  М.Əбсеметов  құрастыруымен  «Оян,  қазақ»  өлеңдер  жинағы (1991), 
М.Əбсеметов,  Г.Дулатовалар  құрастыруы,  Ж.Ысмағұлов  алғы  сөзімен  Шығармалары (1991) жарық 
көрді.  М.Əбсеметов  «М.Дулатов  шығармашылығы  жəне  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  тарихи-əдеби 
процесс» (1991) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 
Б.Кенжебаевтың  «Мірдің  оғындай»,  Қ.Мұхаметхановтың  «Міржақып  Дулатов»,  Р.Нұрғалидың 
«Алаш»  деп  ұран  салған»,  Ə.Тəжібаевтың  «Халық  деп  соққан  жүрегі»,  Ш.Елеукеновтің  «Тұңғыш 
романист»,  Ж.Ысмағұловтың  «Міржақып  Дулатов  туралы  сөз», «А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов 
творчествосындағы  идеялық-көркемдік  ізденістер»,  С.Мақпырұлының  «Міржақып  Дулатов 
шығармашылығы», А.Мектеповтың «Халқын оятқан қаламгер», З.Бисенғалиевтің «Бақытсыз Жамал» 
тағдыры», «Бақытсыз  Жамал»  романының  көркемдік  жүйесі»,  М.Əбсеметовтың  «Ақынның 
азаматтық  ажары,  немесе  «Оян,  қазақ!»  авторы  хақында  бірер  сөз», «Азамат  ақын», 
А.Тасымбековтың  «Міржақып  Дулатов»,  Р.Батырбекованың  «Материалы  о  казахской  литературе  в 
«трудах  по  востоковедению,  издаваемых  Лазеревским  институтом  восточных  языков»  мақалалары, 
Г.Дулатованың 
«Ардақтап 
өтем 
əкемді», «Аманат» 
естеліктері 
М.Дулатов 
мұрасын, 
шығармашылығын тануда үлкен мəнге ие. 
Алаш  арыстарының  əдеби  мұрасын,  шығармашылығын  қарастырған  мақалалар  олардың 
азаматтық  жəне  қаламгерлік  мақсаты  қашан  да  ұлттық  мұратпен  тамырласып  жатқанын  тарихы 
шындық тұрғысынан ғылыми негізді бағалауымен құнды. Ол ХХ ғасыр басындағы Алаш ұранды ұлт 
əдебиетінің  даму  белестерін  тарихи  сабақтастық  тұрғысынан  қарастыруға,  көркемдік  ұласудың 
дəстүрлік негіздерін айқындауға мүмкіндік берді. 
М.Жармұхамедовтың  «Қазақ»  газеті» [«Қ.Ə», 1989, 8.ІХ],  А.Сармурзин,  М.Қойгелдиевтің 
«Халықтың  жарық  жұлдызы  «Қазақ»  газетінің  шығу  тарихынан» [«Жұлдыз», 1990, № 9], 
Ү.Субханбердинаның  «Айқап»  туралы  ақиқат» [«Зерде», 1991, № 11]  мақалаларында  Алаш 

ХХ ғасыр соңындағы... 
Серия «Филология». № 4(68)/2012 
71 
арыстарының атқарған сан салалы қоғамдық қызметі ұлттық басылым ісін жандандыру, көсемсөздері 
негізінде  байыпталды. «Əлем»  альманахында  Шортанбай,  Мұрат,  Албан  Асан,  Əбубəкір  Кердері, 
Күдері  Қожа,  Шəкəрімнің  «Үш  анық»,  А.Байтұрсыновтың  «Оқу  жайы.  Қазаққа  ашық  хат», 
М.Жұмабаевтың «Бала»  аудармасы, Ж.Аймауытовтың  «Рəбиға», М.Дулатовтың «Қазақ. Қырғыздың 
аты, тегі туралы» атты əдеби, ғылыми мұралары қамтылды. Ал «Мұра» жинағында Ə.Марғұланның 
«Шоқан  туралы  естеліктер (1957 жылғы  дəптерден)»,  С.Өтениязовтың  «Шоқанның  Қашқар 
сапарындағы серіктері», Н.Савичевтің «Исатай Тайманов», Қ.Тоқмырзиннің «Дастан кейіпкерлерінің 
ұрпақтары  қайда?»,  Р.Отарбаевтың  «Мұхамбет-Салық  Бабажанов»,  С.Ақатаевтың  «Ер  Жалаңтөс 
кешегі», Бабаш Əбілқасымовтың «Түркістан уəлаяты газеті» мақалалары берілді. 
Алаш  қозғалысы,  Алаш  зиялылары  тағдыр-талайы  Т.Кəкішевтің  «Қағидаға  айналған  қателер 
түзетілсе», «Қияс  қисындар  қияметі», «Қазақ  зиялыларының  тағдыр-талайы  туралы», «Алашты 
аумағымен көрсетсек», «Ақыл-парасатқа азаттық», Т.Жұртбаевтың «Шырмалған шындық, немесе Бір 
тергеудің  тарихы»,  М.Қойгелдиевтің  «Қуандым  түнде  жүріп,  күн  шығар  деп...»,  Ғ.Ахмедовтің 
«Ертеректегі  қазақ  зиялылары», «Алаш  «Алаш»  болғанда»,  Д.Досжановтың  «Мұхтар  Əуезов», 
«Жүсіпбек Аймауытов», «Міржақып Дулатов», «Ахмет Байтұрсыновтың істі болу тарихы», «Мағжан 
Жұмабаев,  немесе  Ажалына  асыққан  адам»  мақалаларында  сөз  болды. «Алаш»  партиясының 
программалық жобасы жарық көріп [«Қазақстан коммунисі», 1990, № 5], А.Кенжеұлының «Алаштың 
азаматтары. Олар кімдер еді» [«Қазақстан коммунисі», 1991, № 8]  мақаласында сталинизм құрбаны 
болған Алаш қайраткерлерінің тізімі берілді. 
Ə.Бөкейханов,  С.Садуақасов,  Қ.Кемеңгеров,  Қ.Жұбанов,  өзге  де  əдебиет  жəне  қоғам 
қайраткерлерінің  тұлғасы  зерделенген  Қ.Мұхаметхановтың  «Əлихан  Бөкейханов»,  Р.Нұрғалиевтің 
«Əлихан  Бөкейхановтың  шығармашылық  мұрасы»,  Б.Қойшыбаевтың  «Əлихан  Бөкейханов», 
«Қайраткер  Садуақасов», «Профессор  Аспандияров», «Нарком  Жүргенов»,  М.Құлмұхамедовтың 
«Профессор  Ермеков:  көзқарас  эволюциясы»,  Б.Дəрімбетовтің  «Ағып  өткен  бір  жұлдыз 
(С.Садуақасов)», Ə.Меңдекеевтің «Профессор Құдайберген Жұбанов», Ғ.Əнесовтің «Қаламгерлік пен 
қайраткерлік»,  А.Ғ.Сармурзин,  В.Григорьевтің  «Бөкейханов  жəне  тарихи  шындық»,  Б.Байғалиевтің 
«Мұхамеджан  Тынышбаев»,  Б.Сарбалаевтың  «Бес  бəйтерек: (А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,  Ш.Құдайбердиев,  М.Дулатовтар  туралы)»,  Қ.Түліковтің  «Халқымен  қайта  табысқан 
қаламгерлер  (М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов)»  өзге  де  мақалалар  ұлт  санаткерлерінің 
тарихи  ерен  істерін  тұтастықта  танудағы  тарихи  танымға  серпін  берді.  М.Қойгелдиевтің  «Ұзақбай 
Құлымбетов»,  Б.Қойшыбаевтың  «Бақытжан  Қаратаев»,  Б.Елкеевтің  «Көлбай  Тоғысов  кім  еді?», 
О.Құдышевтің  «Жазықсыз  жапа  шеккен  Жақып  мырза»,  Н.Сансызбаевтың  «Смағұл  Садуақасов», 
Р.Сағымбековтің  «Абдолла  Асылбеков»  мақалалары  жарияланды.  Өз  кезегінде  қазақ 
əдебиеттануымен  қатар  тоталитарлық  жүйеге  танылған  тарих  ғылымы  бойынша  қабылданған 
қаулылардың  күшін  жоюы  да  қоғамдық  жаңару  үрдісін  еселей  түсті.  Бұл  құжат  Ə.Бөкейханов, 
Т.Рысқұлов,  М.Шоқай,  М.Тынышбаев,  Б.Қаратаев,  Н.Төреқұлов,  С.Асфандияров,  Ə.Ермеков, 
С.Садуақасов, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов сынды тұлғалардың қоғамдық 
қызметін əділ бағалауға, ғылыми еңбектерін игеруге бетбұрыс жасады. Б.Қойшыбаевтың «Жазықсыз 
жапа  шеккендер» (1990) кітабы  осы  бағыттағы  алғашқы  қадам  десек,  онда  А.Байтұрсынов, 
Т.Жүргенов, С.Аспандияров, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, С.Садуақасов туралы мақалалары берілді. 
Қазақ халқының сталинизм кезеңіндегі басынан өткерген қасірет пен зұлмат жылдар шындығы, 
тоталитаризм  құрбаны  болған  тұлғалары  тағдыр-талайы,  шығармашылықтары  арқау  болған  «Дело 
№ ...Летопись  горького  времени» (1989), «О  чем  не  говорили» (1990), «Зауал» (1991) кітаптары 
жарық  көрді.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиеті  тарихын  жаңаша  көзқараста  зерттеудің  басты 
күретамырын Алаш арыстары құрай отырып, ол Ш.Бөкеев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Н.Орманбетұлы, 
Н.Наушабаев,  М.Қалтаев,  Ғ.Қараш,  С.Торайғыров,  Б.Күлеев  сынды  тұлғалардың  идеология 
тарапынан жариялауға тыйым салынған мұрасын жарыққа шығару, шығармашылығын ұлттық мүдде 
тұрғысынан  қарастырумен  ұштастырыла  жүргізілді.  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  əдеби  мұрасынан 
«Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы» [«Қ.Ə», 1985, 7.VІ], «Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы», 
«Ақ  қағаз,  қалам-сия  келді  бізге», «Ағайын», «Қалмай  ма  əлі-ақ  бір  күн  Мəшһүр  өліп»  өлеңдері 
[«Қ.Ə», 1988, 30.ІХ],  толғамдары [«Егеменді  Қазақстан», 1991, 7.ХІІ],  Ж.Аймауытовтың 
М.Ж.Көпеевке жазған хаты [«Социалистік Қазақстан», 1990, 1.V], Нарманбеттің «Сахараға қарасақ» 
[«Жұлдыз», 1990, № 2.],  [«Қарқаралы», 1991, № 4],  С.Торайғыровтың  «Алаш  ұраны» [«Жұлдыз», 
1991,  № 5]  жарияланды.  Сонымен  қатар  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  айтулы  тұлғалары 

С.Б.Жұмағұл, Е.Сармурзин 
72 
Вестник Карагандинского университета 
М.Сералиннің  «Топжарған» (1985), А.Мұхамедияровтың  «Күндер  мен  түндер» (1986), 
Ə.Найманбаевтың шығармалары (1988), С.Дөнентаевтың «Бозторғай» (1989) кітаптары шықты. 
«Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев» [«Қазақстан  мектебі», 1990, № 2]  мақаласы  мен ақын  мұрасын  терең 
зерттеу мəселесін көтерген С.Дəуітовтің алғы сөзі, құрастыруы, түсініктерімен Мəшһүр Жүсіптің екі 
томдық (1990–91) шығармалар  жинағы  жарық  көрді.  Нарманбет  Орманбетұлының  ақындық 
тұлғасына  арналған  А.Туғанбаевтың  «Қайта  туған  жұлдыз» [«Арқа  еңбеккері», 1989, 16.ХІІ], 
«Жұлдызды  жыр» [«Жезқазған  туы», 1990, 3.VІІ], «Нарманбет  лирикасы» [«Балқаш  өңірі», 1991, 
10.VІІ],  Б.Əбдіғазиевтің  «Ақын  болған  адамдар  жұрттың  қамын  жемей  ме?» [«Социалистік 
Қазақстан», 1990, 10.ІV], «Нарманбет ақын» [«Социалистік Қазақстан», 1990, 29.VІІ], С.Ақатаевтың 
«Сұңқардай  қолдан  ұшқан  қиядағы» [«Халық  Кеңесі», 1991, 23.VІІ],  Р.Сағымбекұлының  «Қайта 
жанған  жұлдыз» [«Қарқаралы», 1991, № 1]  мақалалары  жазылды.  Ш.Бөкеевтің  ақындық  əлемі 
Х.Сүйіншəлиевтің  «Шəңгерей  Бөкеев»  мақаласында [«Жалын», 1991, № 2]  жаңаша  көзқараста 
зерделенсе,  Қ.Сыдиқовтың  «Тайталас  тағдыр  кешкен» [«Социалистік  Қазақстан», 1989, 15.ХІІ], 
Р.Жанғожин, С.Созақбаевтың  «Қайраткер Ғұмар Қарашев» [«Қ.Ə», 1989, 29.ХІІ], С.Ысмағұлованың 
«Қиын да сұлу тағдыр» [«Жалын», 1989, № 2], Б.Байғалиевтің «Тұсауы алынбаған тұлпар» [«Алматы 
ақшамы», 1990, 30.І],  С.Созақбаевтың  «Ғұмар  Қарашев — ғалым-педагог» [«Қазақстан  мектебі», 
1991,  № 10],  М.Тəжімұратовтың  «Біз  білмейтін  Ғұмар  Қараш» («Ана  тілі», 1991, 18.ІV) 
мақалаларында байыпталды. Е.Ысмайыловтың ертеректе жазған «Омар Қарашев» зерттеу мақаласы 
қайта жарияланып [«Алматы ақшамы». 1990. 30.І], Алаш қайраткерінің мақалалары [«Жұлдыз», 1989, 
№ 2], [«Жалын», 1989, № 2], «Аға тұлпар» өлең жинағы басылды [«Жұлдыз», 1991, № 12]. 
Ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  сан  алуан  мəселелері  түрлі  аспектіде  қарастырылған 
М.Қараевтың  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  реализмінің  кейбір  мəселелері» (1985), Б.Кенжебаевтың 
«Əдебиет белестері» (1986), Т.Кəкішевтің «Садақ» (1986), Т.Əбдірахмановтың «Таланттар тағылымы 
(Ағартушы  ақындар  жайында)» (1988), З.Бисенғалиевтің  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  прозасы» 
(1989),  Ə.Дербісалиннің  «Əдебиет  туралы  толғаныстар» (1990), Т.Қожакеевтің  «Жыл  құстары» 
(1991), Б.Мамраевтың «Казахские литературные связи начала ХХ века» (1991) еңбектері жарық көрді. 
Қорыта айтқанда, Алаш арыстарының қайта оралған əдеби мұрасын, шығармашылығын ұлттық 
мүддеге  орайлас  ғылыми  негізді  тану  мен  зерттеуде  батыл  қадамдар  жасалды.  Олардың  азаматтық 
жəне қаламгерлік мақсаты қашан да елдік мұратпен тамырласып жатқан қайталанбас құбылыс десек, 
ұлттық əдебиеттану ізашарларының əдеби, ғылыми мұраларының қайта оралуы ХХ ғасыр басындағы 
Алаш  ұранды  ұлт  əдебиетінің  даму  белестерін  тарихи  сабақтастық  тұрғысынан  қарсатыруға, 
көркемдік ұласудың дəстүрлік негіздерін айқындауға мүмкіндік берді. Əдебиеттанудың Алаштануға 
бетбұрыс  жасауы,  түптеп  келгенде,  ұлттың  тарихи  жадын  жандандырды,  өткеніне  үңілуге, 
болашағын бағдарлауға түбегейлі жол ашты. Проблемалық мақалалардан бастау алған рухани үрдіс 
əдебиеттануда Алаш арыстары мұрасының жеке жинақ болып жариялануы, арнайы монографиялық, 
диссертациялық  зерттеу  өзегіне  алынуы,  оқулықтар  мен  мен  бағдарламаларға  ену  арқылы  жаңа 
өріске  бет  алды.  Шəкəрімтану,  ахметтану,  міржақыптану,  жүсіпбектану,  мағжантану  ілімдері 
əдебиеттанудың жəне қоғамтанудың басты да келелі өзегіне айналу үрдісіне түбегейлі қадам басты. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Реабилитация:  Политические  процессы 30–50-х  годов / Под  общ.  ред.  А.Н.Яковлева. — М.:  Политиздат,  1991.  —     
С. 15–19. 
2  Ақын Шəкəрімнің творчестволық мұрасы жөнінде // Қазақ əдебиеті. — 1988. — 15 сəуір. — 5-б. 
3  Қазақ ССР Прокуратурасында // Қазақ əдебиеті. — 1988. — 23 желт. — 7-б. 
4  Қазақстан  Коммунистік  партиясының  Орталық  Комитетінде:  Мағжан  Жұмабаевтың,  Ахмет  Байтұрсыновтың  жəне 
Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы // Қазақ əдебиеті. — 1989. — 6 қаңт. — 6-б. 
5  Міржақып (Мир-Якуб) Дулатов // Қазақ əдебиеті. — 1989. — 28 шілде. — 10-б. 
6  Ахметов З. О своеобразии казахского литературного процесса начала ХХ века // Известия АН Каз ССР. Сер. филол. 
— 1990. — № 2. — С. 30. 
7  Елеукенов Ш. Батыс-шығыс əдеби тоғысуы проблемасы жəне Мағжан Жұмабаев // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл, 
əдебиет сер. — 1990. — № 2. — 43-б. 
8  Бес арыс: Естеліктер, эсселер жəне зерттеу мақалалар / Құраст. Д.Əшімханов. — Алматы: Жалын, 1992. — 39-б. 
9  Нұрғалиев Р. Ұлттық мəдениет мақтанышы // Қазақстан коммунисі. — 1989. — № 4. — 94-б. 
10  Қирабаев С. Ахметтің ақындығы // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл, əдебиет сер. — 1991. — № 1. — 3–10-б. 

ХХ ғасыр соңындағы... 
Серия «Филология». № 4(68)/2012 
73 
С.Б.Жумагулов, Е.Сармурзин 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет