Сабақтың басы
2 минут
|
1. Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
Астана қаласындағы сфера ғимаратын және көне үй-киіз үйді салыстыру;
Болашақтағы ғимарат құрылысына қажетті материалды анықтау;
Болашақ ғимаратының нобайын орындау.
|
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар
|
Сабақтың ортасы
38 минут
7 минут
|
2. Киіз үйді жасау кезеңдері және ЭКСПО 2017-нің ең негізгі ғимараты- сфера туралы видеороликті қарау.
А) Тарату материалын қолдану- салыстыру. (Астана қаласындағы сфера мен киіз үйдің суреті)
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сіздер видеодан не көрдіңіздер?
- Киіз үй мен оның бөліктерін сипаттап беріңіздер.
- Сфера мен оның ерекшеліктерін сипаттап беріңіздер.
- Осы құрылыстардың ұқсастықтар мен айырмашылықтары неде?
- Киіз үйдің қандай бөліктері Сфераны жасау үшін негіз болды?
- Киіз үй қандай материалдардан құралған?
- Сфера қандай заманауи материалдардан жасалған?
Кері байланыс. Балалар, «Замана байланысы» ұғымын қалай түсінесіздер?
|
3. Құрылыста қолданылатын түрлі материалдар туралы презентацияны қарау.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Болашақтағы түрлі сәулет құрылыстарында қандай материалдарды қолдануы мүмкін?
Кері байланыс. «Болашақ энергиясы» ұғымын қалай түсінесіздер?
4. Практикалық жұмыс.
А) Түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлерді қолдана отырып, болашақ ғимараттың нобайын жасау;
Б) Дескрипторлар бойынша өзін- өзі бағалау:
- ғимаратты бейнеледі;
- ғимараттың қолдану мақсатын анықтады;
- болашақтағы энергияны қолданды;
- ерекше пішіндер қолданды;
- әсерлі бояды.
С) Жұмыстарын қарау.
Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар
|
Сабақ соңы
7 минут
|
5. Рефлексия:
Сабақта не қолдарыңыздан келді?
Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?
Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?
|
6. Жұмыс орнын жинау.
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар
|