474
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Талжанов С.А., г.ғ.к., доцент; Кожахмет М., г.ғ.к., доцент; Досмахов С.М., доцент;
Сүймұханов Ұ.А., доцент; Малаева Л.Т., э.магистрі, оқытушысы; Аманжолов А.И., э.магистрі,
оқытушысы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Экономикалық аудандастыру белгілі бір территорияны құрайтын элементтердің жиынтығы.
Экономикалық ауданның пайда болуы жəне құрылуы территориялық еңбек бөлінісінің дамуына байланысты
болады.
Экономическое районирование это совокупность элементов которые составляют определенную
территорию. Появление и создание экономического района зависит от развития территорияльного разделение
труда.
Sum of elements, makes that economic district well-known one the territory. Economic district to be on a share
and territorial to development cut of labour creation connection is.
Кілт сөздер: экономикалық аудан, еңбек бөлінісі.облыс, мамандану, территория.
География ғылымында күрделі ұғымдардың бірі-аудан. Ол туралы эконом географ
Н.Н.Колосовский былай деп жазады. «Ілімнің даму тарихы көрсеткендей, жалпы ғылымда ең ауыр
жəне күрделі нəрсе түсінік жəне оның шығу тегі. Мысалы, математикада сандар туралы түсінік,
физикада материя мен энергия, биологияда жасуша туралы ілім, ал географияда аудан туралы ілім».
Физикалық география өзінің басты зерттеу объектісі мен тақырыбы- физикалық-географиялық
аудандастыру жəне физикалық-географиялық аудандардың жүйелері деп есептесе, экономикалық –
географияда экономикалық аудан туралы ілім оның теориялық жəне практикалық басты бағыты деп
ұғу керек. Сонымен бірге, біздің ойымызша, қазіргі уақытта аудандастырудың үшінші бір зерттеу
объектісі – географиялық (қоршаған) орта болып отыр. Соңғы кезде табиғатты қорғау мəселелерін
шешуге байланысты геоэкологиялық аудандастыру басты рөл атқарады. Бұдан басқа
аудандастырудың əр түрлері: климаттық, гидрологиялық, геоморфологиялық, геоботаникалық, ауыл-
шаруашылық, өнеркəсіптік т. б. болады.
Сонымен, «аудан» деп белгілі бір территорияны құрайтын элементтердің жиынтығын жəне
олардың өзара байланысы, бірлігі, тұтастығы сияқты айырмашылығы арқылы басқа территориядан
бөлінетінін айтамыз. Немесе, географиялық ландшафттардың элементтерінің өзіне тəн ерекшеліктері
арқылы əр түрлі спецификациялық территориялық бөліктерді құрауын айтамыз.
Өндіргіш күштерді орналастыру мен территориялық ұйымдастыру тек қана өндіріс салаларының
техникалық-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты емес, сонымен бірге əр елдің жергілікті
территориялық ( табиғат, экономика т.б.) ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан, ғылыми негізде
экономикалық аудандастыру жəне оларда өнірісті территориялық ұйымдастыру- өндіргіш күштерді
экономикалық тиімді орналастырудың басты жолдарының бірі болып есептелінеді.
Экономикалық ауданның пайда болуы жəне құрылуы территориялық еңбек бөлінісінің дамуына
байланысты. Жоғарғыда айтылып кеткендей, қоғамдық еңбек бөлінісі өндірісті əр түрлі деңгейдегі
салаларға бөлінуіне əсер етсе, бұған байланысты территориялық еңбек бөлінісі белгілі бір
шаруашылыққа маманданған территориялық бөліктерге бөлінуге əкеп соғады. Осыған байланысты
қазіргі уақытта «Экономикалық аудан » деп белгілі бір елдің шаруашылығының маманданған
территориялық бөлігін жəне сол арқылы өндірген өнімдермен, басқада экономикалық қатынастармен
алмасуын айтамыз.
Экономикалық аудан деп мемлекеттің шаруашылығының территориялық тұтас бір бөлігін
айтамыз. Оның мынандай қасиеттері болады:
- жергілікті
жердің
табиғи,
экономикалық-əлеуметтік
жағдайларына
байланысты
шаруашылықтың белгілі бір салаларға мамандануы;
- ауданның экономикалық жəне территориялық құрылымдары элементтерінің өзара байланысы
арқылы кешенді дамуы;
- ауданның экономикалық жəне территориялық құрылымның біртұтастығы арқасында
шаруашылықты жүйелі түрде басқару.
Экономикалық ауданды, территориялық еңбек бөлінісі арқылы шаруашылықтың орналасуы жəне
дамуын территориялық ұйымдастырудың басты формасы деп қарау керек.
Экономикалық ауданның мамандануы деп шаруашылығының белгілі бір өндіріс өнімдерін
өндірумен бірге (немесе қызмет ету) оларды басқа аудандардың тұтынуына бағыттауын айтамыз.
Мұнымен бірге сол ауданның табиғи, экономикалық, тарихи, əлеуметтік т. б. ерекшеліктеріне
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
475
байланысты өндірістің маманданған саласы басқа ауданға қарағанда экономикалық тиімді болуы
керек. Мамандану сол мемлекеттің дүние жүзілік, аймақтық, аудандық еңбек бөлінісіндегі орынын
көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының дүние жүзі территориялық еңбек бөлінісіндегі
орынын түсті металлургия, отын-энергетика өнеркəсібі, ауыл шаруашылығының жекелеген түрлері
салаларының мамандануы арқылы білеміз, мəселен: астық жəне қой шаруашылығы.
Экономикалық аудан жəне географиялық еңбек бөлінісі
( шикізат өндіру жəне өнім, 2010 ж,%)
Шикізат өндіру
жəне өнім
ОҚ
ШҚ
БҚ
СҚ
ОҚ
Аумақ, 1000
ш.ш
428 283
736
565
711
Халықтың саны(
1000 адам)
1339 1425
2179
3055
5538
Халықтың
тығыздығы, 1
ш.ш адам
3,1 5
3
5,4
7,8
Аудан құрамы
Қарағанды
ШҚО
БҚО,
Атырау,
Ақтөбе,
Маңғыстау
СҚО,
Ақмола,
Қостанай,
Павлодар
ОҚО,
Қызылорда,
Жамбыл,
Алматы
Урбандалуы
85 %
60 %
58 %
58 %
51 %
Халық
9
9
14
24
44
Көмір 32 5
0
63
0
Мұнай
79
21
Табиғи газ
96
86
4
Темір рудасы 14
Мыс рудасы 98
1 1
Қорғасын
(концентраты)
14 86
0
Мырыш 0
85
0
15
Марганец
рудасы
100
Хром
100
Шойын 100
Болат 87
13
Кокс 100
0
Мыс рафинаты 100
0
0
Глиназем
100
0
Электр-энергия 16
10
13
50 11
Ферро-қорытпа 1
26
73
Полимерлер
Тыңайтқыш 6
35
0
59
Күкірт
қышқылы
27 72
1
0
Фосфор
Цемент 15 65
20
Телевизор
100
Мақта
100
Мата м/м
1
99
Жүн мата
100
Май 1 4
1
28
66
Ет
8
12
13
35
32
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
476
Қант
100
Ұн
10
8
48
22
Күріш
10
Экономикалық ауданның кешенді дамуы арқылы аудан шаруашылығы элементтерінің өзара
байланысы, біріншіден, шаруашылықтың маманданған салаларының нəтижелі жұмыс жасауы,
екіншіден, өндіргіш күштерінің аудан ішінде орналасуында экономикалық тиімділік, тепе-теңдік
сақталады. Яғни, өндіріс салаларының даму қарқынында, территориялық орналасуында, құрылымдық
ара-қатынаысында қайшылықтар азаяды.
Экономикалық аудан шаруашылықтың дамуына жəне орналасуына байланысты өзгеріске
ұшырап отырады. Қазақстанның экономикалық даму қарқынына, құрылымдық жəне аумақтық
өзгерістерге байланысты бұрынғы бес экономикалық аудандарға: (Солтүстік, Батыс, Шығыс,
Оңтүстік жəне Орталық Қазақстан), біздің ойымызша оны жеті экономикалық ауданға бөлуге жəне
атауға болады. Олар: Жетісу экономикалық ауданы (Алматы облысы жəне Алматы қаласы), Орталық
Қазақстан ( Қарағанды облысы), Ертіс бойы (Шығыс Қазақстан жəне Павлодар облыстары),
Солтүстік Қазақстан ( Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары), Оңтүстік Қазақстан (
Қызылорда, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары), Батыс Қазақстан (Ақтөбе жəне Батыс
Қазақстан облыстары), Каспий маңы ( Атырау жəне Маңғыстау облыстары).
Салалық құрылымға аудан шаруашылығының салалары жатады. Ауданға экономикалық –
географиялық талдау жасағанда салалалық құрылым əдісі қолданады. Қазір экономикалық-
географиялық зерттеуде салалардың территориялық еңбек бөлінісіндегі орнын анықтау үшін, оларды
топтастыру əдісі қолданылып жүр:
- маманданған салалар (немесе қызмет ету ) – өндірген өнімдермен ауданаралық алмасу арқылы
ауданның территориялық еңбек бөлінісіндегі орнын көрсететін салалар;
- қосалқы салалар- маманданған салаларды жартылай фабрикаттармен, жəрдемші өндірістік
қызмет жасау жəне қормен қамтамасыз ететін салалар;
- инфрақұрылым ( өндірістік жəне əлеуметтік ) салалары
- экономикалық ауданның шаруашылығына жалпы жəрдем беретін материалдық жəне
материалдық емес салалар ( байланыс, транспорт, қойма, жылу, су, денсаулық білім, мəдениет, сауда
т.б. );
-көмекші ( қызмет көрсетуші ) салалар-тамақ, киім-кешек т.б. халыққа əлеуметтік қызмет
көрсететін салалар.
Экономикалық ауданның құрылымдық элементтерін екіге –территориялық жəне салалық деп
бөлуге болады. Территориялық құрылымы: өндірістік пункттер, орталықтар, тораптар, локальдық пен
аудандық территориялық-өндіріс кешендері. Олардың территориядағы орыны, рөлі, оның
фигурацияларына, ядросына, перифериясына байланысты. Мысалы, Орталық Қазақстан
экономикалық ауданның ядросы Қарағанды өнеркəсіп орталығы болса, перифериясына Ақтоғай,
Ұлытау жəне т. б. шеткері ауылдық елді-мекендер жатады. Сондықтан, аудан іші территориялық
еңбек бөлінісінің дамуын зерттеу арқылы аудан іші территориялық құрылымдарды, олардың
функциясын, мамандануын, өзара байланысын т. б. талдауға болады.
Біз ұсынып отырған Қазақстанның экономикалық аудандастырудың жаңа схемасы
республиканың қазіргі экономикалық даму деңгейіне, халықаралық жəне республикалық еңбек
бөлінісіндегі алатын орнына сəйкес келеді жəне жауап береді деп ойлаймыз.
Əдебиеттер:
1.
М. Қожахмет Экономикалық жəне əлеуметтік географияға кіріспе. Қарағанды-1997 ж.
2.
В.Н. Слепнева - Экономическая и социальная география Казахстана и мира. Кокшетау. 2011 г.
3.
А.Ю.Скопин. Введение в экономическую географию.-М-ВЛАДОС-2011 г.
4.
С.Ю.Корнекова, С.П.Семенов Социально-экономическая география. Санкт-Петербург-ПИТЕР-2012 г.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У