48. Php-ға кіріспе. Php тілінің тарихы



Дата28.04.2023
өлшемі13,55 Kb.
#87985

48. PHP-ға кіріспе. PHP тілінің тарихы
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
1994 жылы даттық программист Расмус Лердорф HTML-құжаттар үлгілерін өңдейтін онлайн түйіндегі қатысушылардың шығару және енгізу үшін Perl/CGI скриптер жинағын жасады. Лердорф жинақты Personal Home Page (Жеке Үй Беті) деп атады. Уақыт келе, Perl - скрипт интепретаторының жұмыс істеуі және жылдамдығы жеткіліксіз болып, Лердорф Си тілін қолданып үлгелерінің PHP/FI (ағыл. Personal Home Page / Forms Interpreter — «Жеке Үй Беті / Формалардың Интерпретаторы») жаңа интерпретаторын енгізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет