№4(80)/2015 Серия филология


Морфологическая структура и лексико-



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.03.2017
өлшемі5,33 Mb.
#5609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Морфологическая структура и лексико- 

грамматические значения предлогов казахского языка 

Статья посвящена языковой природе предлогов как служебной части речи. Рассмотрены морфологи-

ческая структура и лексико-грамматические значения предлогов казахского языка. На основе языко-

вого  материала  проанализированы  грамматические  особенности  предлогов  в  казахском  языке.  Они 

охарактеризованы как служебные слова, обозначающие отношения между объектом и субъектом, вы-

ражающие синтаксическую зависимость имен существительных (или слов, употребляемых в функции 

существительного), местоимений, числительных от других слов в словосочетаниях и предложениях, 

которые  не  могут  употребляться  самостоятельно,  они  всегда  относятся  к  какому-нибудь  существи-

тельному. Вследствие своей синтаксической несамостоятельности предлоги никогда не выступают в 

качестве членов предложения. Они обслуживают управление как вид подчинительной связи, будучи 

связанными с  управляющим  компонентом словосочетания. Авторы делают вывод о том,  что данная 

часть речи сформировалась за счёт других лексико-грамматических разрядов. 

 

 


Т.Т.Пірімбетов, А.А.Ахметова 

16 


Вестник Карагандинского университета 

T.T.Primbetov, A.A.Akhmetova  



Morphological structure and lexical and grammatical values  

of pretexts of the kazakh language 

Article is devoted to the language nature of pretexts as auxiliary part of speech. In article the morphological 

structure and lexical and grammatical values of pretexts of the Kazakh language are considered. On the basis 

of language material garmmatichesky features of pretexts in the Kazakh language are analyzed. They are 

characterized as the syntactic words designating the relations between object and subject expressing syntactic 

dependence of nouns, pronouns, numerals on other words in phrases and offers can't independently be used, 

they always treat any noun (or to the word used as a noun). Owing to the syntactic dependence pretexts never 

act as sentence parts. They serve management as a type of subordinative communication, being connected 

with the operating phrase component. Authors draw a conclusion that this part of speech was created at the 

expense of other lexical and grammatical categories. 

 

 

Referenсes 



1  Syzdykova G.O. Morfologiya of modern Kazakh language, Almaty: Dauir, 2012, p. 142. 

2  Toleuov A. Parts of speech, Almaty: Mektep, 1982, p. 120. 

3  Oralbay N. Morfologiya of modern Kazakh language, Almaty: Kaynar, 2007, p. 328. 

4  Iskakov A. Modern Kazakh language. Morphology, Almaty: Arys, 1991, p. 119. 

5  Kazakh grammar, Astana: Gylym, 2002, p. 362. 

 

 



 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

17 


ƏОЖ 811.512.122:[811:39] 

А.З.Қазанбаева, Г.Қалыбекқызы 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(Е-mail.gulnura_k_19@mail.ru) 

Батырлар жырындағы этномəдени лексиканың танымдық сипаты 

Мақалада  қазақ  тіліндегі  этномəдени  лексиканың  батырлар  жырындағы  қолданысы  қарастырылған. 

Тіл  этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының  негізгі  көрсеткіші  болып  табылатындығы  жəне  ұлт 

тіліндегі этномəдени  лексика ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын мəдени  мұра болып  саналатындығы 

сөз  етілген.  Этнолексикалық  қолданыстардың  мəтін  ішіндегі  көрінісі  негізінде  ұлт  тіліндегі  қызметі 

айқын  көрінетіндігі  айтылған.  Батырлар  жырынан  алынған  этномəдени  лексика  ұлт  тарихын 

айқындайтын  ақпарат  көзі  болатындығы  нақты  мысалдар  арқылы  берілген.  Этномəдени  лексика 

ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмайтын тілдік құрал болатындығы айқындалған. 



Кілт  сөздер:  этнолингвистика,  этномəдени  лексика,  лексика-семантикалық,  ұлттық  материалдық 

мəдениет, этноақпарат, рухани-мəдени қазына, эпостық жырлар, ұлттық сана, этимологиялық, сөздің 

этноқызметі. 

 

 



Тіл, мəдениет, өркениет өзара бір-бірімен сабақтастықта əрі үйлесімділікте өмір сүретіні мəлім. 

Кез  келген  тілдің  бірліктері  сол  ұлттың  дүниетанымы,  қоршаған  əлемді  қабылдау  ерекшелігіне 

байланысты рухани жəне материалдық мəдениеті жөнінде мол мағлұмат береді. Тіл этностың бүкіл 

рухани,  мəдени  байлығының  негізгі  көрсеткіші  болып  табылады  жəне  ұлт  тіліндегі  этномəдени 

лексика  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп,  оның  мəдени  мұрасы  ретінде  мəңгі  сақталады.  Кез  келген  тілдің 

көрінісі халықтың тарихына, мəдениетіне, əдебиетіне, салт-дəстүріне, əдет-ғұрпына, дүниетанымына, 

жалпы  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  болып,  сол  тілден  мол  деректер  беретіні  мəлім.  Тілді 

мəдениетпен  байланыстыра  зерттейтін,  сонымен  бірге  тілдің  қызметіндегі  жəне  қалыптасуындағы, 

дамуындағы лингвистикалық, этномəдени жəне этнопсихологиялық факторлардың өзара əсерін, бір-

бірімен байланысын қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жатқан саласы этнолингвистика 

болып табылады. 

Ғалым Е.Жанпейісов: «Этнолингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи 

категория  болып  табылады.  Себебі  ол  этностың  қазіргісін  ғана  емес,  көбінесе  өткенін  зерттейді. 

Ал этностың өткені оның этномəдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», — дейді [1]. 

Этнолингвистиканы  арнайы  зерттеген  ғалым  М.М.Копыленко: «Этностың  тұрмыс-тіршілігі, 

қазіргі  болмысы  мен  тарихы,  оның  материалдық  жəне  рухани  мəдениетінің  тілдік  көріністері 

айқындалады  жəне  жете  зерттеледі», — деп  анықтайды [2]. Ғалым  Ж.А.Манкеева: «Қазіргі  тіл 

білімінде  ұлттың  рухани-мəдени  қазынасы  ретіндегі  тілді  зерттеудің  ауқымы  кеңейе  түсуде.  Оның 

себебі: əр тіл өз бойында ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, 

кəсібі  мен  салтын, дəстүрі  мен  даналығын  тұтастықта  сақтаған  таңбалық жүйе.  Осындай  мазмұнды 

құрылымына сəйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол — мəдениет айнасы. Олай болса, ондай жүйені 

зерттеуде дəстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі екені байқалады. Себебі бұл 

арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) — этномəдени ақпаратты жинап, сақтаушы, 

жеткізуші,  келесі  ұрпаққа  жалғастырушы,  сайып  келгенде,  ұлтты  бір  бүтін  етіп  тұтастырушы», — 

деген пікірі тіл мен мəдениеттің сабақтастығын, тілдің бойындағы ұлттық сипатты айқындай түседі [3]. 

Қазіргі  этнолингвистиканың  теориялық  жəне  практикалық  қажеттіліктерінің  негізінде 

этномəдени  лексикасы  қарастырылып,  линвистикалық  талдаулар  жүзеге  аса  бастады.  Сөздердің 

белгілі бір ұлтқа қатысты қолданыстық сипаты осы этнолексика аясында зерттелді. 

Қазақ 

тіл 


біліміндегі 

этнолексика 

этнографиялық, 

тарихи, 


лексика-семантикалық, 

этимологиялық,  танымдық  тұрғыдан  қарастырылып  келеді.  Қолданыстағы  сөздің  этноқызметі, 

мағынасы  оның  тілдік  қатынастағы  жұмсалу  ерекшеліктерін  айқындаумен  маңыздырақ.  Мəтін 

құрамындағы  сөздің,  сөз  тіркесінің  этнолингвистикалық  қолданылу  ерекшеліктерінің  айқындалуы 

тілдің  əлеуметтік  ортадағы  қызметі  туралы  жан-жақты  хабар  беруге  бағытталады.  Тіліміздегі 

сөздердің  мəтін  ішіндегі  қолданысы  этнолексика  арқылы  көрініс  беріп,  тұтастай  бір  ұлттың 

этномəдени, тарихи, ұлттық бітім-болмысын таныта түседі. 


А.З.Қазанбаева, Г.Қалыбекқызы 

18 


Вестник Карагандинского университета 

Этнолексикалық  қолданыстар  тек  атауыштық  қызмет  атқарып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 

олардың  қарым-қатынастық  ролі  де  айқын  көрінеді.  Этнолексика  арқылы  қазақ  халқының 

дүниетанымы, ұлттық ерекшелігі көрініс беріп, этнолексикаға қатысты атаулар қолданыс барысында 

əр  түрлі  мағыналық  реңктерді  кеңінен  қамтиды.  Қазақ  тіліндегі  этнолексика,  этноатаулар  ауыз 

əдебиетімізде,  көркем  шығармаларда  кеңінен  қолданылып,  сол  ұлттың  табиғатын  айқын  көрсетіп 

бере  алады.  Тіліміздегі  этнолексикаға  жатқызылатын  атаулар  этностың  тілінен,  сол  этнос  туралы 

жазылған  көркем  əдебиеттен  орын  алады  жəне  ұрпақтан  ұрпаққа  ұлттық  əрі  рухани  байлығымыз 

іспетті жеткізіліп отырады. 

Этнолексика,  мəдени  лексика  жайлы  құнды  пікірлер  ғалым  Ж.А.Манкеева  еңбектерінде 

қарастырылып, дəлелді тұжырымдар берілген. Ғалым этнолексикаға былайша баға береді: «Сонымен 

көне тамырлы этнолексика халықтың этномəдени тарихы жəне тілдік шығармашылығы туралы баға 

жетпес  «ақпарат»  көзі  болып  табылады.  Оның  негізін  құрайтын  тұрмыстық  лексиканың  дені — 

ұлттық  материалдық  мəдениеттің  реликті  əрі  рухани  байлығымыздың  түбірі.  Себебі  бұл  жүйедегі 

сөздер тек атауыштық қызмет қана атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мəдениетке қатысты атаулар 

немесе  тұрмыстық  лексика  қазақ  халқының  материалдық  өндірісінің  деңгейін,  сипатын,  түрлерін 

жəне  шаруашылық  пен  тұрғын  үй  мүліктері,  киім  мен  тұрмыс  бұйымдарын  əшекейлеуге  қажет 

мұқтаждықты  қамтамасыз  етуге  бағытталған  қазақтың  халықтық  қолөнер  бұйымдарын  бейнелейді. 

Ал олар — қазақ  халқының  материалдық  қана  емес,  рухани  да  байлығының  көрсеткіші» [4]. 

Ғалымның пікірінде атап өтілгендей, тіліміздегі этнолексиканы құрайтын атаулар сан-салалы болып 

келеді. 

Батырлар  жырында  қазақ  халқының  өмірін,  салт-дəстүрін,  əдет-ғұрпын,  болмысын,  танымдық 

көрінісін бейнелейтін этномəдени лексика молынан кездесіп, ұлт тарихын айқындайтын ақпарат көзі 

болып табылады. Батырлар жырында қолданылатын этноатаулардың ұлттық бояу жасаудың бірден-

бір  құралы,  негізі  болатындығына  көз  жеткізу  үшін,  батырлар  жырынан  алынған  төмендегі 

үзінділерді келтіруге болады. 

Қазақтың  тұрмысынан  хабардар  ететін  этнолексика  үй-ішіндегі  тұрмыстық  заттарды  атап  қана 

қоймай,  сол  ұлттың  өмірінен,  тұрмысынан,  тыныс-тіршілігінен  толықтай  түсінік  беретініне  көз 

жеткізуімізге болады. 

Əкеңнің бір атасы Қоянжырық: 



Босаға, маңдайша мен табалдырық, 

Кереге алты қанат, алтын уық, 

Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық. 

«Төріңде, — сандық айтар, — төремін» деп, 

Есік айтар: «Əр нəрсе көремін», — деп. 

Асылып керегеге ішік толып, 

Толғайып тұз баспақ тұр іші толып, 

Мейманды үйге келген күтіп алып. 

Құман тұр от басында келін болып, 

Туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге 

Шалқалап түндік жатыр дəл төбеде. 

Жоғарыда берілген мысалдардан қазақ тұрмысының суреті бейнеленіп, санамыздан орын алады. 



Босаға,  маңдайша,  табалдырық,  алты  қанат  кереге,  алтын  уық,  сандық,  ішік,  баспақ,  құман, 

туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге, түндік, түс киіз, əбдіре, қазан-аяқ этнолексикалық қолданыстары 

ұлт  тіліндегі  айрықша  мəн  беретін  жəне  қазақ  тұрмысындағы  ең  негізгі  əрі  маңызды  мəдениет 

бұйымдарының  бірі  болып  табылатын  киіз  үйдің  барлық  құрама  бөліктерін  орынды  берілгенін 

байқаймыз.  Жалпы  қазақ  тұрмысында  дайындалатын  дəстүрлі  бұйымдар  ерекшелігіне  қарай  негізгі 

қолданған шикізаттары төрт түлік малдың жүні мен терісі, аң терілері, құстың мамығы жəне əр түрлі 

өсімдіктер  болған.  Тілдік  жүйедегі  қазақ  қолөнеріне  байланысты  атауларды  олардың 

экстралингвистикалық мəнділіктерімен тығыз байланыстыра отырып, этнолингвистикалық тұрғыдан 

зерттеу  белгілі  бір  тақырыптық  топтарға  жататын  атаулар  жүйесінің  құрылымын,  олардың  тілдегі 

көрінісін,  қалыптасу  заңдылықтарын  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Қазақ  қолөнеріне  байланысты 

атаулардың рухани мəдениетпен астасып жатуы этнолингвистикалық зерттеуді қажет етеді. 

Қазақ халқының материалдық мəдениетінің ерекше бір көрініс беретін саласы күнделікті тұрмыс 

қажетін  өтейтін  қолөнер  саласының  жете  дамығандығын  байқаймыз.  Қолөнер  кəсібі  əрбір  ұлттың 

заттай  жəне  рухани  мəдениетінің  көрінісі  болып  табылады.  Халықтық  қолөнер — өзінің  көркемдік 


Батырлар жырындағы этномəдени … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

19 

мəн-мазмұнымен, бітім-болмысымен ғасырдан ғасырға сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын 



қазына.  Қолөнер  үлгілері  тек  эстетикалық  объект  ғана  емес,  сондай-ақ  ұлт  өмірінен  хабар  беретін 

этноақпараттық қазына екені мəлім. Бұл атаулар тек тілдік материал ғана емес, олар халықтың салт- 

дəстүрін,  əдет-ғұрпын  танытатын  ұлттық  бояуы  сіңген  талғамдарын  көрсететін  ұлттық  рухы  екені 

белгілі. 

Атап айтатын болсақ, ұлтымыздың тарихы, тұрмыс салты, ой-өрісі мен эстетикалық талғамдары 

тек  оның  рухани  байлығы  арқылы  ғана  емес,  оның  күнделікті  тұрмыста  қолданған  құрал- 

жабдықтарынан, үй-жиһаздарынан, киім-кешектерінен, əшекей бұйымдарынан айқын көрініс береді. 

Тұрмыста  қолданылатын  қолөнер  бұйымдары — тарихи-мəдени  категория.  Олар  дəстүрлі 

мəдениеттің  түрлі  қабаттарын  құрайды.  Оның  əр  қабатында  қоғамның  əлеуметтік-тарихи, 

материалдық-экономикалық дамудың таңбалары қалып отырады. Күнделікті тұрмыста қолданылатын 

қолөнер  туындыларының  тілдік  қабатын  анықтау,  этноатаулардың  жасалу  жолдарын,  тарихын, 

мағына-мазмұнын  ашу  маңызды  мəселелердің  бірі  болып  қалады.  Ұмытыла  бастаған  осындай 

қолөнер  бұйымдары  эпостық  жырларда  кездесіп,  түсініктеме  беруді  қажет  етеді.  Олардың  кейбірі 

бүгінгі күні тілімізде қолданыстан шығып қалған. 

Тіл  мен  мəдениет  негізінде  қалыптасқан  қолөнерге  байланысты  туындаған  этнолексика, 

этноатаулар  белгілі  бір  уəжділігі  бар  сөзқолданыстар.  Қазақ  қолөнеріне  байланысты  туындаған 

атаулар  сол  ұлттың  эстетикалық  талғамының  деңгейін,  рухани  танымының  жетістігін  жəне 

шығармашылық еңбегін əрі табиғатты игерудегі өмірлік тəжірибесін байқатады. Қолөнерге қатысты 

бұйым  атаулары  қазақ  халқының  тұрмысындағы  рухани,  мəдени,  əлеуметтік  ролін  айқындап  ғана 

қоймайды,  сонымен  қатар  олар  ұлт  мəдениетінің  қалыптасқан  тұтас  бір  бөлшегі  ретінде  саналады. 

Этнолексика  ұлттық-тарихи  колорит  жасауда  таптырмас  тілдік  құрал  болып  табылады.  Бұндай 

қолданыстар  ауыз  əдебиетінде  ғана  емес,  көркем  шығармаларда  да  жиі  кездесіп  отырады. 

Салыстырмалы  түрде  қарайтын  болсақ,  Ж.Аймауытовтың  «Күнікейдің  жазығы»  повесінен  мына 

төмендегі үзіндіні мысалға келтіруімізге болады. 

«Күнікейге камзол, көйлек, өзіне кебіс, шапан, Жұматайға күпі керек. Құлтуманы қойшы, о түгілі 

Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа тыс, кестелі орамал, ақ шымылдық, сары қол сандық, қызыл сал 

керек. Тұяқ: «Есік көрсет, малыңды алып, қалыңдығымды бер», — деп қыңқылдағалы қашан. Қысқы 

азығы,  соғымы  тағы  келеді.  Үш  қанат  желкөз  баспананың  туырлығы  жұлдыз-жұлдыз:  бүктеумен, 

жазумен,  артумен,  тігумен,  сұрғылданып,  өзі  үлдіреп  тозығы  жеткен  құрымға  қой  сүйкеніп,  лақ 

секіріп, сиыр мүйіздеп, сау тамтығын тастамады. Бір жағынан, бозбаласы түскір іргенің сиқын кетіріп 

бітті: шиде қирамаған аяқ, үзілмеген бау қалған жоқ» [5]. 

Осы  тектес  мысалды  батырлар  жырынан  көптеп  кездестіруге  болады.  Мысалы, «Қобыланды 

батыр» жырынан үзінді келтіретін болсақ: 

Алтынды тоны жылт етіп, 

Саулы інгендей ыңқылдап, 

Күшігендей сұңқылдап, 

Сүмбіледей жылтылдап, 

Буыны түсіп былқылдап, 

Алтын қалпақ дулыға, 

Шекесінде жарқылдап. 

Төменде тағы да мысал келтіре кететін болсақ, қазақ тұрмысына қатысты этноатаулар кездеседі. 



Қаланың аузын қандатып, 

Көшенің аузын шаңдатып, 

Қақпадан атын қарғытып, 

Кіндіктен оғын сырғытып, 

Туырлығын тоқым қып, 

Керегесін отын қып, 

Мал шығармай далаға, 

Ел шығармай салаға. 

Қазақ тұрмысына қатысты этноатаулар тон, дулыға, туырлық, тоқым, кереге сөздері негізінде 

ұлт  тұрмысы  көрініс  береді.  Қазақтың  тұрмысына  қатысты  атаулар  арқылы  ұлт  тіліндегі  ақпарат 

жеткізуші қолданыстар айқындала түседі. 



Арқан есіп, жүн түтіп, 

Құрт қайнатып қазанда, 

Қайғыменен қан жұтып, 

А.З.Қазанбаева, Г.Қалыбекқызы 

20 


Вестник Карагандинского университета 

Жүргенінде келерсің. 

Қарындасың Бикешжан 

Əбдəстесі жанында, 

Пияласы қолында, 

Белдемшесі белінде, 

Қызылбастың елінде 

Шай қайнатып жүргенде, 

Сұлтаным, сонда келерсің. 

Қазақ тұрмысына қатысты этноатаулар арқан, жүн, құрт, əбдəсте, белдемше сөздерінен ұлттық 

таным  мен  түсінікті,  ұлттық  болмысты  байқаймыз.  Əбдəсте  сөзі — көне  сөз,  сулық,  қол  сүртетін 

орамал деген мағынаны береді. 

Қазақ  ұлтының  тұрмысымен  байланысты,  рухани  дүниесімен  сабақтаса  қалыптасқан 

этнолексика  ұлт  мəдениетінде  ерекше  қолданылып,  тілдік  деректер  ретінде  сақталады.  Батырлар 

жырынан келтірілген үзінділер осының дəлелі бола алады. 

Киім  атаулары  да  ұлттық  мəдениетті  танытудың  бірден-бір  құралы  болып  табылады.  Қазақ 

қоғамында  киген  киімдерінен  олардың  əлеуметтік  ортасы  да  көрініс  берген.  Бұл  мысалда  да  киіз 

үйдің  кейбір  бөліктері  суреттеліп,  ұлт  тіліндегі  орны  айрықша  көрінеді.  Суреттеліп  отырған 

этномəдени  лексиканың  маңыздылығы  оқырманға  жетуі  жəне  оның  санасынан  орын  алып  ұлт 

менталитетіндегі алатын орнының айрықша көрінетінінде. 

«Қобыланды  батыр»  жырында  кездесетін  этнолексикаға  тоқталатын  болсақ,  олардың 

қолданысынан ұлттық танымды анық байқаймыз. 



Отауды жығып көшірді, 

Бурылын құндақтап, 

Биені тіркеп көшіне, 

Асқар төбе бел еді, 

Белден көшкен ел еді, 

Көшті тартып келеді. 

Отау сөзін ғалымдар адамның тұрағының атауы ретінде қарап, көп жағдайда оны «от» сөзімен 

байланыстырады. Жоғарыдағы үзіндіде кездесетін отау, көш сөздері қазақ ұлтына тəн этнолексика. 

Бұл қолданыстар ұлт мəдениетін, талғам-танымын көрсететін бірліктер болып табылады. 

Қару-жарақ  атаулары  да  ұлт  мəдениетінен  көрініс  беретін  ақпарат  болып  табылады.  Мысалы, 

«Қобыланды батыр» жырында қару-жарақ атаулары көп кездеседі. 

Үстіне сауыт кигізді 

Жанына байлап болатты 

Беліне садақ ілгізді. 

Жырдан мысал келтіретін болсақ, қару-жарақ атауларының біраз түрлері қамтылғанын байқаймыз. 



Қолына алып толғанып, 

Қозы жауырын жебені 

Ат үстінен ширеніп, 

Сонда тұрып тартады. 

Қарағай найза саптатты, 

Алмас қылыш соқтырып, 

Күміспен қынап шақтатты. 

Беліне семсер іледі 

Ақсауытын бөктеріп, 

Ноғай бөркін киеді. 

Қылышпенен өлтірсем, 

Қиқаладың дерсің сен 

Найзаменен өлтірсем, 

Миқаладың дерсің сен. 

Садақпенен өлтірсем, 

Қапыл қалдым дерсің сен, 

Мылтықпенен мен атсам 

Жазым қалдым дерсің сен. 

Қанжарменен қармасты, 

Семсерменен серместі 

Қанжар қалды қайысып, 

Семсер қалды майысып [6]. 

Батырлар жырындағы этномəдени … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

21 

Жоғарыда келтірілген мысалдан қару-жарақ атаулары: жебе, найза, алмас қылыш, семсер, садақ, 



қанжар,  мылтық  атаулары  батырдың  жауға  шапқанда  қолданатын  негізгі  қару  түрлері  болған. 

Этностың  дəстүрлі  мəдениетінде  қару-жарақ  атауларының  алатын  орны  ерекше.  Қару  атаулары 

ұлттық  мəдениеттің  ерекше  феномені  болып  табылады.  Халықтың  дəстүрлі  түсінігінде  қару-жарақ 

тек  соғыс  құралы  ғана  емес,  қарудың  барлық  түрі  этностың  өмір  сүру  динамикасының  айрылмас 

элементі  болып  табылады.  Қару-жарақ  атаулары  түрлі  тұрмыстық  жəне  əлеуметтік  функциялары 

арқылы этностың өмір сүру процесін көрсетеді. 

Қазақтың  мəдениетіне  қатысты  тілдік  атаулардың  табиғаты  «ұлт  пен  тіл  біртұтас»  қағидасына 

негізделіп ашыла түседі. Тілдің лексика-семантикалық жүйедегі қолданыстары ұлт мəдениетінің көзі 

ретінде айқындала түседі. Қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын бұйымның не болмаса бір 

заттың  атауы  ұлттық  сана  мен  ұлттық  талғам  сабақтастығының  негізінде  пайда  болып,  сол  ұлттың 

болмысын аша түсетін интегралды туындының тілдегі бейнесі болып табылады. Сонымен, тілдегі бір 

заттың  атауы  белгілі  бір  затты  білдіріп  ғана  қомайды,  ұлттың  өзіне  тəн  туындаған  дүниетанымдық 

ерекшелігін байқатады. Халықтың жалпы рухани өмірін, талай ғасыр басынан өткен ата-салтын, əдет-

ғұрпын, елдік қасиетін бейнелейтін ұлтқа қатысты байырғы этнолексикасы батырлар жырында жатса 

керек. 

Сонымен,  байқайтын  болсақ,  қазақ  тілінің  лексикасы  қат-қабат,  сарқылмас  мол  қазына  болып 



табылады.  Осы  мол  байлықтың  ең  негізгі  қабаттарының  бірі — этнографиялық  лексика.  Онда 

мағынасы  күңгірттеніп  қолданыстан  шығып  қалған,  ұлтымыздың  əдет-ғұрпы  мен  салт-дəстүрін 

бейнелейтін  жəне  сонымен  қатар  əр  түрлі  кəсіпке  байланысты  қазіргі  уақытта  ұмыт  бола  бастаған 

атаулар,  сөз  тіркестері,  оралымдар,  сөйлемдер  көптеп  кездеседі.  Тіліміздегі  киіз  үй  бөлшектерінің, 

киім-кешек, қару-жарақ, қолөнер бұйымдары, саятшылыққа, зергерлікке, ұлттық тағамдарға жəне т.б. 

байланысты  атауларда  халқымыздың  басынан  өткен  ұзақ  өмірінің  өрнегі  жатыр  десек  те  болады. 

Этнос  тілін  тану  арқылы  ұлттың  танымы  мен  талғамы айқындала  түседі. Қазақ  дүниетанымындағы 

қалыптасқан ұғымдар оның рухани-мəдени мұрасынан көрініс береді. 

Батырлар  жырында  қолданылған  этнолексика,  этномəдени  атаулар  тарихи-мəдени  жəне 

лингвистикалық  мазмұн  мен  мəнді  тудыратын  күрделі  категория,  ұлттық  болмысымыз  бен  ұлттық 

танымымызды  көрсететін,  кумулятивтік  қызметі  айрықша  көрініс  беретін  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп 

отыратын рухани, мəдени байлығымыздың негізгі көрсеткіші болып табылады. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. — 1994.— № 3. — 4-б. 

2  Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. — Алматы: Дайк-Пресс, 1995. — С. 17. 

3  Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері. — Алматы:

 

Арыс, 2008. — 15-б. 



4  Манкеева  Ж.А.  Этнос  тілі  табиғатының  ерекшеліктері // Тіл  тарихы  жəне  сөз  табиғаты:  Ғыл.  мақалалар  жин. — 

Алматы:


 

Арыс, 1997. — 7-б. 

5  Аймауытов Ж. Ақбілек (роман, повесть, əңгіме). — Астана:

 

Ғылым, 1998. — 267-б. 



6  Батырлар жыры: Екі томдық. — 1-т. — Алматы: Мектеп, 1977. — 365-б. 

 

 



А.З.Казанбаева, Г.Калыбеккызы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет