¹49 (867) Бейсенбі, 4 желтоқсан 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.12.2016
өлшемі3,85 Mb.
#763
  1   2   3

Айыртау  аудандық  газеті

¹49

(867)


Бейсенбі, 4 желтоқсан 2014 жыл 

Газет 1993 жылдың  қаңтарынан  шығады

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  2014 жылғы 11-қарашадағы  Қазақстан 

халқына  арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар 

жол» атты Жолдауында тәуелсіз еліміздің болашағына 

бағыт сілтеген «Қазақстан – 2050» Стратегиясынан 

туындайтын мақсаттар мен міндеттерді Елбасымыз 

нақты белгілеп берді. 

Президент  Жолдауының  уақытынан  бұрын  жа-

риялануы бүгінгі геосаяси оқиғалардың экономикаға 

әсер етуімен байланысты екендігі сөзсіз. Ресей мен 

АҚШ, Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық 

өзара санкциялардың әсері қазірдің өзінде Ресейдің 

ұлттық  валютасының  долларға  шаққандағы  бағасы  және  әлемдік  мұнай 

бағасының  құлдырауы  тарихи  рекордты  орнатты.  Бұл  процестер,  сөзсіз, 

біздің мемлекетке де ықпал етеніні анық. Президент осы жайтты ерекше атап 

өтіп, алдағы ауыр экономикалық кезеңнің басталатынын айтты. Сондықтан, 

уақытылы әрекет етіп, экономиканың дамуын ұстап тұру үшін «Нұрлы Жол» 

экономикалық бағдарламасын ұсынды, әрі бұл Жолдаудың әдеттегіден қысқа 

да нақты болғанын атап өту қажет. Яғни, Үкіметке анық тапсырмалар берілді. 

Ұлттық қордың қаражатын жұмсайтын уақыт келді деп Президент атап өтті. 

Экономиканың осындай кезеңдерінде қаражатты инфрақұрылымға (теміржол, 

автожол, электр желілері, ТКШ, газ құбырлары т.б.) салғаны міндетті түрде 

ақталады. Бұл – экономикалық заңдылық.

Көліктік-логистикалық  инфрақұрылымдарды  дамытудың  кешенді  жоспа-

ры,  индустриялық  және  энергетикалық  инфрақұрылымдарды  дамытудағы 

мақсаттарымыз экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан 

да жаңа серпін берері сөзсіз.

Жаһандық  күрделі  үдерістер,  әлемдік  геосаяси  және  геоэкономикалық 

дағдарыстар,  дүниежүзілік  беймаза  әлеуметтік,  мәдени  және  діни  ахуал – 

осының барлығы адамзат алдына шырмауы шым-шытырық мәселелер туды-

руда.  Қазіргідей көзді ашып-жұмғанша ертеңің кешегіге айналатын заманда 

жайбасарлық жақсы нышан емес. Сондықтан да болар, Жолдаудың мұнша 

жылдам боларын ешкім де болжап-білмей қалғаны. Оның үстіне әңгіме ел мен 

жер үшін, Ұлттық мемлекеттілік пен ұлт үшін аса өзекті міндет пен мақсаттар 

төңірегінде қозғалып отыр. Бұл ретте Халықтар достығы Ассамблеясының 

20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы тәрізді саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани маңызы 

айрақшы  мерейтойларға  да  өз  бағасы  беріліп  отырғаны  қуантады.  Тамақ 

және  химия  өнеркәсібіне,  машина  жасау,  қызмет  көрсетулер  салаларына 

қатысы бар шағын және орта биз неске, әрі  кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 

қосымша 100 миллиард бөлініп отыр. Халықтың көпшілігі үшін аса маңызды 

банк секторын сауықтыруға келер жылы қосымша 250 мил    ли   ард жұмсалмақ. 

Ұлттық мемлекеттігіміздің халықаралық абыройын әспеттейтін ЭКСПО-2017 

кешеніне, көліктік-логистикалық,  индустриялық  энергетикалық және тұрғын 

үй инфрақұрылымдарын нығайтып, одан әрі дамытуға бөлінген қаржы көлемі 

қыруар. Білім, тәлім мен тәрбие  саласына байланысты, әсіресе  балалар 

бақшасы  жүйесінің  дамуына 3 жыл  бойы  қосымша 20 миллиард  теңге, 

мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд. теңге бөлінбек. Тек жол құрылысы 

арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылып, жол құрылысына 70 млрд. 

теңге жұмсалмақшы. Батыс пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, 

экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күрематыры болған Ұлы 

Жібек жолы өтетін Қазақстан үшін жол, транспорттық логистика  мәселелері ерек-

ше маңызға ие екендігі әбден түсінікті. Айналып келгенде, аталмыш әлеуметтік-

экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, Ұлттық мемлекеттігіміздің 

тұғырлы тіректері. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді ба-

сты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. 

Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, 

аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, еқашан таусылмас 

қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы 

Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патрио-

тизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай 

ұлы құндылығы», деп айқындап келеді де, «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы 

тым тереңде жатқанын, осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының 

мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырғанын баса айтады. «Жалпыұлттық идея-

ны өміршең ететін – Елдің бірлігі, сондықтан Қазақстанның шыққан шыңы мен 

бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» дейді. Шынымен-ақ, 

бірлігі кеткен елдердің қандай күйге ұшырап жатқанын күн сайын көріп отырмыз 

десек те болатындай. Осындай алмағайып заманда Елбасы бастап, халқы 

қостап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміздің  экономикасы дамыған 

30 мемлекеттің қатарына енуін жүзеге асыру таяу арадағы мақсат болып отыр.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдау-

ында көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін отандастарымыз, 

соның ішінде, Қаратал орта мектебінің ұжымы да белсенді түрде атсалысады 

деп сенемін. 



Еркін ӘЛІБЕКОВ,

Қаратал орта мектебінің директоры

,«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Президент Жолдауы:  Нұрлы жол – біздің жолымыз

«Нұрлы Жол» ертеңге деген сенім

«Нұрлы Жол» ертеңге деген сенім

1   ж е л т о қ с а н   -   Қ а з а қ с т а н 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң   Т ұ ң ғ ы ш 

П р е з и д е н т і   к ү н і   б а р ш а 

қазақстандықтардың мерейін асы-

рып, шаттығын шалқыта түсетіні 

анық.

Еліміз  тәуелсіздігін  жария-

лап,  егемендігін  алған  уақыт 

аралығында  Еуразия  кеңістігінің 

шамшырағындай сәулеттендіріліп, 

абаттандырылған Астана қаласы 

бүкіл  дүниежүзі  халқын  тамсан-

дырды  десек,  артық  айтқандық 

болмас. Ал, сол көркімен көпшілікті 

тәнті  еткен  еліміздің  бас  қаласы 

А с т а н а н ы ң   б а с   с ә у ле т ш і с і 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  екенін  жұрт 

жақсы  біледі.  Демек,  Астана – 

Елбасының  төл  перзенті,  Астана 

– азаттықтың мәңгілік ескерткіші. 

Осылайша ел санасында «Елбасы 

мен Елорда – егіз ұғым» деген ой 

қалыптасты.

Осы  күні  Қазақстан  Респуб-

ликасының  Тұңғыш  Президенті 

күніне арналған салтанатты жиын  

Ақан  сері  атындағы  аудандық 

Мәдениет үйінде өтті. 

Сахна төрінде құттықтау сөз алған 

аудан  әкімі, «Нұр  Отан»  партиясы 

Айыртау  аудандық  филиалының 

төрағасы  Ағзам  Тастеміров  бар-

ша  айыртаулықтарды  айтулы 

мерекемен  құттықтап,  ауданның 

әлеуметтік-экономикалық  даму-

ына  қосқан  үлестері  үшін  және 

Қазақстан  Республикасының 

Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу-

ге  орай  аудан  әкімінің  Құрмет  гра-

моталарын «Батыс АЭЖ» ЖШС-нің 

директоры  Айдарбек  Бәйтеновқа, 

«Солтүстік  Қазақстан  облысы  Ай-

ыртау ауданының жер қатынастары 

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас 

маман – заңгері Аязхан Баймановқа, 

Антоновка  ауылдық  округінің 

әкімі  Тортай  Раевқа,  Айыртау 

ауданының  №7  өрт  сөндіру  бөлімі 

бастығының  орынбасары,  өртке 

қарсы  қызмет  капитаны  Сейілбек 

Сәрсембаевқа, «Солтүстік Қазақстан 

облысы  Айыртау  ауданының  ауыл 

Мереке мезеті

БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР, БІР ХАЛЫҚ

БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР, БІР ХАЛЫҚ

шаруашылығы  және  ветеринария 

бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің 

бас  маманы  Серік  Салғариндарға 

табыстаса,  аудан  әкімінің  Алғыс 

хаттарымен  «Солтүстік  Қазақстан 

облысы  Айыртау  ауданының 

кәсіпкерлік  бөлімі»  мемлекеттік 

мекемесінің  бас  маманы  Дана 

Байғазиева, «Солтүстік  Қазақстан 

облысы  Айыртау  ауданының  білім 

бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің 

шаруашылық  меңгерушісі  Бауыр-

жан  Нұртазин, «Жетім  және  ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға  арналған  Айыртау 

мектеп-интернаты»  коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің  тәрбиешісі  

Айгүл  Салғарина  және  Айыртау 

ауданының  төтенше  жағдайлар 

бөлімінің  бас  маманы,  өртке 

қарсы  қызмет  майоры  Есмағзам 

Сейітжандар марапатталды.

Сондай-ақ  аудан  басшысы 

елді  мекендерді  абаттандыру  мен 

көгалдандыру  айлықтарының 

қорытындысы  бойынша  «Ең  үздік 

ардагер қонысы» аталымында Гер-

цен және Абдрахмановтар отбасын, 

«Ең  үздік  абаттандырылған  елді 

мекен»  аталымында  Егіндіағаш 

ауылын, «Ең үздік абаттандырылған 

селолық  округ»  аталымында  Ан-

тоновка  селолық  округін  және  «Ең 

үздік жас отбасының қонысы» ата-

лымында  Маментиковтар  отбасын 

арнайы дипломдармен және бағалы 

сыйлықтармен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін сахна 

төрінде  еңбек  ардагері  Валентина 

Шатохина, «Жас  Отан»  жастар 

қанатының мүшесі Нұргүл Молбол-

сыновалар  Тұңғыш  Президен  күні 

мерекесіне  байланысты  өздерінің 

жүрекжарды тілектері мен ойларын 

ортаға салды.

Т ұ ң ғ ы ш   П р е з и д ен т   к ү н і не 

арналған мерекелік шара ауданның 

көркемөнерпаздар ұжымының және 

Ақмола  облыстық  филормониясы 

әртістерінің  мерекелік  концертіне 

ұласты. 


Әр  қазақтың  жүрегінде  елдің 

дәуірлік тұлғасы, қазақ елінің абы-

ройын  айдай  әлемге  айшықтай 

көтерген  Көшбасшыға  деген  ма-

хаббат  оты  қызуын  баяулатпастан 

маздай бермек.



Бағлан ҚОЖАҚОВ

Суретті түсірген 

Ирина БУРКОВСКАЯ.

Мәңгі елім, қазақ елім – асқарым,

Жыр шумақтың төгейінші астарын.

Тәуелсіздік тұғырының арқасы,

Қыран құсы кезген алып аспанын.

Мың алғыс сізге айтам, 

 

 

Раббым Алла,



Бар ғой сөз: «Берер деген  

 

 



сұрағанға».

Ежелден ата-бабам аңсаушы еді,

Нұрағадай көсемінің туғанын да.

Әр адамның жүрегінен 

 

 

орын алған,



Есілдің жағасына шаһар салған.

Қазақты барша әлемге 

 

 

таныстырып,



Жыр отауы

ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ

ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ

Халықтың шапағатын бақ қып  

 

 

алған.



Асау толқын кездеспесін көліне,

Адасқан жел кезікпесін жеріне.

Ұлтын сүймес ұлтандар 

 

 



бар ортада,

Жайғаспасын қазағымның төріне.

Болашақтың ақ таңы көрінеді,

Шаттық өлең жүректен төгіледі.

Азаттықты алып берген    

 

 



желтоқсанда,

Арыстардың рухы еді, өр үні еді.



Ерсұлтан УАИС,

Көкшетау мәдениет 

колледжінің студенті.

Үстіміздегі  жылдың 30 қараша-

сында, Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш  Президенті  күніне  орай 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 

– 2020» мемлекеттік бағдарламасы 

аясында Сырымбет ауылында жеке 

кәсіпкер  Алма  Нашарбекованың 

бастауымен жаңа наубайхана мен 

азық-түлік  дүкенінің  салтанатты 

ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан 

әкімі  Ағзам  Тастеміров  қатынасып, 

сырымбеттіктерді  айтулы  қуанышты 

оқиғамен құттықтады. 

Тұңғыш Президен күнімен құттықтаған 

аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы: 

«Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бері 

бағындырған шыңдары жетерлік. Осын-

дай ауқымды жетістіктер Ел Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  еңбегі  ерен  екені 

сөзсіз.  Елбасының  бастамаларымен 

жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалар бар, 

соның  арасында  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы – 

2020»  бағдарламасы  ерекше  орын  алады.  Ағымдағы 

жылда  біздің  ауданымызда  осы  бағдарлама  аясында 

110  млн.  теңгеге  41 жоба  мақұлданып,  көптеген  жаңа 

нысандар ашылуда. Соның ішінде Сырымбет ауылында 

жеке кәсіпкер Алма Нашарбекованың жаңа наубайханасы 

мен дүкенін де айтуға болады. Осы жеткен нәтижелеріміз 

Елбасының қамқорлығының арқасында» - дей келе, барша 

сырымбеттіктерді айтулы оқиғамен және Тұңғыш Президент 

күнімен құттықтап, баршасына сәттілік тіледі. Сонан соң 

аудан басшысы мен жеке кәсіпкер жаңа нысанның салта-

натты таспаларын кесіп, наубайхана жұмысы мен дүкеннің 

азық-түлік өнімдерінің түрлерімен танысты.

Осы күні Саумалкөл ауылында да елеулі оқиға болды. 

«Баянтай» ЖШС-нің 20 мың тонна астық сақтайтын шағын-

элеваторының салтанатты ашылу рәсіміне де аудан бас-

шысы Ағзам Ахметжанұлы қатынасып, салтанатты шарада 



Жағымды жаңалық

Мереке қарсаңында жаңа нысандар ашылды

Мереке қарсаңында жаңа нысандар ашылды

жиналған саумалкөлдіктерді мереке қарсаңындағы игілікті 

істің жүзеге асуымен және еліміздің маңызды мерекелерінің 

бірі – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. 

Сонан соң серіктестік басшысы Сырымбет Есенғалиев те 

баршы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттің 

қолдауымен жүзеге асып отырған жобалар үшін алғысын 

жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Армия 

Әбілқайыров астық сақтайтын шағын элеватордың аудан 

экономикасына сүбелі үлесін қосатынын баса айтты.

Құттықтаулардан  соң  жаңа  шағын-элеваторды 

жұмысқа қосып, түймені басу салтанаты аудан әкімі Ағзам 

Тастеміровке, серіктестік басшысы Сырымбет Есенғалиевке 

және  ауданның  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Армия 

Әбілқайыровтарға берілді. 

Барша  қауым  іске  қосылған  шағын  элеватордың 

жұмысымен танысты.

Бағлан КЕНЖЕБАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген Елена НЕДОРОСТКОВА.


Айыртау  таѕы

2

4 желтоқсан 2014 жыл



 эл. пошта: airtau_tany@mail.ru

Реттік 



Күні

Қабылдаушының 

Т.А.Ә.

Негізгі жұмыс орны бойынша 

лауазымы

1

03.12. 2014 ж.



Науанова 

Мафруза 


Тасболатқызы 

Аудан әкімінің орынбасары, «Нұр 

Отан» партиясының АФ Саяси 

Кеңесінің бюро мүшесі (келісім 

бойынша)

2

05.12. 2014ж.



Жанахметов 

Берік 


Темешұлы

«Қазпошта» ААҚ АПБТ бастығы, 

«Нұр Отан» партиясынан аудандық 

мәслихаттың депутаты (келісім 

бойынша)

3

10.12. 2014 ж.



Төребеков

 Нұрлан 


Мейрамұлы

Ауданның жер қатынастары 

бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» 

партиясының мүшесі (келісім 

бойынша)  

4

11.12. 2014 ж.



Тастеміров 

Ағзам 


Ахметжанұлы 

 «Нұр Отан» партиясы Айыртау АФ-

ның төрағасы, Айыртау ауданының 

әкімі


5

19.12. 2014 ж.

Ахметжанов 

Болат 


Қадырұлы

«Нұр Отан» партиясы АФ-ның 

сыбайлас жемқорлықпен күрес 

жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің 

мүшесі, «Нұр Отан» партиясы АФ-ы 

төрағасының  бірінші орынбасары

6

24.12. 2014 ж.



Есенғалиев 

Сырымбет 

Қайрошұлы 

«Баянтай» ЖШС директоры, 

аудандық мәслихатта «Нұр Отан» 

партиясынан депутаттық фракция 

басшысы (келісім бойынша) 

7

26.12. 2014 ж.



Молдахметов 

Саят 


Ғазизұлы 

Аудандық орталық аураханның 

бас дәрігері, «Нұр Отан» пар-

тиясы Айыртау АФ-ның сыбайлас 

жемқорлықпен күрес жөніндегі 

Қоғамдық Кеңесінің мүшесі 



Ескерту: Азаматтарды қабылдау апта сайын  сәрсенбі және жұма күндері 

15.00-19.00  сағатта  филиалдың  кеңсесінде  мына  мекен-жайда  жүргізіледі: 

Саумалкөл селосы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42-А (2 қабат). 

Қабылдауға алдын ала жазылу мына телефондар арқылы: 20-242, 79-062. 



2014 жылдың желтоқсан айында «Нұр Отан» 

партиясы Айыртау аудандық филиалының 

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды 

қабылдау кестесі

Реттік 



Күні

Қабылдаушының 

Т.А.Ә.

Негізгі жұмыс орны бойынша 

лауазымы

1

03. 12. 2014 



ж.

Молдахметов 

Саят 

Ғазизұлы 



Аудандық орталық аураханның 

бас дәрігері, «Нұр Отан» пар-

тиясы Айыртау АФ-ның сыбайлас 

жемқорлықпен күрес жөніндегі 

Қоғамдық Кеңесі төрағасының 

орынбасары (келісім бойынша) 

2

10.12. 2014 ж.



Ахметжанов 

Болат 


Қадырұлы

«Нұр Отан» партиясы АФ-ның 

сыбайлас жемқорлықпен күрес 

жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің 

мүшесі, «Нұр Отан» партиясының 

АФ төрағасының  бірінші орынба-

сары

3

24.12. 2014 ж.



Галиаскарова 

Альфия 


Васильевна

«Нұр Отан» партиясы Айыртау 

АФ-ның  сыбайлас жемқорлықпен 

күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің 

мүшесі, аудан әкімінің құқықтық 

мәселелері жөніндегі кеңесшісі 

(келісім бойынша)

 Ескерту: Азаматтарды қабылдау апта сайын сәрсенбі күндері 15.00-19.00 

сағатта  филиалдың  кеңсесінде  мына  мекен-жайда  жүргізіледі:  Саумалкөл 

селосы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42-А (2 қабат).

Қабылдауға алдын ала жазылу мына телефондар арқылы: 20-242, 79-062. 

2014 жылдың желтоқсан айында «Нұр Отан» 

партиясы Айыртау аудандық филиалының сыбайлас 

жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің 

мүшелерімен азаматтарды қабылдау кестесі

Қарашаның 27-і күні жетім және ата-

аналарының қамқорлығынсыз қалған 

балаларға арналған Айыртау мектеп-

интернатында  «Бөбек»  қорының 

Президенті Сара Назарбаеваның ба-

стамасымен, Қазақстан Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрлігінің 

Балалар  құқығын  қорғау  жөніндегі 

комитетінің қолдауымен «Ризашылық» 

– «Мейірімділік балалар игілігі үшін!» 

атты қайырымдылық мерекесі болып 

өтті.  

Қайырымдылық мерекесінің негізгі 

мақсаты – балаларға көңілді отбасылық 

күй  сыйлау,  бүлдіршіндерді  ересек 

жандардың ыстық ықыласына бөлеп, 

ерекше назар аудару. Бұған қоса атау-

лы  мереке  мектеп-интернаттардың, 

балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің 

өміріне  етене  араласқан  барлық 

адамдарға  олардың  ризашылық 

сезімдерін қалыптастырып, балалар-

ды адамдарға түсінушілікпен қарауға, 

сыйластыққа,  қайырымдылық  пен 

мейірбандылық қағидалары бойын-

ша  өмір  сүруге  үйретіп,  мәдениетті, 

келісім  мен  бірлікті  дамытуға  ынта-

ландырады. Балалардың алғыстары 

ізгі естелікпен, жақсы істермен, жылы 

сөздермен көрініс табады. Шара соны-

мен қатар жетім және ата-аналарының 

қамқорлығынсыз қалған балалардың 

мәселелеріне қоғамның назарын ауда-

руды көздейді.

Айтулы  қайырымдылық  шара  

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті  күніне  орайластырылып 

мектеп-интернат ауласында балалардың 

қысқы  спорт  түрлерімен  шұғылдану 

мақсатында  жасалған  стандартқа  сай 

жаңа хоккей кортының салтанатты ашы-

луымен бастау алды. 

Жаңа  хоккей  алаңының  салтанатты 

таспасын кесу құқығы аудан әкімі, «Нұр 

Отан»  партиясы  Айыртау  аудандық 

филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров 

пен  Айыртау  мектеп-интернатының 

тәрбиеленушісі, жас спортшы Юрий Бер-

дюгиндерге берілді. 

Салтанатты ашылу рәсімінде мектеп-

интернатының  тәрбиеленушілері 

м ен   т ә р б и е ш і ле р і н   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

күнімен  құттықтаған  аудан  басшысы 

Ағзам Ахметжанұлы аталмыш спорттық 

нысанның  ашылуы – салауатты  өмір 

салтын қалыптастырып, дене шынықтыру 

мен спортты насихаттауға бағытталған 

ерекше оқиға екенін атап өтіп, Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы арқасында 

спорттың  дамуын  жан-жақты  қолдау 

еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 

басымдықтарының  бірі  болып  табы-

лады  дей  келе,  мектеп-интернаттың 

тәрбиеленушілеріне жаңа хоккей форма-

ларын сыйға тарту етті.

Салтанатты ашылуда сөз алған жас 

спортшы  Юрий  Бердюгин  шынайы 

қамқорлығы  үшін  аудан  басшысына 

және мереке қарсаңында балалар игілігі 

үшін  ашылып  жатқан  жаңа  спорттық 

нысанның  құрылысына  атсалысқан 

азаматтарға  барлық  мектеп-интернат 

тәрбиеленушілері  атынан  зор  алғысын 

жеткізді.  Салтанатты  шараның  соңы 

интернат тәрбиеленушілерінің спорттық 

өлең  жолдарымен  жалғасып,  ұстаздар 

ұжымының  «Чемпиондар»  әнімен 

аяқталды.

Осындай  жаңа  хоккей  алаңдары 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті  күніне  орай  Дауқара  және 

Шалқар  ауылдарында  да  салтанатты 

түрде ашылды.

Ризашылық күні адамдар жақындарына 

қамқорлық көрсетіп, бір-біріне алғыстарын 

білдіреді. Бұл – ерекше күн. Ол таңертеңгі 

бой жазу жаттығуынан басталып, кешке 

дейін  жалғасады.  Мерекенің  әр  кезеңі 

мұқият ойластырылады. Жетім және ата-

Мереке мезеті

Мейірілімдік – балалар игілігі їшін

аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 

білім беру ұйымдарында әрқайсысының 

міндеттері алдын ала бөлініп, алдағы ме-

рекеге зор ынтамен дайындық жүргізіледі. 

Балалар  үлкендермен  бірлесіп,  алғыс 

жазылған ашық хаттар дайындап, қабырға 

газеттерін  шығарады,  тақырыптық  ко-

стюмдер әзірлеп, өздерінің бөлмелерін 

безендіреді.  

Айыртау  мектеп-интернатының  кіре 

берісі мерекелік тұрғыда безендіріліп, Ай-

ыртау ауданы әкімінің балаларға арналған 

жаңа хоккей формалары, интернаттағы 

жанұялардың  демеушілерінің  арнайы 

сыйлықтары (жиһаздар, тұрмыстық тех-

никалар) орналастырылған.

Қайырымдылық мерекесіне қатысқан 

аудан  басшысы, «Нұр  Отан»  партия-

сы  Айыртау  аудандық  филиалының 

төрағасы Ағзам Тастеміров демеушілер 

сыйға тарту етілген сыйлықтарды аралап 

көрді.


Сонан  соң  акт  залында  ұйымдас-

тырылған мерекелік шараға ұласты. 

Салтанатты  мерекені  ашқан  жетім 

және ата-аналарының қамқорлығынсыз 

қалған  балаларға  арналған  Айыртау 

мектеп-интернатының  директоры  Еле-

мес Қалиев интернат тәрбиеленушілерін 

құттықтай келе, аудан басшысы Ағзам 

Ахметжанұлы мен демеушілерге алғысын 

жеткізді. 

Жеткіншектер алдында сөз алған ау-

дан әкімі  Ағзам Тастеміров: «Бостандық 

пен  теңдікті  арқау  еткен,  Тәуелсіз 

Отанымыздың  іргетасын  қалаушы 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті  күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймын  және  де  игі  мейрам 

–  Ризашылық  күні  де  құтты  болсын! 

Болашақта  тәуелсіз  мемлекетіміздің 

қадірлі азаматтары болып, Отанымыздың 

игілігі үшін еңбек ететіндеріңе сенімдімін. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол 

–  болашаққа  бастар  жол»  атты  Жол-

дауында барлық қазақстандықтарды өз 

елінің патриоты болып, Отанымыздың 

дамып, алға басуына бар ынта-жігерлерін 

қосу  керек  деп  атап  көрсетті.  Көбірек 

оқып,  ой-өрістеріңді  кеңейтіп,  оқуда 

жоғары  жетістіктерге  жете  беріңдер. 

Ынтамен  оқыған  адам  ғана  көздеге 

мақсатына жетеді» - дей келе, балалар-

ды айтулы мерекемен және Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

күнімен құттықтап, әр балаға бақыт пен 

шаттық тіледі. 

  «Ризашылық»  мерекесінде  мектеп-

интернаттағы әр отбасының демеушілері 

сахна төрінде өздерінің қамқорлығындағы 

отбастары мүшелерін айтулы мейрамда-

рымен құттықтап, өздерінің сыйлықтарын 

табыстаса,  интернат  тәрбиеленушілері 

өздерінің шексіз алғытарын демеушілеріне 

қолдан  жасаған  арнайы  ескерткіш 

сыйлықтарын да тарту етті. 

Мерекелік дастархан басында әр отба-

сы өз демеушілерімен бірге көңілді әндер 

шырқап мәз болса, дастарханға әкелінген 

алып тәтті торттан да құр қалмады.

Мерекелік шара түстен кейін аудандық 

Мәдениет  үйінде  арнайы  мектеп-

интернаттың  тәрбиеленушілеріне  ар-

налып  аудан  орталығындағы  мектеп 

оқушыларының  күшімен  дайындалған 

мерекелік концертке ұласса, кешкі аста 

интернат  тәрбиеленушілері  өздерінің 

ұстаздары  мен  тәрбиешілеріне  жүрек-

жарды алғыстарын жолдады. 

Бұл  күні  балалар  мен  ересектер 

жылулық  пен  қуаныш  ахуалында  бір-

бірімен  Ризашылық  күнінде  алған 

әсерлері туралы емін-еркін бөлісті. Бұл 

– ең бастысы.

Әрине,  «Ризамыз бүгінге біз, ризамыз 

қазірге!»  деген  алғыс  сөздері  балалар 

жүрегінде мәңгі қалатыны сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет