4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары



бет1/16
Дата22.06.2022
өлшемі65,24 Kb.
#37199
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

4«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Құрастырушы: Мышбаева Г.М.


  1. Балабақшада және мектепте тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы. Үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты, негізгі ұстанымдары

Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық салт-дәстүрлерге және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік, физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды және олардың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, тәрбиелеу, дамыту және оқыту мндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйым, мектеп пен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.



  1. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің бугінгі таңдағы жетілу жолдары

Мектепке дейінгі педпгогикадан бөлініп, элементтер математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми, оқыту саласы болып табылады. Бұл саланың зерттеу пәні- қоғамдық тәрбие жағдайында элеметтер математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі процесінің негізгі зандылықтарын зерттеуі болса. Әдістеме шұғылданатын міндеттер деңгейі өте кең, олар:
-Әр жастағы балалардыңсандық, кеңістік, уақыттың т.с.с математикалық түсініктерді даму деңгейіне қойылатын бағдарлы талаптарды ғылыми түрде негіздеу.
- Бала бақшасында, мектепте математика балаларды дайындауға арналған нақты материалдың мазмұнын анықтау.
-Бала бақша бағдарламасындағы математикалық ұғымдарды қалыптастырудың материалдарды жетілдіру. Әдістеменің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың элементар математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесінің дидиһактикалық негіздкрін жасау және зерттеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды элементар математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі теориялық базасы болып философия,педагогика,психология,математика жалпы принципиальдық, бастапқы қағидалары ғана табылмайды. Олар мен қатар бұл сала педагогикалық жүйе ретінде өзінің меншікті теориясына ие: Бұлар: - ғылыми ізденістердің (мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер жиыны т.с.с)нәтижелері баяндалған ғылыми зерттеулер,жариялымдар; - бағдарлы инструкциялық құжаттар (бала бақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулар т.с.с ) - әдістемелік әдебиет (арнайы журналдардағы мақалалар, ата-аналарға тәрбиешілерге арналған құралдар,ойындар мен жаттығулар жинақтары, әдістемелік ұсынылымдар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет