5 -бет 6 -бет жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №3



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі3,76 Mb.
#9693
1   2   3   4

Сəуле Əбединова

«Ақжүніс – Астана» 

журналының бас редакторы.

–  Оңай  еш  нəрсе  жоқ.  Қиын 

дей  берсек,  бəрі  қиын.  Мəселе 

сол  қиындыққа  мойымауда  бол-

са  керек.  Журналистиканың 

арқасында ел көрдім, жер көрдім, 

небір  мықтылармен  дəмдес 

те  болдым,  сырлас  та  болды, 

жолдас  та  болдым.  Сондықтан 

шағымданбаймын.



Айқын газеті

Айнаш Есали, 

«Егемен Қазақстан» газетінің 

шолушысы, Қазақстан жур-

налистика академиясының 

жалпыұлттық «Алтын 

Жұлдыз» сыйлығының 

иегері

Журналистика  мамандығы 

нағыз əйел адамдардың кəсібі 

ме  деп  қаламын.  Өйткені, 

Алла  тағала  əу  баста  əйелді 

сөзге жақын, ақпарат жинауға 

бейім  етіп  жаратқан  ғой. 

Əрине, бұл – қалжың. Өзің айтқандай, қай мамандық оңай 

дейсің.  Əйелдің  ең  машықтанған  жақсы  мамандығы  – 

жақсы  ана,  жақсы  жар  бола  алуы  керек.  Журналисти-

ка  əйел  адамға  қол  емес  деген  пікір  жалпылама  «жур-

налистер  үй  бетін  көрмейді,  сенсация  қуып  салпаңдап 

жүре береді» деген үстірт көзқарастан туындаған шығар. 

Ақиқатында, мүлде олай емес. Менімен сыралғы адам-

дар,  мен  үшін  отбасының  тазалығы,  баланың  тəрбиесі, 

дастарханның  берекесі,  ағайынмен  араласу,  достар-

мен дұрыс дос бола білу – мамандығымнан əлдеқайда 

маңыздырақ  екендігін  біледі.  Шындап  келгенде,  мына 

ақпараттық технологиялар заманында бала тəрбиелеуге, 

отбасын  ұстауға,  бəріне  –  бəріне  үлгеруге  журналисти-

кадан қолайлысы жоқ сияқты көрінетіні де бар. Өйткені, 

өзімді басқа мамандық иесі ретінде елестете алмаймын.



Ақжүніс-Астана журанлы

Жанат Бақыт, 

КТК телеарнасының 

жүргізушісі

Ежелден келе жатқан салт бой-

ынша, ер – азамат даланың ада-

мы, жанұяның асыраушысы бол-

са, əйел ошақ қасындағы отбасы 

ұйытқысы, шаңырақтың сүйеніші, 

ақылшысы.  Қазақтың  қай  жыр  – 

дастан,  ертегісін  алмайық,  əйел 

адамды  «нəзік  жан»  ретінде 

əспеттеген.  Алайда,  «нəзіктік» 

деген  ұғымның  астында  үлкен 

өжеттілік,  батырлық  жатыр.  Биік 

шыңда өсетін еңлік гүлін білесіз, 

ол гүлдің төзімділігі мен қайсарлығы əйел іспеттес. Журна-

листика – төзімділікті, шапшаңдықты, рухани парасаттылық 

пен  білімділікті  қажет  ететін  сала.  Жас  қыздарымыз 

қолдарында  микрофон,  кейде  дау–дамайдың  ортасын-

да, не қақаған аязда, тау – таста жүреді. Олар кез келген 

қиындыққа төтеп береді. Тіпті, жігіттермен салыстырғанда, 

қыздар «пысықтау» болатын сияқты. Сол себепті «журна-

листика əйел затына қол емес» деу əбестік болар. Десек 

те,  қыздарымыз  кəсіп,  мансаптың  артынан  жүріп,  табиғи 

міндетін ұмыт қалдырмаса екен дейсің.

Ақжүніс – Астана журналы

Қырықбай Алдабергенов

C.Торайғыров атындағы 

ПМУ Журналистика 

кафедрасының меңгерушісі

Қазіргі  таңда  Бұқаралық 

ақпарат 

құралдарында 

қалам  өрбіткен  журналист 

қыздар  аз  емес.  Мен  КазМУ-

де  оқып  жүрген  сəтімде, 

Қожекеев,  Амандосов  сын-

ды  ұстаздарымыз  қыздар 

қауымына 

журналистика 

қыздар  орыны  емес,  сендер 

болашақ ана, үйдің ұйытқысы болуларың керек деп айтып 

отыратын. Бірақ, бұл ескірген аксиома. «Болатын баланың 

бетін  қақпа,  белін  бу»  –  дегендей.  Егер  де  өнерлі  болып 

тұрса  неге  журналист  болмасқа.  Журналист  қыздар  со-

нау «Айқап» журналы шыққаннан бері бар. Елімізге белгілі 

ақын Фариза Оңғарсынова еңбек жолын журналистикадан 

бастап, содан өмірін ақындыққа жалғаған. Сол себепті де 

журналистика батыл да, пысық, ақылды, өжет қыздардың 

орыны. Жалпы алғанда қыз баласының жаны нəзік болады 

ғой. Ал  журналист  мамандығы сағатпен өлшенбейді,  бұл 

тəулік бойы күрбелең тірлік үстінде жүретін мамандық. Нəзік 

жанды аруларға айтарым – журналистика нақтылықты та-

лап етеді. Халықтың бары мен жоғын жоқтайтын осы жур-

налистер.  Сол  себепті,  өз  мамандығын  шынайы  жақсы 

көретін  мамандар  көп  болса  игі.  Журналист  қыздарымыз 

аман болсын!



P.S.  Қазақ  əйелі  ерге  серік  қана  емес,  елге  де  тірек 

бола  білгені  тарихтан  мəлім.  Мұны  дəлелдеудің 

қажеті  жоқ.  Бүгінгі  қазақ  əйелі  саясатты  да,  түздегі 

жұмысын да, үй шаруасын да дөңгелетіп жүр. Елдегі 

экономикалық  белсенді  8  миллион  адамның  жарты-

сынан  астамы  əйелдер  екен.  Демек,  ел  дамуындағы 

сұлуларымыздың  рөлін  салмақтай  берсеңіз  бола-

ды.  «Қандай  өнердің  болса  да  ең  биік  қасиеті  оның 

шынайлығы»  –  дегендей  Қазақ  журналистикасының 

өрлеуі кəсіби журналистердің қолында. Өнерге бас иіп, 

өз кəсібін жақсы көрсе, «сенің қолынан келмейді, бұл – 

қыздардың жолы емес» – деп бетін қағу қателік болар.

Назгүл РАБИЛОВА

ҚАШҚАР ҚЫЗЫ 

ШЫНАРГҮЛ 

ШОҚАНҒА КІМ?



Ғалым,  этнограф,  саяхатшы  Шоқан-

ның  суретші  болғанын  да  білеміз.  Су-

рет терінде  тек  өзінің  өміріне  қатысты 

адамдар  бейнеленгенін  де  аңғару  оңай. 

Шоқанның  Қашқарияға  барған  сапары-

нан  қалған  естеліктер  көп.  Қашқарияда 

салынған суреттерінде ұйғыр қызының да 

портреті бейнеленген.

 Тарихи деректерге сүйенсек бұл суреттегі қыз 

Шоқанның  қашқарлық  əйелі  екені,  оны  Сəбит 

Мұқанұлы  өз  жазбаларында  Шынаргүл  деп 

атағанын білеміз. «Қашқар қызы» спектаклі 1986 

жылы  Семейдің  Абай  атындағы  музыкалық-

драма  театрында  қойылғанда,  қашқар  қызына 

қазақша Шынаргүл есімі берілген. Ол пьесаның 

сценарийі  бойынша  Қашқарияға  Шоқан 

Əлімбай  саудагер  болып  барады.  Сол  елдің 

салты бойынша Шоқан уақытша некеге тұрады. 

Қашқарлықтар қазақтың жігітіне он алты жастағы 

ең  көрікті  қыздарының  бірін  таңдайды.  Салт 

бойынша, уақытша күйеу кетерінде қызға тақия 

сыйлайды  екен.  Шоқан  бірден:  «Шынаргүлдің 

неше тақиясы бар?» – деп сұрайды. Ол кезде 

Шынаргүлде сегіз тақия жиналыпты. Бұл дəстүр 

«шəукен» деп аталады. Шоқанның өмірбаянын, 

шығармашылығын  сан  жыл  зерттеген  жазу-

шы  Сəбит  Мұқанұлы  қашқар  қызын  ақылына 

көркі  сай,  хат  таныған  білімді,  Шоқанды  құлай 

сүйген деп бейнелейді. Кейіннен Шоқанның да 

сол  ұйғыр  қызына  деген  ынтызарлығы  артып-

ты,  бірақ  қайтар  жол  өте  ауыр  болғандықтан, 

Шоқан  оны  өзімен  бірге  алып  жүре  алмайды. 

Бұл ретте тарих желісі Шоқанды жерасты жол-

дары  арқылы  аман  алып  қалған  осы  қыздың 

əкесі,  демек  қашқарлық  уақытша  қайынатасы 

екенін  де  жоққа  шығармайды.  Шоқанның 

Қашқарияға сапар күнделігінде: «Қашғарлықтар 

мейірбан  əрі  бауырмал,  еңбекқор  жəне  сы-

пайы  халық»  деген  жолдары  бар.  Ұйғыр  қызы 

суретінің  бірнеше  фрагменттік  үлгілері  бар 

екен, бұл сурет Қашқарияға барғанда салынған, 

сондай-ақ,  шығыс  əйелі  бөгде  еркектердің  на-

зарында  отырып,  өзінің  суретін  салғызбайды. 

Бұл деректердің барлығы ол суреттегі əйелдің 

Шоқанның қашқарлық əйелі екенін дəлелдейді. 

Жалпы, Шоқан Шыңғысұлының өмірін отыз жыл 

зерттеген  Сəбит  Мұқанұлының  ғалым  туралы 

жазбалары 960 бетті құрайды екен, ал бір ғасыр 

уақыттан  кейін  Шоқан  жүрген  жолмен  Сəбит 

атамыз да жүріп, Қашғарға арнайы барған. Осы 

мағлұматтар  негізінде  Сəбекеңнің  Шынаргүлді 

«қашқарлық жеңгеміз» деп атауы да тегін емес 

екенін ұғамыз. Жалпы, Қашқарияның заңы бой-

ынша  шетелдік  азамат  ол  елде  бір  айдан  аса 

тұрақтап қалса, оны міндетті түрде үйлендіреді. 

Шоқанның уақытша əйелінен бала қалды деген 

де қауесет бар, бірақ бұл тарихи дəлелденбеген. 

Шынаргүл Шоқанға басқалардай тыңшы ретінде 

емес, ыстық сезіммен қараған, Шоқанға керекті 

деректерді тауып беріп, ақылшысына айналған 

жан.  «Қашғар  қызы»  пьесасы  –  Шоқанның 

махаббаты  жайында.  Аталмыш  туынды 

Қазақстанның 34 театрында сахналанған.



Эльмира Абетжанова

ЖУРНАЛИСТИКА 

МАМАНДЫҒЫ НӘЗІК 

ЖАНДЫЛАРДЫҢ КӘСІБІ МЕ?

6

Көкейкесті

Жұлдыздың түрі көп. Мысалға алатын болсақ, футбол 

жұлдыздары, шоу бизнес жұлдыздары, кино жұлдыздар 

тағысын тағы толып жатыр. Өз елінің зиялылары мен ба-

тырларын білмейтін жас буын, өзге ел жұлдыздарының 

аты  мен  өмірбаянын  жатқа  айтып  береді.  Қазір  биші, 

əнші, күйші, танымал ақын болғандар, бір екі рет теле-

дидардан көрініп, жұлдыз болып шыға келеді. Ол адам 

жұлдыз деген сол атақты көтере алмай қала ма, əйтеуір 

тəкаппарланып, өрескел мінез байқатып жүргеніне де көз 

куə болып, құлақ естіп жүр. Кейбіреулер бұған «жұлдыз 

ауруы» деген ат қойыпты.

Дəл қазір ақпарат құралдары да оларды жұлдызға теңеп 

келеді.  Мысалға  алатын  болсақ,  «Жұлдыздар  отбасы», 

«Жұлдызбен  сырласу»,  «Stars»,  «Жұл дызбен  жүздесу» 

т.б.  толып  жатыр.  Мейлі  елімізде  өнерпаздардың  көп 

болғаны, оларды таныстыратын газет-журналдардың да 

көбірек шыққаны жақсы. Алайда, олар жұлдыз ба немесе 

қарапайым пенде ме? Осы сауал төңірегінде жастардың 

көзқарасын  білсек:  «Жұлдызды  ауру»  дегенді  қалай 

түсінесіз?



Ботагөз, студент

Бірақ менің ойымша жұлдыз болу үшін күндіз-түні та-

янбай  іздену  керек.  Мысалға  алғанда  Қайрат  Нұртас 

өзінің есімдерінің инициалдарынан құралған «КN» есімді 

журналын шығарды. Енді ол ешбір журнал мен газеттер-

ге сұхбат бермейтінін мəлімдеді. Өйткені, бұл журналда 

Қайрат  Нұртас тың  шы ғар ма шылығындағы  гастрольдері 

жайлы то лық жəне анық мəліметтерді алуға болатынын 

айтты.  Ендігі  оның  өзі  жайлы  түсірген  «Өкініш»  атты 

киносы,  жəне  өзінің  сахналық  киімдерін  тігетін  дүкен 

ашпақшы.  Міне,  осылардын  бəрі  «жұлдызды  аурудың» 

белгілері  емес  пе?!  Бі рақ  қанша  жұлдыз  дертіне 

шалдықса  да  өзінің  тыңдармандары  жайлы  ешқашан 

ұмытқан  емес.  Жылына  бірнеше  əн  мен  бейне  баян 

түсіріп,  өзінің  шығармашылық  концерттерін  беруден 

жалықпайды. Менің ойымша жұлдыздарымызға ізденіс, 

шабыт керек.

Əсел Құлжанова, 2010 жылы «Минута славы» 

байқауының бірінші орын иегері, С.Торайғыров 

атындағы ПМУ Орындаушылық өнер 

кафедрасының 4 курс студенті

Мен 2010 жылы «Минута славы» байқауының бірінші 

орын  иегері  болдым.  Жақында  мамыр  айында  өтетін 

«Жұлдызды  сəт»  байқауының  жартылай  финалына 

қатыспақпын.  Республикалық  байқауларға  атсалысып 

жүрсем  де,  өзімді  ешқашан  жұлдыз  санаған  емеспін. 

Мен  үшін  халықтың  сөзін  əн  арқылы  жеткізу,  оларды 

қуанышқа бөлеу – таптырмас бақыт.



Айгерім, студент

  «Жұлдыз»  ауруының  кең  етек  алғаны  рас.  Оны 

өзіміздің  университет  қабырғасынан-ақ  көре  аламыз. 

Студенттерді  былай  қойып,  оқытушылардың  «жұлдыз 

ауруымен» сырқаттанып қалғанын естіп те, ендігі біліп те 

жүрміз. Анандай-мынандай ғылым докторы, профессор 

болғанына  мастанып,  өзінің  біздей  адам  екенін  естен 

шығарғаны өкінішті-ақ…



Қымбат, студент

 Менің ойымша қазіргі уақытта «жұлдыз ауруымен» бір 

ақ рет сахнаға шыққан адам да науқастануы мүмкін. Бір 

концерттен  кейін  өзін  жұлдыз  санап,  көкіректерін  керіп 

жүргендерді кездестіріп жүрміз. Өнер – өте киелі ұғым. 

Кешегі Күлəш, Динаралар халықты əн-күйлерімен қуанту 

үшін  шықса,  қазіргі  уақытта  əншілер  сыртқы  имиджін 

көрсету үшін, əннің сөзіне мəн бермей – сапасыз орын-

дап  жүргендерді  естіп  жүрміз.  Жұлдыз  ауруы  –  бүгінгі 

сахнаның дертіне айналып отыр. Өнер жолын таңдаған 

жастарға  айтарым  əннің  естісін  тыңдап,  есеріне  бас 

ұрмаса абзал.



Қазір  не  көп,  əнші  көп.  Солардың  кейбірінің 

көксегені  сол  бір  өнерден  нанын  тауып  жеу  емес, 

атаққұмарлық,  көзге  түсіп  елге  танылсам  деген  ой 

болса керек. Əйтпесе, көп адам жұлдыз 

болмай-ақ  напақасын  тауып  жүр. 

Қайта  қалталылардың  балалары 

қалтасынан барын беріп, əйтеуір 

танылудың  жолын  іздейді.  Не 

десеңіз  де,  көбісі  əнші  болуды 

қалайды.  Себебі,  қазір  дауысы 

мен бойында дарыны бары да 

жоғы  да,  дауыс  жаздырып, 

əрлеп,  көп  алдында  аузын 

жыбырлатып  əн  айтып 

жүр.  Сөйтіп  жүріп  олар 

«жұлдыз»  деген  ардақты 

атқа ие болып қалады.

Айзада АҚПАЙ



КӨЗҚАРАС



Жат жерге барып.

Ақ жаулық тағып,

Айналар ертең анаға – деген өлең шумақтарында 

баян дал ғандай. Қазақ халқы қыз баланы əркез «жат 

жұрттық» – деп бағалап, қадірлеп өсірген. Тұр мысқа 

ерте шығып кету жайты жəне керісінше жасы отызға 

келгенге дейін шаңырақ көтермеген ару қыздарымыз 

аз  емес.  Бүгінгі  қоғамның  маңызды  мə селелерінің 

біріне айналып отыр.

Ерте жастан некелесу Молдова, Грузия, Түркия жəне 

Тəжікістан  елдерінде  жиі  кездеседі.  Ал  біздің  елімізде 

тұрмыс құру мəселесі БҰҰ Балалар қорының зерттеуінде 

Қазақстанда  15-18  жас  арасындағы  4,5 %  бойжеткен 

тұрмысқа  шыққан.  Олардың  ішінде  Шығыс  Қазақстан, 

Ақмола, Маңғыстау облыстарында жастай некелесу көп. 

20-24 жас аралығындағы қыздардың 19 % 18 жасқа жет-

пей тұрмысқа шыққан. Зерттеушілердің айтуынша, ерте 

тұрмыс  құру  қыздардың  физикалық  жəне  пси хикалық 

жағдайына теріс əсер етеді. Алайда, бұл пікірді елемей 

ерте отау құрып жатқан жандар да баршылық. Мəселен, 

студенттік жылдардың ащысы мен тұщысын бірге татып 

жүрген,  Айнұр  мен  Нұрлыбек.  Шаңырақ  көтергендеріне 

екі жылға жетіп қалды. Айнұр мен Нұрлыбек студенттер 

үйінде  тұрады.  Отбасын  ерте  құрғандарына  өкінбей, 

керісінше бір – біріне бауыр басып, барлық қиындықты 

бірге  бастарынан  өткізуде.  Себебі,  ертеңгі  болашаққа 

деген  сенім  бар  бұл  жұпта.  Есеппен  емес,  шынайы 

махаббатқа  бас  иіп,  екі  жарты  бір  бүтін  болып,  барлық 

қиындықты жеңіп, болашақта үлгілі отбасыға айналатын-

дарына кəміл сенеді.

Бүгінгі қоғамда Қазақстанда тұрмыс құрмаған 350 мың 

қыз бар. Осы қыздарымыз өз бақтарын өздері таппай жүр 

ме? Əлде, жігіттер қауымының қыз таңдау мəселесінде 

белсенділігі жоқ па? – деген сұрақ туындайды. Əр адам 

үшін  тұрмыс  құру  жауапты  шақ.  Көп  жерде  қателесуге 

қорықатын арулар, өзімді – өзім жасаймын деген мақсат 

қояды. Жоғары білім алып, жақсы қызметке орналасып, 

жеке басына көңіл бөлуге де уақыт таппай жатады. Осы 

орайда біз де Анар есімді арудан пікір алдық.

«Əр адам дүниеге келгенде бақытты болу үшін келеді. 

Бақыт құсы қалықтап ұшып кетпеу үшін оны дер кезінде 

ұстап алу керек. Мен жастайымнан оқу оқып, өзіме – сөз 

салған  жігіттерді  елемеппін  де.  Ал  қазір  сол  азаматтар 

бір үйдің отағасы болып отыр. Жас кезімнен алға қойған 

мақсатқа  жету  үшін  көп  тер  төктім,  бүгін  де  еңбегім  өз 

жемісін  беріп  отыр.  Жоғары  білім,  тұрақты  жұмысым, 

үйім  де,  көлік  те  бар.  Алайда,  уақыттың  қалай  өтіп 

кеткенін  білмей  қалдым.  Жастарға  өз  атымнан  айта-

рым – əр адам өмірінде өзі таңдау жасайды. Ең бастысы 

бақыт құсы ұшпасын десеңіз жаныңызда жүрген жанды 

бағалаңыз».

Түйін сөз: Алла Тағала əр кімді жұп – жұбымен жа-

растырады. Өз жұбын табу– жауапты шақ. Ең басты-

сы ерте де емес, кеш те емес барлығын өз уақытымен 

өткерген  абзал.  Сіздің  таңдауыңыз  –  ертеңгі  қазақ 

қоғамының айнасы екенін ұмытпасаңыз болғаны.

Назгүл РАБИЛОВА

ҚЫЗ МҰРАТЫ – КЕТУ

Ольга Кольох, 

Психология ғылымдарының 

кандидаты, доцент

Жұлдызды  ауру  дегеніміз  не?  "Жұл-

дыздың"  дамуына  қоршаған  орта  себеп 

болады.  Жұлдызды  ауру  бөлек-бөлек 

себептерден  пайда  болады.  Бұл  дерт 

адамның  балалық  шағынан  бастау  ала-

ды.  Алғашқы  бүлдіршін  кезіндегі  баста-

латын табыстары, басқалардың мақтауы 

«жұлдызды дерттің» бастапқы белгілерін 

қалыптастырады. Ол жан кейін тіпті жан-

жақтан  келетін  мадаққа  үйреніп  алады. 

Олар  «жұлдыз  ауруына»  шалдығуына 

бейім  келеді.  Бұл  дертке  бейім  адам 

күтпейтін ақиқатты мойындағысы келмей, 

қай  саланы  меңгерсе  де  мақтау  күтетін 

болады.  Жұлдызды  ауру  атақтыларға 

ғана  тəн  құбылыс  емес.  Бұл  дертке 

шалдығып қалуына себеп болатын жайт-

тар  мыналар:  фото  суреттерінің  əр  жер-

де  насихатталуы,  сахнаға  жиі  шығып 

тұруы  жəне  өзге  де  танымалдыққа 

итермелейтін  істермен  шұғылдануы. 

«Жұлдызды  ауру»  адамның  өз  əлеміне 

деген  айрықша  назарынан  басталады. 

Өзінің қашанда басқалардың көзінде бо-

луды  маңызды  санайтын  жандар.  Ал, 

кейін  атақ-даңқ  оларға  қиындықтардан 

қиналмай  өтуге  көмектесетін  құрал 

іспеттес  болады.  Оларға  бəрі  саусақпен 

шертіп  жіберу  арқылы  нəтижеге  жету-

ге  болатыны  қызықтырады.  Олардың 

іс-қимылдарынан  басқа  адамдардың 

олар  жайында  «жұлдыздар»  деуінің  өзі 

оларды  қанағаттандырады.  Бұл  адам-

дар басқаның сөзін аяқ асты етуге бейім 

келеді,  ал  өздерін  ма ңайын да ғы лар-

дан  жоғары  санайды.  Жұлдызды  дертке 

шалдыққандар  тəкаппар,  өзін  еркін  ұс-

тайтын  жан  болып  көрінуі  əбден  мүмкін. 

Еркіндіктің астарында тəуелділіктің де ба-

рын  өздері  байқай  бермейді.  Жұлдызды 

ауруымен ауырған адам асқақтаушылыққа 

бой  ұрып,  назарларға  мұқтаж  бола  ба-

стайды. Яғни, басқалардың тамсануының, 

көзайымының  құлы  бола  береді.  Бұл 

дертпен  ауыратын  жандар  өте  көп.  Көп 

жұлдызды  дерт  шипасына  бөлек-бөлек 

психологиялық əдіс-айлалар болады.



ЖҰЛДЫЗ  ДЕГЕН  ЖАРАТУШЫНЫҢ  ЖАРАТҚАН  БІР  КЕ РЕ МЕТІ.  ҚАРА  АСПАНДЫ  НҰРЛАН-

ДЫРҒАН КЕРЕМЕТКЕ НЕ ЖЕТСІН. АЛ, СОНДАЙ КЕРЕМЕТКЕ КЕЙ АДАМДАР ӨЗДЕРІН ТЕҢЕП 

ƏУРЕ. РАС, ҚАЗАҚТАР ӨНЕРГЕ ЖАНЫ ҚҰМАР ХАЛЫҚ. ӨНЕР ДЕСЕ ІШКЕН АСЫН ТАСТАЙ 

САЛА,  ҚОЛДАУ  БІЛДІРЕДІ.  ӨНЕРПАЗДАРЫН  ТӨРІНЕ  ШЫҒАРЫП  ҚҰРМЕТТЕГЕН  ДАРХАН 

МІНЕЗ ИЕЛЕРІ. АЛАЙДА, СОЛАЙ БОЛА ТҰРА АҚИҚАТТЫ АШЫП АЙТҚАН ҚАЗАҚ, ӨНЕР МАЙ-

ТАЛМАНДАРЫ ҚОЛ ЖЕТПЕЙТІН ЖҰЛДЫЗҒА ТЕҢЕГЕНІ НЕСІ? ЖАРҚ ЕТІП ӨНЕР КӨРСЕТКЕН 

ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖҰЛДЫЗ ДЕЙ БЕРУГЕ БОЛАМА ЕКЕН?!

Жерде жұлдыздар бола ма?



7

Мектеп өмірінен



Бағда Қазиева, 

қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің 

мұғалімі, 37 жас

–  Ия,  мен  дəстүрлі  əнді  сүйіп 

тыңдаймын. Себебі, бұл əндердің 

сөзі де, əні де жақсы. Əр əннің өз 

айту  мақамы  болады  дейді  ғой. 

Дəстүрлі  əндердің  өз  мəнері,  өз 

тыңдарманы болады.

Айжан Кубентаева, 14 жас

– Əрине тыңдаймын.



Шыңғыс Садық, 16 жас

–  Ия,  мен  дəстүрлі  əнді  тың-

даймын.

Айжан Ықлас, 16 жас

–  Ия,  маған  дəстүрлі  əндерді 

тыңдаған өте қатты ұнайды.

Қымбат 

Тұрархан, 15 жас

–  Бұрынғы  дəуірдегі  халықты 

əуелеткен  əндерімен  жүректі 

баурап  алатын  əнші  –  саз-

герлердің  мұрасын  бүгінгі  таңда 

қазақ 


халқына 

насихаттап 

жүрген  біртуар  өнерпаздардың 

сахна  төрінде  шырқайтын  дəстүрлі  əндерін 

неге  тыңдамасқа!  Əрине,тыңдаймын.  Себебі 

дəстүрлі  ұлттық  əндердің  өн  бойында  қазақ 

елінің салт-санасы, наным-сенімі, дүниеге деген 

көзқарасы  көрініс  табады.Сондықтан  мен  осы 

əндер  арқылы  рухани  байлығымды  арттырып, 

ұлттық рухымды биіктеткім келеді.



Сауалнаманы жүргізген

Рахила Рахимжанова

– Физикаға деген қызы ғу шы лығың жайында сөз етсең?

– Мен дарынды баларға арналған Абай атындағы №10 

лицей  мектебінде  оқимын.  Бала  кезден  химия  физика 

пəндерін  жақсы  меңгеру  мен  үшін  мақсат  еді.  Шынына 

келетін болсақ, бастапқыда физика пəнін жақсы меңгере 

алмадым. Бірақ, уақыт өте келе, есейе келе физикаға де-

ген қызығушылығым арта түсті. Осы қызығушылығымның 

арқасында  ғылыми  жоба  жазуға  бел  байладым.  Осы 

ғылыми жобамен облыстық ғылыми жобалар сайысына 

II орын алып, Москвада өткен халықаралық ғылыми жо-

балар сайысынан I жүлделі орын алдым.

–  Бұл  сенің  тырнақ  алды  зерттеу  жұмысың  ба, 

əлде бұдан бұрын да ғылыми жұмыспен айналысып 

көріп пе едің?

–  Бұл  менің  ең  алғашқы  сəтті  жұмысым  деп  айтуға 

болады.  Алдыңғы  жылдары  қанша  ғылыми  жұмыспен 

шұғылдану  ойымда  болғанымен  əрекет  ете  алмадым. 

Бірақ  бірінші  жазғаннан  бірден  осындай  жетістікке 

жеткеніме қатты қуаныштымын.



–  Ғылыми  жұмысының  тақырыбы  қандай  жəне 

оның өзектілігі неде?

– 

Ғылыми 



жұмысының 

тақырыбы: 

«Жүрек 

импульстерінің  портативті  фиксаторы».  Медициналық 



аппарат адам бойындағы электр импульстерді тіркеу сол 

арқылы  физикалық  үдерістердің  принципін,  жұмысын 

білу.  Жүрек  сырқатымен  ауыратын  науқастарға  жүрек 

соғысын өлшейтін құрылғы қашанда қажет.



–  Сенің  құрылғыңның  қазіргі  медицинада  қолда-

нып жүрген құралдар дан айырмашылығы не?

–  Қазіргі  құрылғылардан  айырма шылығы:  біріншіден, 

шағын.  Екіншіден,  қолданысы  оңай  жəне  электр  тогын 

аз жұмсайды. Тағы бір ерекшелігі жүрек импульстерін аз 

уақыт аралығында анықтап бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет