5 -бет 6 -бет жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №3


– Осы жобаны жасауға не түтірткі болды?



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.03.2017
өлшемі3,76 Mb.
#9693
1   2   3   4

– Осы жобаны жасауға не түтірткі болды?

–  Ата-анам  дəрігер  мамандары  бол ғандықтан  ата  – 

анамның  кеңесі  бойынша  бұл  жобаны  жасауға  бел  бу-

дым. Қазіргі медицинаға қандай да бір үлесімді қосқым 

келді.

–  Ғылыми  зерттеу  барысында  кімдермен  жұмыс 

жасадың?

– Ұстазым əрі ғылыми жұмысымның жетекшісі Н. Ка-

римова.  ПМУ-дың  ғалымдарынан  жəне  құрылғы  жаса-

ған  кезде  техникалық  мектептің  ұстаздарынан  кеңес 

алдым.

– Москвада өткен халықаралық ғы лы ми жоба сай-

ысы туралы айтып өтсең?

–  Бізді  көрші  мемлекеттің  адамдары  жақсы  қарсы 

алып күтті. Қанша əдемі жерлерді көрсем де туған еліме 

ешқандай мемлекеттің əдемілігі жетпейтіне көзім жетті.



– Зерттеу барысында қандай əсер алдың?

– Бұл тақырып маған түсінікті, таныс болғандықтан,əри-

не жақсы əсер алдым. Кішкентай кезімнен ғалымдар мен 

жұмыс  жасау  мен  үшін  үлкен  арман  еді.  Осы  ғылыми 

жобамның  арқасында  көптеген  армандарым  орындал-

ды. Біріншіден, жобам ойдағыдай шықты. Екіншіден, шет 

елге шықтым. Үшіншіден білімнің шыңынан көріндім.

– Болашақта осы ғылыми жобаны жал ғастыратын 

ойың бар ма?

– Болашақта ғылыми жоба жазу ойымда бар. Бірақ осы 

ғылыми  жобаны  жалғастыратын  ойым  жоқ.  Көкейкесті 

мəселелерді  көтеретін  тақырыпта  ғылыми  жұмыспен 

айналысқым келеді.

– Ал, Шыңғыс енді оқырманға айтар тілегің қандай?

– Мен оқырман жастарға айтар тілегім: уақытты босқа 

өткізбей  қызықтыратын  тақырыптарды  таңдап,  зерттеп 

білімдеріңді  шыңдай  беріңдер 

дегім  келеді.ең  бастысы  оқушы 

зерттеу  жұмысын  жазар  алдында 

алдына  бір  мақсат  қойып,  соған 

жете білу керек.



– Шыңғыс сені əлі де білімнің 

шыңынан  көреміз  деген  сенім-

деміз.

Сұхбаттасқан 

Жанар Еркебұлан

Балдың емін 

бағалайық

• 

Ара балының құрамында адам ағзасына пай-



далы  60  түрлі  зат  бар.  Мысалы,  глюкоза,  минералды 

тұздар,  ферменттер,  витаминдер,  радиоактивті  анти-

биотиктер жəне басқа заттар.

• 

Бал асқазан жұмысын реттейді. Таңертең күн 



сайын  бір  стакан  суға  салып  ішсе  өте  пайдалы.  Бал 

бала ағзаның түрлі ауруларға қарсы күресуін арттыра-

ды,  гемоглабиннің  құрамын  көбейтеді.  Балды  əсіресе 

сүт немесе жеміс-жидек тағамдарына қосып жеген пай-

далы.

• 

Жатар  алдында  бір  стакан  суға  бір  ас  қасық 



бал салып ішсе, адам жақсы ұйықтайды.

Жеміс-жидектердің  пайдасы  туралы  аз  жазылып 

жүрген  жоқ.  Ал,  шырындардың  шипагерлігі  тура-

лы  білгілерің  келе  ме?  Ондай  болса,  мұқият  оқып 

шығыңдар.

• 

Алма шырыны



Жүрек  қан  тамырлары  жүйесін  нығайтады,  ақыл-

ой  қабілетін  күшейтеді.  Ағзада  ауыр  металдарды, 

радио  нуклидтерді  «қуады»,  сонымен  қатар  жұмысқа 

құлшынысты арттырып, сананы оятады.

• 

Томат шырыны



Бұл  ағзадағы  шамадан  артық  қышқылыдың  əсерін 

басатын,  қан  айалымы  қызметін  қалыпты  жағдайға 

түсіретін  микроэлементтерге  бай  шырын.  Қантты  əрі 

крахмалды  тағамдармен  арластырып,  сондай-ақ  етті 

тамақтармен  қатар  ішуге  болмайды.  Ондайда  өзінің 

емдік қасиетін жоғалтып алады.

• 

Жүзім шырыны



Қан  құрамын  тазалап,  ағзадағы  холестеринді  азай-

тады.  Бауырға,  бүйрекке  өте  пайдалы.  Осы  аталған 

мүшелерді  зиянды,  уытты  заттардан  тазалайды. 

Қарапайым  тіршілік  пен  күнделкті  күйбең  жұмыста 

жүйке  жұқарып,  шаршағанда,  күш-  қайрат  кемігенде 

əлденуге көмектеседі.

Тістерің  аппақ  əрі  жылтырап  тұрсын  десеңіз, 

лимонның  қабығын жұқалап  кесіп,  кəдімгі  еріген  тұзға 

аунатып, сол лимонмен тісті үйкелеу қажет.

ДӘСТҮРЛІ ӘН ТЫҢДАЙСЫЗ БА?

Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жəдігерліктерінің 

ішінде  ғасырлар  сүзгісінен  өтіп,  бүгінге  жеткен  көл-көсір  əн  қазынасы 

ерекше  орын  алады.  Қазақ  дəстүрлі  əні  –  қазақ  жанының  ғасырлар 

көшінде  шаң  баспаған  сырлы  айнасы,  халық  рухының  ықылымнан 

тіл қатқан тірі куəгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі, аңсар-

мұраты,  қайғы-мұңы,  сағыныш-шері,  үкілі  үміті,  қуаныш-шаттығы 

барлығы  да  осы  дəстүрлі  əндердің  құшағында.  Данышпан  Абай: 

“Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең”, – 

деп толғайды. Қазақ елінің əлемдік мəдениетіне қосар үлесі де күйімен, 

жырымен  бірге  осынау  дəстүрлі  əн  мұрасы  екенінде  күмəн  жоқ.  Енді 

осы  күнде  біз  қаншалықты  дəстүрлі  əн  тыңдайтынымызды  анықтау 

үшін  біздің  №10  Абай  атындағы  дарынды  балаларға  арналған  лицей-

мектебінде сауалнама жүргіздік.

 



БІЛГЕНГЕ МАРЖАН



 



ЕРТІС ДАРЫНДАРЫ



САДЫҚ ШЫҢҒЫС – ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА 

АРНАЛҒАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ №10 ЛИЦЕЙ 

МЕКТЕБІНІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ. 

ШЫҢҒЫС ФИЗИКА ПӘНІН ЖАНЫНДАЙ 

ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, БОЛАШАҚТА ФИЗИКА-

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҒАЛЫМ БОЛУ АРМАНЫ. 

ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ӨЛШЕЙТІН ЖАҢА 

БАҒЫТТАҒЫ, ҮЛГІДЕГІ ҚҰРЫЛҒЫ ОЙЛАП 

ТАУЫП, ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР 

САЙЫСЫНА II-ОРЫН АЛЫП, МОСКВАДА 

ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР 

САЙЫСЫНАН I-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНІП 

КЕЛДІ. ОСЫ ОРАЙДА ШЫҢҒЫСТЫ 

ӘҢГІМЕГЕ ТАРТҚАН ЕДІК.

ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ӨЛШЕЙТІН 

ҚҰРЫЛҒЫ ҚАШАН ДА ҚАЖЕТ


ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

С.Торайғыров 

атындағы Павлодар 

мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: Ұ. Төлеу, 

Н. Рабилова, А. Солтан.



Кеңесшілер: Қ. Алдабергенов, 

Ж.Бижан, А. Тойшыбайұлы, 

Г.Кенжебалина.

Мекен-жайымыз:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан 

Республикасының Мəдениет 

жəне ақпарат министрлігінде 

есепке алынып (04.12.2008), ол 

туралы №9722-Г куəлігі берілген.

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС 

баспаханасында басылды.

• ГАЗЕТ  айына бір рет шығады

таралымы 500 дана

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақалалары, хаттары 

редакцияның көзқарасын 

білдірмейді

Еркін сұхбат 



 



БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Зер  қадірін  зергер  білсе,  өнер  қадірін 

тер  төгіп  халқына  қызмет  еткен  өнерпаз 

ғана  білер.  Домбыра  ішектерінде  тұл-

пар ша  шапқан  саусақтар,  бойыңды  бау-

лап алар əуен. Бұл құдіретті күш əркімнің 

бойына  біте  бермейді.  И.Байзақов 

атын дағы  облыстық  филармонияның, 

С.То райғыров 

атындағы 

Павлодар 

мем  лекеттік  университеті  студенттік  фи-

лар мониясының дəстүрлі əншісі Əсел Бо-

таевамен сұхбаттасқан едік.

– Саз əуенге деген қызығушылығыңыз 

қай кезде оянды?

–  Бала  кезімнен  өнерге  деген  қы-

зығушылығым оянды. Алғаш рет бес жа-

сымда  ел  алдына  шықтым.  Тəуелсіздік 

алып, наурыз мерекесін тойлай бастаған 

кезіміз еді. Қолыма домбыра алып, сахна 

төріне шыққанда жеті жаста едім.

–  Дарынның  қасиеті  топырағында 

дейді қазақ. Туған өлкеңіз жайында сөз 

етсеңіз…

–  Ия,  бұл  сөздің  жаны  бар  болар. 

Қасиетті  Баянауыл  жерінде,  Жаяу  Мұса 

ауылында дүниеге келдім. Қазақи тəрбие, 

қасиетті  топырақ  мұның  бəрі  менің  бала 

кезімнен  өнер  жолына  түсуіме  себеп 

болса  керек.  Жаяу  Мұсаның  ұрпағымын. 

Руым  Малғозы.  Нағашы  əжем,  атамның 

қарындасы,  əкемнің  қарындасы  өнерге 

жақын əнші болыпты. Жалпы, өнер арғы 

ата-бабамыз Жаяу Мұсадан дарыған бо-

лар деп есептеймін.



– Əн жазып көрдіңіз бе?

– Бала кезімде жазып көргенмін. Деген-

мен көп рет естіген əуендерім, құлағыма 

келіп əн сияқты болып көрінетін. Өсе келе 

бұл балалығыммен қош айтыстым.

–  Қандай  байқаулар  мен  додаларға 

қатысып, өнеріңізді шыңдадыңыз…

–  1993  ж.  Павлодар  қаласында  өт-

кен  «Жауқазын»  теле  фестивальдің 

же ңімпазы  атандым.  1997  ж  Павлодар 

қа ласында  өткен  екінші  халықаралық 

жас  таланттардың  «Айналайын»  фес-

тивалінің  лауреаты  болдым.  2000  ж. 

Павлодар  қаласында  өткен  үшінші 

облыстық  «Хрустальный  звон»  эстра-

далық  жас  əншілер  сайысының  ди-

пломанты.  2002-2004  ж.  халықаралық 

«Шабыт» фестивалінде «Халық əндер» 

номинациясы  бойынша  қатысып,  əн 

бəйгесінен бағымды сынап көрген жай-

ым бар (Астана қаласы ). 2003 ж. Пав-

лодар  қаласында  өткен  ақын-сазгер 

Естай  Беркімбаевтің  130-жылдығына 

арналған  облыстық  дəстүрлі  əншілер 

сайысының лауреаты атандым. 2003ж 

Хабар  агенттігің  ұйымдастыруымен 

өткен  «Алтыбақан»,  «Ауылдың  алты 

ауызы»  хабарларына  қатысып,  жеке  əн 

шырқап,  қалың  жұрт  назарында  бол-

дым.  2004  ж.  Павлодар  қаласында 

өткен  «Ресейдің  Қазақстандағы  жылы-

на»  арналған  III  халықаралық  «Ертіс 

жұлдыздары» 

фестивалінің 

«Халық 

əндер»  номинациясының  лауреаты,  ал, 



2005  ж.  «Ана  тілі  –  жүрек  үні»  жастар 

арасындағы қазақ тілі фестивалінде «Во-

калды  орындау»  номинациясы  бойынша 

лауреат  атандым.  2007  ж.  «Ең  үздік  му-

зыка  мұғалімі-2007»  IV  Республикалық 

байқаудың  лауреаты,  2008  ж.  М.Ж.  Кө-

пейұлының  150  жылдығына  арналған 

аймақтық  жыршы-жырау,  термешілер 

байқауының  лауреаты,  2010  ж.  əнші-

сазгер Ж.М. Байжанұлының туғанына 175 

жыл толуына орай өткен дəстүрлі əншілер 

байқауының дипломанты, Ж. Шаймерде-

нов атындағы арнайы сыйлық иегері, 2012 

Ж. Елебеков атындағы V Республикалық 

дəстүрлі  əндерді  орындаушылар  сайы-

сында  К.  Байсейтова  атындағы  арнайы 

сыйлықтың иегері болдым.

– Мұндай қиын да қызықты өнер жо-

лын  өткен  өнерпаздың  оқушыларына 

берері көп екендігі сөзсіз.

–  Халық  əндерін  орындаушыларды 

бұрынғы  мен  бүгінгіні  жалғастырып, 

жастарға  өнеге  беріп  жүрген  өнер  иесі 

деуге болады. Олар əр концертте ұлттық 

нақыштағы киімді киіп, өнегелі əндерімен 

көрерменнің  көңілін  баурайды.  Қазақи 

құндылықтарымызды  жас  буынға  на-

сихаттап  жүрген  əпкелеріміз  саусақпен 

санарлықтай.  Мен  өзімді  қазақ  əндерінің 

орындаушысы  санаймын.  Сол  себепті 

де  маған  артылған  жүк  ауыр  болар. 

Халық  əндері  халықтың  тарихынан, 

көне  тұрмыс-тіршілігінен,  мəдениетінен, 

ғұрыптары  мен  дүниетанымынан  хабар 

береді. Ескілікте айтылған жыр-термелер, 

əндер  барлығы  да  ұлтымыздың  құнды 

асыл  мұрасы.  Қазақтың  өнер  қазынасын 

кейінгі ұрпаққа мирас ету біздің міндет.

– Тек білім алып, əн салып қана қой-

май ұстаз да атанып үлгердіңіз?

–  Шəкірт  тəрбиелеп,  білім  беру  үшін 

үлкен  жол  кешу  керексің.  Мен  ұстаз 

атанар  бұрын  өнер  мен  білім  жолынан 

өттім.  2000-2004  жылдар  аралығында 

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мем-

лекеттік  университетінде  «Саз  жəне  əн» 

мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, 

үздік диплом иесі атандым. Осымен білім 

жолын  тоқтатпай  Павлодар  мемлекеттік 

педагогикалық  университетінде  «педаго-

гика  жəне  психология»  мамандығы  бой-

ынша  ма гис тратуралық  білімді  де  үздік 

тамамдап шықтым.



– «Алтыбақан», «Ауылдың алты ау-

ызы»  хабарларына  қатысқанда  əріп-

тестеріңізден алған тəжірибеңіз?

– Əрине үлкен тəжірибе алдым. Өнердің 

келесі  сатысына  көтерілгендей  болдым. 

Бұл  бағдарламаға  мені  арнайы  шақыр-

ды.  Бір  жұма  көлемінде  түсірілім  өтті. 

«Ауылдың алты ауызы» бағдарламасында 

жүр ге німде продюсер байқап, «Майраның 

əндерін  жақсы  орындайсың»  деп  «Ал-

ты бақан»  бағдарламасына  шақырды. 

С.То райғыров  атындағы  Павлодар  мем-

лекеттік  университетінің  қолдауымен 

бардық. Өнер астанасы Алматыда, үлкен 

сахнада өнер көрсетуім өнердегі алғашқы 

қадамдарымның бірі болды.



– Майра Шамсутдинова сынды өнер 

алыптарының ішіндегі жаныңызға жа-

қын орындаушыңыз бар ма?

–  Жалпы  Майраның  өзі  де,  əндері  де 

жаныма жақын. Бұрында заман басқадай 

болды  ғой.  Əйел  адамдардың  халық 

алдында  өнер  көрсетуіне  жақындары 

мен  туыстары  қарсы  болған.  Əн  айтып, 

өнер  көрсетуге  кейде  шектеу  қойылды. 

Ал,  қазір  қыз  балаларға  өнерге  жол 

ашық.  Негізінен,  халық  əндерінің  көбі 

ер  адамдарға  арналып  жазылған.  Ал, 

Майра  əндері  философиялық  мəні  бар, 

қыз  балаға  тəлім-тəрбие  беретін  əндер 

болғандықтан  көбінде  Майра  əндерін 

сүйіп орындаймын.



– Бүгінгі таңда жастардың халық əн-

деріне қызығушылығы қандай?

–  Жаман  деп  айта  алмаймын.  Орын-

даушылығына  байланысты  қызығу шы-

лығы  да  оянып  жатады.  Жалғыз  менің 

насихаттауым  теңізге  тамған  тамшы-

дай.  Ел  болып,  басымыз  біріксе  ұрпақ 

қызығушылығын оята аламыз. Өзім ұстаз 

болғандықтан  барынша  оқушыларыма 

халық  даналығынан  сыр  шертетін  дəс-

түрлі  əндерді  үйретіп,  насихаттаудан 

жалыққан емеспін.

–  Өнер  тəжірибесінде  қызықты, 

естен кетпес сəттер болды ма?

–  Ия,  ондай  сəттер  болды.  Мен  Ел-

басының алдында үш мəрте өнер көрсетіп, 

батасын  алуымды  мақтан  етемін.  Жəне 

де бұл сəттерді өнердегі жетістіктерімнің 

биігі деп санаймын. Бірінші рет 2003 жылы 

Елбасы  С.Торайғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  университетке  келген-

де,  екінші  мəрте  Елбасымыз  Жасыбайға 

келген  іс  сапарында  облыстық  үздік 

өнерпаздар  құрамымен  өнер  көрсеттік. 

Үшінші рет былтырғы Ресей мен Қазақстан 

ара сындағы  ынтымақтастық  форумы 

кезінде өнер көрсеттім. Осы орындаулар-

ды Елбасымыз жоғары бағалап, батасын 

берді.


–  Еліміз  тəуелсіздік  алған  жыл-

дардан  кейінгі  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  музыка  пəніндегі  өзге-

рістер турасында сөз етсеңіз…

–  Аздаған  ренішім  бар.  Себебі  бұрын 

мектеп  бағдарламасында  əн-күй  сабағы 

сегізінші  сыныпқа  дейін  оқытылса, 

қазір  тек,  алтыншы  сыныпқа  дейін  ғана 

оқытылады.  Сабақтарды  азда  болса 

ұлттық  нақышта  өткізсе,  нұр  үстіне  нұр 

болар  еді.  Сатылы  мемлекеттік  бағ-

дарламаны дамытса деген ойдамын.

–  Жас  өнерпаздарымыз  үшін  берер 

кеңестеріңіз болса…

–  Берер  кеңесім  көп.  Солардың  не-

гіз гісі  –  табандылық,  еңбекқорлық.  «Əу 

демейтін  қазақ  жоқ»  дегендей,  қазақтың 

көп  баласы  өнерлі,  тек  оны  дамыту  ке-

рек, оқуын оқып, өнерді шыңдауы қажет-

ақ. Адам өмірі қилы ғой. Өнерде алғашқы 

қадамдар  жасап  келе  жатқан  балалары-

мыз сəтсіздікке ұшырауы да мүмкін. Оған 

мойымау  керек.  Өнерді  дамыту,  іздену, 

білім алу, еңбектену – бұл Сізді жетістікке 

жеткізер қасиеттер.



–  Болашақта  Республикалық  сайыс-

тарға қатысу ойыңызда ма?

– Жалпы сайыс ережесі бойынша 16-35 

жас  аралығындағы  сайыскерлер  қатыса 

алады. Алайда, өзім жастарға жол беруді 

жөн  санаймын.  Ал  мақсатым  жүлде  алу 

емес əнді кəсіби деңгейде орындау. Алда 

бір-екі  сайысқа  қатысуды  жоспарлауда-

мын.


– Олай болса, Сізге алда да биіктер-

ден  көрінуіңізге  тілектеспіз.  «Баласы 

бəйгеге түссе анасы тақымын қысады» 

демекші, жерлесімізге тілеріміз шығар-

машылық табыс.

Сұхбаттасқан Айзат Қожабаева

Бүгінгі  сан  алуан  əмбебап  заттарға  толы  нарық  за-

манында  тұтынушыны  таң  қалдыру  əжептəуір  қиын 

құбылыс. Дегенмен, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің,  химия  жəне  биология  факультетінің, 

студенттері  қымыздан  жасалған  сабынды  ойлап 

табу  арқылы  барша  қауымды  таң ғалдырған  көрінеді. 

Қымыздың  ем дік  қасиеттерімен  халқымыз  бұрын нан 

таныс еді. Əйтсе де бұл өнімнің біз білмейтін көптеген 

сырлары бар екен. Мəселен, қымыз тері үшін оң ықпал 

етіп  қана  қоймай  үнемі  қолданған  жағдайда  теріні 

ағартып, жасартуы мүмкін деп ғалымдар айтуда.

Қазіргі таңда отандық тауар авторлары сүт өнімінен 

жасалған сабынды жиырма бес түрлі əдіспен өндіруде. 

Қыс мезгілінде тері жұқарып, құрғақ болып мазаңызды 

алуы  мүмкін.  Бұл  мəселенің  шешімі  қымыз  бен  им-

бирь  ұнтағынан  жасалған  сабын.  Ал,  егер  теріңіз  жиі 

майланатын болса кофе ұнтағы мен суттен жасалған 

сабын  таптырмас  ем.  Сабын  құрамында  тек  табиғи 

компоненттер  болғандықтан,  аллергияға  ұшыраған 

тұтынушылар  үшін  био-сабынның  зияны  жоқ.  Бір 

сөзбен  айтқанда,  ең  кірпияз  сатып  алушы  да  құр  қол 

қайтпайды.  Тауардың  сыртындағы  қорабын,  түсін, 

иісін  өзіңіз  таңдауға  құқылысыз.  Тіпті  қалаған  есім 

мен тілекті де жазуға болады. Сонымен қатар, мұндай 

сыйлық  құны  300-700  теңгені  құрайды.  Студенттердің 

айтуынша  сұраныс  күннен  кунге  өсіп  келеді.  Бірақ 

демеуші саны жоқтың қасы. Бұл мəселе көпке созыл-

майды деген ойдамыз. Елімізге келген шет ел азамат-

тары да ұлттық бренд ретінде био-сабынды естелікке 



алуы да əбден ықтимал.

ҚЫМЫЗДАН ЖАСАЛҒАН САБЫН

Бе

тті 

əзір

лег

ен 

Айз

ат 

Қо

ж

абаев

а

ӘН-КҮЙ САБАҚТАРЫ 

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ӨТСЕ...

8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет