№5 (125), мамыр 2023 жыл 11
№1 бөлім үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол
мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталықпен
... ал қытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін,
оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың
реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып»
отырған сияқты етіп көрсетіп. Хан өз иеліктерін
агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп
қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты.
Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және
ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер
сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі
бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан және
қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе
арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады
және егенр сол боғдыханнан (Қытай императорынан)
күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға
дейін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери
адамдар берер еді ...». Шынына келгенде, Абылайдың
адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер
бөлуден бас тартатын.
Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің
ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777
жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның
хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады.
Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси
аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай
Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік
жіберді. 1778 жылы ғана ІІ Екатерина оны хан деп
және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы
грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге
билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай
Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант
беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары
хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан
«мен өз дәрежеме халықтың сайлауымен әлдеқашан-
ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден
үзілді-кесілді бас тартты. Ханның мұндай мінез
көрсетуін оның 1773-1775 жылдардағы Пугачевтің
көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-
қуатына шүбалана қарауымен түсіндіруге болады,
ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ
жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып
орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген
еді. Ханға ықпалын мүлдем жоғалтуға қорқып,
Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом
және 200 пұт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы
тағайындады, бірақ 70-жылдардың аяғына қарай
Абылай Ресеймен қандай да болсын қатынастарының
бәрін мүлде үзді.
Абылайдың
оңтүстіктегі
көршілерімен
қатынастары басқаша болды. Абылайдың күш
салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған
Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді
және Абылай оларға қарсы аратұра жорықтар жасап
тұрды. 1774-1779 жылдары сондай-ақ жорықтар
жасалды. Соңғысы қырғыз руларының бір бөлігінің
Қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен
және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ
және Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен
Абылай ханның ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарындағы
сыртқы саяси қызметі Қазақ мемлекетінің бірлігін
уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық
аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді.
Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ
ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең
алдымен оның билігінің сөзсіз құдіреттілік сипатына
байланысты еді. Ш. Уәлиханов былай деді: «құрмет
(ханға) әлдебір мистикалық сипатта болды... Бұл
уақыт хан қастерлі еткен еркін жеңілдіктерге қарсы
рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне
ұрпақтары оны әулие деп санайтындай сипат бере
білді». Көреген саясатшы және шебер дипломат
Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және
қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған
ханның жеке қасиеттері де едәуір дәрежеде себепші
бола білді. Текті әулеттен шыққанына қарамастан,
балалық шағында оның бақташы да, түйеші де
болуына, жоңғарларға қарсы соғысқа қатардағы
жасақшы ретінде қатысуына және шайқаста батыр
атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы
сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін
саяхатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды.
Дегенмен де,ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі
өркениеттің бұрынғы күш-қуатын қайтадан қалпына
келтіре алмады. Ол қайта түлеткен Қазақ хандығы
ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781
жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен
Түркістанға келе жатқанда дүние салып,Қожа Ахмет
Йасауи кешенесінде жерленді.
Хан тұсындағы сыртқы саясат
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы
жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы
берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол
кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең
белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған
Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында
абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу
үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда
қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр
хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан
босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл
деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара
жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш
жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз
жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан
шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы
істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен
қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп
те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия
хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765
— 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен
соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент
қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент
алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының
санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл
1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам;