№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
12
40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы 
үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс 
әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы 
соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған 
қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 
1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі 
уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, 
қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған 
елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да 
тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз 
ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен 
Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге 
келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының 
тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен 
де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен 
Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен 
Қытай империяларының өзара қайшылықтарын 
қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 
Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, 
Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан 
әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын 
және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен 
іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде 
қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін 
толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша 
күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан 
келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес 
сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі 
Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 
3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 
1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде 
Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет 
хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып 
жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық 
ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана 
билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Жазба 
деректерде 
Абылайдың 
шетел 
басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі 
айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері 
шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының 
шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда 
Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен 
шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. 
сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың 
қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз 
бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың 
әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты 
тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен 
қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен 
күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, 
екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 
мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан 
соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 
жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, 
Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы 
– жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан 
Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, 
бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп 
Ойрат ұысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді 
әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген 
дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының 
ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының 
нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің 
бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа 
жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ 
жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де 
ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. 
қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, 
Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар 
бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында 
талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 
жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, 
Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ 
пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, 
күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын 
анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия 
хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-
67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен 
соғысының нәтижесіндеТүркістан, Сайрам,Шымкент 
қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент 
алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған 
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы 
азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының 
санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 
1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері 
арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы 
асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға 
алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде 
Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды 
қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары 
Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен 
бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар 
ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте 
Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды 
қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге 
тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге 
келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп 
кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің 
аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы 
қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат 
етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып 
түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының 
тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның 
әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен 
жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке 
таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде 
де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен 
тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту 
жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол 
астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп 
орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің 
ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ 
жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні 
қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым 
жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне 
үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет