Қазақстан ұстазы 14
Әлем тарихы кафедрасының АҒА оқытушысы, магистр Мамырбаев Дидар Жетпісұлы ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған,
жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат
еткен қазақ тарихының тұлғалары ұлт тарихының
әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған.
Тұлға дегеніміз кім? Осы биік азаматтық мәртебеге,
халықтық бағаға кімдер қандай істер арқылы лайық
болған?
Ең алдымен тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни,
тарихи тұрғыдан ел, халық үшін орасан зор, тарихи
мәні терең іс-әрекетке барған немесе аса жауапты
тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны
болған адамға халықтың өзі осындай бағаны беріп
отырған. Міне, қазақ тарихының белесінде осындай
орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға
араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған
ұйымдастырушы болған, әйтпесе асқан ерлік
көрсеткен азаматтар - халықтың тұғырлы тұлғасына
айналып отырған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына
орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр тарихи
тұлғалы ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Қазақ
жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың
қолында кетпей, асқақ тарихымызды, намысты қолдан
бермей, мәдениетінде, тұғырлы тілінде қай жағынан
болмасын, қазақ тарихында тұлғаларымыз мәңгі
өшпей қала бермек. Мысалға: тарихи тұлғаларымызды
жік-жігімен бөліп қарайтын болсақ, айтарга ауыз
толтырарлықтай, дана бабаларымыздан сонау
Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған, Қорқыт, Қайыр хан,
Кетбұға, Бейбарыс Сұлтан, Асанқайғы Сәбитұлы т.б
дана тұлғаларымызбен жалғаса келе, ұлы хандарымыз
Жошы хан, Тәуке хан, Керей хан, Жәнібек хан, Қасым
хан, Әбілхайыр хан, Абылай сияқты т.б тарихтың
таразысынан ойып тұрып орын алатын тарихи
тұлғаларымыз бен бері келе қоғам қайраткерлері
Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Тұрар
Рысқлов, Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов,
Дінмхаммед Ахметұлы Қонаев сияқты т.б қоғам
қайраткерлері, Оқу-ағартушылардан Әбу Насыр әл
Фараби, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин,
Ахмет Байтұрсынов сынды т.б ағартушыларымыз,
би-шешендеріміз
бен
жырауларымыз,
ақын-
жазушыларымыздан Абай Құнанбайұлы, Жамбыл
Жабаев, Шәкәрім Кұдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев,
Мұхтар Әуезов т.б ақын-жазушыларымызбен қатар,
сазгер сал-серілерімізден Сегіз Сері, Біржан сал
Қожағлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса т.б
сал-серілерімен қатар ел қорғаған батырларымыздан
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдай
батырларымыз, Исатай Тайманұлы, Махамбет
Өтемісұлы, одан бері келе Амангелді Иманов,
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия
Молдағұлова сияқты т.б батыр ержүрек осындай
тарихи тұлғаларымыз қазақ тарихының өшпес қайнар
көзі. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу
- қазақтың дәстүрлі таным-түсінігіне ертеден
қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни,
шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың
өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның
саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке
тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Соданда
болу керек, қазақтың дәстүрлі философиялық
пайымдауында өмірді өзгертуді бұрын, ең алдымен,
адам санасын шыңдауға көбірек мән беріледі. Дәл
осы сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының
жалпы ахуалынан бұрын алдымен адам туралы
мағұлмат беру басты нысаны болып отырады.
«Жалпы қазақтың шежірелік зердесінде адам -
тарихтың негізгі тұлғасы, адам сапасы - тарихтың
қозғаушы куші. Әрбір адам әкесі мен шешесінің ғана
перзенті емес, сонымен бірге тарихтың да бір бөлшегі.»
(15,25,26) Яғни шежірелік зердеде этнос тарихы жеке
адамнан тыс қарастырылмайды, керісінше, адам
әулетінің өмірбаяны ретінде қарастырылады. Бәлкім,
осы дәстүрді тарихты танудағы тарих ғылымында
мойындала бастаған жаңа әлеуметтік тарих «тарихи
антропология» деп аталатын соны ізденістерімен
үндес екені айқын. Міне осыдан келе тарихи түлға
дегеніміз - жағдайға байланысты және жеке басының
сапасына орай танылғандар деп келетін анықтаманы
айтсақ болады. «Орыстың жазушы философының
сөзімен айтқанда, халық шашырап жатқан ұлы тобыр.
Ал оның күш-қуаты шоғырланып, өзін-өзі халық
ретінде айғақтауы үшін тұтастануы қажет, құқық еркі
мен мемелекеттік рух белгілі бір тарихи тұлғалар
арқылы көрініс табу керек» - деген екен» [16, 43-44
б]. Халықта бір нөсер жауынды аңсаған шөл дала
сияқты, дана көсемге қашанда зәру. Платон айтқандай,
дана тұлға патшалық немесе патша дана тұлға
болғанда дүние шырайнала түспек. Қазақ халқының
ұзақ тарихы небір қым-қуат оқиғаларға толы. Сол
қым-қуат оқиғалардың басында болмыс-бітімі
алуан түрлі тұлғалар болғаны аян. Тарих толқыны
дарындылар мен дарынсыздарға, данышпандар
мен ақылсыздарға, табандылар мен тайғанақтарға
кенде болмаған. Тағдырдың жазуы мен мемлекеттің,
әскердің, халықтық қозғалыстың, саяси партияның
тізгінін қолға алған тұлғалар өздерінің қабілет-
қарымына орай тарихи ахуалға кейде жағымды,