№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
16
Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны 
Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық 
бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 
жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, 
Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде 
тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең 
шығарып, ұзақ жырлайды» [123, 46]
Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды 
үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен 
тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт 
күткен көреген жырау: «Осы шабысыңнан тайма! 
Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! 
Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті 
жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, 
даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, 
көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің 
көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай 
болсын!» - деп бата береді.
Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, 
ұстазының есімін ардақтаумен өтеді. Жамбылдың 
әдебиет пен өнер әлемінде алар орны ерекше болса, 
Шоқанның ғылым кеңестігінде ойып тұрып орын 
алғанын айтпақпыз.
Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-демократ, 
этнограф, саяхатшы, зерттеуші, қазақтың біртуар 
перзенті, тарихи тұлғасы, қамшының сабындай қысқа 
өмір сүрсе де, артына өшпестей із қалдыра білген 
Шоқан Уәлихановтың қазақ халқы үшін орны бір 
төбе.
«Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі 
Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес 
ордасында (қыстауында) туған. Әкесі Шыңгыс 
Уәлиханүлы сол кезде Аманқарағай дуанының 
(орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. 
Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына 
ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып 
өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы 
болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы 
Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық 
шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес 
ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық 
алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным 
тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен 
күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» 
хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы 
әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан 
сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін 
меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан 
кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі 
ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет 
корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса 
жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, 
орыс әдебиеттері, философия, физика, математика 
негіздері, шетел тілдері жүрген.
Кадет корпусына алғаш окуға түскен кезде Шоқан 
орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез 
үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. 
Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, 
Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. 
Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей 
тұрып ақ сурет сала білетін», - дейді. Оған әсіресе 
орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы 
Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы 
Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, 
Лермонтов, Герңен, Белинский т.б. орыс классиктерін 
және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо 
шығармаларын, «Современник» журналын үзбей 
оқып, әлеуметтік омірдің және әдебиет ағымының 
қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара 
алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.» 
(45.56)
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында 
бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының 
кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан 
кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік 
шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор 
Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы 
қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының 
тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуғе 
белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы 
ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті 
шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры 
Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. «Березин 
Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, 
«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас 
ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған 
«Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан 
жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау 
жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің 
бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, 
әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы 
білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары 
бағалап, мойындай бастайды. Өсімдіктер әлемінің 
қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да 
өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды 
талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам 
арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. 
Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, 
қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни 
қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен, тайпалық 
организм өмірінің шарттарымен толығады» [147, 52]
1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен 
бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін 
келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз 
әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының 
материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар 
негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы 
шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол 
сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға 
жоғарылап, поручик шенін алады.
1856 жылы полковник М.М.Хоментовский 
басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына 
қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен 
Үлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы 
мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын 
жазып алады. Әлем ғалымдары арасында түңғыш 
рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай 
ханның ертегісі» жырын жазып алады. Манас - халық 
даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, 
хикаялары мен аңыздарының, география, дін және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет