№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
17
№1 бөлім
салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің 
энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы» деп 
бағалады» [78, 89]. Қырғыздардың көне тарихы 
жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, 
шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың 
еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Қүлжа 
қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс 
Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер 
жазады. Осы сапарларда жинаған материалдарды 
ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы 
жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері 
туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай 
империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» 
атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты 
және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен 
суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ 
тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. 
Тарих, география саласындағы даңқы Петербург 
ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас 
Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі 
етіп сайлайды.
«1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға 
сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы 
еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. 
Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке 
болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған 
Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын 
зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан 
көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан 
«Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының 
шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі 
дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының 
тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол 
заман ғылымының биік деңгейінде жазылган әлемдегі 
түңгыш зерттеу жмысы еді. Қашғар сапарынан кейін 
Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің 
арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір 
жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. 
Алайда 
туберкулез 
ауруы 
меңдегендіктен 
Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туган 
халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 
жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны 
болуға талпынады» [89, 56] «Елдестеріме пайдамды 
тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды 
шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. 
Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның 
мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның 
пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл 
туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын 
орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс 
алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның 
халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді 
деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен 
бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа 
бекітпей қояды. «1864 жылы наурыз айында Шоқан 
полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата 
жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік 
Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына 
бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа 
аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік 
келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник 
Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде 
шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, 
ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі 
Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің 
ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда 
Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының 
күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере 
қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде 
ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың 
сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел 
тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге 
қойылады» [14, 52]
Шоқан, Абай сынды ағартушылар ұлттық 
әдебиетті әлемдік мәдени үдеріс биігіне көтерген, 
ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін көтерген 
тарихи тұлғалар десек, артық айтпағандығымыз 
болар.
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде 
жарияланған мақаласында Абайды «қазақтың бас 
ақыны» деп бағалады. Шынында да, Абай - қазақ 
әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның 
шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық 
өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы 
терең де көркем бейнеленген.
Абай өлеңдері «қиыннан қиысып», «айналасы 
жұп-жұмыр тегістілігімен» көңілге ұялайды. Жаңа 
ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие 
Абай қазақ сөзін нақтылап, әдеби тілдің негізін 
салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік 
ойтолғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі 
бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.
Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат 
жарасымын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды.
Абайдың 
композиторлық 
шығармашылығы 
да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып 
табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде 
заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, 
сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. 
Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал 
еңбекке сүйеніп омір сүруді, жамандық жасамауды, 
адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, 
адамның рухани азаттығын жырлады.
Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды: 
««Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ 
поэзиясының күн шуақты асқар биігі», - деп бағалады» 
[25, 46]
Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір 
қатты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы 
аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз 
куәсі - әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол 
таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз 
үйлер мен төрт-түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы 
қалың ел ішіндегі көкмайса коркем қоныстағы бір 
ауылдың сәулеті озгеше, сонысынан да ма, аздап 
сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, «1845 жылдың 
тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің 
өмірге келуі, оның үстіне - ол заманның қазағы 
үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан 
айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет