№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
19
№1 бөлім
жанында жүретін. Ас пен той, басқа да толып жатқан 
мереке-қызықтарда елгезек, аңғарымпаз Абай өнегелі, 
білімді қауымға жақын жүрген соң, ұққан-білгені аз 
болмағаны аян. Әрине, мұның бәрі бала Абайдың өз 
қалау, сұрауымен ғана болмаған. Бұрынғыдан келе 
жатқан бұлжымас салт бойынша, әкесі Құнанбай да, 
аналары да сүйікті ұлдарының өздерінің абырой- 
мәртебелеріне лайық болып өсуін қатты қадағалап, 
бағыттап отырған» [12, 5]. Сөйтіп, Абай тоғыз 
жасына дейін ауыл молдасынан оқып, хат танып, 
қазақтың ескілікті әңгімелеріне қанып, ана тілінің сөз 
байлығы мен көркем нақыштарын едәуір меңгереді. 
Айналасындағылармен әзіл-қалжың түріндегі сөз 
қағыстыруларда оның тілінде тақпақ, ұйқасты 
оралымдар шыраса бастайды. Қазақ салтында бар 
бірер ауыз өлеңмен сөзге тарту, біреудің кемшілігін 
өлең қылу сияқты қылықтар да кездесіп қалып 
отырады. Бірақ бұл оның ақындық жолға талпынысы 
емес еді. Өйткені Құнанбай сияқты кісілер тұқымына 
ақын-әншілікті кәсіп қылу мін саналған. Тілді, тапқыр 
Құнанбайдың өзі де, оның әжелері мен аталары 
да бірер ауыз өлең шығара беретін болған. Ондай 
өлең сөздерінің ел есінде сақталып, біздің заманға 
жеткендері де жоқ емес. Бірақ олардың ешқайсысы 
да онысын ақындық санамаған. Әйтсе де кішкентай 
Абайдың үлкендерге еліктеп әзіл-оспақ ретінде 
шығарған шумақтарынан туа дарыған ақындық 
танылғандай. Болашақ данышпан ақынның 10 
жасында шығарған сондай бір шумақ өлеңі сақталған. 
Оның шығармаларының толық жинақтары, әдетте, 
сол өлеңмен басталады. Демек қазақ мәдениетінде 
ұлы тұлғалық бейнесі қалатынына Абайлардың, 
Құнанбайлардың т.б тұлғаларымыздың тарихта алтын 
әріппен аттары жазылуына ешкімнің шүбәсі жоқ.
Пайдалалынған әдебиеттер тізімі
1.Н.Назарбаев. Қалың елім қазағым. — Алматы, 
«Өнер», 1997ж, [15-25-26].
2.Қ.Сиранов 
«Қайтпас 
қайсарлық». 
// 
Казахстанская правда,1936ж, 25 май [16-43-44б ]
3.Қ.Сиранов. Кино. Жылдар. Ойлар. — Алматы, 
«Өнер», 1983ж.[46-47]
4.Қ.Сиранов. 
Киноискусство 
советского 
Казахстана. — Алма-Ата, Казақстан», 1966ж.[33 -34]
5.В.М.Жирмунский. Происхождение героического 
эпоса. Ранние формы и рхаические памятники. —
Москва, 1963г.[56 - 125]
6. Қазақ бейнелеу өенрі ХХғ. — Алматы, 2001 ж, 
-1626.[12 3- 46]
7. М.Әуезов. Әдебиет тарихя. — Ташкент, 1927ж 
.[45 - 56]
8.А.Байтұрсынов. Шығармалары. — Алматы, 
1989ж, -[147-152]
9. В.Я.Пропп. Исторические корни волшебной 
сказки. — Ленинград, 1986ж, [78-79]
10. Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар. — Алматы, 
1985ж, [89-56]
11.Е.М.Мелетинский.Введение в историческую 
поэтику эпоса и романа. — Досква, 1986ж, [14-52]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет