№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
20
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті
Жумадилова Рысгүл Мұратқызы
ОТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАША КӨЗҚАРАСЫ
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші – 
оның тарихы. Сол тарихымызды әлі күнге дұрыстап 
тани алмай, енді ғана ақ - қарамызды айырып, 
ақтаңдақ қалған жерлерін анықтай бастадық. Кезінде 
ел санасын оятқан, қазақтың елдігі мен теңдігі, жері 
үшін бар өмірін сарып еткен зиялыларымыздың 
тарихымызға байланысты жазып кеткен еңбектерін 
оқып – білу бүгіннің ғана емес, келешек ұрпақтың 
да бірден – бір парызы. Бұл тақырыпты ұсынып 
отырғандағы басты мақсатым да біреу: ол да болса, 
халқымыздың өткенімен таныстыру. 
Қазақ хандығының құрылу тарихына кіріспестен 
алдын «қазақ» атауының пайда болу тарихына 
тоқталғаным жөн болар деп ойлаймын. «Қазақ» 
атауының тарих сахнасына шығу тарихы туралы 
тарихшы ғалымдар арасында қазірге шейін талас 
- тартыс тудырып отыр. «Қазақ» атауы алғашында 
әлеуметтік мағынада қолданған. Осы мәселеге 
қатысты академик В.В.Бартольдтың айтуынша 
«қазақ» атауы «өз мемлекетінен бөлініп кеткен 
еркін халықты білдіретін атау» деген еді. Ал басқа 
деректерде «қазақтар» атауы Жәнібек пен Керейдің 
соңынан ерген халықтың Жетісуға көшіп барған 
бірлестігін атаған деп берілген. Бұл халық алғашында 
«өзбек - қазақтар», ал кейін өз алдына тайпалық одақ 
болып, «қазақтар» деп аталған. «Қазақ» атауының 
шығуы жайлы X – XI ғ.ғ. тәжік ақыны Фирдоусидің 
«Шаһнама» дастанында келтіріледі. А. Вембери 
осы «Шаһнама» дастанын зерттеді және 1885 
жылы «Түркі халықтарының этнологиясы және 
этнографиясы» деген неміс тілінде еңбегін жазды. 
Осы А. Вемберидің зерттеуінде «қазақ» атауы ІХ – Х 
ғасырларда болғанын осы деректе айқындап берді. 
Бұл еңбекте былай жазылған: «Көк теңіздің (Арал 
теңізі) солтүстігінде қазақ деген халық өмір сүреді. 
Қазақтар халқы жағынан көп санды болып, Туранның 
кастасы Иравға шабуылдап, оны қорқытпақ болады». 
В. В. Вельяминов - Зернов деректерінде «1356 жылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет