№5 (125), мамыр 2023 жыл 21
№1 бөлім Мәуереннәһрге қазақтар жорық ұйымдастырады»
деген мәліметі бар. В. В. Вельяминов
-
Зерновтың
және бір еңбегінде 1397 жылы татарлар Қырымнан
Литваға барғанда өздерін қазақтармыз дегені жайлы
дерек келтіріледі. Осы мәліметтерге қарағанда ХIV
ғасырда Қырым, Азов, Қазан елінің шеңберіндегі
халықты қазақтар деп атаған. Осы деректерге көз
жүгірте отырып, «қазақ» атауының Қазақ хандығы
құрылмастан бұрын белгілі бола бастағанын көреміз.
Қазақ аты ежелгі уақытта - ақ алыс
-
жақын елдерге
аты әйгілі болғаны бізге белгілі. Ал Қазақ хандығы
өз атын жайдан - жай алған жоқ. Осы мәселеге
байланысты тарихи деректер көп. Моңғолдардың
дерегінде 1240 жылы «Сырлы қазынасында» еліміздің
аты «касаг» деп келтіріледі. Моңғол жылнамашылары
баяғы түбірді бұрмаламай дұрыс келтірілген. Осы
уақыттағы деректердің бірі -«Араб - қыпшақ сөздігі»
болып, ол 1245 жылы жазылған. Осы еңбекте «қазақ»
атауына жан - жақты түсінік берілген. Осы деректе
1223 жылы Калка бойындағы шайқасты баяндалған
кезде былай айтылады: «Кавказдан өтіп, Ресейге
шабуылдамастан бұрын Шығыс басқыншылары
қазақты жеңді».
Бұл деректер «қазақ» атауы бұрын болмаған
деген сөздердің бекер екенін айқын дәлелі десем
қателеспеген боламын. «Қазақ» атауы VIII
ғасырдың соңы IX ғасырдың басындағы грек мо
-
нахы Епифанидің деректерінде жазылған. Епифа
-
ни өз еңбегінде қазақтар туралы көп жазбаған. Тек
қана Кавказда «касогдиание» деген халық бар деп
жазылған. Айта кететін бір жайт: касогдиание (Епи
-
фани), кашақ (Масуди, Нестор), касог (орыс жылна
-
малары) - әр халықтың айтуымен әр түрлі жазылған
сөз – «қазақ» сөзі болған. Осыны В. В.Радловта өз
деректерінде қайталайды. Ал түрколог А. Н. Берн
-
штам қазақ этнонимі Х ғасырда этникалық мән
- мағынаға ие болған. Осындай пікірлерді В. Ф.
Шахматов, М. Ақынжанов өз еңбектерінде расттайды.
Атақты ғалым Әлкей Марғұлан өзінің «Таңбалы
тас жазулары» деген мақаласында осы біз айтып
отырған тақырыпқа қатысты өз ойын осы мақалада
келтірген. Ал В. Ф. Минорский өз зерттеуінше
«қазақ» атауы IX ғасырдағы селжуқ дәуірінде атала
бастаған. Алғашында араб жазушылары «қазақ»
атауын өз деректерінде «кесеп», «касал» деп атын
бұрмалап айтқан. Бұл атты ІХ ғасырда Ибн Апдам -
әл – Куфи шығармасында дұрыс келтірген. Сөйтіп бұл
атау ІХ ғасырдың өзінде - ақ тарихшылар дерегінде
жазыла бастағаны мәлім болды. Әлкей Марғұланның
айтуынша қазақтар Орта Азиядағы Қосөзеннің
бойын мекендеген. Әлкей Марғұланның осы дерегін
тарихшы ғалымдардың көпшілігі қолдайды. Ал
Алтын Орда да «қазақ» атауы әскербасы, сақшы,
жазалайтын отряд деген мағыналарды бергені даусыз.
Осы уақыттағы орыс жылнамаларында «қазақ» атауы
Алтын Орда ханының жеке жасағы ретінде берілген.
Бұл жайлы орыс ғалымдары Карамзин, Фишер,
Вильяминов – Зернов еңбектерінде көрініс тапқан. Ал
Шараф-ад-дин Иезди: қазақтар Дешті – Қыпшақтағы
ең мықты әскери топ деп дерегінде келтірген. Әмір
Темір Алтын Ордаға шабуылдаған уақтында алдынан
орда тағын қорғауға әскер бастап Шатур қазақ Уала
шығады. Бірақ Әмір Темір әскері жеңіске жетеді.
Сөйтіп Шатур қазақ Уала елін тонайды деп жазады.
Ендігі бір қызығы осындай дерек көзінің жоғалып
кетпей бізге шейін жетуіде таң қаларлықтай жағдай.
Шараф - ад - дин Иезидің айтуынша 1376 жылы
Әмір Темірдің әскерінде «Қазақ мыңы» деген
жауынгерлері болған. Бұл жауынгерлерді Әмір
Темірдің ұлы Омар Шейх жорыққа шыққан кезде
«Ходжент қазақтары» деген жасақтарымен жүрген.
Әлкей Марғұлан осы мәлімет туралы былай дейді:
«олар негізі жалайыр, арғын, дулат, қаңлы тайпалары
еді». Ендігі бір қызығы осы «Ходжент», «Әндижан»
қазақтары дулат әмірі Камараддин барғанда, біреуі
қалмай Камараддинмен кетіп қалған. Сөйтіп осы
жасақ Алтын Орда дәстүрімен қазақ атауына ие
болды.
Ал орыс тарихшыларының дерегінде қазақ - орыс
этникалық тобы деп алды да, «қазақ» атауының жаңа
мағыналар енгізіп, мүлде қазаққа қатысы жоқ тайпаны
қазақ деп атады. Осымен тарихымызды бұрмалады.
Орыстардың зерттеуі бойынша былай келтірілген:
«Ресей империясының құрамынан крепостнойлық
құлдықтан қашқан шаруалар көп болғаны белгілі.
Осыған қарай «қазақ сөзін кезбе, бродяга (қаңғыбас),
разбойник (қарақшы), крепостной (кедей), раб (құл)
деген атаулар айтты. Бұл әрине, қазақ атауының
келіп шығуына мүлде қатысы жоқ сөздер. Негізінде
бұл атаулар казак - орыстың әлеуметтік жағдайына
байланысты айтылған ұғым еді. Ал казак -
орыстардың «бродник» атанғаны тарихи деректерден
мәлім. Бұл сөзді тарихшы ғалымдар «өткел торушы»
деген бе, я болмаса «қаңғыбас» деген бе, әліге шейін
анығын айталмай жүр. Орыс тарихында «казак»
атауының пайда болуы 1444 жылға сәйкес келеді. Ал
Украинада 1517 жылдан бастап белгілі бола бастаған.
Осы атаудың ХIV - XV ғасырларда пайда болғаны
жайлы Әлкей Марғұланның «Таңбалы тас жазу
-
лар» деген мақаласында айтылған. Әлкей Марғұлан
осы мақаласында «қазақ шығып кету, қазақылық»
(еркіндік), «қазақиланып – қазақ сияқты жүруді» орыс
тарихшылары «бродяга, разбойник» деп аударуы
шындыққа сәйкес келмейтіндігі жайлы ашумен айтты.
Сонымен қатар, өзіміздің «Ғылым» баспасынан жарық
көрген «История казахских ханств ХV - XVIII в.в».
кітабында қазақ атуын «казаковать» деп аударған.
Осы атауға қайдағы бір мағынада түсіндірген: «мал -
мүлкінен айрылып, елден бөтен жерге кетуге мәжбүр
болған, қаруларының арқасында күн көрген адам»
деген түсінік берген. Орыс тарихшыларының пікірі
қайталанған бұл еңбекте ғылыми көзқарасты тым
жеңілдетіп жіберген. Орыс тарихшыларының бұл
көзқарасы қате екендігін парсы тарихшысы Рузбихан
жазған мына сөздер куә: - Қазақ халқы өте бай, кең –
байтақ жері бар, тіпті кедей адамның үйінде мыңдаған
жылқымен қой бар. Және де олар ержүрек халық,
батырлығы соншалықты біреуі он адамды шайқаста
жеңеді. Олар территориясы Еділ өзенін бойлай Дешті
Қыпшақтың бүкіл жерін алып жатыр. Қазақтардың