№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет21/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
22
көшіп - қонуы екі айдан астам уақытты алады. Олар 
жолда жабайы аңдарды аулап, аңдардың терісін 
жинайды. Қазақ тайпаларының қысқы қыстауы 
Сыр өзенінің бойында болған». Ал Шайбанидің 
Сыр өзенінің жағасындағы жерлер жайлы айтқаны: 
Менің Сырдария бойындағы жерлерге қызығатыным 
– оның кең – байтақтығы, жайылымдық жерлердің 
көптігі, табиғатының соншалықты сұлулығы. Басқа 
ондай жерді көрмедім» деп тамсана дәріптеген. Осы 
Рузбиханның дерегін оқи келе, «қазақ» атауы шығу 
тарихы туралы орыс тарихшыларының пікірі мүлдем 
сәйкес келмейтіндігін көруге болады. 
Ендігі мәселе қазақ жүздерінің қалыптасуы 
жайлы айта кетсем. Жүз дегенге анықтама берер 
болсақ, белгілі бір аймақты немесе рулық топтың 
мекендеген территориясы. Және де Жүз - бөлек, тарап 
деген мағыналарды білдіреді. Үш жүз географиялық 
орнымен ерекшеленеді. Ұлы жүздің жері Жетісу 
мен Оңтүстік Қазақстан болып, оның құрамына 
үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, 
қаңлы, сіргелі, ошақты және тағы басқа рулар енген. 
Орта жүздің территориясы Солтүстік - Шығыс 
Қазақстанмен Орталық Қазақстан жерлері кірген. 
Осы орта жүзге қыпшақ, арғын, найман, керей, 
қоңырат, уақ тағы басқада рулар келіп қосылған. 
Енді Кіші жүздің жерін айтсақ, Батыс Қазақстан 
жерін мекен еткен. Кіші жүздің құрамында алшын, 
адай, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, байбақты 
сынды рулар енген. Кіші жүз одақтарға бөлінген. 
Олар Жетіру (жеті ата), Әлімұлы (алты ата), Байұлы 
(он екі ата) болып бөлінген. Ал Шоқан Уәлиханов 
қазақ жүздері жайлы былай деген: « қазақтың жүзге 
бөлінуінің себебі, көшіп жүрген жерде өздерінің 
құқықтарын қорғау үшін құрған одағы». ХҮІІ - 
ХҮІІІ ғасырларда үш жүздің құрамында 112 рулық 
- тайпа болып, қазақ халқының саны үш миллионға 
жеткен. Негізі қазақ жүздер деп аталуы географиялық 
аймақтық орналасуына қарай бөлінгендігі бізге мәлім. 
Бұл дәстүр біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырларда 
қазақ жерін мекендеген ғұндардан басталды. Осының 
дәлелі ретінді ғұн билеушісі Мөде шаньюйдің 
өзі басқарған территорияны үшке бөліп, шығыс 
территорияны баласына, батысын бауырларына беріп, 
өзі орталығында отырып елді биледі. Ғұндардан кейін 
осы үрдісті Шығыс түрік қағанаты жалғастырды. 
Содан кейін қазақ жерін мекендеген түргештер, 
қарлұқтар, қарахандықтарда осы ел басқару жүйесін 
қолданды. 
Түрік мемлекеттерінің кейін тарих сахнасына 
шыққан Шыңғыс ханда осы үрдіспен қазақ жерін 
басқарды. Осы үш бөлікті балалары Жошы, Шағатай, 
Үгедейге берді. Ал қазақ хандарының ішінде Тәуке 
ханда осы дәстүр бойынша ел басқарды. Тәуке 
ханның өзі үлкен орда да отырды. Осы дәстүрге Тәуке 
хан қайтыс болғаннан кейін жаңартулар енгізіп, үш 
жүз өздеріне хан сайлады. 
Қазақ жүздері атауы Орда термині ретінде орыс 
деректерінде кездеседі. Орыс патшасының жіберген 
елшісі Тевкелевтің дерегінде кездеседі. Онда: «Қазақ 
Ордасы ежелден үшке бөлінеді, атап айтсақ, Үлкен, 
Орта және Кіші жүз болып бөлінеді» - деген еді. 
Қорытып айтқанда, үш жүзге бөлінудің ешқандай да 
этникалық мағынасы жоқ. Тек жерге, аймаққа, руға 
топтасудан келіп шыққан термин. 
Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих - и Рашиди» 
еңбегінде былай делінген: «Қазақтар Бұйдаш хан кезінде 
жиырма мың болып қалған еді. 940 (1533 - 1534) жылдан 
соң ол да қалмады. Қазақтар түгелдей жойылып кетті»деп 
жазды. Бұл мәтін ғалымдар тарапынан екі тұрғыдан 
қаралып талданды. Бірі қазақтың атауы туралы, екіншісі 
қазақтың 1533 - 1534 жылдан соң түгелдей жойылып 
кеткендігі тарихи жаңылыс екендігі хақында айтылған 
пікірлерді қарастырамыз. Тарихшы ғалым Зардыхан 
Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты 
еңбегінің «Қазақ атауының тарихи - этимологиялық 
мән - мағынасы туралы» тарауында: «кейбір ғалымдардың 
– Қазақстан және Орталық Азия тарихы - атты еңбегінде 
қазақ атауы әуелі хандыққа берілді, сосын барып тайпаның 
атына айналды» - деп жазу тым қисынсыз қортынды 
деп бағаланды. Зардыхан Қинаятұлы логикаға сай 
мынадай: Қалай аты жоқ халық бола ма? Халық болмаса, 
хандық құра ма? Қазақ хандығының атауын қалайша 
сырттан біреулер қоюға тиісті? - деген сұрақтарды 
қойып, ақылға қонымды уәжін айтады. Біз Зарды
-
хан Қинаятұлының ондайлардың қорытындысына 
берген қарсы пікірін және қойған сұрақтарын дұрыс 
деп бағалаймыз және оның пікірін растайтын нақты 
дерек ретінде Шарафеддин Әли Иәздидің 1424 - 
1425 жылында жазған «Зафарнама» атты еңбегінен, 
сондай - ақ, Рузбиханның «Мейман - нама Бұхара» 
атты еңбегінің қазақ жұрты жайында жазған мәтінін 
ұсынамыз: «Ол жақтан қайта оралып Ташкентке 
қарай бет алды. Ол уәлаятты жомарттықпен 
алғысының ізгілік, әділдік нұрына сәндендірді. 
Аталмыш өлкенің тұрғындары алдын - ала келіп, 
өздерінің бағынғанын, оны мойындағанын айтып, 
сыйлықтарын тапсырған-ды. Сөйтіп, (Әмірдің) кең 
пейілдік ілтипатына ілігіп, қантөгіс пен үрей қаупінен 
аман қалды. Өйткені, тағдыр бұйрығы орындалып, 
әскерлердің шапқынынан дін аман калды. Ешкімге 
титтей де зиян келмеді. Содан барлық жұртшылыққа 
жақсы мен жамандық өздерінің іс - қимылының 
нәтижесіне байланысты екені белгілі болды. Сондай 
- ал, «Құран» Кәрімнің мына аятына сай: «Бұл 
дүниеде кім жақсы іс істесе, оны өзінің пайдасы үшін 
болғандай, Әзіреті Саһиб Қыран ол аймақтан өтіп, 
қазақ жұрты уәлаятына шабуыл жасады. Жеңімпаз 
әскердің жауынгерлері барлығын билік күйдіруші 
семсерінің қармақ жеміне айналдырды. Қазақ жұрты 
елін талан - таражға салды. Ол жерде көптеген мал 
- мүлік пен олжаға қол жеткізді». Осы түста Шоқан 
Уәлихановтың «Қырғыз шежіресі» еңбегіңде: «1392 
жылы Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысқа 
қарсы жорығында Сырдың солтүстігінде Қарақұмда 
кімде кім жаман іс қылса, оның зиянын өзі тартады» 
(кейін бәрің де Тәңірдің алдына барасыңдар) отырған 
Қазақ ұлыстарын тонап, олардын хандары Әмет пен 
Сәметті дарға асқандығын, ал бұл хаңдардың Алаш 
хан ұрпағы екендігі» жайлы берген деректері әбден 
ойландырар жәй демекпіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет