№5 (125), мамыр 2023 жыл 23
№1 бөлім Енді осы қазақ халқының қалыптасуы жайлы
зерттеп жүрген М. Қойгелді «Қазақ» атауы қайдан
пайда болды?» - деген сұраққа: «Қазақ» атауы қазақ
қауымына сырттан берілгендігін аңғару қиынға
соқпайды» - деп М.Х. Дулатидің пікірін түйіндейді.
Ал бұл күндері тарихшылар арасында бірлікке
келмеген, талас - тартыс тақырыбына айналған
мәселенің бірі, әрі бірегейі – Қазақ хандығы мен
Моғолстан мемлекетінің қарым - қатынасы сол кезде
қандай болғандығы төңірегінде өрбіп тұр.
Осы тақырыпқа қатысты көптеген тарихшылардың
еңбектерін пайдаландым, атап айтар болсақ, М. Х.
Дулатидың «Тарихи - и Рашиди» мұнда: «Қазақ
хандары Жәнібек пен Керей Әбілқайыр хандығынан
бөлініп, 1456 жылы Моғолстан шекарасына жеткен.
Моғолстан ханы Есенбұға оларды жылы жүзбен
қабылдап, Шу өзені бойындағы Қозыбасы деген жерді
береді», - делінген. Ал, К. Байпақов Б. Көмеков, К. А.
Пищулина «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы»
еңбектерінде, «Есенбұға қазақ хандары Жәнібек
пен Керейді «құшақ жая», «қуана» қарсы алған
жоқ. Ол оларды тек келісім - шарт пен қабылдағаны
туралы айтылады. І.Есенберлиннің «Көшпенділер»
триологиясында: «Әбілхайырдың сескенген жауы
екеу: бірі Ұрыс ханнан туған Құйыршық ханның
баласы, Барақұлы Жәнібек пен оның үш аталас
туысы Керей. Екіншісі өзінің аталасы Махмұдбек
ханнан туған Хожа Мұхаммед ханның баласы Абақ.
Әбілхайырдың ойынша осылармен тіл табысса
болғаны. Ал тіл табысу үшін хан қандай тәсіл қолданса
да, Жәнібек пен Керей көнбей - ақ қойған көрінеді»,
- делінген. Т. Омарбековтардың «Қазақстан тарихына
және тарихнамасына ұлттық көзқарасы» еңбегінде
Қазақ хандығының дәл құрылған уақытын 1456 жыл
деп есептейді де, Мұхаммед Хайдар Дулати да осы
жылдың дәл екендігіне күмәнданып, оқтын - оқтын
Аллаға сиынып, айтқандығы жөнінде баяндалады.
С.Т.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов «Казахстан летопись
трех тысячиления» еңбегінде «Қазақ хандығы
мен Моғолстан мемлекетінің ішкі сыртқы саясаты
Есенбұға ханнан бастап, Рашид хандығына дейінгі
аралықтарда болғандығы толығымен баяндалады».
Қорытып айтқанда, осы деректере зерттей
келе, қазақ атауы Қазақ хандығы құрылмай тұрып
қалыптасқан деген тұжырымға келдім. Орыс
деректерінде қазақ ұлтының қалыптасуы жайлы
біршама өтірік деректер келтірілген, оған дәлел
ретінде орта ғасырдағы тарихшылардың еңбектері
негізгі дерек көзі бола алады. Т. Омарбеков, Болат
Көмеков, Б. Кәрібаев, М. Қойгелді сынды тарихшылар
қазақ елінің қалыптасуы туралы М. Х. Дулатидің
«Тарихи – и Рашиди» еңбегін негізгі дерек ретінде
қолданған.
Ал, бүгінгі қазақ тарихшыларына келер болсақ,
басқа табан тірер нақты деректер болмағандықтан
өзара дауласып, әркім әр жылды көрсетіп, негізсіз
болжамдар соңынан түсіп кетті. Дерексіз болжам
тарихи шындыққа жеткізе қоймайды. М.Х.Дулати
келтірген деректерден басқа қолымызда нақты дерек
жоқ болса, онда оның айтқанынан алыс кетпегініміз
жөн.
Тарих - тек тарих үшін емес, біздің бүгініміз бен
ертеңіміз үшін қызмет еткенде ғана құнды әрі мәнді
болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. К.Р.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы.
Алматы: «Білім», 2002, 319 б.
2. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди»,
парсы тіліндегі қолжазба нұсқасын аударған Ислам
Жеменей. Жалпы редакция басқарған және алғы сөзін
жазған Әбсаттар Дербісәлі, Алматы: Тұран, 2003, 616
б.
3. Н.Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алма
-
ты. 1994, 243 б.