№5 (125), мамыр 2023 жыл 25
№1 бөлім Баршамызға белгілі бұған дейінгі қолға алған
бағдарламалар мен солардың нәтижесі біздің аз
уақытта айтулы белестерге жеткенімізді көрсетіп, алға
қойылған ендігі мақсаттар – экономикалық дамуда
өңірлік қозғаушы күшке айналдыратындай қуатты
бастамалар болып табылды. Ал, Елбасымыздың
«Мәңгілік ел» атты патриоттық актіні дайындауы мен
қабылдау туралы ұсынысы – азаматтық қоғам құру
жолындағы маңызды қадамы.
Халқымыздың тәуелсіздігі үшін біздің ата-
бабаларымыз да талай-талай тар жол, тайғақ
кешуден өткен болатын. Кешегі Алаш қайраткерлері
де ел тәуелсіздігі үшін қайсарлықпен күресті. Ел
Тәуелсіздігінің қадірі мен қасиетін қазіргі кезде терең
түсініп, жайлы сезінетініміз – шындық. Ендеше,
Елбасының Қазақстан Халқына арнаған Жоладуына
сәйкес, Мәңгілік Ел болу мұратын іске асыру бүгінгі
әрбір жеке тұлғаға қатысты мәселе және келешек
ұрпаққа аманат етіп қалдырар асыл мұратымыз екенін
де терең түсінуге тиіспіз...
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ –
жоқ іздеген халық», - деген екен. Сол ұлт ұлыларының
іздегені мен халқы үшін істеген істерін жалғастыру
– бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Осы
мақсатта қазақстандықтар үшін өмірге жол тартқан
«Мәңгілік ел» идеясы – болашаққа жол көрсетер
бағдаршам. Алдағы уақытта ұлы мұраттардың
жоқтаушысына айналып, бағытынан таймай, ізденістен
талмай, өркениет көшінен қалмай жігеріміз жанып,
жанарымызды нұрға малып, әр тұлғаның көкірегінде
үміт отын жағып, өр рухымызды асқақтатып, ұлттың
ұлы көшін тарих көшіне жалғастыра, мәңгілік
мұраттарға бастары сөзсіз. Қолымызға тиген бұл
Жолдау ата-бабамыз армандаған асыл мұраттарды
атамекеніміздің, ұлан-ғайыр даламыздың әр тауы
мен тасынан ел тарихының іздерін, арманда кеткен
алаш ардақтыларының бүгінгі азат ұлдарына
деген өсиеттерінен іздеп тауып, жалпы жұртқа
жеткізуге жол бастайды. Іздеп тапқан «жоқтарымыз»
- «жоғалып табылған» қымбаттарымыз. Сол
іздеп тапқан құндылықтарымызды бойтұмардай
қастерлеп, найзағайдай жарқылдаған намыс отына
суарып, жүрегіміздің сүзгісінен өткізе жаққан
жалынына жылынып, үміт нұрына малынып жүзеге
асырылуына үлес қосуға әсіресе, жастар жағы
мүдделі. Отаншылдық сезімдері мен ана тілі, ата
дінін көздерінің қарашығындай сақтауды мұрат
тұтқан халық үшін таптырмас құжаттың құқықтық
қорғалуын қамтамасыз ете отырып, парасаттылық
танытқанымыз жөн. Қазыналы қазақ даласының
тарихы терең, шежіресі бай екендігі баршаға
белгілі. Баһадүр бабаларымыздың «тебінгіні терге
шірітіп, терлікті майдай ерітіп, күңіреніп күн кешіп»
жүрген дәуірлерінен, түркі халықтарының империя
болып тұрған кездерінен, алты алаштың ардақты
ханы Абылайдың тұсындағы ерлік пен өрліктің,
Кенесарының заманындағы жанталастың куәсі болған
жеріміздің көмбесінде көп құпия сақталған. Тек
солардың тылсым жатқан сырларын ашып, жалынды
жырларын ұғына білуіміз керек. Келер ұрпақтарға
Қазақ елінің көне замандардағы алып имприяның
мұрагері екендігін сезіндіру ұрпақ санасына сілкініс
пен серпіліс жасауға септігі тиюі әбден мүмкін.
Санама шалқар шабыт сыйлаған «Мәңгілік ел»
идеясының тарихына тоқталсам, 2014 жылдың 17
қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәстүрлі,
кезекті халыққа Жолдауында: «Бір жыл бұрын мен
еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси
бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол -
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ
басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастаған
еді. Бір орайда елді елең еткізген жаңалық – тұңғыш
мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел»
идеясының жариялануы. Бұл – мемлекетіміздің ұлттық
идеясынан туындаған түйін-тұжырым. Еліміздің
кең даласы мен көркем қалаларына, тау-тасы мен
өзен-көлдеріне және атамекеніміздің жер асты мен
жер үсті, яғни табиғат пен тарихи байлықтарымызға
сырттан қызғанышпен көз тікпейтін халық жоқ. Жас
ұрпақты атамекенін аялап, табиғатын қорғауға және
Жер-ана төсіндегі байлықтарды тани және барынша
бағалай білуге де, үйретуге де кең даңғыл ашатын
айшықты дара жол - «Мәңгілік ел» идеясының ішкі
мазмұнында нақтыланған. Оған мен өзім ой көзіммен
аралаған 30 қала тарихы мен жүзге жуық тарихи
орындар, көне ескерткіштер мен тас мүсіндердің
жұмбақ сырын ашуға талпынған ізденістерім арқылы
көз жеткіздім. Қазақ елінің иесі де, киесі Алаш
жұртына, бауыр басқан жүздеген басқаның баласына
да Қазақстан жерінің қадір-қасиетін, туған жерді
сүюден артық бақыт жоқ екендігін сезіндіретін сезім
кілті - «Мәңгілік елдің» ішкі мазмұнында.Cондықтан,
’’Мәнгілік ел’’идеясын мұрат тұтқан алып ел –
қазақ еліңің еңсесі ешқашан аласармақ емес!Ата –
бабаларымыз аманат еткен атамекеніміздің әрбір адым
жері –асқар шыңды тауларын, дархан даласы мен
айдын–шалқар көлдерін, нулы ормандарын болашақ
ұрпақтың қолына аман-есен шашау шығармай
жеткізе білсек, Мәңгілік елдігіміздің дәлелі бол
-
май ма!?Ендеше, елдігіміздің ертеңі үшін «Мәңгілік
ел»идеясының қажеттілігін қастерлейік !Аталған
идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты
ғана емес, Тәуелсіз жолындағы жаңқиярлық еңбегі
мен тынымсыз шығармашылығының нәтижесінде
арқылы қол жеткен асу! Түркі тарихын, көне түркі
мұраларын зерттеуші филология ғылымдардың
докторы, профессор Қаржаубай Сартқожоұлының
«MANGI EL»халықаралық ғылыми-көпшілік та
-
рихы журналында : «Мәңгілік ел - түрік жұртының
данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған
атақты Тоныкөк ( Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...) –
екендігін жазған (3, 20-21 бб.). Елтеріс Құтлық қаған
екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк
«Мәңгілік ел» идеясын қолға алады. «Мәңгілік ел»
идеясының мақсаты- түрік елінің билігі»деп осыдан
он үш ғасыр бұрын мәңгілік ел болудың идеясын
ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап,