№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
29
№1 бөлім
жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне 
сенімдімін.
Бесінші бағыт «Қазақстанның революциялық 
емес, эволюциялық дамуы» атты бағыт. Дамудың 
эволюциялық дамуына жол салу табысты қоғам 
кепілі екендігіне назар аудара отырып, күнде көріп 
жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашаққа 
бағдар жасаудың маңыздылығын саралады. Ал
-
тыншы бағыт «Сананың ашықтығы» жер жүзіндегі 
миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, 
кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып 
жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел 
үйренуіміз керектігін атап өтті. Мақаланың басты 
бағыты «Таяу жылдардағы міндеттер» болып табыл
-
ды. Ең алдымен Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын 
әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды айта келе: 
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі 
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, 
сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру 
процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп 
қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, ла
-
тын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, 
жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ 
емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың 
көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса оты
-
рып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай 
стандартты нұсқасын қабылдау керек. 
2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін 
мамандарды және орта мектептерге арналған 
оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 
2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар 
жүргізілуге тиіс. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде 
белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла 
тұрады. Аталған мақаласында Елбасы Үкіметке нақты 
тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын 
қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға 
қарай іс-қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, 
бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл 
қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара 
болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен 
жауапкершілік артып отыр. Әрине, бұған үлкен 
дайындық керек. 
Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен 
Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі 
халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен 
өткізе айтқанын байқау қиын емес. Халқымыз небір 
аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жа
-
зуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре 
тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында 
ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің 
жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін 
міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды 
қалыптастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң 
мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері 
мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жа
-
сайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының 
сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам. 
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа 
оқулық жобасын қолға аламыз» [3] деп осы мәселе 
басымдығын айтты. Сондай-ақ патриотизмді дамыту 
мақсатында «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық 
патриотизмнің нағыз өзегіне айналу керектігін ата
-
ды. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы 
мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр 
шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар 
болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған 
ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары 
азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың 
алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-
міндеттер қойылып отыр[4].
ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге 
ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, 
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жоба
-
сын іске асыруға тиіспіз деген ұсынысты да білдірді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – 
Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің 
әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос 
өкілдерінің тарихынан сыр шертетіндігін айтты. Жоба
-
да адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары 
арқылы, бүгінгі заманауи Қазақстанның келбетінің 
көрініс табуы негізделген. Ұлттық болмыс пен 
бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және 
білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына 
алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, 
дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар 
алға батыл қадам басып, жоғары технологиялар
-
ды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, 
халықаралық коммерциялық һәм концептуалды 
жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан 
көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір 
шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет