№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

№5 (125), мамыр 2023 жыл
33
№1 бөлім
«6В01601»- тарих,4 курс студенті
Божбан Ақерке Абдиманапқызы
ҚАСЫМҰЛЫ КЕНЕСАРЫ ХАН 
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ 
хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің 
әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре 
тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. 
Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен 
баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың 
Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым 
сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның 
баласы.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта 
жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен 
сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей 
өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, 
өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы 
шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына 
келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті 
әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне 
де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының 
талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да 
ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар 
көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың 
жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. 
Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын 
жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша 
үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды 
діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының 
наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған 
көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. 
Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ 
хандығының ханы болып сайланды.
Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне 
қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді 
ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының 
тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға 
бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. 
Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.
Кенесарының 
сыртқы 
саясатының 
басты 
мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. 
Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия 
хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі 
ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға 
күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз 
елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия 
мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан 
өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.
Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз 
экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. 
Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал 
өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда 
ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды 
арнайы жасауылдар жүзеге асырды.
Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз 
халық жасақтарының төтеп беруі қиын еді. Соған 
қарамастан Кенесары өзінің аса дарынды қолбасшы 
екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы 
оларға бірнеше рет ойсырата соққы беріп, бірнеше 
бекіністің талқанын шығарды. Солардың бірі 
Кенесарының Екатеринбург станциясына жасаған 
шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы 
сондай, казактар, тіпті қарсылық көрсете алмай 
қалады. Осы жолы Кенесарының жігіттері 18 мылтық, 
2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға түсіреді.
Көп жылға созылған күрес негізгі күшін әлсіреткен 
Кенесары патша әскерінің қысымымен 1846 жылы 
Орта жүзден Ұлы жүз қазақтарының жеріне кетуге 
мәжбүр болады. Мұнда ол қырғыз манаптарына 
Қоқандқа қарсы бірігіп соғысуға ұсыныс жасайды. 
Бірақ Орман мен Жантай бастаған манаптар оның 
бұл ұсынысын қабылдамай, орыстың генерал-
губернаторы Капцевичке өздерінің Кенесарымен 
соғысатынын хабарлап, одан көмек сұрайды.
Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік 
тауындағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыста 
Кенесары қолға түсіп, қаза табады. Кенесарының 
тәуелсіздік жолындағы күресі де және осы жолда 
тек қана түркі халықтарының күш біріктіруі арқылы 
оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды 
саясаткер, көреген стратег екенін айқын аңғартады.
Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және 
Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық 
күресін басқарушы.
1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ 
хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы 
күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі 
Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар 
орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап 
тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. 
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары 
Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды 
іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер 
атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды 
жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты 
біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете 
түсінді.
Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал 
кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық 
езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет