№5 (125), мамыр 2023 жыл 13
№1 бөлім күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке
айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние
салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің
ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не
үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда
басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің
өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда
Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз
Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы
ханы болды.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының
арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына
икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері
жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға
ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға
ұмтылып, Ауған шаһыАхмад Дурранимен келіссөз
жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды.
Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс
бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің
шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779
жылы қазан айында Петропавлбекінісіне барудан
бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен
«Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін
шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ
халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған
дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын»,
«Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды»,
«Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға»,
«Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура»,
«Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда
өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды.
Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет
Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай
арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында
12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының
жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл
қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді.
Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік
ұранға айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып.
- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
ISBN 9965-893-73-Х
2. https://massaget.kz/blogs/13854/
3. «Қазақта Абылайдай хан болыпты…» //Қазақ
әдебиеті 30.10.2015
4. Шәді Жәңгірұлы «Тарихат», «Тарихнама»
5. https://massaget.kz/blogs/13854/
6. Салықов К.Таңдамалы, Алматы, 2002
7. Сакуш Тору. XVIII-ХІХ ғасырдағы Шығыс
Түркістан қоғамдық тарихын зерттеу. - Киото. -1963.
Zhangying қытайша аудармасы. -Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы. – 1994. 345-б. - 408 б.