№5 (125), мамыр 2023 жыл 27
№1 бөлім «6В01601»- тарих, 4 курс студенті Олжабаева Арайлым Байрамқызы РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ КЕПІЛІ 2017 жылдың 12 сәуір айында Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
жарық көрді. Қазақстан халқы аталған мақаладағы
Елбасы идеясы мен алға қойған мақсаттарын,
бағыт – бағдарын жаңашылдық жаршысы ретінде
қабылдап, алға асқарлы мақсаттар қоя бастады. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы бірнеше бөлімдерді
қамтиды. Кіріспе бөлімде еліміздің жаңа тарихи
кезеңге аяқ басқандығын және Қазақстанның үшінші
жаңғыруы басталғанын жолдауда жариялады. Осы
негізде саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды
қолға алу ісіне тоқталды. Мемлекет мақсатының
айқындығын және әлемдік даму деңгейіндегі 30
елдің қатарына қосылу мәселесін баса айтты. Мұндай
деңгейге жету үшін үздіксіз даму қажет екендігін жас
ұрпаққа жеткізді. Рухани жаңғыруға жол тәуелсіздік
алған жылдардан бастап салынғандығына баса на
-
зар аударта отырып: «Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл
бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан
аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен ны
-
сандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих
толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді
архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды
жүйелі түрде жинап, зерттедік» [1]- дей келе, Елба
-
сы осы тұғыр аясында келелі рухани жаңғыруға қол
жеткізу мәселесінің бірнеше бағдарын тараушаларда
ұсынды.
Ұлт болып тұтастықта болашаққа қадам басудағы
рухани қазынаның орнын Елбасы айқындап берді.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақаласында жалпы болашақтағы еліміздің рухани
бағдарын жоспарлы екі үлкен бағытпен қарастырған.
Бірінші тарау «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана ту
-
ралы» деп аталады. Онда «...Әлемде бағыты әлі
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап
өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын
қағидалардан арыл масақ, көш басындағы елдермен
тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру
үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына
икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын
бойға сіңіруіміз керек», - деген ұлағатты ұстанымды
алға қойған.
Елбасы заман сынынан сүрінбей өткен озық
дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды
алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін және
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала
алмаса, ол адасуға бастайтындығын насихаттаған.
Н.Ә.Назарбаев тұтас қоғамның және әрбір қазақ-
стан дықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын