Қазақстан ұстазы 28
атап өтті. Атап айтсақ бірінші бағыт «Бәсекеге
қабілеттілік». Елбасы «Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз
– ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы,
я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние
ұсы на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны-
мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапа
-
лы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи
байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілетімен
айқындалады» деп атап өте келе, әрбір қазақстандық,
сол арқылы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге
ие болуы керектігін және ол үшін ком пьютерлік
сауаттылық, шет тілдерін білу, мә дени ашықтық
сияқты факторлар тұтас ұлттың алға басуына сөзсіз
қажетті алғышарттар екендігін алға қойды.
Осы орайда «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде
білім беру», «Мәдени және конфессияаралық
келісім» сияқты бағдарламалар қабылданды. Бұл
бағдарламалар ұлтымызды рухани жаңғыртуға баста
-
ма екендігін атап өтті. Екінші бағыт «Прагматизм»
деп аталады. Елбасы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық
және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай
-
даланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,
ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен
кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат
емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайда
-
лану көргенділікті көрсетеді» деп анықтама берген.
Осы ұстанымды бастама ретінде алып, халқымыз
ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің
қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді
әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық
өмір салтын ұстанып келгендігін жастарға өнеге
ретінде жеткізу ұрпақ алдындағы орындалуы тиіс
іс-шаралар деп түйіндеген. Нақты мақсатқа жетуге,
білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби
тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жол
-
да әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың
прагматизміне қол жеткізуді негіздейді. Реализм мен
прагматизм онжылдықтардың ұраны болуы шарт де
-
ген. Батыста, ірі державаларда болып жатқан сайлау
науқандары тіпті дамыған елдерде де жұртшылықтың
бос демагогия мен популизмге қарсы иммунитетінің
жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне
бермейтінін паш етті. Әлемде шын жүйріктердің
емес, «тіл жүйріктердің» заманы туған ба дерсіз. Бұл
халықаралық қоғамдастық кезігіп отырған кезекті
«сын-қатер» болса керек. «Ұлт немесе жеке адам
нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде
ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға
бастайтын популистік идеологиялар пайда болады»
деген
Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына
«реализм мен прагматизмді» ұсынады. Біз – баба
-
лар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз.
Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос
демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына
елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды.
Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке
бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге
айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.
Біз тек ұлтымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді
дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды
дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай
жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс
берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Үшінші
бағыт «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп аталады.
Қазақстан тарихы – бұл рухани дамудың, күрес пен
табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы.
Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның
сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды.
Осы құндылық негізінде ұлттық бірегейлікті сақтауды
алға кою мемлекет үшін маңызды. Елбасы біріншіден,
ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді басты
назарға ұстай отырып, ұлттық болмыстың өзегін
сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту
көзделуде. Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық
теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге тал
-
пынуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу
үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз
керек. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен да
-
мып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз
қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шар
-
ты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым
есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау
жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты
сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып,
оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз[2]. Ұлттық
болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи
салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық ру
-
хани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына
өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға
сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың
санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың
жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Қазақ халқының дәстүрлі мадениетін сақтай оты
-
рып, келешек дамуға қол жеткізу назарда болуы ке
-
рек. Ұлы Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы,
Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар
біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп
бағалаған Елбасы жас ұрпақты баянды бірегейлікке
шақырды.
Елбасы осындай басымдықтарды негіздей оты
-
рып, бұл тақырып бойынша екі жолды негіздеді.
«Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса,
ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі
болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тар
-
ту керек». «Білімнің салтанат құруы» атты бағытта
тәуелсіздік тұсындағы Қазақтандағы білім мәселесін
талқылай келе білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет деп түйіндеді.
Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана
сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере
алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және
мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар ша
-
ралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы
атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамуының