11.1кг шәй 1кг кофеден 120теңгеге арзан. 5кг шәйдің құны 3кг кофенің құнына тең. Шәй мен кофенің бағалары қангдай?
12. Бір бригадада гектарынан 10,6 т картоп жинады. Екінші бригада 20га аз егшіп, гектарынан 12,1 картоп алды. Жалпы жинаған картоптарын салыстырғанда, екінші бригада 62 тонна картоп кем алды.Әр бригада неше тоннадан картоп жинағанын табыңыз.
13. Әкесі 665 теңгені 3 жасар, 7 жасар,11 жасар үш баласына жастарына кері үлесті (кері пропорционал) мөлшерде бөліп берді. Әр балаға қанша ақша тиді?
14. Екі құбыр бірдей ашылса, бір құбыр су қоймасының 3/5, екінші құбыр 2/5 бөлігін толтырар еді. Егер бірінші құбыр бір өзі 8 сағатта толтыратын болса, жалғыз екінші құбыр неше сағатта толтырар еді?
15. Өзеннің бойындағы ара қашықтығы 168 км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы екі моторлы қайық шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Тынық судағы қайықтардың жылдамдықтары бірдей. Егер қайықтардың жүрген жолдары 13:15 қатынасында болса, өзеннің ағу жылдамдығы қандай?
16. Мотоциклмен А қаласынан В қаласына 35 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, белгіленген уақыттан 2 сағат кеш жетеді. Ал 50км/сағ жылдамдықпен жүрсе 1 сағат ерте келер еді. А мен В қалаларының ара қашықтығын табыңыздар.
1500см³ суға 135 см³ күкірт қышқылын араластырды. Судың тығыздығы 1г/см³, күкірт қышқылының тығыздығы 1,88 г/ см³ болса, ерітіндінің тығыздығы қандай?
18. 500г суға 135 г күкірт қышқылын араластырды. Судың тығыздығы 1г/см³, күкірт қышқылының тығыздығы 1,88 г/см³ болса, ерітіндінің тығыздығы қандай?
6.Қайталауға берілген есептер 1. Екі бригада бірігіп істесе, жұмысты 6 күнде бітірер еді. Бірақ бірінші бригада жеке 4 күн жұмыс істегеннен кейін, қалғанын екінші бригада 9 күнде бітірді. Әр бригада осы жұмысты неше күнде бітірер еді?
2. Әкесі 6 және 10 жасар екі баласына сыйлық алуға жұмсаған ақшасы балалардың жастарына кері үлесті (кері пропорционал) болды. Кіші баласына 360 теңге жұмсаса, үлкен баласы неше теңгенің сыйлығын алды?
3. Жүгері еккен екі жердің ауданы 60 га. Бірінші жердің әр гектарынан 85 ц, екінші жердің әр гектарынан 95ц көк балауса орылды. Егер бірінші жерден 1500 ц көк балауса артық алынса, әр жердің ауданы қандай?