5-7 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс шығаруға арналған математикадан есептер логика және тапқырлық



бет37/46
Дата24.08.2023
өлшемі436,5 Kb.
#105536
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
Логикалық есептер жинағы, 5-7 сынып

2.Бағалар мен сандық қатынастар
1. 1) 1кг май қанша тұрады? 600:2,4=250 теңге.
2) 1000теңгеге қанша май келеді? 1000:250=4кг.
2. 1) Мәі етіктен арзан болған соң, мәсінің бағасын 1 бөлік деп алайық.Сонда етіктің бағасы 3,5 бөлік құрайды. Ал етік пен мәсінің бағасы 1+3,5=4,5 бөлік болады.
2) 1 бөлікке қанша ақша келеді, яғни мәсі қанша тұрады? 657: 4,5=146 теңге мәсі.
3) Етік 146·3,5=511 теңге.
3. 1- т ә с і л. 1) 3кг алмаға қанша артық төленді? 2·3=6 теңге.
2) Тек өрік алса, қанша ақша төлеу керек? 96-6=90 теңге.
3) Неше кг өрік алуға болады? 3+2=5кг.
4) 1кг алма қанша тұрады? 18+2=20 теңге.
2-т ә с і л. 1) 2кг өріктің орнына 2кг алма алса, тағы қанша төлеу керек?
2·2=4 теңге
2) Сонда неше кг алма болады? 3+2=5 кг.
3) 5кг алмаға қанша төлеу керек? 96+4=100 теңге.
4) 1 кг алма қанша тұрады? 100:5=20 теңге.
5) 1кг өрік қанша тұрады? 20-2=18 теңге.
4. 1-т ә с і л. 1) Екі қобыздың орнына 2 домбыра алса, тағы қанша төлейді?
34·2=68 теңге.
2) Барлығы неше домбыра алар еді? 7+2=9 домбыра.
3) 9 домбыраға қанша төлеу керек? 1552+68=1620 теңге.
4) Бір домбыра қанша тұрады? 1620:9 =146теңге
2-т ә с і л 1) Кілең қобыз алса, 7 домбыраның құнынан қанша ақша қайту
керек? 34·7=238 теңге
2) Қобыздарға қанша ақша жұмасау керек еді?
1552-238=1314 теңге
3) Неше қобыз алынушы еді?7+2=9 қобыз.
4) Бір қобыз қанша тұрады?1314:9=146 теңге.
5. 1) Үш домбыра және үш қобыз алса, домбыраларға қанша артық
төленер еді? 34·3=102 теңге
2) Сонда екі домбыраға ( 5 домбыра алу 3 домбыра) тазадай қанша ақша
төлер еді? 462-102=360 теңге.
3) Бір домбыра қанша тұрады? 360:2=180 теңге.
6. 1) Айырымы 15 болса, бір сан екінші санна 15-ке артық ( не кем) деген
сөз. Егер сол 15-ті екеуінің қосындысынан алып тастаса, қалған сан
кіші санның екеуіне тең болар еді. Сонымен, кііші санның екеуі
57-15=42-ге тең.
2) Кіші сан нешеге тең? 42:2=21
3) екінші сан нешеге тең? 21+15=36.
Бұл есепті бақаша да шығаруға болдады.
1). Егер аз санға 15-ті қосса, екі сан тең болады. Қосындысы да 15-ке көбейеді.Сонда екі санның қосындысы 57+15=72 болады.
2) Үлкен сан- 72:2=36
3) Кіші сан- 36-15=21.
7. Осы есепті шығарғанда, балалаодың көбі 6 асық беру керек дейді. Ал
екеуінде бірдей болу үшін, сол 6 асықты екіге бөлу керек. 3 асық берсе, екеуінде 16 асықтан болады.
8. 1) Айгүлден 4 дәптер алсақ, оның әлі 6 дәптері артық болар еді.
2) Енді сол дәптьерді Құралайға берсе, дәптері көбейіп, Айгүлдің дәптерінен 2 дәптері ғана кем болады.
9. 1) Асқардан 4 жаңғақ алса, оның 2 жаңғағы ғана артық болар еді. Ал Нұрлангға 4 жаңғақ берсе, енді Нұрланның 2 жаңғағы көп болады.
2) Асқардың 6 жаңғағы артық бола тұра Нұрланнан тағы 2 жаңғақ алса, оның 10 жаңғағы артық болып кетеді.
10. 1) Екеуінде асық саны бірдей болу үшін 3 асықты алсақ, неше асық қалады? 35-3=32 асық.
2) Асығы аз баланың неше асығы бар? 32:2=16 асық
3) Екінші балада 16+3=19 асық.
11. 1) Тағы 4 литр бензин құйса, барлығы 36+4=40 литр болады.
2) Бір ыдыста қанша бензин бар? 40:2=20 литр.
3) Екінші ыдыста қанша литр бензин болды? 20-4=16литр.
12. Егер бір ыдыстан екіншің ыдысқа 7литр бензин құйғанда 2 ыдыстағы бензин бірдей болса, бірінші ыдыста 14литр бензин артық болғаны. Екі ыдыста 56литр , ал бір ыдыста 14литр артық болса, 6-шы,10-шы есептерге ұқсас келеді.
Бірақ есепті былай шығарған оңай.
1) 7литр ауыстырып құйғанда неше литрден тең болады?56:2=28литр
2) 7литрін қайта қосқанда көп құйылған ыдыста 28+7=35литр.
3) Екінші ыдыста 28-7=21литр.
13. Соңғы шартын қолданайық.Егер бір жәшікте қант 2 есе көп болатын болса, аз қантты 1 бөлік, көп қантты 2 бөлік деп есептейік.Сонда:
1) Барлығы неше бөлік? 2+1=3 бөлік.
2) Әр бөһлікке қанша келеді, яғни аз қант қанша? 42:3=14кг.
3) Осы жәшіктен 3кг қант алса, бұрынғы қанты қалады. Ол 14-3=11кг.
4) Барлығы 42кг болатын. Онда екінші жәшікте 42-11=31кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет