5 ағымдық бақылау тапсырмалары: Педагогикалық такт



бет2/2
Дата19.10.2023
өлшемі36,28 Kb.
#119769
1   2
Байланысты:
педагогка 5 апта

Адам сенімі үш компоненттің көмегімен жүзеге асады: білім – сезім – мінез. Жоғарыдағы тәжірибе және дәлелдерге сүйене отырып, сендірудің формуласын төмендегідей сипаттау мүмкін: Сенімнен формула келіп шығады: түсіну – бастан өткізу – қабылдау – жасау , яғни түсінемін, сезінемін (басымнан өткіземін), өзіме қабылдаймын, осыны өз іс-әрекетімде және мінез-құлқымда басшылыққа аламын.
5. Әрекет кикілжіңдері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушының тоқулық тапсырмаларды орындауға келіспеуінен немесе оны дұрыс емес орындағанынан көрініс табады. Мұндай кикілжіңдердің себептері әр түрлі: оқулық материалды игерудің қиынболуында, оқудың қызық еместігінде; мұғалімнің қате ескертулерінде; шаршау т.б. Мұндай жанжалдар көбіне оқу кезіндегі қиындықтардан, оқулық ауыртпашылығымен шамадан тыс қызығып кеткеннен, оқудың төменгі мотивациясынан пайда болады.
Мінез –құлық кикілжіңдегі, мұғалім оқушы ісінің анализінде қателескенде, себептерін анықтамағанда, ештеңеге негізделмеген қорытындылар жасағанда шығады. Егер мұғалім оқушының істерін оған мәлім емес информациялар, дәлелдер, себептерсіз түзеуге тырысса, онда біз күткендей, оқушы мен мұғалім арасында алшақтау пайда болады, ол жанжалға әкеледі. Мұндай жанжалдар білім берудің нашар ұйымдастырылғандығынан, оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескермеген кезде туындауы мүмкін. Төрт кезеңді анықтауға болады:
Бірінші сынып (ойындық қызметті оқулыққа ауыстыру болады), жаңа талаптар мен міндеттер пайда болады. Егер мұғалім осы ерекшеліктерін ескермей жұмыс істесе, онда, біз айтқандай, оқушы мен мұғалім арасында жанжал туындайды.
Мысал келтірейік, Тима деген бала бала- бақшадағы үйреншікті жағдайдағы дайындық сыныбында оқып жүрді. Тәрбиеші мұғалім балаларға мейріммен қарады, оқу материалы мәжбүрлі емес формада игерілді , сабақ көңілді, қызық және қуанышты болды. Екінші сыныбында Тима жалпы білім беретін, онда мүлдем басқа қатынаспен кездесті. Мұғалім әрбір қателік үшін, балалық айыптылық үшін жазалайды , ұрысады, мектепке ата – анасын шақыртумен қорқытады. Ал , денешынықтыру сабағында мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызып, ұзақ уақыт үгіттеу айтады, сонымен қоймай балаларды бұрышқа тұрғызады. Бала мұғалімге қрсы шығып , әдепсіздік істей бастайды. Түнде апасы баласының ақырын жылап жатқанын естіп қалады. Ол мазасызданып, немересінен сұрайды : « Тимок , сен неге жылайсың ?» Жауапқа ол : «Апа, мен мектепке барғым келмейді . Ондағы мұғалімдер қатал, ашулы» дегенді естиді. Көріп отырғанымызда, мұғалімдердің кішкентай мектеп оқушыларына деген мейрімсіз қатынасы кикілжіңдер туғызып олардың оқуға деген ынталарын жоғалтады.
Екінші кикілжің кезең – бесінші сыныпқа өту. Бір мұғалімнің орнына балалар әр түрлі пәндердің мұғалімдерімен жұмыс істейді, жаңа мектептік пәндер пайда болады. 9-шы сыныптың басында жаңа ауыртпашылықты мәселе туындайды: мектептен кейін не істеу керектігін шешу қажет – орта білім беруші оқу мекемесіне бару нмесе орта білім беру мектебінде оқуды жалғастыру.
Кикілжіңді жағдайлар көбінесе мұғалімнің оқушыға деген бейтарап көз қарасынан, ал кейде әдепсіз қатынасынан туындайды . Бұл кикілжің жағдайлар субьективті сипаттардың, жанжалдасулардың тұлғалық ерекшеліктерінен тұлғалық маңызға ие бола бастайды , оқушы мен мұғалімнің ұзаққа созылатын жек көрушілігін тудырып, оларды өз ара қатынгасын ұзаққа дейін бұзады. Мысалы, Беларус тілінің мұғалімі оқушыларға көкіректене қарады, қандайда болмасын қателіктерде мысқылмен және жек көрушілікпен ескертулер жасап, ақыл айтатын .
Ол оқушыларды жақсы көрмеді, оқушылар да оған тура солай жауап беретін . Оқушылардың бірі ұзақ уақыт ауырып жатады. Ал оның қайта келуінен кейінгі екінші сабақта мұғалім оны тақтаға шығарады, ол жіберіп алған материалды қалай игергендігін тексеру үшін шығарады. Оқушы өзінің барлық мактериалды игеріп үлгермегендігін мойындап, шындығын айтады. Мұғалім артық сөзсіз: «отыр екі!» - дейді. Осы арада оқушы мен мұғалім арасында кикілжің пайда болады. Оқушы мұғалімді, оған қоса беларусь тілін жек көре бастайды. Осы жек көрінішті сезімі оның жүрегінде бірнеше жылдар бойы болды. Келтірілген мысал мұғалім такт сақтау керектігін көрсетеді. Оқушыларға түсінушілікпенқару керектігін, оларға жоғарғы талптарын көрсету қажеттілігін, сыйласымдылықпен шектік сезімін сақтау қажеттігін, әрбір оқушыға әділетті қатынастың болуын көрсетеді.
Кикілжің жағдайлар тек «мұғалім мен оқушы» системасында ғана пайда болмайды, ол сонымен қатар оқушылардың өздерінің арасында, жалпы тұтас сыныптар арасында, мұғалім мен ата- аналар арасында т.б. туындайды.
Педагогикалық жанжалдардың дамуында екі сатыны анықтауға болады: саналы түрде меңгерілмеген «потенциалды» және саналы түрде меңгерілген «шынайы». Бірінші кезеңге жанжалдың жасырн сипаттамасы тән. Педагогтың шеберлігі педагогикалық процестің расындағы көзделген жасырын кикілжіңді алдын ала байқап және одан шынайы жанжалға айналуды тактикалық әдістер мен тәсілдер жолымен алдын алу.
Құрылмдық қатынаста келесі жанжал стадиялары бақыланады: кикілжің жағдай, жанжалдасушылар, жанжал объектісі, жанжалды ара- қатынас және жанжал себептері.
В. И. Андреев жанжалды кикілжің жағдайдан айыру үшін келесі формуланы ұсынады: Мәселен, «кикілжің жағдай + қатысушылар+ инцидент= жанжал».
Педагогикалық жанжалдың қатысушылары оқушылар және педагогтар болып табылады. Жанжал объектісі болып оқытушы – тәрбиелік қызмет пен қатынас көрініс табады.
Зерттеушілер (А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов) жанжал құрылымында оның мынандай маңызды құраушыларын анықтайды.
Жанжалдасушы жақтар. Жанжалда жоқ дегенде екі жанжалдасушы жақтар болады (конфликттанттар) – мұғалім және жеке оқушы, мұғалім және оқушылар тобы т.б. Жанжал кезінде басқа да қатысушылар еліктірілуі мүмкін – яғни, жақтаушы, араздатушылар, достастырушылар, кеңес берушілер, күнәсіз құрбандар.
Кикілжіңдерді басқарып, бақылау жүргізіп, тиімді шешілу жолдарын тауып отыру керек.
Қорытынды.
Сонымен кикілжің пайда болу үшін кем дегенде екі мешесі болуы тиіс. Иә, адамдардың, топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың бір- бірімен қарым- қатынасында түрлі деңгейдегі кикілжіңдер туындайды. Осы аталған мәселені шешу жолында шетелдің көптеген ғалымдары: З. Фрейд, К. Левин, М. Шериф, М. Дойч, А. Урбанов, К. Томас т.б. зерттеген. Күнделікті өмірде кикілжің жағдайларды шешуге тура келеді, сондықтан да бүгінгі біздің тақырыбымыз өмір бойында өзінің өзектілігі мен жалғасын таба береді. Демек, жоғарыда аталған шешу жолдарын тиімді пайдаланып отырған жөн.
6. Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек.
Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес, педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін көтеру болып табылады, біз бұл жерде «мақсатты түрдегі жалпы адамдық құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті».
«Орыс оқытушыларының оқыушысы» деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп отырады » деген.
Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын меңзейді:
А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер талаптарына бағыттау;
Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру;
В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін үнемі арттырып отыру.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын Талаптар «өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді».
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде оқытушының әрекеті негізіндегі сияқты мақсат пен мотив арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Мотивтің мақсатқа қара жылжуын қамтамасыз ету — өзін-өзі тәрбиелеуге деген нақты қажеттілік деген сөз.Оқытушының өзн-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілгі одан әрі жеке белсенділгі арқылы көрініп отырады (сенімі; парызын сезіну, жауапкершілік, кәсіби адалдық, дұрыс бағалай білу т.б.).
2. Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.
Ғылым өзін-өзі бағалаудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі өзінің қызығушылығын қол жеткен нітижеге жатқызу, екіншісі — әлеуметтік салстыру, қоршаған ортаның өзі туралы ойын әлеуметтік түрде салыстыру. Осы тәсілдрді қолдану барысында үнемі адекватты өзін-өзі бағалау туындай бермейді. Аздаған үйреніп қалушылық өзн-өзі жоғары деңгейде бағалауға әкеліп соғуы мүмкін тек қана алдына жоғары міндеттер қоятын тәрбиешілер ғана қиындықтарға жолығады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушыны қанағаттандыра алмайды.
Өзін-өзі бағалаудың негізгі тәсілі (оның ішінде болашақ) — өз нәтижелерін жеке тұлға идеялымен, тәрбиеші-оқытушының әрекетімен салыстыру осындай жұмыстар алғашқы курстан басталуы керек. Кәсіби идеялды қалыптастырудың ең қарапайым және сенімді тәсілі ол — әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен оқу, атақты педагогтар өмірімен өз идеялын табу мақсатында танысу. Бұл оны өзін-өзі тәрбиелеуге деген жағдайдың тиімді түрі. Осы бағытта еліктеуге тұрарлық ерік жігері мол адамның идеялы тиімді рөл атақарады.
Өзін-өзі дұрыс бағалау мен дұрыс есеп беруге жеке күнделік жүргізу де жатады, бұл жерде өзін-өзі тәрбиелейтін субъект өз ептіліктерінің дамуын қадағалай алады.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлары.
Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық ұжым, мекепті басқару стилі мен бос уақыт факторы жатады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу прцесі мүлдем жеке түрде. Алайда одан үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады.;
• өзін-өзі ану;
• Өзін-өзі жоспарлау;
• өзара әрекет ету.
Кәсіби өзін-өзі тану еріктік дамуды меңзейді, эмоционалдық саланы, темперамент пен мінезді, танымдылық прцестерінің ерекшеліктерін меңзейді (қабылдау, түсінік, қиялдау, ойлау), сөйлеуді, және адам қасиеті ретіндегі көңіл қоюды меңзейді.
Жеке тұлғаның дамуындағы өзін-өзі жоспарлау процесі өзінің өзіндік жекелігін жетілдіруі туралы болжамын іске асыру.
Өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруға әдетте «өмір ережесі» жүйесі алғышарт болады, ол ақырындап жеке тұлғаның өзін ұстауы мен әрекетінің приниптерін айналады. Мысалы ешқашан ешқайда кешігіп бармау; ешкімге «иә» немесе «жоқ» деген сөзбен жауап бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен қоса өзін түзету бойынша жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады: ұзақ мерзімге арналған максимум-жопар және қысқа мерзімге арналған минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма неесе бір айға).
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі танудың маңызды әдістерінің бірі — өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін сараптау. «қиындықтар қателіктерінің төлі» тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы, үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет