5 қазан Ұстаздар күнімен құттықтау



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#10307

 

 

30 



 

 

 



 

5 қазан - 

Ұстаздар 

күнімен құттықтау

 

 



                                                                                     

Құрметті  ұстаз  қауымы!  Сіздерді  қазан  айында 

аталып  өтетін  Мұғалімдер  күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймыз!  Сіздердің  бала  көңілдеріңіз  əр 

оқушының  жандүниесін  нұрландырып,  жүрегіне 

шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, 

өмір  теңізіне  құлаш  ұрған  кез  келген  шəкірт 

ұстазымен  мақтанады.  «Мектептің  жүрегі»,  «Бала 

жанының  бағбаны»…  Иə,  бұл  мектеп  мұғалімі  — 

ұстазға  арналған  теңеулер.  Мұндай  мадақтауларды 

жалғастыра 

берсек, 


даналық 

сөздер 


тізбегі 

шексіздікке ұласады.  

Ұрпақ  тəрбиесі  –  ұстазға  байланысты.  “Ұяда  не 

көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің”  дегендей  өнегелі 

ұстаздан 

жақсы 


шəкірт 

шығатыны 

сөзсіз. 

Ұстаз  –  ұлағатты  есім.  Шəкірттерін  білім  нəрімен 

сусындатып,  тəлім-тəрбие  беру,  жақсы  қасиеттерді 

бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта  бағыт-бағдар 

беруде  ұстаздың  еңбегі  зор.  Сондықтан  да  ол 

əрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 

 

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, 



Өнегеңнен барлық шəкірт нəр алған. 

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, 

Өздеріңнен бастау алар бар арман.                             3 


 

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, 

Қолыңда шəкіртіңнің бала шағы. 

Өмірді алға қарай өрлететін, 

Сендерде Ұлы Отанның болашағы – 

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне 

ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға 

бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының 

жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым 

болса, оның бірі – Ұстаз. 

 Олай болса, қадірлі ұстаздар! 

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен 

құттықтаймыз. 

Сіздердің шəкірттерді тəрбиелеп, білім беру 

жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. 

Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, 

мерейлеріңіз үстем бола берсін. 

 

Мектеп 

Мектеп менің білімді ордам, 

        Құрметтейтін асыл ордам. 

Өз мектебімді жақсы көрем, 

        Әрқашанда сыйлап өтем. 

 

Амантай Нұрдəулет  



6 «а» сыныбы 

 

 



 



 



 

Полудневич  Диана  

4 а сыныбы 

 

 

 



 

 

Күзгі 



жауын 

 

 



Бурабайдағы демалыс 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Натюрморт  



 

 

 



Мұғалім: 

-Ұйқымен өтсе өмірің, 

Құрметтейді сені кім? 

Оқымаған адам – 

Топас, надан. 

Онда, саған 

Тиісті бағаң: 

-«Жаман!» 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



28 

 

Мен жастарға сенемін. 

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты, 

Қырандай күшті қанаты 

Мен жастарға сенемін. 

(Мағжан Жұмабаев) 

Қазақ  халқы  –  өзінің  қарапайымдылығы  мен 

қонақжайлылығын 

ешқашан 


естен 

шығармай, 

өскелең  ұрпақты  адалдық  пен  қайсарлыққа, 

кішіпейілділік 

пен 

жігерлілікке 



жас 

кезден 


машықтандырып,  ұлттық  рухтан  аластатпай,  дұрыс 

тəрбие  бере  білген  халық.  «Ел  боламын  десең, 

бесігіңді түзе», - деп дана ата-бабамыз бекер айтпаса 

керек.  Бəсекеге  қабілетті,    өркендеу  əрі  даму 

жолында  тұрған  қазақ  миллаты  –  ұлт  болашағының 

жарқын  болуын  жастармен  тығыз  байланыстырып, 

өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпаққа  дұрыс  бағыт  беріп, 

жастайынан саналы да табанды болып өсуіне ерекше 

көңіл  бөлген  халық.  Жастық  шақ  –  тану  мен 

қалыптасу  кезеңі.  Тəрбиелі  білім  алған,  жан-жақты 

қабілетті,  бастамашыл,  дүниетанымы  терең,  көкірегі 

ояу  ұрпақ  –  қоғамның  басты  тірегі  болса,  тəуелсіз 

Қазақстанның  келешегі  жас  ұрпақтың  қолында 

екендігіне кəміл сенімдімін.  

Менің  ойымша,  ХХІ  ғасыр  –  қазақ  жастары  үшін, 

яғни  біздер  үшін  жұлдызды  ғасыр  əрі  бұйырған 

бақыт  деп  ойлаймын.  Себебі  ХХІ  ғасыр  жастары  – 

рухы  күшті,  тəуелсіз  елдің  ұрпақтары.  Елбасымыз 

халыққа жолдауында: «ХХІ ғасыр – білім ғасыры», - 

деп айтып өткен болатын. Демек, Қазақстандай жас, 

жас  та  болса,  дамыған        30  мемлекеттің  қатарына 

енгісі  келетін  ел  үшін,  елдің  өркендеуі  үшін  білімді 

де  білікті,  жігерлі  де  дарынды  ұрпақ  ауадай  қажет.  


Олай  болса,  елімізді  өркендету  үшін  жақсы  оқып, 

жан-жақты    əрі  сапалы  білім  алып,  ғылымға  ден 

қоюымыз  керек.  Ел  ертеңі  –  біздердің,  келер 

ұрпақтың қолында. Елімізді көркейту, оны өзімізден 

кейінгі  ұрпаққа  жеткізу  –  біздің  борышымыз  деп 

білемін.  Елбасының  «Ұлт  болашағы  –  білімді 

ұрпақтың  қолында»  деп  айтқанындай,  шын  мəнінде 

бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек 

келбеті.««Балам»  дейтін  ел  болмаса,  «елім»  дейтін 

бала қайдан болсын?!» деп үндейді халық даналығы. 

Бүгінде «балам» дейтін Қазақстандай кең жерде өсіп-

өнген ұрпақтың «елім» деп жырламауы мүмкін емес.   

Бүгінгі  таңда  елімізде  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 

жастардың  жан-жақты  дамып-жетілуіне  барлық 

жағдайлар жасалуда. Елбасымыз қазақ балаларының 

қатардан  қалмай,  жақсы  əрі  сапалы  білімді  тегін 

алуға мүмкіндік беріп, білім ордаларының көпшілігін 

дерлік  заманауи  техникалармен  жабдықталған. 

Еліміздің  ділін  қалыптастыруды  əрі  жастардың 

рухани байлығын арттыруды көздеп, мəдениеттің əр 

саласын  қамтитын  арнайы  үйірмелер  ашылып, 

бүгінгі  таңда  жұмысты  белсенді  түрде  атқаруда. 

Жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында 

құрылған  «Жас  Отан  –  жастар  қанатын»  да  айтпай 

кетуге  болмайды.  Сонымен  қатар,  біздің  бəсекеге 

қабілеттілігімізді 

жəне 

жеңіске 


деген 

ұмтылысымыздың  көрсеткішін  арттыру  жолында 

ұйымдастырылып жатқан əр-түрлі ауқымдағы пəндік 

һəм 


спорттық 

олимпиадалар, 

ғылыми 

конференциялар,  зияткерлік  ойындар  мен  басқадай 



сайыстар  өздерінің  тұрақты  қатысушыларын  да 

тауып  үлгерген.    Жастардың  сапалы  білім  алуын 

көздеген елбасы 1993 жылы  

 

Мұғалім: 

-Кітап бетін аштың ба? 

Жалқаубек: 

-Ия,көрпенің астында 

Біраз қарап, 

Парағын санап, 

Басым ісіп кетті, 

Денем ысып кетті. 

Ойыннан соң қарным ашып, 

Дегбірім қашып,  

Керемет шаршап келіп, 

Тамақты аңсап келіп, 

Табақпен іші кең 

Көжені көп ішіп ем, 

Қарным шертиіп тойып кеттім, 

Төсекке қойып кеттім. 

Тəтті ұйқымен маужырап, 

Сабақты оқи алмадым, 

Оқығанмен, миыма тоқи алмадым. 

Сөйтіп, көңілім ала болды,  

Ұйқым  шала болды.                                              27 


Жалқаубек: 

-Сайда болдым, 

Доп ойнадым. 

Мұғалім: 

-Кешкілік не істедің? 



Жалқаубек: 

-Асық ойнайтын жерді тегістедім. 

Енді түре келіп, 

Үйге кіре беріп, 

Табалдырықтан құлап түстім, 

Ұзынымнан сұлап түстім. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

26 



«Болашақ»  бағдарламасын  құрғандығын  атап  айту 

жөн  деп  санаймын.  Бағдарлама  бойынша  қазақ 

жастары  əлемдегі  алпауыт  мемлекеттердің  алдыңғы 

қатардағы  жоғарғы  оқу  орындарында  оқуға 

мүмкіндік 

алды. 


Бүгінде 

3000-нан 

астам 

Қазақстанның  үздік  түлектері  оқу  бітіріп,  əр  түрлі 



салада  қызмет  етуде.  Көңілді  қуантарлық  тағы  бір 

жайт  –  елбасымыздың  атындағы  университет  пен 

еліміздің  үлкен  шаһарларында  ашылған  зияткерлік 

мектептер.  Осының  арқасында  еліміздің  түпкір-

түпкірінен  дарынды  жастардың  басы  қосылып, 

сапалы білім алуда. 

Алдыңғы  толқын  –  аға  буынға,  ортаңғы  буын  – 

отандастарға,  кейінгі  толқын  –  жастарға.  Айтылған 

үндеу кім-кімді де тебірентпей қоймайды, əрбір елін 

сүйген  жасты  Қазақстанның  алтын  ғасырында  ұлы 

тарихтың  иесі  атанып,  ұлы  істерді  өз  қолдарымен 

жасауға жігерлендірері сөзсіз.  

Татулығымыз  бен  береке-бірлігімізге,  біліміміз  бен 

білігіміз,  технологиямыз  бен  инновациямыз  сай 

болса  ғана  тəуелсіздікті  сақтау  жолындағы  күресте 

мерейіміз үстем болмақ. Елбасы «Қазақстан – 2050» 

Стратегиясында  осы  қағиданы  ту  етіп  ұстайды.  Сөз 

соңында  

жастарымызыды  елбасымыздың  сарабдал  саясатын 

қолдап,  соны  жүзеге  асыруда  жан  беріп,  жан 

аямауларыңызды  сұраймын.  Себебі  алдыңғы  буын 

мен келер ұрпақ бізге мол сенім артып отыр. 

                                                        11 А сынып 

оқушысы 


                          

                                             



Серикова 

Асыл 



 

5 қазан - Мұғалімдер күні 

Құрметті  ұстаздар  қауымы!  Сіздерді 

қазан 

айында 


аталып 

өтетін 


Мұғалімдер  күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймыз!                              



                                                                                                

                    А Р Н А У 

Менің ойым жинағаным арманым, 

Арман қуып ұстаздықты таңдадым. 

Ұрпақ қамы  болашағы елімнің, 

Атса бірге өздеріңмен таңдарым. 

Ұстаз болу оңай емес тегінде , 

Тəрбие бер алға ұмтыл шегінбе . 

Рухы биік жас ұрпақты жеткізсек, 

Қыран болып қалықтайды көгімде . 

Ал  ұстаздар,   

құтты болсын мерекелі күндерің, 

Ел ырысы ынтымақты  

                              берекелі жүргенің. 

Ақынға да, батырға да,  

                     білім  нəрін сусындатып, 

Көңіліңмен шаттанып бір күлгенің. 

Міне осындай еңбек елдің қамы үшін, 

Ұстаздарды барша қауым танысын. 

  

Бағаласын сараласын бəрінде , 



Адал еңбек маңдай тері ары үшін. 

Міне осындай ұстаздардың тағдыры, 

Мейрімді ғой, өнерлі ғой сан қырлы. 



Мұғалім: 

-Тұр! - деді, 

Ұят екен бұл, - деді,- 

Турасына келсек, 

Дəптерің  қайда, көрсет? 



Жалқаубек: 

-Сыныпта қалып кетіпті, 

Біреулер алып кетіпті. 

Мұғалім: 

-Одан да, жазғаным, 

Десеңші, жазбадым. 

Жалқаубек: 

-Жоқ, апай, жазғам, 

Кеше құдық қазғам. 

Сонда түсіріп алдым, 

Парағын ұшырып алдым. 

Мұғалім: 

-Болмаса, оқығаныңды айт, 

Көңілге тоқығаныңды айт. 

Жалқаубек: 

-Апай, оқымадым, 

Үйде отырмадым. 

Мұғалім: 

-Е, қайда болдың? 

Не ойладың?                                             25 


 

 

Жалқаубектің  



жауабы 

 

 

Сабақ жүріп жатыр,  



Сынып  тына қалған. 

Оқушылар тұрып жатыр, 

Мұғалім сынық алған. 

 

Жалқаубек мүлгіп отыр, 



Көзін жұмып,бір ашып. 

Басын шұлғып отыр, 

Тəтті ұйқыға ұласып. 

 

Мұғалім шыдасын қашанғы, 



Ескерту жасады: 

-Қарағым, қалғыма,  

Қарап отыр алдыңа. 

 

Жалқаубек көзін ашып алды да, 



Қалғып кетті тағы да. 

24 


 

Ұлылықтың , кісіліктің кілтінде , 

Жас ұрпаққа аманатқып қалдырды. 

Көздері мөлдіреген балапандар , 

Қанат қағып аллам  

                            жазса көкке самғар. 

Қатал тағдыр оңдырмай балаларды , 

Шөлдеген мейірімге зəру жандар. 

Жетімін жылатпаған қазақпыз ғой, 

Көп  емес өзімізде азақпыз ғой. 

Ұл-қызын тəрбиелеу міндет бізге, 

Тереңнен толғандырар ізгі ой. 

                        Жанат Айдос, ұстаз 

 

Советалы Аяулым 6а сынып  



оқушысы, 2001 жылы  

 2 желтоқсанда дүниеге келген.                                                   

                         Апай 

Ғалия апай біздің де, 

Үйретеді тəрбиеге. 

Гүлдей жайнап əрдайым, 

Шақырады білімге. 

Сізден бəрін үйренем,             

Тəрбие мен білімді. 

Сізге мəңгі қарыздар, 

Білім алған балалар. 

Сізді мəңгі көреміз анамыздай, 

Анамыздың бəрінен  

                          қымбаттырақ . 

Мəпелеген, өсірген баласындай 

Ізгі мəңгі рахмет Ғалия апай.

 

                                                                                   



 9 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы... 

Өмірі өнегеге толы бұл жан барлық 

ғұмырын  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім 

мен  дұрыс  тəрбие  беруге  арнаған.  Биыл 

ұлағатты  ұстаз  Рахимберлина  Зəмзəгүл 

Нарымбекқызының 

№2 

санаторлық 



мектеп-интернаты  қара  шаңырағында 

басшылық етіп жүргеніне бес жыл толып 

отыр.  Ардақты  ұстаз  бұл  мерзімнің  ішінде  өзін  тек 

жауапкершілігі  мол  басшы  ретінде  ғана  емес, 

сонымен қатар білікті де білімді ұстаз, жанашыр ана 

ретінде көрсете білді. 

1982  жылы  Алматы  шаһарындағы  шет  тілдер 

институтының  неміс  тілі  факультетін  ойдағыдай 

тəмəмдаған  жас  əрі  талапты  маман  өзінің  ұстаздық 

жолын  Жезқазған  қаласындағы  жалпы  білім  беретін 

№2  мектептен  бастаған  болатын.  Онда  4  жыл  еңбек 

етіп,  ізденіс  үстінде  өзіміздің  сүйікті  Балқаш 

қаламызға  ат  басын  тірейді.  Сөйтіп,  1986  жылдан 

бастап  №17  орта  мектепте  жұмысын  жалғастырады. 

Қарапайым  əрі  көпшіл  жан  мектептің  ұжымымен 

жақсы тіл табысып, барлығын  өзінің жаңашылдыққа 

үйірлігімен  жəне  тапқырлығымен  таң  қалдырады. 

Зəмзəгүл Нарымбекқызы оқушыларды білім нəрімен 

сусындатып,  өзінің  шығармашылық,  кəсіптік  жəне 

əдістемелік  біліктілігін  арттыру  мақсатында  еш 

тынбай еңбектенді. Бірнеше жылғы сіңімді еңбектен 

кейін  мектеп  əкімшілігінің  назары  болашағынан  зор 

үміт  күттіретін  маманға  түсіп,  1996  жылы  дəл  осы 

білім  ордасында  директордың  оқу  ісі  жөніндегі 

орынбасарының  қызметін  ұсынады.  Міндеттері  мол 

бұл жұмысқа З.Нарымбекқызы  

10 

Әжемнің  ақылы !!! 

Бірде  мұғаліміміз  Айзада  Жаханқызы  

бізге    əдебиеттік  оқу  сабағынан 

қосымша  ізденіс  жұмысын  берді. 



Байғазы,  ерулік,  соғым    сөздерінің 

мағынасын ашып келіңдер, ізденіңдер 

деді.  Кешке  үйге    келгенімде  біраз 

кітаптарды  ақтарып,  ізденіп  көрдім. 

Менің үйде абыр-сабыр болып жүргенімді көрген əжем 

істің  мəн  жайын  сұрады.  -«Балам,  бұл  сөздер  байырғы 

сөздер.  Ежелден  келе  жатқан  дəстүрдің  бірі.  Мысалы, 

сен  су  жаңа  велосипед  немесе  жаңа  киім  сатып  алған 

болсаң,  сенің  жақын-жуықтарың  байғазы  береді.  Яғни, 

құтты  болсын  айтып,  сыйлығын  бермек.  Ал  ерулік, 

үйіміздің жанынан жаңа көршілер көшіп келетін болса, 

біз  байырдан  тұрып  келе  жатқан  көршілері  ерулік 

береміз, яғни қонаққа шақырамыз. Қазақ халқы ежелден 

көршілерін  сыйлаған,  құрмет  тұтқан.  Көрші  ақысы  –

тəңір  ақысы    сөздерді  көп  айтқан.  Бұл  дəстүрдің 

мақсаты  көрші  үй  бір  бірімен  араласып,  балалар  бір-

бірін  жатырқамай,  жақын,  тату  болсын  деген  ниетпен 

жасалады.  -Есіңде  ме,  Мирасжан,  анаукүні,    ауылда 

тұратын апайың бізге жылқы етін беріп жіберіп еді емес 

пе? Сол соғымның еті болатын.   Өзің білетіндей қазақ 

халқы  малдың  етін  сүйсініп  жейді.  Ал  қыс  түскенде 

соғым  сояды.  Соғымға  сойылатын  малды  алдын-ала 

семіртеді. Мысалы, жылқы, сиыр сойылады да, етін қыс 

бойы  жеуге  арнайды.»  -  деді  əжем.    Әжемнің  айтқан  

əңгімесін  тыңдап,  барлығын  əп-сəтте  түсініп  ала 

қойдым.  Әжемнің  айтқан  ақылы  үшін, маған 

көмектескені  үшін  бетінен  сүйіп,  қатты 

құшақтап  алдым.  Әжем,  менің,  ақ  əжем, 

айналайын алтыным!!!                               23 


 

 

   1 .Оқу – білім ........ 



   2. Қына тасқа бітеді, 

       Білім ...... бітеді. 

   3. ........ өнері білінбес 

       Бəйгеге түсіп жарыспай. 

   4.........- тозбайтын тон 

       Білім – таусылмайтын 

кен. 

   5. Оқу инемен құдық........... 



 

 

 

                Құрастырған:   

                           Даулет Жандос 

 

 

 



   1     ұ                   

 2        с                   

   3     т                   

      4  а                   

  5       з                   

 

 



 

 

22 



бірден  білегін  сыбанып  кірісіп  кетеді.  Көп 

ұзамай-ақ(2000 

жылдан 

бастап), 



директордың 

ғылыми-əдістемелік  жұмысы  орынбасары  қызметін 

атқарады.  Өз  қызметінде  үлкен  табыстарға  жеткен 

талабы  мол  ұстаздың  еңбегін  қалалық  оқу  бөлімі  де 

ескерусіз қалдырмайды.  

Ширек 


ғасырға 

жуық 


қызмет 

қылған 


майталман  ұстазды  қалалық  оқу  бөлімі  2008  жылы 

М.П.Русаков  атындағы  №2  санаторлық  мектеп-

интернатының  директоры  етіп  тағайындайды.  Бұл 

қызмет  З.Нарымбекқызына  үлкен  сын  болды. 

Өйткені:  кейбір  себептермен  тағдырдың  тəлкегіне 

ұшыраған,  өмірдің  сан  қиын-қыстау  сəттеріне  

қарамастан жүрегіндегі үміт оты сөнбеген балаларға 

тек тəрбие мен білім беріп қана қоймай, жан жылуын 

сыйлап,  сол  үміт  отын  өшірмей,  оны  əрмен  қарай 

маздататын  жан  қажет  екендігін  тəжірибелі  ұстаз 

бірден  түсінді.  Өмірлік  жан  жолдасы  Айбек 

Тиішбекұлы  жəне  қызы  Дəрияның    рухани 

қолдауымен  З.Нарымбекқызы  белін  бекем  буып, 

қызығы  да,  қиыншылығы  да  көп  жұмысқа  жан-

тəнімен берілмекке шешім қабылдайды.  

Әлі  есімде...  Бес  жыл  бұрын  біздің  мектептен 

қолында  бір  шоқ  гүлі  бар,  жылы  жүзді,  жарқын 

дауысты  жанды  байқадым.  Көзі  күлімдеген  бұл  жан 

əр  қадамын  сенімді  басып  келеді.  Барлық  мектеп 

ұжымының  назары  да  сонда.  Көп  кешікпей  сол  бір 

өзіне-өзі сенімді бейтаныс жанның мектеп директоры 

болғандығы  хабарланды.  Өзінің  жаңа  жұмыс 

орнында  білікті  маман  əрбір  жұмыскер  мен  əрбір 

тəрбиеленуішінің жүрегіне жол табуының арқасында 

мектеп  ұжымы  мұндай  басшыны  бірден  жақсы 

қабылдады.                                                                   11 



Рахимберлина  Зəмзəгүл  Нарымбекқызы  біздің 

киелі  шаңырағымызда  басшылық  еткелі  мектепте 

көптеген  жұмыстар  мен  ірі  жобалар  атқарылуда.  Ол 

кісінің  іскерлігінің  жəне  ұжыммен  бірлесіп  жұмыс 

істей  алуының  арқасында  интернатымыз  қала 

мектептерімен  бəсекеге  түсу  қабілеті  жоғарылап, 

олардан  артық  болмаса,  кем  еместігін  дəлелдей 

алатындай  дəрежеге  жетті.  Мектеп  те,  асхана  да, 

жатахана  да  бұрын  соңды  болмаған  күрделі 

жөндеулерден  өтті.  Ауламыздың  көркін  келтіріп 

тұрған «Қысқы бақ», «Балақай», көп функциялы корт 

алаңдары  жəне  субұрқақтар  əрі  көзге  қуаныш 

сыйлайды,  əрі  мектеп  оқушыларының  тынығатын 

сүйікті  демалыс  орнына  айналды.  Мезгіл  сайын 

мектеп  ауласында  абаттандыру,  көгалдандыру 

жұмыстары  қызу  жүргізіледі.  Өкіметтің  ауыл 

шаруашылық  мамандарға деген  сұранысын  ескерген 

З.Нарымбекқызы  қала  əкімшілігінің  қолдауының 

арқасынада  мектебімізде  шағын  жылыжай  орнатуға 

мүмкіндік  алды.  Оқушылардың  мектептен  кейінгі 

өміріне  көп  көңіл  бөлетіндіктен,  мамандыққа 

бағдарлау  жұмыстары  жыл  бойы  жүргізіледі. 

Мектепте «Кəсіптік бағдар» даңғылы мен 30-ға тарта 

үйірмелер  жұмыс  істейді.  Жаңашылдыққа  бейім 

басшы  өзінің  қызметкерлерінен  соны  да  талап  ете 

біледі.  З.Нарымбекқызы  əрбір  сабақта  ақпараттық 

технологиялар  мен  компьютерлік  техникалардың 

əрдайым қолданылуын қатаң қадағалайды. Мұнымен 

қоса,  стандартты  оқу  бағдарламасынан  тыс, 

оқушылардың  сапалы  білім  алуына  тиімді  авторлық 

бағдарламаларды да енгізуде. Соның мысалы ретінде 

2011 жылдан бері Ф.Я.Вассерманның «БжС»  

 

1. Оқушыға білім беретін кім? (мұғалім) 



2. Қолыңа алғаш ұстаған оқулық. (əліппе) 

3. Қыстан кейінгі мезгіл? (көктем) 

4. Жазуды қайда жазамыз? (дəптер) 

5.  «Алғашқы  қоңырау»  мерекесі  қай  айда 

болады? (қыркүйек) 

6.  Мектепке  келгенде  білім  алу  үшін  қайда 

отырамыз? (парта) 

  

  



  

            1   м               

  

2                  е                



  

  

            3   к                



  

  

   4            т                



  

                е                



  

  

            6   п                



 

 

 



21 

1.Еңбек сабағында қағазды жапсыру үшін қолданатын 

құрал. 


2.Қ.Р. тəуелсіздік күнінде айтылатын əн. 

3.Жұмсақ ойыншық жасағанда ішіне не саламыз? 

4.Біз күнделікті мектепке не үшін келеміз? 

5.Пластилиннің қазақшасы. 

6.Қию үшін қолданатын зат. 

7.Біз инемен жұмыс істеген кезде саусағымызға не 

киеміз? 

8 . Еңбек сабағында жасайтын заттың бірі. 

9.  Жыл мезгілі. 

10.Қ.Р-ның туында орын алған белгі. 

11.Еңбек сабағында тоқитын құрал. 

12.Туымызда қай құстың бейнесі бейнеленген. 

13.Біз оның бетінде жазамыз. 

 

    



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  

  

  

  

  

  

  

  



  

     


  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

  



  

  



  

  

  



  

  

     



  

  

10    



  

  

  



  

  

  



  

     


  

  

  



  

11    


  

  

  



  

  

  



20

 

  



  

  

12    



  

  

  



  

  

  



     

  

  



  

  

13    



  

  

  



  

  

технологиясының  табысты  енгізілуін  айта 



кетсем  болады.  Бұл  технология  –  оқушылардың 

жүйелі  білім  алуын  жəне  мектептен  кейінгі  өмірге 

оңай 

бейімделуіне 



мүмкіндік 

беретін 


бағдарламалардың бірі. Елбасымыздың «Үштілділік» 

саясатын басшылыққа алған директорымыз мектепте 

«Үштілділік»,  «Жас  полиглот»  жобаларын  іске 

қосып,  ағылшын  тілі  кіріктірілген  сабақтардың 

өткізілуін қадағалап отырады. 

Интернат  тəрбиеленушілерінің  тұрмыстық 

жағдайлары 

төмен 


болғандықтан, 

олардың 


толыққанды əрі пайдалы демалуы үшін Шұбар-Түбек 

елді мекеніндегі  «Болашақ» жазғы сауықтыру лагері 

жұмыс  істеп  келеді.  Зəмзəгүл  Нарымбекқызы  үшін 

бұл  лагерьді  жай  ғана  интернат  тəрбиеленушілерін 

əлеуметтік  қорғау  жəне  демалыс  орны  ғана  емес, 

сонымен қатар олардың шығармашылығын арттыру, 

кəсіптік  бағдар  беру,  еңбекке  тарту  алаңы  деп 

есептейді.  Сондықтан  соңғы  екі  жылда  лагерьдің 

тұрмыстық жағдайына көп көңіл бөлінуде. Мəселен, 

су  насос  станциясы  салынып,  суару  жүйесі  іске 

қосылды, игеру үшін 5 гектар жер дайындалды. Осы 

жасалынып  жатқан  игіліктер  ғылыми  жобамен 

айналысып  жүрген  оқушылардың  ауылшаруашылық 

жұмыстарын  жандандыратын,  теориялық  білімдерін 

практика жүзінде атқаратын алаңға айналу үшін көп 

жұмыс жүргізілуде. 

Интернатымыздың  басшылығының  тағы  бір 

үлкен жетістігі ретінде 2009-2010 оқу жылынан бері 

Бурабайда  орналасқан  Республикалық  балалар  жəне 

жасөспірімдер  реабилитациялық  орталығында  ай 

сайын  дағдылы  түрде  денсаулықтары  нашар  төрт 


баладан  денсаулығын  түзеуге  жəне  емделуге 

мүмкіндік алуы.  

Зəмзəгүл  Нарымбекқызы  тек  мектеп-интернат 

директоры  ғана  емес.  Ол  –  өмірлік  тəжірибесі  мол 

жан.  Кез  келген  сəтте  сенің  сырласың  да,  ақылшың 

да  бола  алады.  Әрдайым  қиналған  кезімде 

З.Нарымбекқызынан  қымсынбай,  ақыл  сұрасам, 

дұрыс  бағдар  беріп  отырады.  Қиыншылқтарға 

мойымауды  сол  кісіден  үйрендім  десем,  артық 

болмас.  Оның  əрбір  сөзіне,  іс-əрекетіне  сүйсінемін, 

тіпті  еліктейтін  кездерім  де  болады.  Жадыраған 

жүзіне  қарасам,  өмірдегі  барлық  қиыншылықтар 

уақытша  құбылыс  екенін  түсінемін.Дəл  осы  кісіге 

менің  жеке  тұлға  болып  қалыптасуыма  көп  көмек 

көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. 

 

Біздің  интернатымыздан  түлеп  ұшқан  əрбір 



түлек  пен  бүгінгі  күнде  білім  алып  жатқан 

тəрбиеленушінің 

жүрегі 

мейірімділікке 



толы, 

бауырмал,  жақсылыққа  жаны  құштар,  көпшіл  əрі 

адал  азамат  болмауы  мүмкін  емес.  Себебі  біздің 

интернатта  Рахимберлина  Зəмзəгүл  Нарымбекқызы 

сынды  бойында  дəл  осы  қасиеттер  табылатын 

жандар қызмет істейді.   

11 А сынып оқушысы 

Серикова 

Асыл. 

 

 



 

 

 



 

 

14 



 

 

 



                                                                      19 

Тапқыштардың 

сыры! 

Қазіргі заман жаңа 

технологиялармен 

жабдықталған. Ерте 

кезде адамдардың ой 

қияланынан, арманынан 

туған дүниелер қазірде 

өз орнын тапқан. Менің 

мына суретте айтайын 

деген ойым, ерте кездегі 

адамдар инелікке қарап тікұшақты, бұлбұлдың 

сайрағанына қарап музыканы, шəйнектің 

қайнағанына қарап паравозды ойпап тапқанына 

қарап таң қалдым.Менің де келешекте, 

адамдарға пайдасы тиер, адам өмірін 

жеңілдететін дүниелер ойлап табу, арманым!!! 

                                           Иманов Дарын 3 а  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

18 


 

Жарас Дилназ, 6а сыныбы,  

2003 жылы 13 қыркүйекте  

дүниеге келген. 

        Мұғалім  

Сүйікті ұстазым, 

Оқуға үйреткен. 

Қатемді кешіріп, 

Білімге сүйреткен. 

Өмірдің сыйлығы, 

Мектептің қиыны. 

Сүйікті ұстазым, 

Ғалия мұғалім 

 

Абдибек Айжан   

мамырдың   24-і,  2003 жылы  дүниеге келген.  

Ұстазыма  

Мейлі жас, мейлі кəрі бол, 

Дана деп сені, пана сені ұғамын. 

Көктемсің нұр мен нəрі мол, 

Диқансың жəне кеншісін сен мұғалім. 

Есіме ерен ұстазым 

Шашымнан сипап өткенің  

Аянбай бізге қысы – жазы 

Молынан мейірім төккенің.                 

                                             

 

 

                                                                            



15 

 

Біз Ғабдуллина Айнара мен Алимханова 

Айдана  7  а  сынып  оқушыларының 

өнерлі  қыздарының  біріміз.Оған  өз 

үлесін  қосқан  біздің  тəрбиешіміз  Анар 

Бимаханбетқызы. Біздің тəрбиеші мектеп 

өміріне белсенді қатысады. Мектебіміздің 

бетке  ұстар  тəрбиешісі.  Ол  өте  зерек, 

ақылды,  парасатты,  мейірімді,  инабатты,  ерекше  жан. 

Біздің  сыныбымыздағы  əр  баланың  мұңымен  шер 

тарқатып,  сырласып,  қуанышын  бөлісіп,  ішкі  жан-

жарасын,  дүниесін  бір-ақ  мезетте  сезе  алады.  Әр  балаға 

қамқор болып,көмектесуге əрдайым дайын. Осы балалық 

өмір  жолымызда  осы  кісіні  кездестіргенімізге  өте 

қуаныштымыз жəне де ардақты ұстазға айтар алғысымыз 

шексіз! Сізге үлкен рахмет!

 

 

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы.   



Ұстаз деген ұлылардың ұлысы, 

Сіз бар жерде ғылымда бар  білімде.  

Ағып тұрған білім бұлақ секілді, 

Ұстаздарым сыйлап өтем мəңгілік.  

Сіздің айтқан əр бір дара сөзіңді, 

Ұстаз-ана баласындай  жетелейтін.  

Тек биіктен көремін деп тілейтін,  

Баласына жамандық ойламайды.  

Тəрбиемен ырысты тарту еткен,                      Сағынтаева              

Біздер үшін аянбай еңбек етіп.                              Мақпал 

Бізге білім сыйлайтын шын жүректен,              9 а сыныбы 

Ақтармын мен бір күні қорықпаңыз,  

Үкілеген үмітті шын тілекпен.  

Сонда көріп айтарсыз ұстаздарым, 

Әне менің балам—деп шат көңілмен. 

 

16 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



Біздің мекен-жайымыз: 

Балқаш қаласы  

Сəтбаев көшесі,5 үй 

№2 мектеп-интернатының 

кітапханасы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Балқаш қаласының білім, 

 дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 

М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін  

№2 санаторлық мектеп-интернаты 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Ақылдастар алқасы

Мектеп директоры –  



Рахимберлина Замзагүл Нарымбекқызы, 

мектеп директорының тəрбие жөніндегі орынбасары -  



Сулейменова Мейрамгуль Нұрбекқызы,  

Төлегенова Анар Бимағанбетқызы -  

тілші-топтамашы,  



Ағнаева Айзада—тілші-корреспондент, 

Тілшілер:  

 Баймурзин Қадыр, 

Жанат Айдос, Сатыбалдина Ляззат, 

Серикова Асыл 

Оқушылар мен ұстаздардың тақырыптық 

 мақалаларын, шығарма-өлеңдерін,  

суреттерін топтап шығаратын 



 «Балауса» мектепішілік баспасы. 

Құрастырушы: 



 Анитова  

Светлана Айтмағанбетқызы 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

Мазмұны: 

 

1. Ұстаздар күнімен құттықтау ...................................    3  

2. Амантай Нұрдəулет. Мектеп  .................................    4 

3. Серикова Асыл. Мен жастарға сенемін................    5 

4. Жанат Айдос.   Арнау.................................................   8 

5. Советалы Аяулым.  Апай...........................................   9 

6. Серикова Асыл.Ұстаз болу–жүректің батырлығы. 10 

7. Жарас Дильназ. Мұғалім  ..........................................  15 

8. Абдибек Айжан.  Ұстазыма........................................  15 

9. Габдулина А.,  Алимханова А.Біздің тəрбиеші.....  14 

10. Сағынтаева Мақпал.Ұстаз деген ұлылардың ұлысы. 16 

11. Әуелесін əсем əн............................................................ 17 

12. Иманов Дарын. Тапқыштар сыры!........................... 16 

13. Даулет Жарас. «Ұстаз» сөзжұмбақ.......................... 20 

14. Әжемнің ақылы!! Мирас Құрмаш.............................. 21 

15. Күлкі қоржыны..............................................................  24 

16. Полудневич Диана. Суреттер....................................  29 

17. Сөзжұмбақты шеш!......................................................  30 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жалпы білім беретін № 2 

мектеп-интернаты 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет