№5 ДӘріс ms word мәтіндік редакторы



жүктеу 82.58 Kb.

Дата06.04.2017
өлшемі82.58 Kb.

Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 





№5 ДӘРІС  

 

MS WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ. 

 

1.WORD  редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. 

2.Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау. 

 

1.WORD  редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. 

 

Microsoft  Word  (MS  Word)  –  дүние  жүзі  елдеріне  кең  тараған  мүмкіндігі  мол  мәтіндік  редактор. 

Word  арқылы  мәтінді  теру,  редакциялау,  құжатта  түрлі  кестелер  дайындау  және  қарапайым  геометриялық 

фигуралар  салуға  болады.  Құжатқа  Windows  операциялық  жүйесінің  басқа  қосымшаларында  дайындалған 

түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де қиын емес. 

WORD-пен  жұмыс  iстеудi  бастау  үшiн  Windows  жүйесiнiң  басқа  программалары  сияқты  оны 

бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орнатып алу керек. 

Орнатылған WORD редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады: 

1.Бас мәзірдiң Iске қосу



Программалар



Microsoft WORD қатарында тышқанды шерту арқылы

2.Windows  жүйесiнiң  Менiң  компьютерiм  немесе  Жолсерік  (Проводник)  терезелерiнiң  бiрiн 

пайдалану арқылы; 

3.WORD  редакторына бұрын дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқанды екi  рет шерту арқылы 

алдымен WORD программасы жүктелiп, сонан соң кӛрсетiлген құжат терезеге оқылады; 

4.Жұмыс  үстелiндегi  WORD  редакторының  жарлығында  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екi  рет 

шерту арқылы; 

5.Есептер  тақтасында    WORD  редакторының  жарлығында  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  бір  рет 

шерту арқылы. 

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, мысалы: 



- Файл 



 Шығу (Выход) мәзір командаларын таңдау арқылы; 

- редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы  Жабу батырмасын (Х) басу 

арқылы;  

- тiкелей Alt+F4  пернелерiн басу арқылы т.б. 

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында ӛзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған 

құжат бар болса, онда редактор экранға сұхбат терезесiн шығарып, ӛзгертiлген  құжатты  дискiге  жазу (Иә

керектiгiн, ал жазбасаңыз  (Жоқ) оны да  растап беруiңiздi ӛтiнедi.  

Word  редакторының  негiзгi  терезесi  ондағы  орналасқан  Құжат  1  терезесiмен  бiрге  1-суретте 

кӛрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып ӛтейiк: 

 

 

1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі. 





















10 

Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 





 

1 – тақырып қатары – жүйелік мәзір, құжат аты және терезені басқару батырмаларынан тұрады

2  –  мәзірлер  қатары  –  Файл,  Правка,  Вид,  Вставка,  Формат,  Сервис,  Таблица,  Окно  және  Справка 

мәзірлері орналасқан; 



3 – Форматтау саймандар тақтасы; 

4 – Стандартты саймандар тақтасы; 

5 – кӛлденең сызғыш – құжаттың ӛрісі мен азат жолды реттейді

6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді; 

7 – кӛлденең және тік жылжу белдеулері; 

8 –құжат пішінінің режім түймелері; 

9 – Сурет салу саймандар тақтасы

10 – қалып-күй қатары. 

MS  Word  мәтіндік  редакторының  Форматтау  және  Стандартты  саймандар  тақтасындағы 

батырмаларды әр қолданушы ӛз қалауынша ӛзгерте алады. 

MS  Word  мәтіндік  редакторында  мәтiндi  бейнелеу  режимдерiн  iске  қосу  немесе  қоспау  тәртiптерi 

белгiлi бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру 

қалып қатарына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен 

де орындалады (2-сурет). 

 

 



 

 

 



 

 

2-сурет. Мәтінді бейнелеу режімдері. 



 

Мәтінді  бейнелеу  режимдерiнiң  батырмалары  қалып  қатары  маңындағы  кӛлденең  жылжу 

алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады: 



-  қалыпты    режим  (обычный  режим)  батырмасы  –  бұл  кӛру  режимi  үнсіздік  бойынша  редакторға 

кiргенде бiрден орнатылады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде кӛрсете отырып, беттердi 

бӛлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және кӛру процессiн жылдам 

орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды



- электрондық  құжат  режимi – парақты экранда  құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын күйге келтiредi. 

Бұл  режимде  парақ  белгiленбей,  әрiптер  iрiленiп  қатар  ұзындығы  жол  енiнен  шықпайтындай  етiп 

бейнеленедi.  Мәтiннiң  сыртқы  түрi  қағазға  түсетiн  бейнесiне  сәйкес  келмейдi.  Бұл  форматта  суреттермен 

және кадрлармен жұмыс iстеуге болады; 



-  беттердi  белгiлеу  (разметка  страницы)  режимi  мәтiн  қағазда  қалай  орналасса,  айнытпай  солай 

бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау,  мәтiндi түзету ӛте ыңғайлы, ӛйткенi қағаз шеттерi 

(поля) айқын кӛрiнiп тұрады; 

-  құрылым  (структура)  режимi,  мәтiндi  түйiндеп  құжатты  толық  бейнелемей,  тек  тақырыптарын 

кӛрсете  алады,  сол  себептi  мәтiн  тақырыптарын  бастан  аяқ  қарап  отырып,  оны  бақылау  мүмкiндiктерiн 

бередi.  Ал  оны  түйiндемей,  ашылған  күйде  бейнелесек,  ӛте  кӛлемдi  мәтiн  ӛңделгенде,  оның  белгiлi  бiр 

бӛлiктерiн  түгелдей  жылжытуға,  кӛшiруге  және  оның  құрылымын  байқап  отыруға  ыңғайлы  тәртiп  болып 

саналады. 

Қалып-күй немесе қалып қатары негiзгi терезенiң тӛменгi жағында орналасқан, онда терiлiп жатқан 

құжат  жӛнiнде  бiрқатар  мәлiметтер  бар.  Қалып-күй  қатары  кӛрiнбей  тұрса  Сервис



Параметрлер 

командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетiндегi Терезе тобының Қалып қатары (Строка 

состояния) атты қасиетіне қанатбелгі қою қажет. Қалып-күй қатарының элементтерiн қарастырып ӛтейiк: 

Элемент аты 

Атқаратын қызметі 

Стр.1 

Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нӛмері (1-бет); 



Разд.1 

Терезедегі  мәтін  бӛлігі  нӛмірін  кӛрсетеді,  бұл  элемент  бӛліктерден  тұратын 



Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет; 

¼ 

Мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 1 бетте, ал құжат барлығы 



Қалыпты  режім 

(обычный режим) 

Электрондық құжат 

(Режим Web-документа) 

Беттердi белгiлеу 

(разметка страницы) 

Құрылым 

(структура) режимi 

Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 





4 беттен тұрады; 

На 11,8 см 

Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық

курсор экранда кӛрініп тұрғанда ғана кӛрсетіледі; 

Ст 24 

Осы  беттің  жоғарғы  шетінен  курсорға  дейінгі  қатарлар  саны,  курсор  кӛрініп 

тұрғанда ғана кӛрсетіледі; 

Кол 5 

Осы  қатардың  басынан  курсорға  дейінгі  символдар  саны,  табуляция 

символдары мен бос орындар да есепке алынады 

 

 

ЗАП 

Бұл  да  курсор  кӛрініп  тұрғанда  ғана  кӛрсетіледі.  Макрокомандаларды  жазу 

(записать) режимі іске қосылған күйде екенін кӛрсетеді, бұл режимді іске қосу 

тышқанмен  ЗАП  батырмасын  кӛрсетіп  тұрып,  оны  екі  рет  шерту  арқылы 

орындалады; 

 

ИСПР 

Түзетулерді  (исправления)  белгілеу  режимі  екпінді  күйде,  олар  құжаттың 

соңғы нұсқасына қандай ӛзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске 

қосу немесе алып тастау тышқанды екі рет шерту жолымен жүргізіледі; 



 

 

ВДЛ 

Белгілеулерді  кеңейтетін  (расширить  выделения)  F8  пернесі  екпінді  күйде, 

яғни фрагменті белгілеп алып оны  кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим 

белгілеулер  кӛлемін  F8  арқылы  кеңейтуге  болатынын  (бір  символға,  сӛзге, 

сӛйлемге  т.б.)  кӛрсетіп  тұрады.  Белгіленген  кӛлемді  кішірейту  –  Shift+F8 

арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады; 



 

ЗАМ 

Символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді күйде тұрғанын кӛрсетеді, 

символдарды  сыналап  енгізу  тәртібі  (вставка)  орындалса,  ол  солғын  түске 

боялады.  Бір  тәртіппен  екіншісіне  ауысу  ЗАМ  батырмасында  тышқанды  екі 

рет шерту арқылы жүргізіледі; 

 

 

мәтіннің  синтаксистік  қатесін  тексеру  кезінде  оң  жақтағы  аймаққа  шығатын 

кӛрсеткіш  белгі.  Тексеру  кезінде  кітап  бетімен  жылжып  келе  жатқан  қалам 

кӛрініп тұрады. Қате табылса «Х» белгісі шығады, оны түзету үшін тышқанды 

сол белгіде екі рет шерту керек

 

 

Мәтінді  фондық  режимде  дискіге  жазу  кезінде  шығатын  кӛрсеткіш.  Оң  жақ 



шеткі  бос  аймаққа  қозғалып  тұрған  осы  белгі  шықса,  сақтау  әрекетінің 

орындалып жатқаны; 

 

 

Мәтінді  фондық  режимде  баспаға  шығару  кезінде  шығатын  кӛрсеткіш. 



Принтер белгісінің жанындағы бүтін сан басылып жатқан мәтіннің бет нӛмірін 

кӛрсетеді.  Баспаға  шығаруды  жедел  тоқтату  үшін  принтер  белгісінде 

тышқанды шерту жеткілікті. 

 

Кӛлденең орналасқан горизонталь сызғыш арқылы тышқан кӛмегiмен:  



 

абзац алдындағы азат жол басын; 



 

беттiң сол жақ және оң жақ шеттерiнде қалдырылуға тиiс бос орындар (поля) аумағын;  



 

мәтiн iшiндегi кестелердiң (таблица) бағаналары (тiк жолдарының) енiн; 



 

кӛлденең табуляция позицияларын ӛзгертуге, олардың жаңа мәнiн бекiтуге болады. 



Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерiн ӛзгерткенде, олардың тек сол абзацқа (курсор тұрған) 

қатысты екенiн естен шығармаған абзал. 

Ал ендi тiк орналасқан вертикаль сызғыш терезенiң оң жақ  жақтауы бойында орналасқан. Оның 

кӛмегiмен  беттiң  жоғарғы  және  тӛменгi  жақтарында  қалдырылатын  бос  орындар  аумағын  (поля)  және  де 



кестелер қатарлары биiктiгiн ӛзгертуге болады. Тiк, яғни вертикаль сызғышты кӛрсетпей алып та тастауға 

болады, онда сiздiң  мәтiнiңiзге берiлетiн орын  ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп  тұрса,  мәтiндi  форматтау 

жұмыстары жылдамырақ орындалады. 

 

2.Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау. 



 

Word  ортасында  бұрын  дискiге  жазылған  құжатты  ашу  үшiн  Файл



Ашу  (Файл

Открыть) 



командасын  орындағанда  немесе  стандартты  саймандар  тақтасындағы 

  батырмасын  шерткенде 

экранға сұхбаттық терезе шығады (3-сурет). Бұл терезедегі бумаларды таңдау қатарынан құжат орналасқан 

дискіні,  буманы  және  құжатты  таңдаймыз.  Құжатты  қатты  немесе  иiлгiш  дискiден,  әйтпесе  желiдегi басқа 

дискiден де ашуға болады.  


Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 



 

3-сурет. Бұрыннан бар құжатты ашу терезесі. 



 

Қажетті  құжатты  белгілеп  алып  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  үздіксіз  екi  рет  шертемiз  немесе 

жанама мәзірден Ашу батырмасын таңдаймыз. 

Жаңадан құжатты құру терезесiн ашу үшiн: 

1. Файл мәзірiнiң Құру (Создать) командасын таңдау қажет; 

2.Оның  Жалпы  (Общие)  iшкi  бетiн  таңдап  алып,  Жаңа  Құжат  (Новый  документ)  белгiсiнде 

тышқанды екi рет шертеміз. 

Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер кӛмегiмен құжат ашу үшiн сол құжат типiне сәйкес iшкi парақты 

таңдап, қолданылатын нұсқа немесе шебер белгiсiне курсорды алып барып тышқанды екi рет шерту керек. 

Қалаған нұсқа бойынша жаңа құжатты таңдаған соң ОК батырмасын басамыз. Мысалы, Резюме типін 

таңдау 4-суретте келтірілген. 

 

4-сурет. Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер кӛмегiмен құжат ашу терезесі. 



 

Word редакторында жаңадан құрылған құжатты дискiге жазып сақтау үшін: 

1)Файл



  ...  деп  сақтау  командасынан  кейін  шыққан  сұхбаттық  терезедегі  бума  аты  кӛрсетілген 

қатардан Диск 3,5 (А:) командасын таңдаймыз. Файлдың атын және типін ӛз қалауымызша ӛзгертуімізге де 

болады (5-сурет). 



Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 



 

5-сурет. Қажатты иілгіш дискіде сақтау. 



 

Кӛрсетiлген уақыт аралығы ӛткен сайын  құжатты автоматты түрде сақтап отыруға да болады. Бұлай 

iстеу компьютер кездейсоқ ӛшiп қалғанда мәлiметтi жоғалтып алмауға мүмкіндік бередi. Мысалы, құжатты 

автоматты түрде сақтау аралығы 3 минут болса, компьютер ӛшiп қалғанда, жоғалатын мәлiмет кӛлемi соңғы 

1-2 минутте терген мӛлшермен ғана шектеледi. Ал алдыңғы мәліметтер автоматты түрде сақталады.    

Компьютердi  қайта  iске  қосқанда  автоматты  түрде  жазылып  қалған  мәлiмет  қалпына  келедi.  Бiрақ 

автоматты  күйде  сақтап  қою  iске  қосылып  тұрса  да,  жұмыс  соңында  құжатты  толық  дискiге  жазып  қою 

абзал.  Ӛйткенi  қалыпты  күйде  жұмыс  аяқталғанда  және  файл  толық  сақталған  кезде  автоматты  күйде 

жазылып қалған уақытша мәлiмет толық ӛшiрiледi. 

Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын ӛзгерту үшін: 

1.Сервис мәзірiнiң Параметрлер командасын таңдап, оның Сақтау (Сохранение) атты iшкi бетiн ашу 

керек; 


2. Автоматты сақтау әрбір:  қасиеттер бӛліміне қанатбелгі қою қажет; 

3.Минуттер  жазылатын  ӛрiске  есте  сақтау  жиiлiгiне  тиiсті  сан  енгiзiледi,  ол  сан  аз  болған  сайын 

кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлiмет кӛлемi азайады; 

4.  Жұмыс  соңында  Файл



Сақтау  командасын  орындау  немесе  Саймандар  тақтасынан   

 

батырмасын басу керек. ОК батырмасын басып берілген сұхбаттық терезеден шығамыз (6-сурет). 



 

6-сурет. Автоматты сақтау бӛлімі. 

 

Бір  бума  ішінде  бірдей  атпен  кеңейтілмесі  әртүрлі  болып  келетін  бірнеше  файлдарды  сақтауға 



болады. Ол үшін Файл



Сохранить как ... командасы таңдалады да, шыққан сұхбаттық терезеде тек қана 

файл кеңейтілмесі өзгертіліп отырады (7-сурет). 

 


Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 



 

7-сурет. Сақтау командасының сұхбаттық терезесі. 



 

Мәтiнді  форматтау  үшiн  қажеттi  бӛлiктi  ерекшелеу  қажет.  Егер  форматтайтын  бӛлiк  алдын-ала 

ерекшеленбесе орындайтын әрекет жүзеге аспайды. Мәтінді ерекшелеу тәсілдері: 

Ерекшеленетін объект 

Ерекшелеу тәсілі 

Кез-келген элемент немесе мәтін 



бөлігі 

Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тышқан 

курсорын  ерекшеленетін  мәтіннің  бір  шетінен  екінші  шетіне 

жылжытамыз; 

Сӛз 

Қажетті  сӛзде  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  үздіксіз  екі 



рет шерту; 

Сӛйлем 


CTRL  пернесін  басулы  күйде  тышқанның  сол  жақ 

батырмасын қажетті сӛйлемде бір рет шерту; 

Абзац  

Белгіленген  абзац  ішінде  тышқанның  сол  жақ  батырмасын 



үздіксіз үш рет шерту; 

Әр жерде орналасқан бірнеше 

абзацты белгілеу 

Бірінші  абзацты  белгілеп  алған  соң  CTRL  пернесін  басулы 

күйде  ұстап  тышқанның  сол  жақ  батырмасымен  қалаған 

абзацтарды белгілейміз; 

Мәтіннің тіктөртбұрышты блогы  ALT пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын 

басулы күйінде курсорды керекті орынға дейін жылжыту; 

Барлық құжатты түгелдей 

Түзету



  Түгелімен  белгілеу  командасы  немесе  CTRL+A 



(CTRL+5) пернелер комбинациясын басу керек

Бір символ оңға 



Shift+



 

Бір символ солға 

Shift+



 

Бір қатар тӛмен 

Shift+



 

Бір қатар жоғары 

Shift+



 

Сӛз соңына дейін ерекшелеу 

Shift+Ctrl+



 

Сӛз басына дейін ерекшелеу 

Shift+Ctrl+



 

Қатар соңына дейін ерекшелеу 

Shift+End 

Қатар басына дейін ерекшелеу 



Shift+Home 

Н. Тойлыбаев, дәріс 5 

 

 



Абзац соңына дейін 



Shift+Ctrl+



 

Абзац басына дейін 

Shift+Ctrl+



 

Құжат соңына дейін 

Shift+Ctrl+End 

Құжат басына дейін 



Shift+Ctrl+ Home 

 

Мәтiнді ерекшелеуден алып тастау үшiн: 



1)Белгiленбеген бос аймақта тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;  

2)Курсорды басқару пернелерінiң (









) бiрiн басу қажет. 



 

Мәтiнді белгiлегеннен  кейiн  форматтауды  Формат  мәзірiнiң  немесе  саймандар  тақтасындағы 

Форматтау” батырмаларының кӛмегiмен де орындауға болады.  

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.С.Симонович, Г.Евсеев,  А.Алексеев «Специальная информатика»,  Москва, 

«Аст –

 

Пресс –



 

книга», 2003г

2.Симонович  С.  В.  И



 

др.     «Информатика.  Базовый  курс.»,  Санкт

-

Петербург, 



Питер, 

-2001


г

3.Фигурнов  В.Э.    «



IBM  PC 

для пользователя», Москва, 

 

ИНФРА


-

М,   


-1998

г.

,  



изд.7

4.Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30 



Уроков по информатике», Алматы, 2001г

5.А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 



вычислительной техники», «Феникс», 2002г

6



.Ермеков  Н.Т.  и  др.  «Информатика:  базовый  курс»,  Алматы  «Атамұра», 

2003г.


 

7

.Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ –



 

Петербург, 2003г

8

.Васючков  Е.Ф.  «Курсы  компьютерных  программ.  Сборник  с  диском», 



Алматы, 2004г

9



.М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004

10.Microsoft Office 2000. Шаг за шагом: Практ. Пособ. М.:Изд-во ЭКОМ, 2000г. 



11

.О.Камардинов «Информатика»

 I, II 

том. Алматы, 1994г



12

.Л.Ф.Соловьева  «Компьютерные  технологии  для  учителя»



-

СПб.:БХВ


-

Петербург, 2004г

13

.С.В.Симонович и др. «Информатика: Базовый курс» 



СПб.:Питер, 2003г

14

.Ю.Леонтьев «Самоучитель 



Word 

2000»


СПб.:Питер, 1999г.

 

15

.Ю.Стоцкий. Самоучитель 



Office 

2000. СПб.:Питер,1999г.



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал