5 дәрістің тақырыбы: Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге асырудың психологиялық аспектілері Жоспары: А. Маслоудың «Гуманистік психология»


А.Маслоу өзін өзектендірудің бірнеше жолдарын төмендегідей көрсетеді



бет5/7
Дата30.04.2022
өлшемі111,99 Kb.
#32919
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5 лекция

А.Маслоу өзін өзектендірудің бірнеше жолдарын төмендегідей көрсетеді:

  • өзімізде жəне бізді қоршаған ортада болып жатқандарды саналы түрде аңғара білу;

  • түрлі мəселелерді шешкенде белгілі таныс шешімдерден гөрі, жаңа жолдарды қарастыруға тырысу;

  • жағдаятқа деген өзіндік қатынасын қалыптастыру, шешім қабылдауда өзгелердің пікірі мен көзқарасынан тəуелсіз болу;

  • шыншылдық жəне жауапкершілікті өз қолына алу;

  • өз инстинкті мен пікіріне сеніп, соған сəйкес əрекет ету (кəсіп таңдауда, өмірлік жар таңдауда, тамақтану режимі жəне т.б.);

  • өз қабілеттерін өзіне ұнайтын іс-əрекет түріне бағыттау арқылы дамыту;

  • өзін өзектендірудегі өтпелі кезең — адам жан тəнімен берілген жағдайда тұтас əлеммен үйлесімде болғанда, ойы айқын жəне нақты болады, əлемге деген көзқарасы өзгеріп, өзі содан шабыт алады;

  • өзін өзектендірудегі келесі қадам — өзіндегі «психологиялық қорғаныстарды» анықтау (проекция, рационализация, ойдан шығарып тастау, идентификация жəне т.б.) жəне оны бұзу:

  • өзін өзектендіру қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірдің мəнін түсіну жəне өзін жетілдірудегі өзінің мəнін жүзеге асыру [7].

А.Маслоу бойынша, адамда бұл қажеттіліктер кезеңмен орындалуы қажет. Мысалы, төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылса, адамның тамағы тоқ, отбасы бар, материалдық қамтамасыз етілген болса да бұл толық бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Төменгі қажеттіліктерді адам алдымен маңызын түсініп айтарлықтай  қанағаттандырған жағдайда жоғары қажеттіліктерді өтеу үшін жүріс-тұрысында мотивация пайда болады. Сонымен физиологиялық қажеттіліктер қанағаттандырылғанда қауіпсіздікке деген қажеттіліктер туындайды. Осылайша төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру негізінде қарым-қатынасқа деген, мамандықты игеруге, өзінің шағын ортасына деген қажеттіліктер пайда болады. А.Маслоу адамдардың өз идеалына қол жеткізу үшін өмірлік қажеттіліктерін құрбан етуге баратындықтарында жоққа шығармайды (аштық жариялау, өз өмірін қию), ал кейбір адамдарда махаббатқа, отбасына деген қажеттіліктен гөрі, карьера жасау қажеттіліктерін жүзеге асыруы мүмкін. А.Маслоу бойынша, адам орта есеппен физиологиялық қажеттілігін 85 %, қауіпсіздікке деген қажеттілігін 50 %, өзін сыйлатуға деген қажеттілігін 40 %, ал өзін өзектендіруге деген қажеттілігін 10 % қанағаттандырады деп болжайды [7].

Сонымен аталған парадигмаларды салыстыра отырып өз іс-əрекетімізде қандай басымдықты ұстанып жүргенімізді саралауға болады. Яғни гуманистік парадигманы басшылыққа алуда педагог өз бойына ізгілікті қасиеттерді қалыптастыра отырып, оқушылардың толыққанды, үйлесімді дамуына жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет