«Төрттік» әдіс(әке, ана, бала, дос)Сергіту сәті, топқа бірігу түрі
Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.
Оқушының шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады.
Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып, бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.
ЖАДА
37
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.
Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.
Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.