«Биопоэма» әдісі
|
Алғашқы сабақ кезінде бір-бірімен танысу, жан-жақты ақпарат жинақтау, ол ақпаратпен бөлісу.
|
Топтағы таныстықты арттырады, өз ортасындағы ұқсастықты табады, ізденімпаздыққа жетелейді.
|
А-4 парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке өзі туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады.
|
8
|
«Менің есімімнің тарихы» әдісі
А.Ж.Егізбаев бойынша
|
Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.
|
Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.
|
1 күн бұрын өзінің есімінің тарихы, кім және қашан қандай жағадайда қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі.Сабақта жеке-жеке сұралады. Сонда әрбір оқушы өзінің есімінің тарихы туралы айтып береді.
|
ЖАДА, құндылықтарды қалыптастыру
|