5* Газдардың тұтқырлығы



Дата28.01.2022
өлшемі14,48 Kb.
#24502
Байланысты:
МолФИЗ Газдардың тұтқырлығы


5* Газдардың тұтқырлығы

Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады.Газдардың тұтқырлығы (мұны сұйықтар жайлы да айтуға болады) дегеніміз газдың түрліше қабаттарының қозғалыс жылдамдықтарының теңгерісу қасиеті болып табылады. Газдың түрліше жылдамдықтардағы іргелес қабаттарының жылдамдықтарының теңесуі газдың үлкенірек жылдамдықтағы қабатынан азырақ жылдамдықпен қозғалатын қабатына импульс тасымалдаудың, әсерінен болады.

Егер сыртқы күштер түрліше қабаттардың қоз-ғалыс жылдамдықтарының айырымының тұрақ-тылығын қамтамасыз ете алатын болса, онда қабаттан қабатқа импульс ағыны да тұрақты (ста-ционар) болады, әрі бұл ағын жылдамдықтың түсу бағытында бағытталады.

Газ түтіктің бойымен аққан кезде түрліше қабаттардың жылдамдықтары 7.8-суретте көрсетілгендей болады, онда тілшіктер газдың қозғалыс жылдамдының векторлары болып табылады. Ең үлкен жылдамдық ортада, түтіктің өсіне тақау жерлерде болады да ал түтіктің қабырғасына жуықталған сайын жылдамдықтар азайып, ақыры, түтіктің қабырғасына тақау қабат тыныштықта болады.



Мұндай ағыс кезінде импульс жылдамдығы максимал болатын газдың орталық қабатынан баяуырақ қозғалатын қабаттарға қарай беріледі. Бұл процесс кезінде импульс өзгеретін болғандықтан, газдың бұл ағыны оған сыртқы күш әсер ететін секілді өтеді (ішкі үйкеліс күші).

Импульс тасымалдауды да сандық жағынан жылу өткізгіштік кезіндегі энергияның тасымалдануы тәрізді қарастыруға болады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет