5 I тарау ішкі саяси дамудың Өзекті мəселелері


III ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-да ТӨРАҒАЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата31.03.2017
өлшемі479,82 Kb.
#10673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

III ТАРАУ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-да ТӨРАҒАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-дағы ТӨРАҒАЛЫҒЫ: 

ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР

Нұрлан Сейдін

2010 жылы ЕҚЫҰ-ның құрылғанына 35 жыл толады жəне 

де бұл уақытта Қазақстан бұрынғы кеңестік мемлекеттер ішінен 

бірінші болып аталған ұйымға төрағалық еткелі отыр. Біздің еліміз 

үшін ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді байланыс сыртқы саясатымыздың 

негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда 

болашақ төраға ретіндегі Қазақстанның ұстанатын позициясы мен 

əлемдік деңгейдегі қордаланған мəселелерді шешудегі рөлі «баға 

жетпес» деп ауыз толтырып айтуға толықтай негіз береді.

Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның кеңістігінде бірнеше дағдарыстық 

аймақтар бар. Олар болашақта аймақтық немесе жаһандық 

деңгейдегі мəселелерге айналуы əбден мүмкін. Əрине, энергетикалық 

қауіпсіздік, əлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздік 

мəселелері, ұлтаралық жəне дінаралық қақтығыстар жəне басқа да 

қиындықтардың бір мезетте сиқырлы таяқшаның көмегімен шеші-

ле салуы мүмкін емес. Сондықтан да, əлемдік мүдде тұрғысынан 

қақтығыстардың алдын-алу, ескерту, оларды реттестіру мен 

қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру шараларымен айналысатын 

ЕҚЫҰ қызметінің маңыздылығы зор болып отыр. Қазіргі таңда 

ЕҚЫҰ Еуропа, Солтүстік Америка, Орталық Азия мен Оңтүстік 

Кавказ аймағының 56 мемлекетін біріктіретін еуразиялық ірі саяси 

ұйымның бірі. Тіпті, бірегейі деуге де болады.

Қазірдің өзінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің негізгі 

бағыттарымен айналысатын ұйымның барлық құрылымдарымен 

сындарлы қатынас орнатқан. Ондағы негізгі бағыттары мынадай 

тұстарды қамтиды:

1)  Саяси мəселелер мен қауіпсіздік;

2 )  Э ко н ом и ка л ы қ   м ə с е л е л е р ,   ғ ы л ы м и - т ех н и ка л ы қ 

ынтымақтастық, қоршаған ортаны сақтау;

3)  Гуманитарлық мəселелер мен адам құқығын қорғау.

Жалпы, біздің ЕҚЫҰ-мен арадағы ынтымақтастығымыздың 

негізгі мəселелерінің бірі ретінде азиялық қауіпсіздік құрылымы 

жəне оның негізі болып отырған Азиядағы сенімділік шараларын 

қалыптастыру екені айтпаса да түсінікті. Өз кезегінде еліміз осы 

міндетті ескере отырып, өзінің төрағалығы барысында ЕҚЫҰ-

ның нығаюына, оның маңызды пікірталас алаңы мен көпжақты 

серіктестіктік орнатудың негізі ретіндегі қызметіне өзіндік үлесін 

қосуды мақсат тұтады.

Бұл мəселе ұйым жұмысының дағдарысы туралы, оның 

болашағы мен атқаратын қызметінің мəн-мағынасын түсінуге 

қатысты пікірталастар барысында күн тəртібіне шығып та 

үлгерді. Десе де, «таяқтың екінші ұшы», елімізде Қазақстанның 

ЕҚЫҰ төрағалық етуі мəселе сі жүргізіліп отырылған 

экономикалық реформалар мен саяси жаңару үрдісін одан 

ары жалғастырудың мүмкіндігі ретінде де қарастырылатыны 

жасырын емес.

Өкінішке орай, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге 

дайындығы əлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіне қатар 

келді. Біз осынау сындарлы жағдайды ескере отырып, көптеген 

«кейінге қалдырылған» қақтығыстардың бой көрсетуіне немесе 

жаңа ошақтардың қалыптасуына əсер етуі ықтимал трендтердің 

бар екендігін жоққа шығармаймыз. Сол себепті де, мұны 

өзімізге бір сынақ ретінде қабылдап, əзірден көшбасшылық сана 

қалыптастыра берген жөн. Неге десеңіз, осындай дағдарыстық 

кезеңдерде демогогтар, бəлеқорлар мен жалған патриоттардың 

белсенділігі де біршама қауіп төндіреді. Əсіресе мұндай өліара 

шақтарда нағыз солшылдар мен оңшыл радикалдар, шовинис-

тер жəне əр түрлі ұлтшылдардың жұмысы жанданып, олардың 

əрекеттері қоғам тұрақтылығына қауіпті факторлардың бірі-

не айналып сала береді. Міне, осы түйіткіл, ата тарих талай 

дəлелдегендей, талай жолсыздықтарға бастап, өркениеттік 

апаттарға соқтырмай тұрмайды. Əдеттегі қалыптасқан заңдылық 

бойынша, қаржы дағдарыстары кезеңінде тұрақсыз мемле-

кеттерде сан қилы содырлар мен жанкештілер билікке талпы-

ныс жасайды. Бұның мысалы ретінде өткен ғасырдың 20-шы 

жылдарындағы Италияда билікке келген Бенито Муссолини 

мен 30-шы жылдары Германияда бас көтерген Адольф Гитлерді 

алуға болады.



96

97

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Осы ретте айта кетерлік тағы бір жайт, əлемдік дағдарыс 

жағдайында миллиондаған жандардың ұлы жаратушы ие 

– Құдай тағалаға деген сенімі артады. Осынау діни үдерісті 

тиімді пайдаланып, екі жеп, биге шыққысы келетіндердің де 

жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайтыны шамамен 

осы мезгілдің қауіпті белгілеріне жатады. Əйтпесе, жер шары 

тұрғындарының басым бөлігі ұстанатын үш əлемдік діндер – ис-

лам, христиан, иудаизм өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылықты 

уағыздай отырып, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол 

бермеуге шақырады. 

Ислам, христиан жəне иудаизм белгілері мен уағыздарын 

жамылып қылмыс жасайтын лаңкестердің шын мəнінде бұл дін-

дерге ешқандай да қатысы жоқ. Кез-келген иманды адам қандай 

дін ұстанғанына қарамастан жер бетіндегі ең үлкен күнə – адам 

өлтіру мен қанішерлікке бармасы анық. 

Осы мəселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасы жəне Орталық Азия муфтилерінің төрағасы шейх 

Абсаттар қажы Дербісəлі: «Гуманизм, шыдамдылық, рақымдылық 

пен жарқын болашаққа деген сенімділік бізді бір сəттік толғаныс, 

қасірет пен тіршілік уайымынан жоғары қойып, өмірдің мəні 

туралы ойлануға итермелейді» – деп ойын білдірген-ді.

Айтқандай-ақ, расымен де адамдар дін арқылы дəстүрлі 

құндылықтар мен ождандық ұстанымдарды қалпына келтіруге 

тырысады. 

Біз Қазақстандағы дінаралық келісімнің негізгі тұғырлары 

ретінде ислам мен христиан діндеріне сүйенеміз. Елімізде 

Құрбан-айт пен Рождество демалыстарының мереке күндері 

ретінде белгіленгеніне міне, үш жылдың жүзі болды. 

Соған қарамастан өмірдің бір орында тұрмайтыны да бел-

гілі. Діни жағдайдың күрделілігі мен өзгергіштігі мемлекеттік 

органдардың Орталық пен жергілікті жерлерде жаңа діни 

бағыттарды бақылауда ұстаумен қатар, өзара түсіністік пен 

келісімге жету үшін күш жұмсаулары керектігін көрсетеді.

Қазақстанда мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы 

қарым-қатынастың өзіндік үлгісі қалыптасқан. Ол негізінен 

серіктестік, өзара сыйласу жəне бір-бірінің ішкі істеріне ара-

ласпау принциптеріне негізделген. Ұлтаралық, дінаралық жəне 

азаматтық келісімге келу мен нығайтудың Қазақстандық үлгісінің 

өзгешелігінің мəні сол, тоталитарлық күш əрекеттерін қолданбай, 

əлеуметтік-саяси мəселелерді шешудің мысалы бола алуында.

Бұл үлгінің іргетасы ретінде көпұлттылық, діни жəне тілдік 

алшақтықтар қазақ ұлтының бірегейлендіру рөлі негізінде біздің 

артықшылығымыз деген сенімділікпен бірге қарастырылады.

Осыған қатысты Қазақстан Республикасы Президенті 

Н.Ə. Назарбаевтың бір ұлттың өзін басқалардан жоғары қоюы 

əлемдік дамуда өзін бұрыс жағынан көрсетіп, тіпті бірұлтты 

ортада да жүзеге аспайтын адамзатты жек көру идеясына жақын 

екендігі, бұған ұрынбау үшін басқа ұлттарды, олардың тілін, 

дінін жəне салт-дəстүрлерін түсіну, сыйлауды үйренуіміз керек 

жəне үйретуіміз қажет, өйткені, бұл шараларсыз заманауи əлемде 

жетістікке жету мүмкін емес деген сөзімен келісуге болады.



«Ана тілі» газеті №44, 5 қараша 2009. 

98

99

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

ҚАЗАҚСТАН ЖƏНЕ ЕҚЫҰ: ҚАУІПСІЗДІК 

ПЕН ДАМУ КЕПІЛІ

Нұрлан Сейдін

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық 

ұйымы (ЕҚЫҰ) арасындағы қарым-қатынастар 1992 ж. 

қаңтарында Қазақстанның ұйымға мүшелікке өткен кезден бастап 

қарқынды дамуда. Қазақстан ұйымның белсенді мүшесі бола оты-

рып, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде көрсетілген 

ұстанымдарды іс жүзінде кеңінен қолдануға жəне дамытуға, 

сондай-ақ жалпыеуропалық үрдістерге кеңінен араласуға тал-

пыныс жасауда. 

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының алғашқы даму ба-

рысы өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға көшу, аймақтық 

қауіпсіздікті нығайту жəне ашық азаматтық қоғамды дамы-

ту сияқты қажетті реформаларды жүргізуге ықпал ететін, 

ақпараттық-тəжірибелік алмасуларға негізделді. 

Қ а з а қ с т а н   Ре с п убл и ка с ы   м е н   Е Қ Ы Ұ   а р а с ы н д а ғ ы 

ынтымақтастықтың одан əрі тереңдеуіне бірқатар маңызды 

құжаттардың қабылдануы ықпал етті. Олардың арасына 

Қазақстан Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара түсіністік мемо-

рандумы, 1999 жылдың қаңтарында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын 

ашу жөніндегі келісімдерді жатқызуға болады. 2003 жылдың 

ақпанынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен 

адам құқықтары бюросы) пен өзара түсіністік меморандумына 

сай Қазақстанда Адам құқықтары бойынша өкілеттілік инсти-

тутын жетілдіру, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін реформалау 

жөнінде жобалар іс жүзіне асырыла бастады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының жаңа кезеңі 2003 жыл-

дан жаңа белеске шықты. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы 

төрағалық ету жөніндегі ұсынған идеясынан бастау алады. Одан 

кейінгі төрт жылдай мерзім ішінде Қазақстан өз ұсынысын бір-

тіндеп іс жүзіне асырып келді. Елде саяси жаңару мен азаматтық 

қоғамды нығайтуға қатысты белсенді үрдістер басталды.

2004 жылдан бастап, Қазақстан ЕҚЫҰ реформалау мəселелері 

бойынша мүше елдер тобына қосылды. ҚР өкілдерінің жұмыс 

тобына қатысуы, елдің имиджін нығайтуда үлкен үлес қосты. Ал 

бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруда маңызды шешім-

дер қабылдау барысында оған пікір айтуға, ұсыныс беруге мол 

мүмкіндіктер береді. 2005 жылдың желтоқсанында ҚР Сыртқы 

істер министрі Қ. Тоқаев Люблян қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы 

істер министрлерінің саммитіне қатысып, сөз сөйлеп, мəжіліс 

барысында Ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның 

ұсыныстары мен президенттік сайлаудың қорытындысымен 

таныстырып жəне 2009 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық 

ету идеясын нақтылай түсіндірді [1].

2006 жылдың маусымында Астанада ЕҚЫҰ-ның толерант-

тылық жөніндегі «Мəдениаралық, діниаралық жəне ұлтаралық 

келісім» мəжілісі өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ Бас хатшысы 

М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ сол мерзімдегі төрағасының арнайы 

өкілі П. Шевалье, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры К. Штрохаль жəне 

аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Р. Экеустер 

қатысты. Мəжіліс барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назар-

баев өз сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етудегі негізгі 

мақсаттарымен таныстырды: 

-  Орталық Азиядағы жалпы саяси жағдайды ескере отырып, 

Қазақстан нақты жəне ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз 

етуге аймақтық кепіл ретінде шығуға дайын;

-  Қазақстан Республикасы өзінің тарихи қоржынында 

ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімге қатысты бай 

тəжірибесін ескере отырып, Батыс пен Шығыстың арасында 

көпір ретінде өркениеттер сұхбатын одан əрі дамытуға тыры-

сады;


-  Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесін демократиялық 

жаңару жолымен жүргізуде жəне ЕҚЫҰ белсенді мүшесі 

ретінде Ұйымның əлеуетін арттыруға, сондай-ақ қатысушы 

мемлекеттердің барлығының мүддесін мүмкіндігінше ескереді 

делінген [2].

2007 жыл Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастары тарихында 

ерекше айшықты жыл болды. Елдің Ата заңына, сайлау туралы 

заңдарға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар негізінде талаптарға 

сай парламент сайлауы өтті. 2007 жылдың қаңтарынан бас-

тап қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің 

жұмысына, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 

форумға, Экономикалық форумның мəжілістеріне, ЕҚЫҰ Пар-



100

101


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

ламенттік Ассамблеясына, ДИАҚБ семинарларына белсенді 

қатысуда. 

2007 жылдың сəуірінде Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның сол кез-

дегі төрағасы – Испания Корольдігінің Сыртқы істер жəне 

ынтымақтастық министрі М.А. Моратинос келіп қайтты. Сапар 

барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен, Парламент Сена-

ты жəне Мəжілісі төрағаларымен кездесулер өтті. Келіссөздер 

барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне Испаниямен 

ынтымақтастығы мəселелері, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 

2009 жылы төрағалыққа сұранысы, Орталық Азия аймағы мен 

елдегі қоғамдық-саяси жағдай талқыланып, тараптар аталған 

мəселелер бойынша пікір алмасты. 

2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының ресми 

делегациясының өкілдері азаматтық қоғам мен демократиялық 

институттарды дамыту, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету, 

бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығы, сенім ер-

кіндігі, аз ұлттардың құқықтарын қорғау, əйелдердің тең құқын 

қамтамасыз ету мəселелері бойынша үш жұмыс мəжілістеріне 

қатысты. 

Экономикалық жəне экологиялық мəселелер бойынша өткен 

форум жұмысы барысында қазақстандық делигация өкілдері 

еуропалық жəне азиялық тұрақты даму үрдістерін ортақ 

еуразиялық үрдіске біріктіру жөнінде жəне 2012 жылы Тұрақты 

даму бойынша 3-ші бүкілəлемдік саммитті Қазақстанда өткізу 

туралы ұсыныспен шықты. 

2007 жылдың шілдесінде ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің 

мəжілісінде ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Е. Ертісба-

ев өз баяндамасында ақпаратпен қамтамасыз етуге жəне БАҚ 

саласындағы заңдарды жетілдіруге қатысты жасалып жатқан 

жұмыс барысымен таныстырып өтті. 

2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі 

М. Тəжиннің бастауымен қазақстандық делегация Мадрид 

қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің 

кезекті 15 мəжілісінің жұмысына қатысты. Бұл отырыстың 

күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі, ол Қазақстан 

Республикасының Ұйымда төрағалық етуге қатысты ұсынысына 

байланысты мəмлеге қол жеткізу еді. Келіссөздердің нəтижесінде 

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеді деген уағдаластыққа 

қол жеткізілді жəне СІМК-тің қорытынды шешімінен қандайда 

бір саяси өлшемдерге сай келетіндігін көрсететін шарттар 

толығымен алынып тасталынды [3].

Ұйымға мүше елдердің төрағалық етуге қатысты шешімдері 

көбіне-көп Қазақстанның саяси жүйені реформалауы мен либе-

ралды нарықтық экономиканы дамытуына жəне осы бағыттарда 

жеткен жетістіктерінің жемісі болып табылады. ЕҚЫҰ-ға 

қатысушы – мемлекеттердің ымырашылдық келісімдері елде 

жəне аймақта саяси тұрақтылыққа бағытталған елдің ішкі жəне 

сыртқы саясатының жетістіктерін мойындауларымен негізде-

леді.


Ұйымға қатысушы – мемлекеттердің Қазақстанның кандида-

турасын қолдаулары ЕҚЫҰ тарихында бұрын соңды болмаған 

жағдай. Тұңғыш рет тұтастай Азияда орналасқан мемлекет төраға 

болмақ. Жалпы ЕҚЫҰ тарихын талдайтын болсақ, онда көбіне 

Батыс Еуропа мемлекеттерінің төрағалық етудегі басымдықтарын 

байқаймыз, яғни олар Еуроодақ мүшелері немесе мүшелікке 

дайындалып жүрген кандидаттар. Бұрын соңды ТМД-ның бірде-

бір мемлекеті мұндай ұсыныс жасамаған. 

Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң 

шешім – Ұйымға қатысушы-елдердің барлығының іс жүзіндегі 

теңдігін дəлелдеп берді. 

Жалпы, ЕҚЫҰ төрағасы дəрежесі Қазақстанның халықаралық 

қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығаюына 

ықпал етпек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, 

АӨСШЖК сияқты аймақтық ұйымдарда төрағалық ету тəжірибесі 

жинақталған. ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің көңілін қауіпсіздік 

пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Орталық 

Азия аймағының көп қырлы мəселелеріне аудару, оның дамуына 

айтарлықтай əсер ететіні сөзсіз. 

2008 жылдың 1 қаңтарынан төрағалықты Финляндия өкілдері 

атқаруда. Қазақстан үстіміздегі жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның 

ұзақ мерзімді бағдарламаларын бірлесіп анықтау үшін – Үштік 

төрағалар жұмысына араласуда [4]. Финляндияның бастама-

сымен Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық 

комитетін басқару ұсынылған, ол ұйымға мүше-мемлекеттердің 

шұғыл экономикалық мəселелерін шешуге жəне елдің табиғатты 

қорғауының дамуына бағытталған. Қазақстан мен Орталық 


102

103


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Азия елдері үшін аталған комитетте жұмыс жасау аса маңызды, 

өйткені оның жұмысы ашық теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ 

мемлекеттердің экономикасын нығайту мен транзитті-көлік 

əлеуетін дамытуға бағытталған.

Ұйымды басқару өте ауыр мін дет екені айтпаса да түсінікті. 

Фин ляндия ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ба рысында Ұйымның негізгі 

мақсаты болып табылатын кешенді қауіп сіз дікті қамтамасыз 

ету мəселелерімен тұрақты айналысып келеді. ЕҚЫҰ-ның 56 

қатысушы-елдерінің барлы ғының консенсустық келісіміне жету, 

ымыраға келу қабілеттілікті жəне көптеген күш жұмсауды талап 

етеді, оның өзі ақырында барлық елдерге пайда келтіреді. Бұл 

мін деттер, сондай-ақ үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуді 

қажетсінеді.

Финляндияның төрағалығы, сондай-ақ дəйектілік, үйлесімділік 

жəне ынтымақтастық мəселелеріне үлкен назар аударады. Осыған 

бай ланысты, ЕҚЫҰ елдері квинтетінің кездесуі, оған Испания, 

Финлян дия, Грекия, Қазақстан жəне Литва кіреді, ұзақ мерзімдік 

болашақта осы мақсаттарға жетуде маңызды рөл атқаратындары 

анық. Квинтет тің бірінші кездесуі ағымдағы жылдың маусым 

айында Хельсин киде өтті, келесі кездесуді де жел тоқсан айын-

да Хельсинкиде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің мə жілісі 

уақытында өткізу жоспар лану да. Қазақстан осы кез десулердің 

жұмысына өте белсенді қатысуда. 

Сөйтіп, Қазақстан ЕҚЫҰ құрылымына ұйым дамуының 

күрделі бір кезеңінде оған толығымен енуде. 2003 жылдан бас-

тап жыл сайын ауысып отыратын төрағалар өз қызметтерінде 

негізгі басымдықтар ретінде: ЕҚЫҰ реформалауға, аймақтық 

қақтығыстарды алдын алуға, ланкестікпен, есірткі жəне адам 

саудасымен күресуге, демократиялық үрдістердің дамуына 

ықпал етуге, наным-сенім бостандығын насихаттауға үлкен 

еңбек сіңірді.

Қазақстан əрі қарай демо кратиялық реформалар жүргізу 

жо лымен 2010 жылы өзінің төрағалық етуі қарсаңында 

көшбасшылық қыз метін жалғастырады. Осыған байланысты, Қа-

зақстанның басшылығы БАҚ ту ралы заңды реформалау, сайлау 

жəне саяси партиялар туралы заң дарға қатысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 

нұсқау ларын орындау, этносаралық жəне конфессияаралық 

келісімді ны ғай ту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас қару жүйесін 

жетілдіру сияқты бірқатар артықшылықтарды белгі леді. Осы 

мəселелер бойынша заң намалық тұрғыдан прогреске жəне таны-

мал халықаралық стандарттар сəйкестігіне жету жалпы алғанда 

тек Қазақстан жəне ЕҚЫҰ ғана емес, сондай-ақ өз елдерінде ре-

фор малар жүргізу үшін үлгі ре тін де Қазақстанның тəжірибесін 

пай далана алатын ұйымның бір қа тар басқа мүшелеріне де маңыз-

ды қадам саналады.

Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мерзімінде осы 

бағытта аталған мəселелер бойынша жұмысты жалғастырады деп 

жоспарлануда жəне Ұйым қызметін Орталық Азия аймағындағы 

тұрақтылықты сақтауға бағыттамақ, бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ-

ның тұтастай кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етері 

сөзсіз.


Ауғанстандағы əлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың 

нəтижелі болуына, Орталық Азия елдері арасындағы шаруашылық 

байланыстарды нығайтуға, аймақтағы көлік-транзиттік 

қатынастарды дамытуға жəне су мен энергетикалық қуат көздерін 

тиімді пайдалануды енгізуге бағытталған шұғыл шаралардың 

іс жүзіне асуына ЕҚЫҰ-ның тəжірибесі мен əлеуеті жететіні 

белгілі. 

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ұйымның басты 

қағидасын дəлелдеуде, яғни мүшелердің теңдігі мен оған 

қатысушы елдердің тұрақты дамуға деген қызығушылықтары 

толығымен сақталуда.

ЕҚЫҰ дүниеге басқаша көз қа распен қарауға көмектесетін 

аза мат тық қоғаммен тығыз ынты мақ тастықта жұмыс істейді. 

Ықтимал жəне қатаң сынға алынғанына қарамастан, үкіметтік 

емес ұйым дардың пікірі мəселелерді оңтайлы шешуге жол табуға 

көмектесетін не гіз болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда да 

азаматтық қоғам ел ішінде шешім қабылдау жəне заң намалық ре-

формалар жүргізу үде рісіне баға жетпес үлес қоса алады. ЕҚЫҰ, 

сондай-ақ тексерулер мен басымдық жүйелерінің негізгі бө лігін 

құрайтын жəне халықтың еркін білдіретін қатысушы-елдердің 

парламенттерімен бірлесе отырып жұмыс істейді.

Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында елордамызда 

Ұйымның Парламенттік Ас самблеясының 17-ші жыл сай ын ғы 

сес сиясы өтті. Сессияның жұмы сы на ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-

елдерінің көпшілігінен 270 пар ла ментарийлер қатысып жəне 


104

105


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

«ЕҚЫҰ  транспаренттігі»  та қы ры бында  бір қа тар  маңызды  пікір-

та лас тар  өткі зілді. ЕҚЫҰ-ның Пар ламенттік Ассамблеясының 

жыл сайынғы сессиясы парла мент аралық үнқаты суды нығайту 

бойынша оның жұ мы сының маңызды құрамдасы бо лып та-

былады. Астанада болған сессия ал ғаш рет Орталық Азияда 

өткізілуде, осының өзі аймақтың маңызды лы ғын  танудың  өсіп 

отырғандығының дəлелі десек, қателеспейтініміз анық. 

Жас тəуелсіз мемлекет Ұйымға кіру сəтінен бастап ЕҚЫҰ-

мен ты ғыз жəне жемісті ықпалдасуда. Ас танаға өткен маңызды 

мəжілістің мақсаты – ЕҚЫҰ аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету жəне гүлденуге қол жеткізу үшін осы ынтымақтастықты 

нығай та ды  деген  сенімдеміз.

Əдебиеттер:

1.  По материалам Министерства иностранных дел РК:www.mfa.kz

.

2.  Выступление на Совещании ОБСЕ по межкультурной, межрели-



гиозной и межэтнической терпимости Президента РК Н. Назарбаева: 

www.akorda.kz.

3.  Выступление Министра иностранных дел РК М. Тажина на 15-м 

cовещании Министров иностранных дел государств-участников ОБСЕ: 

http://portal.mfa.kz.

4. Выступление Действующего председателя ОБСЕ министра 

иностранных дел Финляндии Илкка Канерва перед Постоянным советом 

ОБСЕ в Вене 10 января 2007 г.: www.osce.org. 



«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №1, 2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет