2 Кейс Модуль 5 кезең
5 кейс: Адам өміріндегі зейіннің, түйсіктің, қабылдаудың алатын орны және оны дамытужолдары. Жауабы : Зейiннiң физиологиялық негiздерiне бас ми қыртысында болатын негiзгi жүйке үрдістерi - тежелу мен қозудың өзара әрекетінiң тeтiгi жатады. Зейiн үрдісінде адамды қоршаған ортада көптегенбасқа заттардың iшiнен белгiлi бiр затты, нысандыерекше белiп, соған санасын бағыттайды, ал басқазаттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. Физиологиялық тұрғыдан бұл белгiлi бiр жүйкеорталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледiде И.П. Павловтың негiздеген жүйке үрдicтерiнiңиндукңиясы заңы бойынша бас ми алабыныңбелгiлi бiр белiгiнде қозу үрдісi пайда болса, бас мидiң басқа бөлiктерiнде тежелу үрдісiншақырады.
Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығыбарлық басқаларына үстемдiк етедi, оны доминанта деп атайды (немесе қозудың оптималдi орталығы), ал мидың қалған бөлiктерi индукция заңы бойыншатежеледi.
И.П.Павловтың қозудың оптималдi орталығытуралы iлiмi зейiннiң физиологиялың негiзi болыптабылады. Зейiннiң физиологиялық негiздерiнанықтау үшiн академик А.А.Ухтомскийдiң ұсынғандоминанта қағидасының мәні зор. Бұл принңипбойынша, мида әруақытта да қозудың үстемдiкeтeтiн орталығы болады. Ол өзіне миға бара жатқанбарлық қозуларды шақырды және осыныңарқасында оларға үстемдiк етедi. Осындайорталықтың пайда болу негiзi тiтiркеңдiргiштiңкүші ғана емес, соныиен қатар бүкіл жүйкежүйесiнiң толық жағдайына байланысты.
Сонымен, доминанта деп бiр уақытта адамсанасына әсср еткен бiрнеше тiтiркендiргiштiңiшiнен беруiнiң басқаларға үстемдiк eтyiн айтады. Академик А.А. Ухтомский зерттеулерi бойыншажүйке жүйесiне әсер еткен көптегентiтiргендiргiштердiң iшiнен бiреуiнiң жеңiп шығып, күшті осер eтyi. Бас ми алабында қозудың бipнешеорталығы пайда болады. Бұл жағдайда қозудыңорбiр орталығы барлық бас мидың алабындажайыну (иррадиация) жағдайында болады. Соңдықтан да қозудың жекелеген орталықтарыныңарасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күpecтің нәтижесінде осы орталықардыңщ бiреуiжеңiп, үстемдiк өтедi, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған едi.
Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары(әлсiз тiтiркендiргiштер - "субдоминанталар") көпжaғдайда жоғaлып кетпейдi. Олар доминантаменбiрiгiп кетедi, оны күшейтедi немесе доминантағақарсы күpeceдi. Осы күрестің нәтижесiндесубдоминанталар өздерi доминанта болуы мүмкiн, ал бұрынғы доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың үстемдiк орталығы ретiндебіздің зейiнiмiздiң белгiлi бiр затқа бағытталуы мен жинақталуының физиологиялық негiзi болынтабылады.
Зейiн көп жағдайда организмнiң ерекше бейiмделуiөзгерiстерiне байланысты аңғарылады. Мәселен, заттар мен құбылыстарды көру қабылдауы арқылызейiн қоюда біздің көзімiз затқа немесе құбылысқаерекше бағытталады, көздi алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейiн салып тындаймыз, бiз мойнымызды бұрып, ұйып тыңдаймыз. Егер де зейiн шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстiндезейiн салудың ерекшелiктерi бар. Зейiннiңкүшеюiне байланысты тыныс алу да сиректейдiнемесе ұзара бастайды. Зейiн қою кезінде бұлшықет жүйесiнде де өзгерiстер іске асады. Барлықартық қозғалыстар азаяды. Бұлшық ет жүйесiерекше жағдайда болады.
6 кейс: Ес, ойлау процесінің басқа танымдықпроцестермен байланысы.
Жауабы : Ес теориялары – Генетика жәнемолекулярлық физиологияның, сонымен қатаркибернетиканың дамуына байланысты соңғыбірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздерімен физиологиялық амалдарын зерттеу өзінеерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігінейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйкежасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде жәнеолардың кешендері еске сақтау үрдісіндежүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру]жәнеқайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрліжасушаларының рөлі туралы, сонымен қатармолекулярлық деңгейде іске асып жатқанөзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарғатолықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзіршеалынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылғанойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруғаболады. Осыған байланысты ес жұмысыныңзаңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялықтеориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теорияларқалыптасты: олардың ішінде естің зерттеуамалдары мен заңдылықтарын зерттейтінпсихологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауғаболады. Психологиялық деңгейде ес механизмдерінзерттеу хронологиялық тұрғыдан басқатеориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінентараған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнінқазіргі кезге дейін жоймаған, ХVII ғасырда пайдаболған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация – жекелеген психикалықүрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатарқоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардыңарасындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өтекүрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциациялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестікассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақмерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістіккежақындық ассоциациясы. Естің іс-әрекеттіктеориясына сәйкес әртүрлі елестетулердіңарасында байланыстар – ассоциацияларұйымдастыру, сонымен қатар материалды естеқалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былайтүсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалменжұмыс арaсында не істейді, сонымен қатармнемикалық үрдістер іс-әрекеттің тұтасқұрылымында қандай орын алатындығынабайланысты. Есте қалдыру амалыныңерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықтыдеректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулерінде атапкөрсеткен болатынды.
8 кейс: Темперамент типтері мен мінез бітістерініңадам жеке басының қалыптасуына әсері.
Жауабы : Темперамент- бұл адамның психикалықпроцестерінің динамикасында көрінетін жекеерекшеліктері: реакцияларының жылдамдығы мен күшінде, оның өмірінің эмоционалды тонусында.
Динамика деп психикалық процестердің қарқыны, ырғағы, ұзақтығы, қарқындылығы, атап айтқандаэмоционалды процестер, сондай-ақ адам мінез-құлқының кейбір сыртқы ерекшеліктері - қозғалғыштық, белсенділік, реакциялардыңжылдамдығы немесе баяулығы және т.б.
Темперамент туралы әңгіме кезінде олар адамдарарасындағы көптеген психикалықайырмашылықтарды білдіреді - тереңдікайырмашылықтары, эмоциялар тұрақтылығы, әсерленгіштік, іс-әрекеттің жігерлігі жәнепсихикалық өмірдің, мінез-құлық пен белсенділіктің басқа динамикалық, жеке-дара ерекшеліктері. Темперамент бүгінгі күні көпжағдайда даулы және шешілмеген проблема болыпқала береді. Алайда, проблемаға көптеген әр түрлікөзқарастармен, ғалымдар мен практиктертемперамент - бұл тұлғаның әлеуметтік болмысыретінде қалыптасатын биологиялық негізі екенінмойындайды.
Темперамент - бұл адамның тек табиғи қасиеті, ал оны жеке қасиет ретінде қарастырудың себебі - адамның өзі істейтін іс-әрекеті мен қылығытемпераментке байланысты.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалықерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темпераменттің бір түрін жағымды, екінші түрінжағымсыз деп бағалау дұрыс болмайды. Әрбіртемпераменттің өзінің жағымды жақтарымен катар жағымсыз жақтары да болады. Таза күйіндетемперамент өте сирек кездеседі. Адамдатемпераменттің белгілі бір түрінің қасиеті басым келеді, бірақ бұл жағдайда, басқа темпераменткетән жекелеген белгілер байқалуы мүмкін. Оқытужәне тәрбие үрдісінде шәкірттерге дара әсер етуүшін, демек, практикалық қажеттіліктер үшінтемпераменттің негізгі сипаттамасын бағдарлайотырып, қарастырған жөн.
Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолдарын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халгежетсе бұл осы адамның сана сезімінің жақсыкөрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал, керісінше адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі иебола алмаса, темпераменттің қайсысы болсынадамды ұнамсыз етіп көрсетеді.