1) акушерлік-гинекологиялық көмек – әйелдерге жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар кезінде, профилактикалық байқау және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;
2)әмбебап-прогрессивті моделі – баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және ерте жастағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру;
3)босандыру – босану актісінің табиғи немесе жасанды жолмен (аспаптық, қолдың көмегімен, дәрі-дәрмекпен) аяқталуы;
4)консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
5) контрацепция – қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері және құралдары;
6)патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар жүргізуі (жаңа туған нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж), патронаждық бақылау жүкті әйелге босанғанға дейінгі екі патронаждан тұрады (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде);
7)прегравидарлы дайындық - белгілі бір ерлі-зайыптылардың ұрпақты болу функциясын жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешені.
8)репродуктивтік денсаулық – адамның толыққанды ұрпақ әкелуге қабілетін көрсететін денсаулығы;