Г) +тұрмыстық жанасу; Д) сулық.
633. Төменде аталған инф-дың қайсысында ошақтағы камералық дезинфекцияны жүргізеді?
A) Қу қызбасы;
Б) +эпидемиялық бөртпе сүзегі; В) кампилобактериоз;
Г) кене энцефалиті;
Д) энтеробиоз.
634. Қабылдау бөлімінде науқасты тексеру кезінде бас биттері мен сіркелер табылды. Төменде аталған эпидемияға қарсы шаралардың қайсысын бірінші жүргіземіз?
A)+ басын карбофосты эмульсиямен өңдеу және киімдерін камерада өңдеу үшін жіберу; Б) ДДТ сабынымен басын жуу және хлор ерітіндісіне киімдерін салып қою;
В) басын карбофосты эмульсиямен өңдеу және карбофосты эмульсияға киімдерін салып қою;
Г) басын кір сабынды ыстық сумен жуу;
Д) хлорамин ерітіндісіне киімдерін салып қою.
635. Жабық балалар мекемесінде құрөзек оқиғасына күдіктену тіркелді. Бір топтың тәрбиешісі ЖРИ-мен науқас. Клиникалық тексергенде тамақ бездері ұлғайған, қабынған, қошқыл қабатпен қапталған. Аспазшы созылмалы ангинамен ауру, бұрын токсигенді бактериятасымалдаушы болған, бірақ емдеудің толық курсын өткен. Ол емнің тиімділігі зертханалық расталмаған. Төмендегі аталған күдіктілердің қайсысы инфекция көзі болуы мүмкін?
А) Санациядан өткен бактеря тасымалдаушы аспазшы;
Б)+ Балалардың тәрбиешісі; В) Балалар тобындағы жанасқандар;
Г) Ауру көзі бала бақшадан тыс адам;
Д) Токсигенді емес коринобактериялардың тасымалдаушысы;
636. 1 айлық баланың иығында БЦЖ вакцинасын енгізген орында пустуладан іріңді бөлінді байқалды. Төменде аталған қорытындының қайсысы ЕҢ ақпаратты? А) вакциналық процестің қалыпты ағымы; Б) жергілікті аллергиялық серпіліс; В) + вакцинаны енгізу техникасы сақталмаған; Г) пнрпараттың сорбентіне серпіліс; Д) туа біткен иммунды тапшылыққа болған серпіліс.
637. Бала бақшаның ясли тобында Зонне шигеллезінің 3 оқиғасы тіркелді. Төмендегі аталған балабақша контингентінің қайсысы ауыру мүмкіндігі жоғары?
А) Тағам даярлайтын блок қызметкерлері;