5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет244/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар сарматтардың жеңіске жетуінің кем 
дегенде екі себебін анықтайды. Сармат жауынгер-
лерінің қару-жарақтарының тізімін жасағанда, 
жеңістерінің құпиясы – сармат арғымағы мен ка-
тафрактарийін сипаттағанда, сармат әйелдеріне бес 
жол өлең жазу тапсырмаларын орындағанда жеке, 
жұптық бағалау ыңғайлы. 
Қосымша тапсырмалар
Кейбір оқушылар "Сарматтардың қару-жарақта-
ры" тақырыбында ғаламтор немесе басқа да ре-
сурстар негізінде қосымша қызықты мәліметтер ұсы-
нады.
Бір топ оқушылар «Бұрыштар пікірталасы» ойыны-
на қатысып, сарматтардың халықаралық аренадағы 
орны «маңызды» немесе «маңызды емес» деген 
дәлелдер келтіреді. Қалғандары сармат жауынгерін 
катафрактариймен салып көрсетеді.


154
154
Оқу нәтижелері
Оқушылар:
• сарматтардың қоныстанған аумағын картадан 
көрсетті;
• Сынтас, Бесоба, Аралтөбе қорымдарын салыс- 
тырып, сарматтардың қоғамдық құрылысына, мәде-
ниеті мен дүниетанымына түсіндірме берді;
• сарматтардың қолданбалы өнерінің ерекшелік-
терін анықтады;
• сарматтардың шаруашылығы мен айналысқан 
кәсіптерін сипаттады;
• сарматтар қоғамындағы әскери демократия-
ның ерекшелігін түсіндірді;
• сарматтардың басқа елдермен қарым-қаты-
настарын сипаттады;
• сармат тайпаларының халықаралық аренадағы 
орнын көрсетті.
Өздеріңді тексеріңдер
Осы тарауда алған білімдерін қорытындылап, 
оқушыларға нені білгендерін, үйренгендерін еске 
түсіру үшін тиісті тапсырманы орындауды ұсыныңыз. 
Бұл тапсырма арқылы оқушылар тарау бойынша 
орындалған тапсырмаларды, тақырыптарды еске 
түсіреді. 
Қосымша тапсырмалар
Кестені толтыр. 
Негізгі даталар
Ерекшеліктері
Қоғамдық құрылыста...
Мәдениет пен 
дүниетанымда...
Археологиялық 
ескерткіштері...
Тірек сөздер
1.
2.
3.
«Маңызды үштік» әдісімен тарау бойынша ең 
маңызды деп санаған үш термин, үш сөйлем, үш 
оқиға немесе үш жағдайды өз таңдауың арқылы
анықтап, кестені толтырыңдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет