5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет264/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Гуньмо, күнби 

 
Үйсін жоғарғы билеушісінің 
атағы. Қытай тілінде үйсін патшасын "гуньмо" деп 
атаған.
Ғұндар
– Орталық Азиядағы ежелгі тайпалық 
бірлестік. Бастапқыда Солтүстік Қытай мен Моңғо-
лияның оңтүстігінде қалыптасқан. Ғұндар түркі ха-
лықтарының арғы тегі болып табылады.
Ғылым Академиясы
– ғылыми-зерттеу меке-
месі. Әртүрлі бағыттарда ғылыми зерттеулерді ұй-
ымдастыратын, басқаратын мекеме немесе ұйым.
Даилар 

 
Геродот пен Страбонның мәлімет-
теріне қарағанда, б.з.д. ІІ ғасырда, Каспий теңізінің 
жағалауын мекендеген ежелгі тайпа. 
Дәнекерлеу
– жоғары балқыту температурасын-
да металл жиектерін біріктіру.
Дәуір
– адамзат тарихында ерекшеленетін ке-
зеңдер (тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі). 
Дереккөз 
– тарихи үдерістерді айқындай-
тын және адамзаттың өткенін зерттеуге мүмкін-
дік беретін барлық заттар, жазба ескерткіштер, 
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және т.б. 
Дромос 
(гр. 
dromos
) – қорғанның астындағы 
сағана – лақатқа апаратын жабық дәліз; жартасты 
немесе топырақты үңгіп тесілген көрге кіретін 
жерасты жолы. 
Дуал
– балшықтан жасалған берік қоршау, 
бекіністі құрылыс. 
Елшілік
– бір елдің екінші елге келіссөз жүргізуге 
жіберген өкілі немесе өкілдері. 
Ескерткіш 

 
кең мағынасында – елдің, халықтың 
тарихи, мәдени мұрасының жалпылама атауы. 
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы 
мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен 
жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, 
ғимараттарды және т.б.) қамтиды.
Елтаңба 
– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Еуропеоидтық тұрпат
– терісі ақ, шашы жұмсақ, 
толқынды, денесі түкті, көздері ашық, беті сопақша, 
қыр мұрынды, ерні жұқа болып келетін тұрпат түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет