5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті



Pdf көрінісі
бет91/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті, 
58-59-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
көшпелілер баспанасының 
ерекшелігі неде? 
Сабаққа дайындық
• Әр оқушыға бір-бірден парақ таратып беріңіз.
• «Киіз үй қандай түрлерге бөлінген?» атты 
мәтіннің әрбір сөйлемін парақтарға жазып, әр жол-
дағы сөйлемді қайшымен жолақтарға қиып, кон-
вертке салып дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Киіз үй көшпелілердің өзімен бірге жасасып, тарих 
белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдени-
етінің көрінісі болып табылады. Олар киіз басу мен 
тері ұқсату, алаша тоқу, ши орау, алтынмен аптап, 
күміспен күптеуді ұрпақтарына мирас етіп қалдырды. 
Көшпелілердің баспана бөліктерін жасауда өзіндік 
ерекшеліктері болды. Көшпелілер металл, сүйек, киіз, 
ағаш, былғары, ши сияқты бірнеше материалдарды 
қатар пайдаланып, қолданбалы өнерді дамытқан. 
Сонымен қатар киіз үйдің әр бөлігін өзінше қадірле-
ген. 
Шаңырақ
– көшпелілер баспанасының қасиеті, 
киелі мүлкі болып табылады. Шаңырақ «үй», «от-
басы» деген мағынаны білдіреді. "Шаңырағың биік 
болсын" деп тілек айтқан. 
Кереге
– киіз үйдің негізгі 
бөлігі. Баспананың кеңдігі мен берік болуы осы кере-
геге байланысты болады. «Керегең кең болсын» де-
ген сөз осындай мағынада айтылған. 
Уық
– шаңырақ 
пен керегені байланыстыратын негізгі бөліктердің 
бірі. Жалпы, киіз үйде ішкі және сыртқы есік болады.
Сықырлауық
– ішкі есік. Ол ағаштан жасалады. Екін-
шісі – киіз есік, ол сықырлауықтың сыртынан жабы-
лады. 
Халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты киіз 
үйдің бірнеше түрі болған. Көшпелілер жылжыма-
лы баспанадан монша жасай білген. Ол үшін төрт 
киіз үйді біріктірген. «Киімшең» деп аталатын бірінші 
үйде шешініп, «қауыз» деп аталатын екінші үйде шо-
мылған. Одан кейін «тас булау» деген үшінші үйде 
қыздырынған. Төртінші үй – «бүйрек», онда монша-
дан кейін тынығып, демалған. Моншаның көшпелі 
өмірге бейімделген жылыту жүйесі болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет