№ 5 Нерв парабиозы және оның кезеңдері
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
Нервтың шағын аумағына наркотикалық заттармен әсер ету арқылы парабиоздың үш кезеңдерінің дамуын бақылауды меңгереді
Парабиоздың фазаларын түсініп, физиологиялық процестерді зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу кезінде қарастырады
Зертхана жағдайында зерттеуді ғылыми жоспарлап, өз уақытын тиімді ұйымдастырып, бақылау әдістерін пайдалануда қолданады
Лабораториялық сабақтың мазмұны: Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығына байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркотикалық заттармен әсер етсе олардың физиологиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен жақсы таныс болу керек және сонда ғана ондағы өткізгіштік процестерді фармокологиялық жолмен реттеуге болады.
Егер нервке өте күшті наркотикалық заттармен әсер етсе (новокаин, эфир, хлороформ, спирт, фенол), онда оның негізгі қасиеті -өткізгіштік пен қозғыштық өзгереді және парабиоз деп аталатын ерекше күй (состояние) пай болады. Парабиоз деген терминді 1901 жылы Н.Е.Введенский енгізген (раra-ококло, bios-жизнь). Парабиоздық жағдай шегіне жеткен кезде нерв өзінің физиологиялық қасиетін толық жоғалтады.
Оқытудың техникалық құралдары: проектор, құрал-жабдықтар, муляждар
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, миограф, хирургиялық аспаптар жиынтығы, электр тірікендіргіші, мақта, рингер ерітіндісі, 0,8 пайыздық калий ерітіндісі, немесе новокаин, кокаин және басқа да наркотикалық заттар.
Жұмысты орындау тәртібі: алдын-ала дайындалған бақаның балтыр ет нерв преператын миографқа бекітіп, бұлшық ет жиырылу амплитудасының биіктігі тоқ күшіне тікелей тәуелді екеніне көз жеткізу. Ол үшін преператты ең аз, орташа және ең көп электр тоғымен ритмді тітіркендіру арқылы еттің жиырылу қисық сызығын барабанға жазады. Енді нерв астына новокаинға шылап, жіңішкелеп ширатылған мақта қояды. Бұдан нервте пайда болған қозу тек осы жер арқылы өтетін болады (бұл нүкте альтериривті нүкте деп атайды).
Парабиоз басталғаннан кейін кимографта оның төмендегідей фазаларын жазу:
Теңгермелік фаза. Бұл фазада әр түрлі мөлшердегі тоқ күші бұлшық етте бірдей биіктіктегі тетанус жиырылуын туғызады.
Парадоксальды фаза. Бұл фаза теңгермелік фазадан кейін бірнеше минут өткен соң пайда болады да мынадай көрініспен сипатталады: көп мөлшердегі тоқ күші еттің жиырылу амплитудасын төмендетеді де, аз мөлшердегі тоқ күші, керісінше, оның жиырылу амплитудасын биіктетеді.
Тежеуші фаза. Бұл кезеңде пайда болған импульстер альтериривті нүктеден өте алмайтын болғандықтан бұлшық ет тітіркендірулерге жауап бермейді.
Парабиоз –қайтымды процесс. Ол үшін мақтаны алып тастап, нервті рингер ерітіндісімен бірнеше жуса, бұлшық ет жиырылуының тоқ күшіне тәуелділігі қалпына келеді.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: Білімгерлерді зертханадағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Деңгейлік тапсырмалар:
Нерв парабиозы дегеніміз не.
Парабиоздың фазаларын түсіндіріңіз.
ОБӨЖ тапсырмалары:
ОЖЖ-дегі тежелу. Оны зерттеудегі И.М.Сеченов жұмыстарының маңызы. Тежелу түрлері. Нейрондағы тежелу
БӨЖ тапсырмалары:
ОНЖ әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
З. А. Аскарова , Г. Т. Страилова Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал.Оқу құралы. Алматы : Қазақ ун-ті, 2019
З. С. Ажибаева, А. М. Бостанова, А. Е. Сержанова Адам және жануарлар физиологиясы атты оқу-әдістемелік құрал Түркістан : Тұран, 2015
Несіпбаев, Т. Адам жəне жануарлар физиологиясы : Оқулық-диалог. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Дәуір, 2015
Қосымша әдебиеттер:
Арынова Р.А. Адам және жануарлар физиологиясының практикумы. - Алматы: Эверо, 2019.http://rmebrk.kz
Жумадина Ш. М. Адам және жануарлар физиологиясы: Оку кұралы. - Павлодар: Кереку, 2014. http://rmebrk.kz
Ажибаева З.С., Бостанова А. М. ,Сержанова А. Е. , Абдрашитов А. А. Учебное-методическое пособие по курсу физиология человека и животных Туркестан 2013.
Маркеева, С. С. Руководство к лабораторным занятиям по физиологии человека и животных. Учебное пособие - Алматы 2019.
Аханов, Ү.Қ. Адам және жануарлар физиологиясы : Зертханалық практикум. . - Алматы: Эверо, 2019
Дербуш, С.Н. Физиология человека и животных : Электронный учебник. . - Караганда: КарГТУ, 2015.
WEB сайттар тізімі
https://books.google.kz
http:/library.wkau.kz
http: //biology.org.ua
http://rmebrk.kz/
http://irbis.ayu.edu.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |