№6 сабақ. Оқытушымен білімалушылардың өзбетінше жұмысы
№6 сабақ. Оқытушымен білімалушылардың өзбетінше жұмысы
Тақырып: Қан және лимфа. Эритроциттер. Тромбоциттер
Құрастырған: Кикимбаева А.А.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
1)Тін ретінде қанның морфофункционалдық сипаттамасын білу.
2) Д.Л.Романовский әдісі бойынша боялған адам қанының жағындысында эритроциттерді, нейтрофильдерді, эозинофилдерді, базофилдерді, лимфоциттерді және моноциттерді бір бірінен айыра білу.
3) Эритроциттер және қан пластинкаларының микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын білу.
Қажетті бастапқы білім деңгейі:
Қажетті бастапқы білім деңгейі:
Қанның морфофункционалдык сипаттамасы.
2) Гемограмма туралы түсінікті қалыптастыру.
Қанның маңыздылығы. Қан аралық зат –плазма және онда бос өлшенген жасушалардан: эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалардан (тромбоциттерден) тұрады.
Қанның маңыздылығы. Қан аралық зат –плазма және онда бос өлшенген жасушалардан: эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалардан (тромбоциттерден) тұрады.
Қан үздіксіз қозғала тұрып біріншіден, барлық тіндерге қоректік заттар мен оттегіні жеткізіп, екіншіден, олардан зат өнімдерін шығарып отырады.Сондықтан, қан ішкі алмасуды, өмір тіршілігі процессінің қалыпты ағымын қамтамасыз ететін орта болып табылады. Бірақта тыныс алу, трофикалық функциялардан басқа қанның орасан зор қорғаныш маңыздылығы бар. Гранулярлы лейкоциттер иммундық реакциялардың алдында организмнің қорғанысын қалыптастыратын бірыңғай жасушалық жүйесі болып келеді. Лейкоциттердің кейбір формалары − моноцит-макрофагтар бөгде денешіктерді − зиянды бактерияларды және ыдыраған жасушаларды жойып, организмнің ішкі ортасын тазартып отырады. Агранулярлы лейкоциттер (лимфоциттер) макрофагатармен бірлесіп инфекцияларға қарсы организмнің иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Сондай -ақ қан пластинкалары қан ұюына қатысып, сонымен организм зақымдалған кезде қанның кетуіне тосқауыл құрып тіршілікке маңызды функцияны атқарады.