5 сынып
Жаратылыстану
II-НҰСҚА
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ-Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсанға арналған жиынтық бағалау кезінде әр түрлі тапсырмалар қолданылады:көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Бұл нұсқа қысқа және нақты жауаптары бар бірнеше тапсырманы қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға жауапты сандық, сөздік немесе қысқа сөйлем түрінде жазады. Көп таңдауды қажет ететін сұрақтарда білім алушылар ұсынылған нұсқалардың дұрысы жауаптарын таңдайды.
Толық жауап беруді қажет ететін сұрақтарда білім алушылар максималды балл жинау үшін тапсырмаларды шешуде барлық қажетті шешімдер тізбегін көрсетуі керек. Білім алушылардың математикалық әдістерді таңдауы және қолдана білу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерді / сұрақтарды қамтуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |