5-сынып жетекшісі Кабидуллова Заринанын Тәрбие жұмысы бойынша жылдық жұмыс жоспары



бет6/16
Дата27.11.2022
өлшемі66,23 Kb.
#53103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне;өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.



3

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау

этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;
мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;
өз халқының мәдени мұрасына;
қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
Қазақстанның этномәдениетіне;
этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру
Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет