5-сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар ТҮсінік хат



бет15/21
Дата23.09.2022
өлшемі304,5 Kb.
#39981
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
түсінік хат 5-11 cыныптар информатика 2022-2023

Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады..
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10 сынып ҚГБ

2

1

1

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет