Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
Жаратылыстану-математика бағытындағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
2) деректерді ұсыну;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер;
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру ;
5) қосымшаларды әзірлеу;
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
7. "Аппараттық және программалық қамтамасыз ету" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
8. "Деректерді ұсыну" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
9. "Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
10. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) 3D – модельдеу;
2) web (веб)-жобалау.
11. "Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап).
12. "Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |